Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ағылшын тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
975.87 Кб
Скачать

Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтары

Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтары

1-сабақ: Алфавит

2-сабақ: Артикльдер

3-сабақ: Зат есімнің көпше түрлері

4-сабақ: Апострофтың қолданылуы

5-сабақ: Реттік сан есімдердің жасалуы

6-сабақ: Сын есім (The Adjective)

7-сабақ: Салыстырмалы шырайдың көмекші сөздері

8-сабақ: Есімдіктер (Pronouns)

9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері

10-сабақ: Сілтеу есімдігі

11-сабақ: to be етістігі

12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)

It is I немесе It is me

13-сабақ: Белгісіздік есімдігі

14-сабақ: ‘Have’ немесе ‘have got’

15-сабақ: Ортақтық (өзаралық) есімдік

16-сабақ: “There is/are” тіркесі

17-сабақ: сұраулы сөйлемдердің түрлері

18-сабақ: Ауыспалы оы шақ (Present Simple Tense)

19-сабақ: Нақ осы шақ (Present Continuous Tense)

20-сабақ: Өткен шақ (Past Simple Tense)

21-сабақ: Келер шақ (Future Tense)

22-сабақ: Many & much (how many/how much)

23-сабақ: A lot and a lot of/lots of

24-сабақ: to do етістігі

25-сабақ: A little/a few and little/few

26-сабақ: Prepositions of Time (in, on, at, ago, after)

to do етістігі: қатемен жұмыс

27-сабақ: Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under

28-сабақ: Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind

What is the difference between “How do you do?” and “How are you?”

29-сабақ: Prepositions of Place (3): between, opposite, inside, outside, among

30-сабақ: Prepositions of Direction: down, up, from, to

31-сабақ: Модальді етістіктер (Modal verbs)

32-сабақ: Prepositions for, about, of

33-сабақ: Can модальді етістігі (modal verb)

34-сабақ: May модальді етістігі

35-сабақ: Must модальді етістігі

English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)

Ағылшын тілінің алфавиті латын қарпіне негізделген. Алфавит 26 әріптен тұрады: 21 дауыссыз (Consonants (консэнэнтс)), 5 дауысты (Vowels (вауэлз)). Y және W әріптері кейде дауысты кейде дауыссыз бола алады.

Бас әріптер (үлкен әріптер) – upper case немесе capital letters, ал кіші әріптер – lower case немесе small letters деп аталады. Letter (летэр) – әріп.

Кестеде қызылмен жазылғандары – дауыстылар.

Мұндағы қос нүкте (:) қойылған әріп созылыңқы айтылады. Мысалы: bi:.

dʒ деген дж қосарлы әріптерін білдіреді. Сол сияқты:

ʒ – ж

tʃ – ч

ʃ – ш

j – и

ʌ – а (жуан)

English Grammar. Lesson 2: Articles (Артикльдер)

Артикльдер – зат есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа қосымша сипаттама береді, яғни, қосымша ақпарат беріп тұрады. Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.

Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөл артикль) деп атайды.

The indefinite article: a (an)

A (an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі An (бір) деген сөзден шыққан. A артиклі өзінен кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп заттардың арасындағы кез-келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр.

Мысалы: I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді.

This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана. Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.

Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.

Ескерту! Белгісіздік артикльдері тек жеке түрдегі зат есімдердің алдына қойылады. Көпше түрдегі нұсқасында артикль түсіп қалады. Мысалы: I am a student. | We are students (Біз – студентпіз).

The definite article: The (зэ) The белгілілік артиклі ағылшын тілінде көнеден келе жатқан that (анау, әлгі) нұсқаулық артиклінен шыққан. The артиклі заттардың барлық (жекеше/көпше) түрлеріне қолданылады.

Белгілілік артиклінің қолданылуы:

1) Сөз (әңгіме) белгілі зат жайында болғанда Мыс.: Where is the bag (Сөмке қайда?)? Бұл жердегі сөмке деп отырғанымыз белгілі сөмке. Ол менің немесе сіздің сөмкеңіз екендігі анық.

2) Зат есімдер асырмалы шырайда тұрса (мыс: Ең күшті, ең …), алдында реттік сан есімдері болса Мыс.: What is the longest river in Kazakhstan (Қазақстандағы ең ұзын өзен қандай)? Satpaev is the first geologist in our country (Сәтбаев – еліміздегі ең алғашқы геолог).

3) Географиялық атаулардың (тау, теңіз, көл, өзен т.с.с. атаулары) алдында Мыс.: The Caspian sea, the North, the Indian ocean, the Alatau mountains

5) Өзінің тобының (өзіне ұқсас заттардың арасында) жалғызы ғана болатын зат есімдердің алдында Мыс.: The Nile is the longest river in the world (Ніл – әлемдегі ең ұзын өзен). Ніл өзені ғана әлемдегі ең ұзын өзен. Одан ұзын өзен жоқ.

6) Кейбір сөз тіркестерінде Мыс.: in the morning, in the afternoon

…………………………………………………………………………………………………….

Zero article (Нөл артикль) Zero article дегеніміз ешқандай артикль емес, жай ғана бос орын. Нөл артикльдің қолданылуы, яғни, ешқандай артикль қолданылмайтын жағдайлар:

1) Жинақтық, жалпылай айтылатын зат есімдердің алдында Мыс.: Crime is a problem in most cities (Қылмыс – көптеген қалалардағы мәселе). Қылмыстың қандай түрі екендігі айтылмайды. Жалпы алғандағы қылмыс жайлы айтылып тұр. Life is good (Өмір жақсы). Өмірдің де түр-түрі болмайды. Жай ғана түсінік.

2) Ел-жер, адам аттарының алдында Мыс.: Mr. Mamyrov, Astana, Kazakhstan, China Ескерту! Отбасыны немесе әулетті фамилиясына байланысты атаса, онда The артиклі қойылады. Мысалы: The Johnsons (Джонсондар отбасы немесе әулеті)

3) Жыл мезгілдерінің, ай аттарының және апта күндерінің алдында Мыс.: Autumn is rainy. July is the hottest month. We don’t work on Saturday.

Кеңес Егер зат есімнің алдына қандай артикль қою керек екендігін ажырата алмасаңыз, сол зат есімді «кез-келген», «көптің бірі» деген сөздермен байланыстырып, оқып көріңіз. Егер логикаға сай тіркес шықса, онда a (an) артиклі, ал «әлгі», «нағыз», «ең» деген сөздермен байланыстырып оқығанда ақылға қонымды тіркес пайда болса, онда the артиклі қойылады.

Ағылшын тілі грамматикасы. 3-сабақ: Зат есімнің көпше түрлері

Plural Noun Forms Ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрін жасау үшін зат есімге -s немесе -es жалғауын жалғау үрдісі кеңінен тараған. Алайда бұл екі жалғаудан бөлек те көпше түрдегі зат есімдер жасалады. Ол жайлы осы сабақта кеңінен түсіндіретін боламыз. -s және -es формалы көптік жалғаулары зат есімнің жекеше түрін көпше түрге түрлендіруші негізгі жалғаулар. Мысалы:

-es жалғауы жалғанатын зат есімдер -ch, -x, -sh, z немесе s-ке ұқсас әріптерге аяқталатын зат есімдерге -es жалғауы жалғанады. Мысалы:

Ескерту! Осының алдындағы сабағымызда (Артикльдер сабағы) жазғанымыздай, көпше түрдегі зат есімдерде белгісіздік артиклі (a немесе an) болмайды.

Соңы o әрпімен аяқталатын зат есімдердің соңына, әдетте, -es жалғауы жалғанады. Мысалы:

Бірақ итальян және испан тілдерінен енген немесе қолданысқа кейіннен енген, соңы о әрпімен аяқталатын зат есімдерге -s жалғауы жалғанады. Мысалы:

Тағы бір ерекшелік – o әрпімен аяқталатын кейбір сөздердің соңына -s және -es көптік жалғауларының бірдей жалғануы. Екі түрлі жалғау жалғанған нұсқалары да дұрыс. Мысалы:

Соңы -y әрпіне аяқталатын зат есімдерге -es көптік жалғауы жалғанады, -y әрпі i әрпіне айналып кетеді, егер -y әрпінің алдындағы әріп дауыссыз болса. Мысалы: a dictionary – dictionaries, an army – armies, a city – cities, a lady – ladies.

Ал соңы -y әрпіне аяқталып, -y әрпінің алдында дауысты дыбыс тұрса, онда, зат есімге -s көптік жалғауы жалғанады, -y әрпі өзгеріске ұшырамайды. Мысалы: a boy – boys, a day – days. Зат есімдердің соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталатын болса, оларға -es көптік жалғауы жалғанады, ал -f әрпі -v әрпіне айналады. Мысалы:

Бірақ, соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталғанымен, жоғарыдағы ережеге бағынбайтын сөздер бар. Ондай зат есімдердің соңына -s көптік жалғауы жалғанады, -f әрпі өзгеріске ұшырамайды. Мысалы:

Екі түрлі жағдайда да дұрыс болатын зат есімдер: a hoof – hoofs/hooves, a scarf – scarfs/scarves

Ерекше жағдай

Зат есімнің көпше түрінің жасалу ережелерін (жолдарын) жоғарыда қарастырдық. Енді аталған ережелердің ешқайсысына бағынбайтын ерекше жағдайлар бар. Ол сөздерді жаттап алған дұрыс болады.

Шет тілдерінен енген сөздердің көпше түрі

Ағылшын тіліне басқа тілдерден енген сөздердің көпше түрлері сол сөздердің негізгі тілдерінде қалай жазылса, ағылшын тілінде де ережеден ауытқымай, өз қалпында жазылады. Ондай зат есімдердің кейбірінің екі түрлі көпше түрдегі нұсқасы болады. Қолданылуына байланысты екеуініңмағынасы екі түрлі болуы да мүмкін. Шет тілдерінен енген зат есімдердің біразы төмендегі кестеде көрсетілген.

Зат есімдердің саналмайтын түрлері

Зат есімдердің саналмайтын түрлері болады. Мысалы: шаш, сүт, ақша, жаңалықтар, т.с.с. Ешқашанда «Бес сүт іштім» немесе «Менің 100 ақшам бар» деп айтпаймыз.

Тек жеке түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер.

Milk, news, money, coffee, meat, water, hair …

Мысалы: My hair is blond. Your news is not good.

Екінші мысалдағы news сөзі -s көптік жалғауымен аяқталғанымен, жекеше түрдегі етістіктермен бірге қолданылады. Оған ұқсас «physics», «politics» секілді сөздер бар.

Тек көпше түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер.

Police, people, trousers, jeans, clothes, stairs …

Мысалы: Where are my jeans? There are few people. The police are looking for the murderer.

Үнемі көпше түрде жазылатын ұлттардың атаулары

Кей ұлт атауларының алдына the артиклі қойылып жазылады және олар -s көптік жалғауынсыз-ақ үнемі көпше түрде қолданылады. Мысалы: the Dutch, the English, the French, the British, the Spanish, the Welsh

Ағылшын тілі грамматикасы. 4-сабақ: Апострофтың қолданылуы

Апостроф () — орфографиялық таңба. Ағылшын тілінде апострофты қолданатын үш түрлі жағдай бар:

  1. зат есімнің тәуелденуі;

  2. айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру;

  3. сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда.

Зат есімдердің тәуелденуі

Ағылшын тілінде зат есімдерді тәуелдеген кезде ’s тіркесі қолданылады. алайда, бұл барлық жағдайлар үшін жарамды емес. Егер “Менің кітабым” деген тіркесті ағылшыншаға аударсақ “My book” болады. Ал “Ер баланың кітабы” деген тіркесті аударсақ “the boy’s book” Болады. Бұдан шығар қорытынды: Зат есімді зат есімге тәуелдегенде ’s тіркесі қолданылады.’s тіркесті жалғауы “of” көмекші сөзін ауыстырады. Мысалы:

the girl’s bag = the bag of the girl (қыздың сөмкесі)

the boy’s T-shirt = the T-shirt of the boy (баланың футболкасы)

James’s (немесе James’) ball (Джеймстің добы)

Көпше түрдегі зат есімдерге бір зат тәуелденгенде ’s жалғауы екі түрлі болып жалғанады.

♦ егер көпше түрдегі зат есім -s әрпіне аяқталса, онда, зат есімнің соңғы -s әрпінен соң тек қана апостроф қойылады: the friends book, the houses roof

♦ егер көпше түрдегі зат есім басқа әріптермен аяқталса, онда, апостроп зат есімге -s әрпінен бұрын жалғанады: the childrens game, the mens sock

Апостроф қойылмайтын жағдайлар

Егер затты тәуелдеп тұрған “of” көмекші сөзі болса, “of”-тан кейін үй, ғимарат, объект немесе жиһаз деген сөздер тұратын болса, оларды ’s формасында тәуелдегенде ешқандай апостроф, s әрпі жазылмайды. Мысалы: door of the car = car door, room of the hotel = hotel room, leg of the table = table leg

Есте сақтаңыз!

Бір зат екі немесе бірнеше сөздерден топтанып тұратын зат есімге тәуелденіп тұрса, ’s тәуелдік жалғауы соңғы сөзге жалғанады. Мысалы:

the brother-in-lows sister, Sapar and Madinas son,

Айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру

Байқасаңыздар, ағылшын тіліндегі кейбір сөздер бір-біріне кіріге біріккенде араларындағы әріптер түсіп қалып, олардың орнына апостроф қойылады. Оған ең қарапайым мысал: Im = I am, do not = dont, can not = cant, who is = whos, т.с.с.

Сандар қысқартылып жазылған жағдайда да апостроф қойылады. Мысалы: 60 = 1960

Сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда апостроф қойылатын да қойылмайтын да жағдайлар бар. Мысалы:

He has a problem with r’s (“Р” әріптерін айтуға қиналады. Мысалы, мәтіндегі “Р” әріптері).

Егер апострофтың алдында сан, таңба (символ) немесе бас әріп келетін болса, апостроф түсіп қалады да тек s әрпі жалғанады. Мысалы: I have got tree Samsung H1s = three of Samsung H1 mobile phones.

the 1970s = from 1970 to 1979 (70-ші жылдар).

Ескерту

Тәуелділік есімдіктеріне (possessive pronouns) ешқандай ’s жалғауы жалғанбайды. Мысалы:

wrong (қате) and right (дұрыс) forms

wrong: my’s pen, right: my pen (менің қаламым)

wrong: hi’s ball, right: his ball (оның добы)

wrong: a friend of yours’, right: a friend of yours (сенің досың)

Ағылшын тілі грамматикасы. 5-сабақ: Реттік сан есімдердің жасалуы

Ordinal numbers | Реттік сан есімдер

Ағылшын тіліндегі реттік сан есімдердің жасалу жолы қарапайым. Бірден үшке дейінгі реттік сандар, яғни, бірінші, екінші және үшінші дегендер ерекше болады. Төрттен бастап, ары қарайғы сандардың негізгі түбіріне -th жалғауы жалғанады. Мысалы:

20th=20th

Он екінші (twelfth) дегеннің ерекшеленіп жазылуына келсек, негізгі түбірінде twelve болып жазылады. Бұның алдындағы зат есімнің көпше түрінің жасалу жолдары жайлы сабақта көптік жалғауы жалғанғанда -v әрпінің -f әрпіне өзгерітінін айтқан болатынбыз. Сол секілді реттік сан есім жасалатын кезде негізгі түбірдегі -v әрпі -f әрпіне өзгеріп отыр.

Соңы -y әрпіне аяқталатын сан сандардан реттік сан жасалғанда олардың соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді, -eth жалғауы жалғанады. Мысалы:

20th — twentieth

30th — thirtieth

40th — fortieth

Мұнда 40 саны реттік сан ретінде fourtieth болып емес, fortieth болып

жазылады. -u әрпі түсіп қалады.

Реттік сан есімдерді жасаудың тағы бір ерекшелеу түрі бар. Оған мысал ретінде жиырма бірінші, жиырма бесінші, т.с.с. Сандарды келтіруге болады. Ондай сан есімдерден реттік сан есімдерді жасағанда ондығы мен бірлік сандарының арасына дефис қойылады, -th жалғауы соңғы сөзіне жалғанады (first, second, third дегендерден басқа). Мысалы:

Адамның аттарына қатысты реттік сан есімдер

Тарихта патшалар мен патшайымдардың аттарында екінші (II), бесінші (V) дегендей Рим цифрынан тұратын қосымшалар болады. Мысалы:

Пётр I – Peter the First, Эдвард V – Edward the Fifth

Ағылшын тілі грамматикасы. 6-сабақ: Сын есім (The Adjective)

Ағылшын тіліндегі сын есім (the Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea – терең теңіз, fresh air – таза ауа.

Сын есімнің екі түрі болады:

1) сапалық (негізгі) сын есім: big – үлкен, tall – биік, small – кішкентай, т.с.с.

2) қатыстық (туынды) сын есім: central – орталық, golden – алтын (алтыннан жасалған), т.с.с.

Қатыстық сын есімдер салыстырмалы шырайда (түрде) болмайды және «very – өте» сөзімен бірге жазылмайды ().

Сапалық сын есімдер жай шырайда, салыстырмалы шырайда және асырмалы шырайда болады. Мысалы: big (үлкен) – bigger (үлкенірек) – the biggest (ең үлкен).

Сын есімдердің түрленуі

Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал асырмалы шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Асырмалы шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлығым)).

Соңы -y әрпіне бітетін бір буынды сын есімнің соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді.

Жай шырай

(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

Асырмалы шырай (Superlative form)

small (кіштентай)

smaller

(the) smallest

clean (таза)

cleaner

(the) cleanest

new (жаңа)

newer

(the) newest

dry (құрғақ)

drier

(the) driest

old (ескі, үлкен)

older

elder

(the) oldest

(the) eldest

long (ұзын)

longer

(the) longest

big (үлкен)

bigger

(the) biggest

fat (семіз, қабақ)

fatter

(the) fattest

Мысалы:

Abai is smaller than me – Абай менен кішілеу (кішірек). Ескерту! Бұл сөйлемде бойының кіші екендігін айтып жатыр.

This book is the newest of all the books – Мына кітап –  барлық кітаптардың ішіндегі ең жаңасы.

Егер сын есімнің соңында жалғыз ғана дауыссыз тұрса, оның алдында тұрған дауысты да жалғыз болса, онда, салыстырмалы және асырмалы шырайларда соңындағы дауыссыз екі еселенеді (bigger, fatter). Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.

Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем.

…………………………………………………………………………………………

Кейбір екі буынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.

Жай шырай

(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

Асырмалы шырай (Superlative form)

polite (сыпайы)

politer

(the) politest

sunny (күн шуақты)

sunnier

(the) sunniest

easy (оңай)

easier

(the) easiest

shallow (ұсақ)

shallower

(the) shallowest

narrow (тар)

narrower

(the) narrowest

clever (ақылды)

cleverer

(the) cleverest

simple (қарапайым)

simpler

(the) simplest

Мысалы:

I’m not cleverer than Azat – Мен Азаттан ақылдырақ емеспін.

Sara is the politest girl in my group – Сара – біздің топтағы ең сыпайы қыз.

…………………………………………………………………………………………

Екі буынды сын есімдердің біразы мен екіден көп буындардан құралатын сын есімдердің салыстырмалы шырайлылары more (более) және less (менее) сөздерінің көмегімен жасалады. Ал асырмалы шырайлылары most (ең) least (наименее) сөздерінің көмегімен жасалады. Сын есімдерге салыстырмалы және асырмалы шырайларда ешқандай жалғау жалғанбайды

Мұнда more, less және least сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын жазу себебім, қазақ тілінде ол сөздерді қысқа қа нұсқа сипаттайтын сөздер жоқ. Бір сөз тура келгенімен, ол сөз басқа бір сын есімге сай келмейді. Тіпті, «Более деген сөздің қазақша аудармасы қандай?» деген сұрақ туады. Түсінуге оңай болғанымен, нақты аудармасын беру өте қиын.

Жай шырай

(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

Асырмалы шырай (Superlative form)

important (маңызды)

more important

the most important

interesting (қызықты)

more interesting

the most interesting

difficult (қиын)

more difficult

the most difficult

careful (сақ, ұқыпты)

more careful

the most careful

Мысалы:

This task is more difficult than last one – Мына тапсырма соңғысынан (соңғысына қарағанда) қиынырақ.

The most careful man does not injure himself – Ең ұқыпты кісі өзін жараламайды.

Салыстармалы шырайда да асырмалы шырайда да ерекше жолмен жасалатын сын есімдер бар. Олардың салыстырмалы және асырмалы шырайлардағы түрлері негізгі (түбір) сын есімге (жай шырайдағы түріне) мүлдем ұқсамайды.

Жай шырай

(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

Асырмалы шырай (Superlative form)

good (жақсы)

better

the best

bad (жаман)

worse

the worst

much, many (көп)

more

the most

little (кішкентай)

less

the least

far (алыс, қашық)

farther

further

the farthest

the furthest

Мұндағы farther және the farthest сөздері тек кеңістіктегі ара қашықтыққа (дистанция) қатысты қолданылады. Ал further және the furthest сөздері кеңістіктегі ара қашықтыққа қатысты және уақыттағы ара қашықтыққа (айырмашылық) қатысты да қолданыла береді. Мысалы: Furthest star system – Ең алыстағы жұлдыз жүйесі. The furthest time zome from Shymkent is Managua (capital of Nicaragua) – Шымкенттегі уақыт зонасынан ең қашық уақыт зонасы – Манагуа (Никарагуаның астанасы). Шымкент пен Манагуадағы уақыт айырмашылығы 12 сағат.

Ағылшын тілінің грамматикасы. 7-сабақ: Салыстырмалы шырайдың көмекші сөздері

Ағылшын тіліндегі сын есімнің салыстырмалы шырайы тікелей сын есімдер арқылы және арнаулы сөздер арқылы жасалады. Тікелей сын есімдерден (more көмекші сөзімен қоса) жасалатын салыстырмалы шырайдағы сын есімдерді өткен сабақта талқыладық. Бұл сабақта as … as, not so … as, салыстырмалы шырай+ than, the+салыстырмалы шырай …, the+ салыстырмалы шырай деген салыстырмалы шырайдың арнаулы сөздерін қарастырамыз.

Ескерту! Көп нүктелердің орнында сын есім тұрады.

Мысалдар келтіріп, түсіндермес үшін кішкене ескерту жасай кетейін.

Ағылшын тіліндегі көптеген сөздер мен сөйлемдердің құрылымы мен жасалу жолы қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдердің құрылымына сай келмейді, үйлеспейді. Ондай сөздерді тікелей аудару мүмкін емес. Оған мысал ретінде осы сабақта қарастырылатын сөздерді келтіруге болады.

——————————————————————————————–

as … as тіркесінің қазақша тікелей аудармасы жоқ. Орыс тілінде такой … как деген аудармасы бар. Қазақша мағынасын “сияқты (секілді)+сын есім” деген арнаулы тіркеспен білдіруге болатын секілді. Мысалы:

Aizhan is as tall as her brother — Айжан ағасы сияқты ұзын (бойлы).

Sanzhar’s car is as fast as mine — Санжардың машинасы меніңкіндей (менің машинам секілді) жылдам.

——————————————————————————————–

not so … as тіркесі  as as секілді. Бірақ мағынасы керсінше, яғни, болымсыз түрде. Орыс тіліндегі аудармасы “не такой … как” болады. Ал қазақша мағыналық баламасы “сияқты (секілді)+сын есім+ емес” Мысалы:

Abai is not so brave as Oraz — Абай Ораз секілді (сияқты) батыл емес.

Astana is not so big as Almaty — Астана Алматы сияқты үлкен емес.

——————————————————————————————–

салыстырмалы шырай+ than сөзі бір зат есімнің сынын екінші бір зат есімнің сынымен салыстырғанда қолданылады. Орыс тілінде “чем” деген аудармасы бар. Қазақша баламасын “шығыс септігінің жалғауы (-дан, -ден; -тан, -тен; -нан, -нен)+ салыстырмалы шырай. Мысалы:

My car is faster than Abai’s car — Менің машинам Абайдың машинан жылдамырақ.

Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжаннан ақылдырақ.

салыстырмалы шырай+ than тіркесіне қатысты тағы бір қазақша баламасын атап өтуге болады. Ол — “барыс септігінің жалғауы (-ға, -ге; -қа, -ке, -на, -не)+ қарағанда+ салыстырмалы шырай“. Мысалы:

My car is faster than Abai’s car — Менің машинам Абайдың машинасына қарағанда жылдамырақ.

Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжанға қарағанда ақылдырақ.

——————————————————————————————–

The+ салыстырмалы шырайthe+ салыстырмалы шырай деген тіркес күрделілеу көрінгенімен, шынында, өте оңай. Орыс тіліндегі аудармасы “чем … , тем” болады. Қазақ тіліндегі баламасын “неғұрлым …, солғұрлым” деген сөздермен немесе “сайын” деген сөзбен ұқсатуға болады. Дұрыс түсіну үшін мысал келтірейін.

The farther south you go, the warmer the weather becomes — Неғұрлым оңтүстікке ұзағырақ барған сайын, ауа-райы солғұрлым жылырақ болады.

The higher you  climb,  the farther you  fall — Жоғарырақ шыққан (өрмелеген) сайын, тереңірек (қаттырақ) құлайсың. (Бұл бір нақыл сөз болатын).

Ағылшын тілі грамматикасы. 8-сабақ: Есімдіктер (Pronouns)

Есімдіктер (ағл.: Pronouns) — тұлғаға, затқа, заттың сынына және санына, үстеуге сілтеме жасап (олардың орындарын ауыстырып), бірақ оларды атамай, басқаша сөздермен (есім сөздермен) алмастыратын сөз табы. Есімдіктердің лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемнің мағынасын өзгертпейді. Есімдіктер алдыңғы сөйлемде немесе ойда айтылған сөздердің орнын ауыстырады. Мысалы:

Асан сыныптағыларды жақсы танымайды. Өйткені ол сыныпқа жаңадан келді.

Жоғарыдағы мысалда екінші сөйлемдегі “ол” деген есім сөз (жіктеу есімдігі) алғашқы сөйлемдегі “Асан” сөзін алмастырып отыр. Мысалдар арқылы есімдіктер қазақшасында түсінікті болар. Енді ағылшынша мысал келтірейін. For example:

John studies at Alash National University. He is one of the best students — Джон Алаш Ұлттық Университетінде оқиды. Ол — үздік студенттердің бірі.

Ағылшын тілінде есімдіктердің төмендегіше көптеген топтары мен түрлері бар:

жіктеу есімдігі (Personal Prn.) — I (мен), you (сен, сіз), he (ол — муж. род), she (ол — жен. род), it (ол — сред. род), we (біз), they (олар);

тәуелдеу есімдігі (Possessive Prn.) — my (менің), your (сенің, сіздің, сіздердің), his (оның), her (оның), its (оның), our (біздің), their (олардың);

сілтеу есімдігі (Demonstrative Prn.) — this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар);

сұрау есімдігі (Interrogative Prn.) — who немесе whom (кім немсе кімге), what (не), whose (кімнің), which (қайсы);

белгісіздік есімдігі (Indefinite Prn) — some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кей біреу);

қатыстық есімдігі (Relative Prn.) — who (те, кто немесе тот, кто (который)) немесе whom (которого не-се кого), what, which (который), whose (чья, чей), that (что не-се то, что);

Ескерту! Қатыстық есімдіктердің қазақ тілінде тікелей аудармасы жоқ. Қатыстық есімдіктер мен сұрау есімдіктерінің жазылулары бірдей болғанымен, мағыналық айырмашылығы жер мен көктей. Шатастырып алмаңыздар. Екеуіне екі бөлек тоқталатын боламыз алда. Бұл тақырыпқа толығырақ толталғанша бастарыңыз қатпасын деп, қазір тек бір мысал келтіре кетейін. Мыс: The man who was here is our boss — Осында болған кісі — біздің бастығымыз. Ал орысшасы: Человек, который был здесь, наш шеф.

өздік есімдігі (Reflexive Prn.) — myself (өзім), yourself (өзің), himself (өзі), herself (өзі), itself (өзі), oneself (өзі — белгісіз біреу), ourselves (өзіміз), yourselves (өздерің, өздеріңіз), themselves (өздері);

ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal Prn.) — each other (бір-бірін — адамдар мен заттарға қатысты), one another (бір-бірін — екі немесе одан көп адамдарға және заттарға қатысты);

болымсыздық есімдігі (Negative Prn.) — no (… емес), none=no one (ешкім), neither (ешкім, ешбірі), nobody (ешкім), nothing (ештеңе), no one (ешкім).

Байқаған болсаңыздар, бас қататындай-ақ сабақ. Есімдіктерді бір немесе екі-үш сабақпен қорытып, игеріп кету өте қиын (жоғарыда жазылғандары әлі барлығы емес). Тіпті, сабақты жасаған менің өзім түсіндіру барысында қиналыңқырап қаламын. Себебі, көп жағдайларда қазақ тілі мен ағылшын тілдерінің табиғаттары екі бөлек болып келеді. Қазақша ешбір баламасы (аудармасы) жоқ сөздер бар. Есесіне, орыс тіліндегі баламалары сабақты тез әрі нақты түсінуге көмектеседі. Егер орыс тілін де түсінбейтін болсаңыз, қам жемеңіз. Қазақша сөйлемдермен ұзақ әрі ұғынықты түсіндіруге тырысып бағамын. Бұдан бөлек тағы 3-4 сабақ осы есімдіктердің түрлерін игеруге арналатын болады.

Бұл сабақтан үйренеріңіз:

  • есімдіктерді топтарына қарай жаттау;

  • есімдік топтарының ағылшынша атауларын жаттау.

  • Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері

  • Жіктеу есімдігі (Personal Pronoun) Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септік және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігі: кімге? неге?; табыс септігі: кімді? нені? Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз («ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сабиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» дегенді білдіреді.

  • Мысалдар:

  • She is my sister — Ол — менің әпкем (қарындасым).

  • You are my best friend — Сен менің жақын (жақсы) досымсың.

  • They can not swim — Олар жүзе алмайды.

  • I lend him my car — Мен оған машинамды (уақытша пайдалануға) бердім.

  • Let us (let’s) go! — Қанекей, жүрейік!

  • We have not seen them — Біз оларды көрмедік.

  • He told us about new cars — Ол бізге жаңа машиналар жайлы айтып берді.

  • … Arman tried to break it — … Арман оны (шөлмекті, ыдысты) сындыруға тырысты.

  • It is I = It is me (ауызекі тілде) — Бұл — мен.

  • «It is I» = «It is me» екеуінің мағыналары бір, бірақ екеуінің екі түрлі жазылуы — ескеретін жағдай. Бұл жайлы алдағы уақытта арнайы тақырыпта жазамын.

  • . . . . . . . . . . . .

  • Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun)

  • Әрбір жіктеу есімдігінің тәуелденген түрі (формасы) бар. Олар өз алдына «Тәуелдеу есімдіктерін» құрайды. Ағылшын тіліндегі тәуелдеу қазақ тіліндегі секілді кімнің? кімдікі? ненің? ненікі? деген сұраққа жауап іздейді. Ағылшын тіліндегі сұрағы: whose?

  • Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun) негізгі және абсолюттік болып екі формаға бөлінеді.

  • «Менікі = меніңкі» — екеуі де бірдей.

  • Мысалдар:

  • This is not my bag, mine is blue — Бұл менің сөмкем емес, меніңкі көк түсті.

  • Her father works for Sony Company — Оның (қыздың) әкесі Sony Company-да жұмыс істейді.

  • is yours better than ours? — … сіздердіңкі біздердіңкінен жақсырақ па?

  • I went to him, but that house was not his — Мен оған бардым, бірақ ол үй оныңкі болмады.

  • Мысалдардан байқаған боларсыздар, негізгі формадағы тәуелдеу есімдігі бар жерде міндетті түрде зат есім қатар жүреді. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «my bag (менің сөмкем)». Ал егер абсолюттік формадағы тәуелдеу есімдігі келсе, онда ол жерде зат есім болмайды. Мысалы, «mine is blue (менікі көк түсті)». Мұндағы меніңкі есімдігі сөйлемнің алғашқы бөлігінде аталған сөмкені атамай-ақ сөйлеуші адамға тәуелдеп тұр. Сол себептен де мұндай сөйлемдерде (зат есімі қатыспаған) «менің» есімдігі емес «менікі» есімдігі қолданылады. Яғни, меніңкі көк түсті = менің сөмкем көк түсті.

  • Қазақ тілінде өздік есімдігі бар. “Өз” деген түбірден шығатын есімдіктер солай аталады. Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі өздік есімдігінің арасында біраз айырмашылық бар. Қазақша өздік есімдігін ағылшынша тәуелдік есімдіктермен де жасауға болады. Мысалы:

  • I always use my toothpaste — Мен әрқашан өзімнің тіс пастамды қолданамын.

  • Бұл мысалды қазақшаМен менің тіс пастамды қолданамындеп айту қате болып саналады.

Ағылшын тілі грамматикасы. 10-сабақ: Сілтеу есімдігі (Demonstrative Pronoun)

  • Көзге көрініп тұрған адамды, затты т.б. меңзегенде (нұсқағанда, көрсеткенде) сілтеу есімдіктері қолданылады. Сілтеу есімдіктері қазақ тілінде де ағылшын тілінде де мағыналық және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас болып келеді.

  • Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері мынадай: this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар). Мұндағы these пен those, тиісінше, this пен that сілтеу есімдіктерінің көпше түрлері.

  • Егер сілтенетін зат немесе т.б. жақын жерде немесе қолда тұрса, онда this есімдігін (көпше түрде these) қолданамыз. Ал егер сілтенетін зат немесе т.б. алыс жерде, қол жетпейтіндей қашықтықта тұрса, онда that есімдігін (көпше түрде those) қолданамыз. Мысалы:

  • This is my hat — Мынау — менің қалпағым (бас киім).

  • These books are interesting — Мынау кітаптар қызықты.

  • That pencil is yours — Анау қалам — сеніңкі.

  • Those flowers smell good — Анау гүлдер хош иіс шығарады.

  • Қазақ тілінде ағылшын тіліндегідей зат есімді сипаттайтын am, is, are (to be етістігі) көмекші сөздер жоқ. Ағылшын тілінде зат есімді зат есім ретінде сипаттағанда (мыс: The tiger is an animal) әлгі көмекші сөздер қолданылады. Ал қазақ тілінде ондай сөздер болмағандықтан бастауышы да баяндауышы да зат есімнен тұратын сөйлемде «— (дефис)» таңбасы қойылады. Мысалы: Мен — оқушымын.

  • Ескерту! Ағылшынша сөйлем мен қазақша сөйлемдердің арасына қойылған дефис бол ережеге қатысты емес. Екі тілдегі сөйлемдер бір-бірінен бөлек тұру үшін ғана қойылған.

  • This және that сілтеу есімдіктері уақытқа қатысты сөйлемдерде қолданылады. Бірақ қазақша баламасы «анау», «мынау» деген сөздер болмайды. Мысалы, «Мынау жылы мен он беске толамын» деген сөйлемдегі «Мынау» сөзі мағынасы жағынан түсінікті болғанымен, грамматикалық тұрғысынан дұрыс емес. Дұрысы — «Осы жылы мен он беске толамын». «Осы жылы» деген сөзді «үстіміздегі жылы», «биыл» деген сөздермен алмастырып қолдануға болады. «Анау жылы» деген болмайды, оның орнына «өткен жылы» деген тіркес қолданылады. Бірақ, ауызекі тілде «ана(у) жылы» деген тіркес бар. «Биыл» деген сөз «бұл жыл» дегеннен шыққан.

  • Сілтеу есімдіктері абстрактылы (көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын) зат есімдерге сілтеме жасағанда да қолданылады. Мысалы, уақытқа қатысты сілтеу есімдігін айтуға болады. This дәл осы уақыт немесе үстіміздегі жыл жайлы айтылғанда қолданылады, that дәл осы уақыт немесе өткен жыл (өткен кездер) жайлы сөз болғанда қолданылады. «Өткен жылы жазда Алатауға бардым. Ол кезде күн суық болды.» деген сөйлемді ағылшынша жазсақ, «Last year in summer I went to Alatau. That summer was rainy»

  • Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері сын есімдік-сілтеу есімдігі және зат есімдік-сілтеу есімдігі болып екіге бөлінеді.

  • Сын есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемдегі зат есімнің алдында келіп, оны айқындап, зат есім туралы нақтырақ мәлімет береді, сөйлеушінің белгілі бір затқа сілтеме жасап тұрғанын көрсетеді. Егер зат есімнің алдында сын есім болатын болса, онда сілтеу есімдігі сын есімнің алдында тұрады. Мысалы:

  • I live in that house — Мен анау үйде тұрамын.

  • I live in that big house — Мен анау үлкен үйде тұрамын.

  • I take this one — Мен мынау біреуін аламын.

  • I want to take this red one — Мен мынау қызыл біреуін аламын.

  • Зат есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемде зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы:

  • What is this? — Бұл не?

  • This is my pen — Бұл — менің қаламсабым (ручка).

  • These are my apples and those are yours — Мыналар — менің алмаларым, ал аналар — сенің алмаларың.

  • How do you write this? — Сен бұны қалай жазасың?

Ағылшын тілі грамматикасы. 11-сабақ: to be етістігі

Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарын тым қатты тереңдетіп жазғаннан кейін бе, әйтеуір, ең басты, ең оңай деген тақырыпты ұмытып кетіппін. Ол тақырып “to be етістігі” деп аталады. Осы сабақты, кеш болмай тұрып, сіздерге ұсынып отырмын.

Verb — етістік

to be естістігінің түрленуі

Ағылшын тілінде “to be (болу)” деген етістік бар. Етістік болғанда қазақ тіліндегідей “отыру”, “тұру” дегендей қимылды, әрекетті білдіретін етістік емес. Қазақ тілінде “to be” етістігі жоқ. Есесіне, жалғаулар арлылы білдіріледі. Мысалы: I am a student — Мен — студентпін.

Жоғарыдағы мысалға қарап, ағылшын тіліндегі to be етістігінің am деген түрін қазақша -мын, -мін, -пын, -пін деген сияқты жалғаулармен түсіріндіруге болатын сияқты. Бірақ әрқашан да солай екен деген түсінік қалыптаспасын. Кей кездері ешқандай аудармасы да баламасы да болмайды. Мысалы: Aman is here — Аман осында (жүр). Мұнда алдыңғы мысалдағыдай -мын, -мін, -пын, -пін (жіктік жалғаулар )деген жалғаулар жоқ. Осыған қарап, бұл тақырыпты ағылшын тілінің ерекше табиғаты ретінде қабылдау керек сияқты. Бұл сабақты орыс тілінде түсіндіру де ешқандай дәлдікпен іске аспайды. Қазақшасына ұқсас. Мысалы: I am a student — Я — студент. Немесе Я есть студент.

to be түріндегі етістік негізгі (оригинал) етістік болып саналады. Бірінші тұрған to деген қазақ тіліндегі етістіктердің соңындағы әрпіне ұқсас қызмет атқарады. to be етістігі әр жақта (I жақ, II жақ, III жақ) әр түрлі болып жазылады және көпше түрінде де басқаша жазылады. Тағы бір ескертетіні, кестедегі түрленулер тек осы шақтағы to be етістігі. Ал өткен шақтағы to be етістігі алдағы уақыттарда қарастырылады.

Бұл тақырып — ең оңай тақырып. Бір-екі оқығаннан-ақ игеріп кетуге болады. Егер сұрақтарыңыз бен ескертулеріңіз болса, пікір ретінде осында жазуларыңызға болады.

Кестедегі мысалдар аудармасымен бірге

I am not a teacher.

Мен – мұғалім емеспін.

You are taller than me.

Сіз менен ұзынырақсыз.

She is my sister.

Ол – менің сіңлім (әпкем, қарындасым).

It’s a book.

Ол – кітап.

We are students.

Біз – студентерміз.

You are not lazy.

Сендер (сіздер) жалқау емессіңдер (емессіздер).

They are students.

Олар – студенттер.

Ол кітап жақсы” деген мен “Ол – жақсы кітап” деген сөйлемдердің жазылуында айырмашылық бар. Сол сияқты грамматикалық тұрғыда да айырмашылықтары бар. Мысалы: Ол кітап сатылмай қалды. | Ол – кітап.

Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)

Сұрау есімдіктеріне мыналар жатады: who (whom), what, whose, which.

Who (ху) және whom (хум)

Who есімдігі – қазақша «кім» деген сұрау есімдігі. Мысалы:

Who played football yesterday? – Кеше кім футбол ойнады?

Who is that girl? – Анау қыз кім?

Whom есімдігі – қазақ тіліндегі «кімді» «кімге» деген сұрау есімдіктері. Мысалы:

Whom did you meet last night? – Кешегі түні кімді кездестірдің?

To whom did you tell about it? – Ол жайлы кімге айттың(ыз)? (немесе Who did you tell it to? | Who did you tell about it?)

What (уат)

What дегініміз қазаша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы:

What is this? – Бұл не?

What do you want to eat? – Не жегің(із) келеді?

What has happened? – Не болды?

What есімдігі адамдарға да қатысты қолданылатын ерекше жағдайлар бар. Мысалы, бір адамның мамандығы мен қызметін білгіңіз келсе, what сұрау есімдігі арқылы сұрайсыз.

What are you? – Сіз (мамандығыңыз бойынша) кімсіз?

What is your son? (He is an English teacher.) – Сіздің ұлыңыз кім (болып істейді)? (Ол – ағылшын тілінің мұғалімі)

What сұрау есімдігі лепті сөйлемдерде көңіл-күй мен эмоциялық жағдайларды білдіру үшін қолданылады. What есімдігінен соң a (an) белгісіздік артиклі қойлады. Мұндай сөйлемдердегі what есімдігінің қазаша мағынасы «қандай» деген сөзге өзгереді. Мысалы:

What a wonderful day! – Қандай керемет күн!

What a nice car! – Қандай әдемі машина!

What an incredible day! – Қандай ғажайып (адам нанғысыз) күн!

Whose (хуз)

Whose сұрау есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «кімнің» деген сұрау есімдігі. Whose есімдігі үнемі өзіне қатысты зат есімнің алдында тұрады. Мысалы:

Whose pen is this? – Мынау кімнің қаламы?

Whose father is that man? – Анау кісі кімнің әкесі?

Whose ball did you take? – Кімнің добын алдың(ыз)?

Which (уич)

Which есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «қайсысы», «қай» деген сұрау есімдіктері.Бұл сұрауесімдігі көптің арасынан бір зат есімді анықтап алу үшін қолданылады. Which сұрау есімдігі жаны бар зат есімдерге де жаны жоқ зат есімдерге де бірдей қолданыла береді. Мысалы:

Which book did you read? – Сіз қай кітапты оқыдыңыз?

Which city is better: Astana or Shymkent? – Астана мен Шымкент қалаларының қайсысы жақсырақ?

Which of you speaks german? – Араларыңызда қайсыңыз немісше сөйлейсіздер? (Бұл жердегі “қайсыңыз” деген сұрау есімдігінің мағынасы “кім” дегенді білдіреді).

It is me” немесе “It is I”

Ағылшын тілінде “Бұл — менмін” дегенді “It is I” немесе “It is me” деп айтады, жазады. Мен “It is me” дегенді үйренгенде таң қалдым. Өйткені қазақшаға аударсаңыз “Бұл — мені” немесе “Бұл — маған” деген тіркестер шығады. Бірақ “Ағылшын тілінің көп ерекшеліктерінің бірі болар” деген оймен ол жайлы көп ізденбедім. Кейін күндердің бір күнінде “It is I” деген тіркеске ұшырастым. Қате жазған дейін десем, үлкен жазушының немесе ағылшын тілі ана тілі болып саналатын шетелдіктің еңбегі екен. Оның үстіне, менің тіл білімім оныңкімен салыстырғанда түк те емес еді. Содан, бас қатты. “Қалай айтқан дұрыс екен?” деген сұрақ мазалады.

XVIII ғасырдағы ағылшын тілінің грамматикасында “It is I” деген тіркес дұрыс деп саналған. Әдеби шығармаларда осы тіркес қолданылған. Ағылшын грамматикасындағы осынау ереженың негізі латын тілінің грамматикасына негізделген екен. Бірақ бұл ереже “It is me” деп сөйлейтіндер үшін ешқандай кедергі болмады.

It is I — грамматикалық тұрғыдан алғанда, ережеге сай келетін тіркес. Грамматика бойынша жіктеу есімдігің атау септігендегі түрі (негізгі түрі) қолданылады.

It is me — идиомалық тіркес. Бұл идиомалық тіркесті басқа тілге аударғанда сіз негізгі мағынадағы тіркесті ала алмайсыз. Идиоманың ерекшелігі осында.

Қорытынды

“It is I” және “It is me” тіркестерінің екеуі де дұрыс, екеуі де қалауыңызға қарай қолданыла береді. Ауызекі сөйлеу тілінде “It is me” тіркесі көп қолданылады. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. “It is I” деп сөйлетін адамды кездестіру біраз қиындау.

“It is me” тіркесі әдеби шығармаларда да келе береді. Демек, ағылшын тілінің грамматикасы жазба әдебиет саласында “It is me” тіркесін қателікке шығара алмайды.

This is I немесе This is me

Бұл екеуінің мағыналары жоғарыда айтылған екі тіркеске тиесілі. “It” емес “This” болуының себебі әңгімеге арқау болып отырған адамның немесе заттың қолмен нұсқалып тұрғандығында. Мысалы, суреттен өзіңізді көрсетіп жатсаңыз, “This is me” немесе “This is I” дейсіз. “It is I” немесе “It is me” деген тіркестер жалпылама алғанда немесе көрінбей тұрған жағдайда қолданылады. Мысалы, есікті біреу тоқылдатты. Сіз: “Who is there?” деп сұрайсыз есікті ашпай тұрып. Есіктің арғы жағындағы адам: “It is I (me), Abai.” деп жауап береді.

Ағылшын тілі грамматикасы. 13-сабақ: Белгісіздік есімдігі

Белгісіздік есімдіктері (Indefinite Pronoun) сілтеніп тұрған тұлғаның кім екенін немесе заттың не екенін анықтамайды. Тек белгісіз түрде ғана сілтеме жасайды. Белгісіздік есімдіктеріне мыналар жатады: some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кейбіреу) …

Белгісіздік есімдіктері өте көп. Олардың барлығын бірден игеріп кету қиын әрі оның пайдасы да шамалы. Біздің сабақтарымыз бастауыш деңгейінде болғандықтан, сол деңгейге қажетті белгісіздік есімдіктерін қарастырамыз.

some және any

some есімдігі болымды сөйлемдерде, ал any есімдігі болымсыз, шартты және сұраулы сөйлемдерде қолданылады. Бұлар “бірнеше”, “кез-келген”, “қандай да бір” деген мағыналарды береді. Мысалы:

Sara has some difficult questions — Сараның бірнеше қиын сұрақтары бар.

Do you have any questions — (Қандай да бір) сұрақтарыңыз бар ма?

My brother don’t like any meat — Менің ағам ешқандай етті ұнатпайды.

Байқасаңыздар, соңғы сөйлемдегі (болымсыз сөйлем) any есімдігінің мағынасы қазақ тілінде “ешқандай” деген болымсыздық есімдігінің мағынасын беріп тұр. Бірақ оған қарамастан ағылшын иіліндегі мағынасы белгісіздік есемдігіне тиесілі болып қала бермек.

Алғашқы мысалдығы some есімдігі белгісіз түрде мөлшерлік мағына беріп тұр.

Егер some және any есімдіктерін дұрыс түсінсеңіздер, ол екеуінен туындайтын басқа да белгісіздік есімдіктерін түсіну оңай болады. Олардың соңғы бөлігінде тұрған сөздер есімдіктердің неге қатысты екенін көрсетіп тұрады. Мысалы, “somewhere” есімдігінің белгісіз бір мекенге, орынға қатысты айтылып тұрғаны көрініп тұр. Сол сияқты, “anything” есімдігінің кез-келген бір затқа сілтеме жасап тұрғанын біле аламыз. Өйткені “thing” сөзінің мағынасы “зат (нәрсе)” дегенді білдіреді.

Есте сақтаңыз!

someone, somebody, anyone, anybody білгісіздік есімдіктері адамға қатысты қолданылады. Ал something, anything белгісіздік есімдіктері заттарға (жансыз заттарға) қатысты қолданылады.

Ағылшын тілі грамматикасы: 14-сабақ: ‘Have’ немесе ‘have got’

Have немесе have got сөздерінің қайсын қолдану керек екенін білу көбіне оңай соқпайды. Дегенмен, ол өте қарапайым тақырып. Жақсы түсіну үшін мысалдарға дұрыстап назар аударыңыздар және салыстырып көріңіздер.

Have немесе have got сөздері сіздің бір затқа иелік ететіндігіңізді, сізге тиесілі заттың бар екенін білдіреді. Болымсыз түрде алдыңғы сөйлемімізде түсіндіргендерге қарама-қарсы мағынаны, яғни, сіздің иелігіңізде бір заттың (сөйлеушіге қатысты зат) жоқ екендігін білдіреді. Зат деген тек қана жансыз заттар деген ой болмасын (зат есім деп түсінген дүрыс болар). Олардан бөлек туыстық, жақындық және таныстық қатынастар жайлы айтылғанда да осы have немесе have got сөздері қолданылады.

……………………………………………………………..

Тек қана have сөзінің қолданылуы

Have арқылы сізге тиесілі заттар мен сіз істейтін әрекеттерді түсіндіруге болады. Мысалы:

I have a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.

I usually have breakfast at 8 o’clock — Әдетте мен сағат сегізде таңғы асты жеймін. Немесе, әдетте, менің таңғы асым сағат сегізде.

to have breakfast — таңғы аспен тамақтану, таңғы асты жеу.

……………………………………………………………..

Have got сөзінің қолданылуы

Have got сөзін тек қана бір заттың сізге тиесілі екендігін (сізде бір заттың бар екенін) айту үшін қолданасыз. ағылшын тілінің грамматикасы бойынша, жасайтын әрекеттеріңіз жайлы айту үшін Have got сөзін қолдана алмайсыз. Мысалы:

I have got a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.

Wrong!

I usually have got breakfast at 8 o’clock. Бұл мысал қате болып табылады.

……………………………………………………………..

Болымыз түрлері

Have: do not have, have no (Мыс: I don’t have a car. I have no computer);

Have got: have not got, have got no (Мыс: I have not got a car. I have got no computer).

Ескерту! have no мен have got no тіркестері қолданылатын сөйлемдерде ешқандай артикль болмайды. Мысалы:

I have no a computer. I have got no a computer.

……………………………………………………………..

Сұрақ түріндегі формасы

Do you have a cat?  — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?

Have you got a cat? — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?

……………………………………………………………..

Өткен шақта қолданылуы

Өткен шақтағы сөйлемдерде have сөзі (had түрінде) қолданылады. Мысалы:

I had a car. I had got a car.

Ағылшын тілі грамматикасы. 15-сабақ: Ортақтық (өзаралық) есімдік (Reciprocal pronoun)

Ағылшын тілі грамматикасында Ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal pronoun) бар. Оған “each other” және “one another” деген есімдіктер жатады. Екеуінің қазақ тіліндегі мағынасы “бірін-бірі”, “бір-бірімен” … дегенді береді. each other — адамдар мен заттарға қатысты (екі қатысушы), one another — екі немесе одан көп адамдарға ( немесе заттарға) қатысты. Алайда қазіргі кездегі грамматикада екеуінің ара жігін ажыратып жатқандарды кездестіре бермейсіз.

Ортақтық есімдігін қолданудағы мақсат — іс-әрекетке қатысып отырған екі адамдының немесе заттың бірдей әрекет жасап жатқандығын білдіру.

Айтылған анықтамамыз сіздерге ары қарай түсінікті болуы үшін бір-екі мысал келтіре кетейін.

Azat and Laura love each other. — Азат пен Лаура бір-бірін сүйеді.

They can’t see each other. — Олар бір-бірін көре (көру мағынасында) алмайды.

The students in this class use one another’s book. — Бұл сыныптағы студенттер бір-бірінің кітабын пайдаланады.

The teachers congratulated one another on World Teachers’ day. — Мұғалімдер бір-бірлерін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтады.

Қосымша айта кетер жағдай: “each other” және “one another” есімдіктерінің алдына көмекші сөздер жалғану арқылы сөйлемнің мағынасы өзгеріп отырады. Мысалы:

for each other – бір-бірі үшін;

to each other – бір-біріне;

from each other – бір-бірінен;

about each other – бір-бірі жайлы (туралы).

16 –cабак Ағылшын тілінде бір заттың бар екендігін сипаттау үшін “There is (зериз)” және “There are (зера)” тіркестері қолданылады. Екі тіркестің де мағынасы бір, тек жекеше және көпше түрдегі формалары.

Заттың бар екендігін айтқанда ол заттың біреуге тиесілі екендігін айтпайды. Мысалы, “Менде алма бар” дегендей мағынада емес, “Дастарханда (үстелдің үстінде) алма бар” деген мағынада қолданылады.

Мысалы:

There is an apple in garden — Бауда алма бар.

I have two apples — Менде алма бар.

“There is/are” тіркесі арқылы жасалатын сөйлемнің құрылымы:

There is/are + зат есім + мекен пысықтауыш (қайда? деген сұраққа жауап береді)

There is/are тіркесіндегі “there” сөзі басқаша тұрғыдан қарағанда “анда (анау жерде)” деген мағынаны білдіреді. Егер сөйлемде анда (анау жерде) деген сөз кездессе, онда ағылшынша жазғанда сөйлемнің соңына мекенді (орынды) білдіретін “there” мекен үстеуі қолданылады. Мысалы: There is a couple of books thereАнау жерде 2 кітап бар.

Мысалда келтірілген “couple” сөзінің мағынасы “жұп” немесе “екеу” деген сөздерді береді. Олай болса неге “There are” емес “There is” тіркесі қолданылып тұр? Екі кітап болса көпше түрдегі “There are” тіркесі қолданылуы тиіс емес пе? дегендей сұрақ тууы мүмкін. Жауап: “couple” жекеше түрде болғандықтан “There is” тіркесі қолданылды. Бұл жағдайда сіздің ойыңыздағы мысал мынадай болуы керек: There are two books there.

“There is/are” тіркесі осы шақта айтылып тұр. Оның өткен шақтағы нұсқасы “There was/were“, келер шағы: There will be

English Grammar. 17-сабақ: Сұраулы сөйлемнің түрлері

Бұл сабағымызды сұраулы сөйлемдердің түрлеріне (сұрақтың түрлері) арнаймыз.

Ағылшын тілінің грамматикасында қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі төрт түрлі формасы бар. Олар:

  1. Yes/no questions (closed questions) немесе General questions

  2. WH questions немесе Special questions

  3. Tag questions немесе Disjunctive questions

  4. Alternative questions……………………………………………………………………………………..

Yes/no questions (иә/жоқ) — сұралған сұраққа берілетін жауап жабық болады (closed question), яғни, “иә” немесе “жоқ” деген жауаптардың біреуі қайтарылады, жауаптарға қарап сұрақтың қандай сұрақ екендігін ажырата алмайсыз. Мысалы:

Are you from Russia? — No. (No, I am not)

Do you know about new neighbour? — Yes. (Yes, I do)

Есте сақтаңыз! Жақшаның ішіндегі жауаптар аз ғана созылыңқы (толығырақ) түрде берілген жауаптар болып табылады. Екеуінің (жақшадағы және жақшаның алдындағы) де мағыналары бірдей.

Жабық сұраулы сөйлемдердің жоғарыда келтірілгендерден де басқа түрлері бар. Мысалы, жасыңыз бен тұратын қалаңыз, т.б. жайлы сұрақтар болса, онда сіз ондай сұрақтарға бірауыз сөзбен, қысқаша түрде жауап бересіз. Ол жауаптар жабық жауаптардың қатарына жатады. Дегенмен, грамматикалық тұрғыда жабық сұрақ жайлы айтылғанда, көбінесе, “yes” немесе “no” жауаптары бар сұраулы сөйлемдер негізгі анықтаманы береді.

………………………………………………………………………………………………

WH questionswhat, when, why, who, where, whose, whom, which, how деген арнайы сұраулы сөздер арқылы жасалатын сұраулы сөйлемдердің келесі бір формасы. WH дегеніміз әр бір сұраулы сөздің бастапқы екі әріптер. Бірақ, жалғыз ғана how сұраулы сөзі жазылуы бойынша басқаларынан өзгеше.

Мысалы:

What is your name? — My name is Assan.

Where do you live? — I live in Taraz.

How long do you sleep? — I sleep about 8 hours a day.

Tag questions (ілмекті сұрақтар) — сұраулы сөйлемнің алдыңғы бөлігінде айтылған сөздерге қосымша ілмек-тіркес жалғанып жасалатын сұраулы сөйлемнің бір формасы. Соңынан жалғанатын ілмек-тіркес алдыңғы бөліктегі сөйлемге тікелей байланысты және үтір арқылы жазылады. Мысалы, алғашқы бөлікте to be етістігі болымды түрде қолданылса, ілмек-тіркесте to be етістігінің болымсыз түрі қолданылады. Алдыңғы бөлікте to be етістігін, ал кейінгі бөлігінде басқа түрдегі етістіктерді қолдана алмайсыз. Мысалы:

You are smart, aren’t you? — Сен ақылдысың, солай емес пе?

She comes tomorrow, doesn’t she? — Ол ертең келеді, солай емес пе?

Жоғарыда келтірілген мысалдар болымды түрде болса, төмендегі мысалдар болымсыз түрде. Дұрыстап қарап, барынша дұрыс түсінуге тырысыңыздар.

They aren’t students, are they? — Олар студент емес, солай емес пе (солай ғой)?

Yes, they aren’t — Иә, солай (олар студент емес).

We don’t play today, do we? — Біз бүгін ойнамаймыз, солай емес пе?

No. We play — Жоқ, олай емес.Ойнаймыз.

Есте сақтаңыз!

I am a teacher, am I not? деген сұрақ дұрыс емес. Дұрысы: I am a teacher, aren’t I? болады. Егер ақылға салып, салыстырмалы түрде қарасаңыз, алғашқысы дұрыс болуы керек. Алайда, ағылшын тілі грамматикасының ережесіне сай келетіні тек екіншісі. Егер алғашқы нұсқасының қолданылуын кездестірсеңіз, таңа қалмаңыз. Ауызекі тілде ондай жағдайлар қалыптасып қалған. Ол жерде ол нұсқаны қате дей алмайсыз.

………………………………………………………………………………………………

Alternative questions (Баламалы сұрақтар) кемінде екі немесе одан да көп жауаптарды ұсынады, яғни, көп жауаптың ішінен біреуін ғана таңдайсыз немесе біреуі ғана дұрыс болады. Бірақ бұл қатып қалған ережесі емес. Бірнеше баламалы жауаптар ерекше интонациямен айтылады.

Мысалы:

Would you like tea, coffee or milk? — Шай, кофе немесе сүт қалайсыз ба?

Coffee — Кофе. Қысқаша жауап, бірақ нақты.

Will you come today or tomorrow? — Сіз бүгін келесіз бе, ертең келесіз бе?

I will come tomorrowМен ертең келемін. Толығырақ жауап, нақты жауап.

18-сабақ: Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense)

Осы шақ — әңгіме болып жатқан шақта болып жатқан оқиғалар мен іс-әрекеттерді сипатттайтын, күнделікті өмірде істейтін әрекеттерді сипаттайтын етістіктің шағы. Ағылшын тілінде осы шақтың 4 түрі бар (қазақ тілінде осы шақтың 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ):