Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этнопсихология +.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

Тақырыбы: Жаңа мәдени ортаға адаптация

1. Адаптация. Аккультурация. Үйрену.

ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Қазақ ұлтының бойындағы психологиялық өзгерістер.

ОЖСӨЖ мазмұны :

  1. Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас.

ОЖСӨЖ мазмұны :

  1. Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминаттары.

СӨЖ мазмұны :

  1. Әлеуметтік және этносаралық бағдарлар әдеттер жансақ нанымдар ұлттық негилизм, этноцентризм ұғымдары

СӨЖ мазмұны :

    1. Тақырыпқа қатысты баяндама.

СӨЖ мазмұны :

Аккультурация

Әдебиеттер:

1. Джадильдин Н. «Природа национальной психологии» Алматы,1970.

2. Дробижева Л.М. «Национальное самосознание» Алматы,1985.

3. Еликбаева Н.О. «Национальная психология» Алматы,1992.

4. Жарикбаев К.Б. «Современное состояние и основные проблемы этнопсихологии в Казахстане» Алматы,1996.

5. Жарикбаев К.Б. «К вопросу о различии понятий «народная психология» и «этнопедагогика». Алматы,1996.

15 Апта

29 дәріс.

Тақырып: Абай Құнанбаевтың психологиялық мұраларының этнопсихолгиядағы орны.

1. Ақын өміріндегі және қызметіндегі ұлтаралық достық көрінісі.

2. Ғұламаның психологиялық мұралары.

Абайдың дуниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланысты, үнемі өзгеріс дамуда болатын, адамды қоршаған ортаның табиғатының ішкі сырын білім ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени қатынасынан, рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған бытыранқылығының салдары екендігін жақсы білді. Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен алты бақан алауыз елінің «жақсыларына» налыған Абай малыңды жауға, басыңды дауға салып өміріңді қор қылмай татулас бірлесіп ел боп егіннің ебін, сауданың тегін үйрен, жан аямай кәсіп қыл деп өсиет айтты. Абай оқудағы мақсат халыққа халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты ғылыми мәні зор ерекше көңіл аударарлық түрлі ой -пікірлер көптеп кездеседі. Ақын творчествасында психологияның негізгі мәселесі жан мен тәннің ара қатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мн қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де ұлттық мінез-құлық т.б. көрініс тапқан. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайы мен оның әртүрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Ол өз жұртының мінез-құлығын, көңіл-күйін, іс-әрекетерін, күйінші-сүйінішісін, талап талғамын салт-санасын жақсы біледі.. Ол көшпелі халықтың өмірінің ұсақ түйектерінеи дейін тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, бұл жолда қазақтың рухани мәдеиетіне қатысты деректерді жан-жақты пайдаланады.

30 дәріс.

Тақырып: Отбасылық қарым-қатынастың даму деңгейі мен этнопсихологиялық специфика.

  1. Отбасылық қарым-қатынастағы конфликтілердің этнопсихологиялық ерекшеліктері.

  2. Отбасылық қарым-қатынастың диагностикасы мен психологиялық көмек.

Отбасылық қатынастың ұлттық спецификасына қызығатын адам, ондағы екі түрлі қиындықтың болатынын түсінуі керек. Біріншіден, бір ұлт өкілдерінен құралған отбасы мен әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған отбасыдағы қатынас мүлде басқа болады. Екіншіден, біз жалпы этникалық отбасылардағы қатынастың қандай екендігін мүлде білмейміз, мүмкін салттың қаталдығынан тұйық шығар және тағы сол сияқты. Адами қатынастар ортақ түсінушілік, өзара әсер ету, мінездердің, қызығушылықтардың, қажеттіліктердің қақтығысуынан, біреуге өз көзқарасын жұқтырудан, сөгуден, бағалаудан тұрады. Бұл жағдайлар отбасыға да тән болып келеді. Отбасы құру әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ортақтасу. Сол қажеттіліктер тек кейбіреулерінің орташа немесе толық қанағаттануынан ұрыс-керістер, конфликтілер пайда болады. Отбасыдағы конфликтілер: - жұбайлардың тәрбиелену салттарына байланысты ауыр немесе орташа деңгейдегі конфликтілер; - этникалық топта қалыптасқан әрекет немесе қатынастың сипатына байланысты өте ерекше болуы мүмкін; - әрбір ұлт өкілінің мұндай проблемаларды шешу тәжірибелері бар болағандықтан, оңай немесе орташа деңгейде реттеуге болатын конфликтілер; - өте әр түрлі спецификалық салттары бар әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын отбасының жан-жақты конфликтісі; Әлеуметік психологияда конфликтілер келесі себептерге байланысты жіктелді: жұбайлардың қанағаттандырылмаған қажеттіліктері, еңбекті адекватты емес жіктеу, жұбайлар арасындағы рөлдер мен заңдардағы келіспеушіліктер және тағы басқа. Кейбір ұлттарда жұбайлардың біреуінің қанағаттанбауының нәтижесіндегі ажырасуды болдырмайтын ұлттар да бар. Оларға Кавказ бен түріктерді жатқызуға болады.

15 семинар.