Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ағылшын тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
975.87 Кб
Скачать

I studied in Almaty — Мен Алматыда оқыдым.

Әдетте, өткен шақта тұрған етістіктердің соңы -ed жалғауымен аяқталады. Бірақ бұл ережеге бағынбайтын етістіктер де жетерлік. Оларды жаттап алуларыңыз керек. Жоғарыдағы ережеге бағынбайтын етістіктердің тобын бұрыс етістіктер (Irregular Verbs) деп атайды. Бұрыс етістіктердің кейбірі төмендегі тізімде.

Regular form

Irregular form

Қазақша мағынасы

go

went

бару

come

came

келу

speak

spoke

сөйлеу

drink

drank

ішу

begin

began

бастау

do

did

істеу

eat

ate

жеу

fall

fell

құлау

feel

felt

сезу

fly

flew

ұшу

get

got

алу

give

gave

беру

make

made

жасау

run

ran

жүгіру

say

said

деу, айту

see

saw

көру

sell

sold

сату

stand

stood

тұру

swim

swam

суға шомылу, жүзу

take

took

алу

tell

told

айту

think

thought

ойлану

throw

threw

лақтыру

understand

understood

түсіну

wear

wore

киіну

win

won

Жеңу, ұту

write

wrote

жазу

Regular және Irregular түрде де бірдей жазылатын бұрыс етістіктер бар. Олар:

cut — cut, read — read, hit — hit, shut — shut, beat — beat, cost — cost.

Өткен шақтағы “to be” және “to have” етістіктерінің өткен шақтағы түрлері (кестелердің үстінен шертіп үлкейтуге болады).

Ағылшын тілі грамматикасы. 21-сабақ: Келер шақ (Future Tense)

Келер шақ арқылы болашақта орындалатын іс-әрекеттер мен жоспарлаған іс-әрекеттерімізді әңгімелей аламыз.

Ағылшын тіліндегі келер шақ Future Tense (Future Simple Tense) деп аталады. Оның бірнеше жасалу жолдары бар.

Future Tense, әдетте, shall және will көмекші сөздері арқылы жасалады (will+verb).

Ереже! Грамматикалық ережелерге сай “shall” сөзі тек бірінші жақта жекеше және көпше түрде (I shall, We shall) қолданылады. Басқа жақтарда (екінші, үшінші жақтар: you, he/she/it, they) “will” көмекші сөзі қолданылады. Бірақ, қазіргі кездегі ағылшын тілінде бірінші жақта да “will” сөзі қолданыла береді.

Мысалы:

I (or We) shall learn English — Мен (немесе біз) ағылшын тілін үйренемін (үйренеміз).

Askhat will come tomorrow  — Асхат ертең келеді.

My grandfather will go to Astana — Менің атам Астанаға барады.

Болымсыз: Your mother will not (wil not=won’t) work on next week — Сенің анам келесі аптада жұмыс істемейді.

Сұраулы: Will they call us? — Олар бізге телефон соға ма?

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Present Simple арқылы келе шақтың жасалуы

Ауыспалы осы шақ (Present Simple) арқылы келер шақтағы сөйлемді жасау үшін осы шақ сөйлемінде міндетті түрде келер шаққа қатысты мезгіл үстеуі болу керек. Мысалы:

We have an exam on next Friday — Келесі жұмада біздің емтиханымыз бар.

Sayat comes tomorrow — Саят ертең келеді.

The bus goes  tonight — Автобус бүгін кешке (түнде) жүреді.

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Futere Tense сөйлемдері нақ осы шақ (Present Continuous) арқылы да жасалады. Бірақ сөйлемде келер шақтың мезгіл үстеуі болу керек.

Мысалы: