Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этнопсихология +.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

Тақырыбы: XX ғасырдың 2-жартысындағы этникалық қайта өрлеу.

  1. Қазіргі әлембегі этникалық ұқсастықтың (идентичность) психологиялық себептері.

  2. Әлеуметтік тұрақсыздық жағдайындағы этникалық ұқсастық.

ОЖСӨЖ мазмұны:

Этногенез және этностың биологиялық-георафиялық концепциясы.

ОЖСӨЖ мазмұны:

Тарих пен философиядағы этнопсихологияның пайда болуы.

ОЖСӨЖ мазмұны :

Этнопсихологиялық ұғымдарды талдау

СӨЖ мазмұны :

Этнопсихологияның әдіснамалық мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді зерттеу және тұжырым жасау.

СӨЖ мазмұны:

А.Р.Лурияның зерттеулері.

СӨЖ мазмұны:

Германия мен Ресейдегі халықтар психологиясын зерттеу.

Әдебиеттер:

1. Бромлей Ю.В.Очерки теории этноса. М., 1983 г.

2. Лебедева Н.С. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. М.,1992

3. Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. М., 1997 г.

4. Куницына Н.Д.Межличностное общение .М.,2000 г.

5. Налчаджян.А.М. Этнопсихология Учебное пособие.Питер.,2004 г.

6. Бороноев А.О., Павленко В.Н. Этническая психология.СПб.,1994 г.

7. Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы.М.,1983 г.

8. Соколов С.Г.Структурные факторы самоорганизации этноса.М.,1995 г.

9. Вундт В. Психология народов.

10. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды.В 2-х т. Под ред. А.А:Бодалева, Б.Ф.Ломова. т.-1.-М., 1980.

3 апта

5 дәріс.

Тақырыбы: Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі принциптері мен категориялары

  1. Этнопсихологияның категориялдық аппаратты анықтаудағы негізгі тұрғылар.

  2. Этнос, этностық мәдениет ұғымдары

Ұлттық психология оның мазмұнын құрайтын ұлттық-психологиялық құбылыстардың жиынтығы болып абылатын өз құрылымына ие. Ұлттық сана-сезім – адамдардың белгілі бір этникалық топ қатарына жататындығын және оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнын түсінуі. Ұлттық мінез-құлық – белгілі бір этникалық топ өкілдерінің тарихи түрде қалыптасқан тұрақты психологиялық белгілерінің жиынтығы. Ұлттық қызығулар мен бағдарлар – белгілі бір этникалық топ өкілдерінің мотивациялық приоритеттерін бейнелейтін қоғамдық-психологиялық құбылыстар. Ұлттық сезімдер мен көңіл-күйлер – адамдардың өз этникалық тобына, оның қызығуларына, басқа елдер мен құндылықтарға деген эмоционалды қатынас. Ұлттық дәстүрлер мен әдеттер – Ұлттың тіршілік әрекетінің ұзақ тәжірибесінің негізінде құрылған және күнделікті өмірде берік тамырын жайған, этникалық топтың жаңа мүшесіне берілетін қылық-әрекеттің ережелері, нормалары мен стереотиптері. Этнос дегеніміз – белгілі бір территория аймағында тарихи түрде қалыптасып, өзінің этникалық бірлігін саналы түрде сезінетін және мәдениетінің тұрақты ерекшеліктері болатын, соның ішінде ортақ тілі бар әлеуметтік топ. Этностардың өмір сүруінің негізінде олардың өзінің жалпылығын түсінуі болып табылады. Бұл ортақтықты этностар «Олар» түсінігімен салыстырғанда «Біз» түсінігінің басым болуынан көрініс табады. Бұл құбылыстың деформациясы этноцентризм атауына ие болды, яғни адамдардың әр түрлі құбылыстарды өзінің этникалық тобының мәдени стереотиптерінің негізіндегі қабылдауы. Этноцентризмнің мәні – басқа топтарға қарағанда өз ұлтының қасиеттерін асырмалауда жатады. Этнология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым және этнография-грек тілінен аударғанда жазамын деген мағынаны білдіреді. Ғылыми білімдердің бір саласы болғандықтан, материалдық мәдениетті, туыстық жүйені, өмірлерін қамтамасыз ету, тәрбиелеу, әр түрлі ұлттардың әлеуметтік және саяси құрылымын, энтогенез, мәдени аралық қатынастар проблемасын, этностарды орналастыру, олардағы демографиялық процесстерді, белгілі бір ұлт өкілдерінің мәдени қасиеттерін салыстыруды зерттеуге бағытталған. Этнография құбылыстарды сипаттайтын ғылым, ал этнология оның теориясы болып табылады. Сонымен қоса этнология, ұлттық салт-дәстүрлерді, дағдыралды, әдеттерді, әр түрлі ұлт өкілдерінің әрекет-қылығының спецификалық ерекшелігін де қарастырады.

6 дәріс Тақырып: Этнопсихологияның негізгі ұғымдары.

  1. Этнос. Л.Н Гумилев, Н.А Арутенов, М.Н Чебоксаров анықтамалары.

  2. Этникалық өзіндік сана,этникалық ұқсастық. Г Тэджфелдің этникалық ұқсастық концепциясы.

  3. Этноцентризм.

Қазіргі заманда этнологиялық ғылымдарда этнос, оның табиғаты мен құрылымы жөнінде біркелкі түсінік жоқ. Бромлейдің айтуынша этнос дегеніміз – белгілі бір аймақта тұрақты мекені бар, тарихи қалыптасқан жплпы тұрақты тіл ерекшелігі бар адамдар жиыны. Этностың табиғатын түсіндіруде басқа да бағыттар бар. А.Н.Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс деп қарастырды. Оның түсіндіруі бойынша этнос дегеніміз- кез-келген ұжым өзіне ұқсас ұжымға қарсы қоя алатын өзіндік ерекше ішкі құрылымымен айқын мінез- құлық стереотипі бар адамдар жинағы. Ғалымның пікірі бойынша этникалық мінез-құлық стереотипі ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді, адам баласы оны мәдени әлеуметтену процессінде меңгереді және ол тұрақты, адамның өмірі бойы өзгермейтін болып табылады. Келесі бағыт өкілдерінің түсіндіруінше этнос дегеніміз - кеңістікте шектелген ерекше мәдени ақпараттың жиынтығы, ал этнос арасындағы қарым-қатынас сондай ақпаратпен аламасу ( С.А.Арутенов, Н.Н.Чебоксаров). Мұндай тұжырымдамада этносты адамдардың шынайы тобы деп түсіндіруден басқа деңгейге ақпараттық-когнитивтік өтіп отыр. Мұнда этносты анықтайтын ең басты белгі ерекше мәдени ақпаратты тасымалдаушы адамдар емес, ақпараттың өзі, мазмұны, өзіндік ерекшелігі. Этникалық өзіндік сана – тұлғаның өзінің белгілі бір этникалық қауымдастыққа жататынын ұғынуы. Этникалық сана сезім - этникалық қауымдастық мүшелерінің әлеуметтік–психологиялық ұстанымдары мен стереотиптерін қоса, өзі және басқа этнос жөніндегі түсініктерінің бірлігін бейнелейді. Мұндай түсінікте этникалық өзіндік сана – тұлғаның белгілі этникалық қауымдастықтың өкілі ретіндегі өзі туралы түсінігі мен қабылдауын бейнелейтін этникалық сананың бөлігі.

3 семинар.