- •5В010300 Педагогика және психология
- •Этнопсихология пәнінен
- •Орал, 2016 ж.
- •1. Пәннің оқыту бағдарламасы – syllabus
- •2. Пән туралы мәлімет
- •5. Курстың мазмұны
- •Тақырыбы: Этнопсихология білімнің пәнаралық облысы ретінде
- •Тақырыбы: XX ғасырдың 2-жартысындағы этникалық қайта өрлеу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырыбы: Этнопсихологияның пайда болуы мен қалыптасуы
- •Сөж мазмұны:
- •Тақырыбы: Жеке тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.
- •Тақырыбы: Қарым-қатынастың универсалдық және мәдени-ерекшелік астарлары.
- •Тақырыбы: Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің мәдени вариативтілігі.
- •Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастар және когнитивтік процесстер.
- •1. Этникалық сәйкестіктің когнитивтік және аффективті компоненттері.
- •Әдебиеттер:
- •10 Апта
- •Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдау механизмдері.
- •Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдау механизмдері.
- •Тақырыбы: Этникалық жау-жанжалдар: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.
- •Тақырыбы: Этникалық жау-жанжалдар: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.
- •14 Апта.
- •Тақырыбы: Жаңа мәдени ортаға адаптация
- •Әдебиеттер:
- •15 Апта
- •Тақырыбы: Жаңа мәдени ортаға адаптация
- •6. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •7. Аралық бақылау тапсырмалары
- •8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі
- •9. Бақылау түрі – тест (компютерлік тест)
- •10.Бағалау өлшемдері
- •Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:
- •Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
- •Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:
Тақырыбы: Этнопсихология білімнің пәнаралық облысы ретінде
Этнос туралы түсінік.
Мәдениет психологиялық ұғым ретінде.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. 1970-80 жылдардың басындағы «Тарих мәселелері», «Кеңестік этнография», «Философия мәселелері» журналдарында этнопсихология ғылымы туралы жүргізілген пікірталастар.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Этнопсихология туралы түсінік.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1.Этносихологиялық зерттеулердің әдіснамалық негізі.
2.Этнопсихология ұғымдарына шолу жасап, глосарий дайындау
СӨЖ мазмұны :
Жарықбаев Қ.Б. «Қазақстандағы этнопсихологияның негізгі мәселлері және қазіргі жағдайы» А., 1996ж. оқулығымен танысып, негізгі идеяларды тезис түрінде дәптерлеріне түсіру.
СӨЖ мазмұны :
1. Этнопсихология саласындағы 1930 жылдары Өзбекстан мен Қырғызстанда ұйымдастырылған зерттеулердің нәтижесі.
СӨЖ мазмұны :
1. Қазіргі уақыттағы этникалық парадокс.
Әдебиеттер:
1. Джакупов С.М. «Этнические предупреждения как предмет психологического исследования» Алматы,1998.
2. Джадильдин Н. «Природа национальной психологии» Алматы,1970.
3. Дробижева Л.М. «Национальное самосознание» Алматы,1985.
4. Еликбаева Н.О. «Национальная психология» Алматы,1992.
5. Жарикбаев К.Б. «Современное состояние и основные проблемы этнопсихологии в Казахстане» Алматы,1996.
6. Жарикбаев К.Б. «К вопросу о различии понятий «народная психология» и «этнопедагогика». Алматы,1996.
7. Жарикбаев К.Б. «Некоторые черты казахского национального характера» Алматы, 1997.
2 апта
Дәріс № 3.
Тақырыбы: Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі принциптері мен категориялары
Этнопсихологияның принциптері.
Б.Ф.Поршневтың әлеуметтік этностық принциптерін құрастырудағы үлесі.
«Біз» және «олар» принципін қазіргі заманғы ұғым.
Этнопсихологияның принциптері: 1. Ұлттық психологияны зерттеу және анализ принципі. 2. Дамудың тарихи шарттарын есепке алу принципі 3. Ұлттық психиканы басқа әлеуметтік кластармен бірігіп алағандағы анализ принципі – ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді зерттеудегі маңызды принциптердің бірі. Қоғамдық психиканың көріністерінің барлығын ұлттыққа кіргізуге болмайды. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің сан алуан көріністерін есепке алу принципі Ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің анализі кезіндегі салыстырмалылық принципі арқылы біз ұлттық типтікті тек басқа ұлттардың өкілдерінің біртиптік мінездемесін салыстырғанда ғана-ақ анықтай алатындығын білеміз. Ұлтшылдық пен расизмді жеңу үшін саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлтаралық және басқа да шаралардың кешені қажет. Б.Ф.Поршневтың әлеуметтік этностық принциптерін құрастырудағы үлесі. «біз» және «олар» принципін қазіргі заманғы ұғым. Әлемдік цивилизация дамуының тарихында адамдарды олардың сан алуан белгілеріне қарай жіктеу болған. Олардың біріне сәйкес адамдар расаларға бөлінсе, екіншісіне сәйкес адамдар этностарға байланысты бөлінеді. Этнос дегеніміз – белгілі бір территория аймағында тарихи түрде қалыптасып, өзінің этникалық бірлігін саналы түрде сезінетін және мәдениетінің тұрақты ерекшеліктері болатын, соның ішінде ортақ тілі бар әлеуметтік топ. Этностардың өмір сүруінің негізінде олардың өзінің жалпылығын түсінуі болып табылады. Бұл ортақтықты этностар «Олар» түсінігімен салыстырғанда «Біз» түсінігінің басым болуынан көрініс табады. Бұл құбылыстың деформациясы этноцентризм атауына ие болды, яғни адамдардың әр түрлі құбылыстарды өзінің этникалық тобының мәдени стереотиптерінің негізіндегі қабылдауы. Этноцентризмнің мәні – басқа топтарға қарағанда өз ұлтының қасиеттерін асырмалауда жатады. Ұлт тайпадан сапалы түрде ажыратылады, біріншіден, әлеуметтік теңсіздікпен сипатталатын әр түрлі мемлекеттердің адамдарын біріктіреді. Екіншіден, мемлекеттің пайда болуымен, көшпелі шаруашылықтың қысқартылуымен, негізгі этникалық топтың мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының таралуымен және мемлекеттік тілдің енуімен байланысты. Үшіншіден, белгілі бір этникалық сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуы, ұлтшылдық пен шовинизмнің байқалуы тән болады. Ұлт дегеніміз – бұл ұлттық-психологиялық ерекшеліктер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда көрініс табатын психикалық құрылымның, материалды және рухани мәдениеттің, тілдің, территорияның, ұлттық сана-сезімнің ортақтығының негізінде қалыптасатын белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес болатын этникалық топ дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Нақты этникалық топтардың өкілдерінің ұлттық психологиясы – көптеген факторлар іске кірістірілген ұзақ және спецификалық дамудың нәтижесі. Осы факторлардың ең маңыздылары – саяси-әлеуметтік және экономикалық даму болып табылады. Олардың әсерінен ұлттық психиканың барлық негізгі сипаттамаларының өзгешелігі қалыптасады, себебі ұлттық психика көбінесе өндірістік және қоғамдық қатынастардан тәуелді блады екен. Ұлттық психика – қоғамдық сананың, оның негізгі компонентінің – қоғамдық психологияның құрамдас бөлігі.
Дәріс № 4.
Тақырыбы:Этнопсихология ғылымының қалыптасу және даму тарихы.
1. Ежелгі және орта ғасырлардағы этнопсихологиялық түсініктер
2. Кеңестік республикаларда этнопсихологиялық зерттеулердің өріс алуы.
3. Қазіргі кездегі этнопсихология ғылымының дамуына Л.Н.Гумилевтің
энтогенез және этностың биологиялық-географилық концепциясы.
Геродоттан бастап ежелгі ғасыр ғұламалары барлық елдердің ұлттарының тұрмыс салттарына, ұлттық ұстанымдарына үлкен назар аударды. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы білімдер елдер арасында тиімді жолмен сауда саттық және мәдени қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік беріп отырды. Тайпалар мен ұлттардың бет пішіндеріндегі, салт-дәстүрлері мен мәдениеттеріндегі айырмашылықтарды қарастыра отырып ғұламалар сол айырмашылықтардың табиғатын анықтауға тырысты. Гиппократ (б э д 460-370ж ) ұлттардың физиологиялық және психологиялық айырмашылықтарын географиялық орналасу және климаттық жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндірді.
Гельвеций өзінің «Адам туралы» деген еңбегінде ұлттардың мінез-құлық ерекшеліктерімен оған әсер ететін факторларға үлкен тарау арнаған. Оның пікірінше әрбір халық оның мінез-құлық ерекшелігін анықтайтын өзінше ойлау және сезіну қабілетіне ие. Барлық халықта бұл мінез- құлық өзгеріп, өшіп отыруы мүмкін. Ғұламаның пікірі бойынша мінез-құлық бұл қоршаған ортаны қабылдау әдісі. Философ, тарихшы Шарль Монтескье қоғамды – ұлттың рухынан көрінетін заңдылығы бар әлеуметтік ағза ретінде қарастырды.
Этнопсихология ғылым ретінде Ресейде 19 ғасырда қалыптасты. Н.Г.Чернышевскийдің пікірінше әрбір халықтың өзінің патриотизмі, психологиясы бар және ол нақты істермен көрінеді. Оның этнопсихологияның дамуына қоскан үлесі - ұлттық жән әлеуметтік рухани өмірдің өзара сәйкестігін талдауы. Оның айтуынша ұлттық мінез-құлық ұлттың түрлі сапаларының бірлігі және ол ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді , ол тарихи дамудың нәтижесі. Оның пікірінше ұлттық мінез-құлық құрылымына адамдардың тілдерінің алуан түрлілігіне байланысты адамдардың интеллектілік және моральдық ерекшеліктерін қосу керек.
№2 семинар.
