Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этнопсихология +.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

5. Курстың мазмұны

1 апта

Дәріс № 1.

Тақырыбы: Этнопсихология пәні.

  1. Этнопсихология пәні туралы түсінік.

  2. Этнопсихология пәнінің міндеттері, заңдылықтары.

Этнопсихология - психология, әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымдарының ұштасуынан пайда болған әлеуметтік психология ғылымының саласы. Этнопсихологияның зерттеу пәні - түрлі этникалық қоғам өкілдерінің психологиялық өзіндік ерекшеліктері. Этнопсихология –нақты этникалық өкілдері ретіндегі адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Этнопсихологияның негізгі міндеттері:

1. Этностардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік психологиялық мәселлерін зерттеу.

2. Жеке тұлғалық деңгейде этникалық ұқсастықтың қалыптасу ерекшелігін зерттеу.

3. Сәтті мәдени аралық өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін әлеуметтік психологиялық әдістер мен бағдарламаларды қалыптастыру.

4. Адамның өміріне этникалық құбылыстар мен мәдениеттің әсер етуінің психологиялық заңдылықтарын ұғыну мақсатында этнопсихологиялық теорияларды дамыту.

.

Дәріс № 2.

Тақырыбы: Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі теориялық әдіснамалық аспектілері.

  1. Этносихологиялық зерттеулердің әдіснамалық негізі.

  2. Этнопсихологиялық зерттеу әдістері

Этнопсихологияның әдіснамасы – танымның негізгі заңдылықтары және соның негізінде нақты этникалық қоғам өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерін ұғыну.

Этнопсихолгияның әдіснамасының 3 түрлі әдісі анықталды:

1. Жалпы әдіс.

2. Арнайы әдіс.

  1. 3. Жеке әдіс

Ежелгі ғылымның ғылыми көмегімен этнопсихология өзі зерттейтін құбылыстарды, факторларды, дамуды, спецификаны, қалыптасуды дұрыс түсіне алады. Өз кезегінде саяси, ол қоғамдағы саяси процесстер ағымының адамдардың санасы мен әрекеттеріне әсерін зерттейтін білімдер жүйесі. Саяси ортада жұмыс жасайтын әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Этникалық психология саяси психологиямен бірлесе отырып, қоғамда пайда болған әлеуметтік құбылыстарды талдайды:

  1. этникалық топ өкілінің саяси санасының дамуына қандай ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің әсер ететіндігі;

  2. этникалық топ өкілінің қажеттіліктерінің, мотивтерінің, құндылықтарының қандай этникалық спецификалық ерекшелігінің бар екендігін;

  3. ұлттық психологияның қажетті-мотиациялық компоненттері қоғамдағы сана, нормаларға қарама-қайшы ма әлде жоқ па;

  4. бірлесіп саяси жұмыс жасағанда ұлттық өзіндік сананы құрайтын қандай танымдық-интеллектуалды компоненттер ескеріледі;

  5. нақты ұлт өкілінің саяси өзіндік санасының қорғаныс механизімі қандай;

  6. интерұлттық тәрбиелеуді эффективті қылдыратын нақты ұлттық-психологиялық әрекеттер, амалдардың бар-жоқтығы;

Сонымен қоса этникалық психология өзінің міндеттерін педагогикалық психологиямен өзара әрекеттесе отыра жұмыс жасауы керек. Этнопсихология педагогикалық психологиямен бірлесе отырып, келесілерді зерттейді:

  1. белгілі бір ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессін қабылдау ерекшеліктерінің спецификасын;

  2. әр түрлі ұлт өкілдеріне тәрбиелеу мен оқыту процессінің қалай әсер ететіндігі, тәрбиелеу мен оқыту процессінің өзара ерекшемазмұнының болуы;

  3. әр түрлі ұлт өкілдерінің оқыту мен тәрбилеу процессіне бейімделу ерекшеліктерін;

  4. әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессінде эмоционалды-экспрессивті сферасының көрінуін;

  5. әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқыту процессінде конфликтілік қатынастардың көрінуін қадағалау;

  6. педагогикалық өзара әрекеттесудің нақты формалары мен амал-тәсілдерін зерттеу.

1 семинар.