Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студенттерге ИКТ КТО Тестер 1-шептік баылау 2016-2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.65 Кб
Скачать

Мәліметтер базасын басқару жүйесі.

148

МББЖ бұл...

1)      Графикалық түрде көрсетілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған;

2)      Программалық өнімдер тобының аты;

3)      Мәліметтер базасымен жұмыс істеуге бағытталған программалық өнімдер тобының аты;

4)      кестелік түрде көрсетілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған техникалық құралдар тобының аты

5)      Презентацияны құруға бағытталған программалық өнімдер тобының аты;

 

149

Access-те сұраныс (таңдауға арналған) дегеніміз...

1)      МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін сақтауға арналған файл;

2)      Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтер таңдау құралы;

3)      Мәліметтер базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын имформацияны сақтау қоймасы;

4)      Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы;

5)      Мәліметтерді форматтау үшін қажетті командалар жиыны.

 

150

Мәліметтер базасы дегеніміз...

1)      көптеген салаларды автоматтандыруды қамтамасыз ететін өзара байланысқан модульдер жиыны;

2)      мәліметтер мен формулаларды сақтау мен өндеуге арналған кесте;

3)      мәліметтерді сақтау мен оларды жан-жақты қолдануға арналған информациялардың біріккен (интегралданған) жиыны;

4)      тұтынушының информациясын өңдеуге арналған қолданбалы программа;

5)      тұтынушының мәліметін өңдеуге арналған сызықтық команда;

 

151

Access- те кілт (түйінді өріс) дегеніміз...

1)      Мәтіндік мәліметтерді енгізуге арналған өріс;

2)      Кестедегі жазбаларды идентификациялау мен кестелер арасында ұйымдастыруға мүкіндік беретін, мәтіндік мәліметтерді енгізуге арналған өріс;

3)      Кестедегі жазбаларды идентификациялау мен кестелер арасында байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше түйінді өрістер;

4)      Кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;

5)      Мәліметтердің ішіндегі ең соңғы қолданылғаны.

 

152

Access-те индекс дегеніміз...

1)      бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ;

2)      мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқаруға арналған құрал;

3)      кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;

4)      индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы;

5)      кестеде жазбаны көп мәнді түрде анықтауға арналған өріс.

 

153

Access-те кесте жазбаларын белгілеу аймағы дегеніміз...

1)      жолдың барлығын белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ;

2)      бағана тақырыбы аймағы. Осы жерде тышқанды шеркенде, бағана толығымен белгіленеді;

3)      жолды толығымен белгілеуге арналған екі перне мен жүгірпесі бар обьект;

4)      тышқанмен байланысты жылжымалы белгі;

5)      меню командаларымен байланысты аймақ;

 

154

Диалогты терезелер ішкі беті (вкладка) дегеніміз...

1)      Параметрлерді енгізуге арналған диологты терезенің информациялық сыйымдылығын үлкейтуге арналған объект;

2)      Терезе немесе тізімде мәліметтерді жылжытуға арналған екі перне мен жүгіртпесі бар объект;

3)      Орнатылған немесе алынып тасталған – екі жағдайда да жұмыс істейтін басқару элементі;

4)      бағана тақырыбы аймағы.Осы жерде тышқанды шерткенде, бағана толығымен белгіленеді;

5)      диалогты аймақты ашып беретін меню командасы.

 

155

Access-те формадағы ауыстырғыш дегеніміз...

1)      орнатылған немесе алынып тасталынған-екі жағдайда да жұмыс істейтін басқару элементі;

2)      объектпен байланысқан меню;

3)      мәліметтер базасы объектілер (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі;

4)      параметрлерді орнатудын бір немесе бірнеше варианттарын таңдауға мүмкіндік беретін басқару элемент;

5)      объектінің формасын ауыстыратын құрылғы.

 

156

Access-те конструктор режимі мынадай мүмкіндік береді:

1)      кесте құрамының алдын ала құрылған және МБ-да бар компаненттерін ең тиімді түрде басқаруға;

2)      формада тек қана нақты жазбаларды қарап шығару;

3)      бірнеше кестелердегі мәліметтерді карап шығуға, талдауға және өзгертуге;

4)      параметрлерді енгізуге арналған диалогті терезенің информациялық сыйымдылығын өзгертуге;

5)      мәліметтер базасында мәлеметтерді форматтауға.

 

157

Access-те таңдауға арналған сұранысты орындау кезінде...

1)      кестелер арасындағы байланыстар өзгереді;

2)      Таңдау шарттарына канағаттандыратын мәліметтер автоматты түрде баспаға щығарылады;

3)      Таңдау шарттарын канағаттандыратын мәліметтер бір немесе бірнеше кестелерден таңданылып нақты бір ретпен шығарылады;

4)      Жаңа мәліметтер базасы құрылады;

5)      Кестелер арасындағы байланыстар күрделенеді.

 

158

Access-те сұраныс конструкторы режимі...

1)      тек қана таңдалған кестелерді қарап шығу үшін қолданылады;

2)      тек қана таңдалған жазбаларды қарап шығу үшін қолданылады;

3) тек қана таңдалған өрістерді қарап шығу үшін қолданылады;

4) сұраныстың құрылымын графикалық түрде өзгертуге арналған;

5) тек қана тандалған құжатты қарап шығу үшін қолданылады.

 

159

Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз...

1)      сандар кестелерімен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін программалық құрал;

2)      үлкен информациялық массивтерді басқаруға арналған программалық құрал;

3)      файлдарды сақтауға арналған программалық құрал;

4)      мәтіндерді құру мен түзетуге арналған программалық құрал;

5)      тышқанның сол жақ кнопкасымен орындалатын командалар тобы.

 

160

Реляциялық мәліметтер базасында өрістердің мына типін қолдануға болмайды:

1)      Аналогты тип;

2)      Ескертулер типі;

3)      Символды типі;

4)      Мерзім типі;

5)      логикалық тип;

 

161

Мәліметтер базасын басқару жүйелері мына жұмысты атқармайды:

1)      Мәліметтер базасын құру мен өңдеу;

2)      Мәтіндерді құру мен өңдеу;

3)      Мәліметтермен жұмыс істеумен (түзету);

4)      Мәліметтерді жоюмен;

5)      Мәліметтерді таңдаумен;

 

162

МББЖ-нің мынадай тобы бар:

1)      Әдіске бағытталған жүйелер;

2)      Жалпы тағайындаудағы жүктеулер;

3)      Арнайы жүйелер;

4)      Программаға бағытталған жүйелер;

5)      Объектке бағытталған жүйелер;

 

163

Мәліметтерді қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету құралдары мынадай әрекет атқарады (дұрыс емес жауапты таңдаңыз):

1)      қолданбалы программаларды шифрлеу үшін;

2)      мәліметтерді шифрлеу үшін;

3)      формалар, басылымдарды шифрлеу үшін;

4)      құпия сөзбен қорғау үшін;

5)      мәліметтер базасына, кестеге қатынас құру деңгейін шектеу үшін.

 

164

МБ-ыны форматтаудың кез-келген командасын орындау кезінде осы команда орындалатын аймақты белгілеу қажет. Осы тұжырым дұрыс па?

1)      дұрыс;

2)      дұрыс емес;

3)      мәліметтің көлеміне байланысты;

4)      мәліметтің жазылған және сақталған мерзіміне байланысты;

5)      мәліметтің фонына байланысты.

 

165

МББЖ-мен жұмыс істегенде командалардың барлық типін қолданамыз, тек мынадан басқа:

1)      түзету командасынан басқа;

2)      анықтамалық информацияны алу командасынан басқа;

3)      терезелермен жұмыс істеу командасынан басқа;

4)      мәліметтер базасымен электронды кесте секілді жұмыс істеуге арналған командадан басқа;

5)      форматтаудан басқа.

 

166

Microsoft Access дегеніміз...

1)      Windows жүйесі бақылайтын информацияны басқару жүйесі;

2)      кесте түрінде жазылған мәліметтерді өңдеуге арналған программа;

3)      Windows графикалық жүйесіне арнайы жасалынған мәліметтер базасын басқару жүйесі;

4)      мәліметтерді кестеге енгізуге арналған программа;

5)      мәліметтерді жан-жаққа жылдам тарататын программа жүйесі.

 

167

MS Access-те кесте дегеніміз бұл (ең дұрысын көрсетіңіз)...

1)      тұтынушыға байланысты форманы кестеден немесе сұраныстан экран мен Баспаға шығаруға арналған объект;

2)      тұтынушы көрсеткен критерийларға сәйкес мәліметтер базасынан мәліметтерді шақыртуға арналған объект;

3)      тұтынушы көрсеткен форматқа негізделіп, кестеден немесе сұраныстан информацияны экранға шығару құралы;

4)      мәліметтерді сақтауға арналған құрылым;

5)      тұтынушының құрған кестесі.

 

168

MS Access-те өрістер кестесінде «Денежный» типі:

1)      ақшалы немесе қаржылық форматты сақтауға арналған;

2)      ақшалық сандарды сақтауға арналған;

3)      экономикалық есептеулерді сақтауға арналған;

4)      сақтауға және санға $ белгісін меншіктеуге арналған;

5)      ақшалы немесе қаржылық форматты өңдеуге арналған;

 

169

MS Access-те құрылған басылымды ашу үшін...

1)      оның атынан тышқанды екі рет шерту немесе атын белгілеп,«Запуск» пернесін басу керек;

2)      оның атынан тышқанды екі рет шерту немесе атын белгілеп «Открыть» пернесін басу керек;

3)      оның атынан тышқанды екі рет шерту немесе атын белгілеп «Конструктор» пернесін басу керек;

4)      оның атынан тышқанды екі рет шерту немесе атын белгілеп «Просмотр» пернесін басу керек;

5)      жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес.

 

170

MS Access-те «Өріс қасиеті» (Свойства поля) терезесінің «Жалпы» (Общие) ішкі бетінің «Өріс мөлшері»(Размер поля) қасиеті:

1)      Осы өріс үшін кесте бағанасының тақырыбын анықтайды;

2)      Өріске тиісті ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау әдісін анықтайды;

3)      Осы өрісте орналасқан мәліметтердің максималды ұзындығын анықтайды;

4)      Өріс ұяшықтарына автоматты түрде енгізілетін мәнді анықтайды;

5)      Жоғарыда айтылғандардың ешбірі дұрыс емес;

 

171

MS Access-те өрістер кестесіндегі «Логикалық» мәліметтер типі келесі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады:

1)      Логикалық мәліметтерді (иә,жоқ);

2)      (And,Or,Not) логикалық байланыстар қолданылатын өрнектерді;

3)      Қалып-күй жолында бейнеленетін анықтамаларды;

4)      Мәліметтер базасына байланысты статистикалық мәліметтерді;

5)      Мәліметтердің максималды сақтауға болатын мүмкіншілігі туралы.

 

172

MS ACCESS-те өрістер кестесінде « Числовой» мәлеметтер типі келесі мәлеметтерді сақтау үшін қолданады:

1)      Күнтүзбелік мерзімдер мен ағымды уақытты;

2)      Нақты сандарды;

3)      Автоматты түрде есептелінетін натурал сандарды;

4)      Ақшалық сандарды;

5)      Логикалық типтегі сандарды;

 

173

MS Access- те өрістер кестесінде «Гиперсілтеме» мәліметтер типі келесі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады:

1)      Мәліметтер базасында нақты жазбаларға сілтемелерді;

2)      Интернеттің Web- объектілерінің Url- адрестерін;

3)      Базада ең жиі қолданылатын жазбаларды;

4)      мультимедиалық объектілерді;

5)      Анимациялық объектілерді.

 

174

MS Access- те кесте ішіндегі курсорды жылжыту үшін мынаны қолдануға болмайды:

1)      Ұяшықтың үстінен тышқанмен шертсе жеткілікті;

2)      Қалып- күй жолындағы ауыстыру пернелерін қолдану қажет;

3)      Shift + Enter пернелерін;

4)      Tab, Shift + Tab пернелерін қолдану;

5)      Жоғарыда дұрыс вариант көрсетілмеген.

 

175

МS Access-те форма дегеніміз...

1)      Тұтынушы көрсеткен командалар негізінде мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін жиі қолданатын іс-әрекеттерді автоматтандыруға арналған объект;

2)      Тұтынушы көрсеткен критерийларға сәйкес мәліметтер шақыруға арналған объект;

3)      Тұтынушы көрсеткен форматқа сәйкес кесте немесе сұраныстан информацияны экранға шығару және кестеге мәліметтер енгізу арналған объект;

4)      Клиент-сервер және серверде орналасқан мәліметтер базасы арасындағы интерфейсті жүзеге асыруға арналған объект;

5)      Дұрыс нұсқа көрсетілмеген;