Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция жинағы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253.44 Кб
Скачать

Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика

Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті бар. Қазақ халқының да ғасырлары бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани өмір байлығы боп табылатын бай тарихи археологиялық, этнографикалық, әдебиет және көркемөнер мұалары бар. Бұлар халықтың тарихи өмірімен, әдет–ғұрыптарымен тығыз байланыста өмір сүрген.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс–өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәлім–тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс–тіршілігімен байланысты болған. Соның ішінде фольклордың, қолданбалы өнердің, халықтық музыканың, айтыс, терме өнерінің маңызы ерекше болған.

Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болған. Сондықтан ол өзінің сүйінші мен күйіншісін жыр жолдары, ән–күй саздары арқылы шебер жеткізе білген. Өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда іскер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған. Күнделікті еңбек қызметінде қолданбалы, қолөнерін дамытып отырған.

Киім киісінде, жүріс–тұрысында, қонақ күтісісінде, сый–сияпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз–ақ әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айнылған. Сондықтан да қазақ халқында “Шебердің қолы ортақ” деген ақыл сөзі жоғарыда айтқандарымызға дәлел болмақ.

Сонымен бірге халқымыздың өлең–жырлары, мақал–мәтелдері, ертегілері, шешендік, қара сөздері әрі көркем, әрі образды болып келетін ауыз әдебиетіне тән жанрлары әр түрлері жастағы жастарға эстетикалық тәлім–тәрбие беруде мәдени мұраға айналды.

Халық музыкасының асқан шеберлері–әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындарының суырып–салмалық, шешендігін, орындаушылық, тапқырлық өнері қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктері бола тұрып, ұл мен қыздарын осындай қасиеттерге тәрбиелеуде алдына жан салмаған. Ертеден өнер қуған, сауықшыл болған қазақ елі ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген. Аң аулап, құс салып, сауық құрған қазақ елінің бай мұрасы бүгінгі таңда да өз дәстүрін, мазмұнын жоғалтқан жоқ. Керісінше, қайта түлетуде. Осы орайда мектеп қабырғасында жүргізіліп, қолдау тауып отырған айтыс өнері, әншілік–күйшілік жарыстар, қыз сыны, жігіт сыны секілді байқаулар, наурыз тойын тойлау, онда халықтық мәдениет, өнер саласынан түрлі элементтерін көрсету, бәрі де бүгінгі ұлттың тәрбиенің өзегі болмақ. Оның нігізгі “Атамекен”, “Кәусар бұлақ”, “Сенім”, “Алтын көмбе”, т.с.с. бағдарламаларда баяндалған.

Балаларын ерте бастан еңбекке, алуан түрлі өнер бұйымдарын жасауға баулыған қазақ жұрты көркемдікке, талғамдылыққа, өнер мәдениетін игеруге, ұлттық асыл мұраларды көз қарашығындай сақтауға дағдыландырған.

“Өнерді үйрен де жирен” –деп Абай атамыз айтпақшы өнер атаулының көркемдік–танымдық маңызы зор, ол тұлғаны жан–жақты тәрбиелеуде аса маңызды құрал болып табылады. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” демекші, ұлтымыздың болашағы бүгінгі ұрпақты ұлттық мәдениет, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мәселелерінде көзден үнемі таса етпеуіміз қажет.

Негізгі әдебиеттер:

1 . Болдырев Н . И . Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы .А , Мектеп 1987

2 . Сейдалиев Н .Б . Тәрбие теориясы . А , Мектеп 1986 ,ж

3 .Богданова О . С .Петрова И. В . Бастауыш кластағы тәрбие жұмысының методикасы А, Мектеп 1980 .

4 . Әбенбаев . С . Тәрбие теориясы мен әдістемесі . А, Дарын .2004 ж.

5 . Губашева С. Г .Отарбай А .Ж . ,Тәәрбие жұмысының әдістемесі .Астана , Фолиант ,2003 ж

6 . Қоянбаев Р .М ,Қоянбаев Ж . Б .Педагогика .Астана 2000 ж

7.С.Әбенбаев.Тәрбие теориясы.А, Дарын-2004ж.

Қосымша әдебиеттер:

7. Ж.Аймауытов . Шығармалары . А , 1989 ж

8.Ы .Алтынсарин .Таңдамалы педагогикалық мұралары .А,1991 ж

9 С Ахметов .Бастауыш кластарда білім берудің тиімділігін арыттыру жолдары .А ,1994 ж

10 . А Құнанбаев .Қара сөздері .А, 1992 ж

11.Ж .Қ .Қожахметова .Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі .А,1994ж

12. Е . Сағындықов Қазақтың ұлыттық ойындары .А,1992ж .

13. Ә . Табылдиев . Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие .А,1991ж.

14. Қазақстан жоғары мектебі 2003- 2005 ж

15 . Қазақстан мектебі .2003-2005ж

16.Бастауыш мектебі . 2004-2005 ж

17 . Тәрбие құралы 2003-2005ж

18.Ұлағат . 2004-2005ж

27

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]