Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этнопсихология +.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

Тақырыбы: Этникалық жау-жанжалдар: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.

1. Этникалық жау-жанжалдар: олар қалай өтеді.

ОЖСӨЖ мазмұны :

1. Этникалық жау-жанжалдарды реттеу.

ОЖСӨЖ мазмұны:

Отбасылық қарым-қатынастағы конфликтілердің этнопсихологиялық ерекшеліктері.

ОЖСӨЖ мазмұны:

Отбасылық қарым-қатынастың диагностикасы мен психологиялық көмек.

СӨЖ мазмұны :

Тақырыпқа қатысты реферат

СӨЖ мазмұны:

Ш Уалихановтың этногарафиялық еңбектері.

СӨЖ мазмұны:

Ғалымның психологиялық көзқарастары.

Әдебиеттер:

1. Лебон Г. «Психология народов и масс» Москва,1995.

2. Логинова Н.А. Жарикбаев К.Б. Аймаганбетова О.Х. «Этнопсихология» Алматы, 1998.

3. Муканов М.М. «Психологическое исследование рассудка в историко-этническом аспекте» Москва,1980.

4. Муканов М.М. «Образ жизни и этнопсихологии интеллектуалной действильности» . Москва,1980.

5. Муканов М.М. «Ч.Валиханов о некоторых вопросах этнопсихологии и психологии религии» Москва,1973.

14 Апта.

27 дәріс.

Тақырып: .Ш.Құдайбердиевтің этнопсихология қосқан үлесі.

1. Ш.Құдайбердиевтің психологиялық көзқарастары.

2. Ш.Құдайбердиевтің психологиялық көзқарастарының қоғамдағы тәрбиелік мәні.

Ш.Құдайбердиевтің педагогикалақ психологиялық пікірлері әр кезде жол жөнекей сөз еткен адамың жан сыры, психология туралы айтқандарымен орайласып жатады. Мәселен ақынның психологияға қатысты «Үш анық», «Мұсылмандық шарттары», «Қазақ айнасы» атты шығармалары бар. Күш қуаты, өнер білімі шамалас елдер өзара бақталасса барлық жаратылыс байлығын әскер ұстауға, қару сыйлауға ғана жұмсаса, устемдікке ұмтылса үсақ халықтардың, әлсіз жұрттарының көрер күні тіпті қараң. Дүлей күші әлсіз аңша құруға момынды құлдануға қызмет етеді. Ақын биіктен барлап тереңнен толғайды. Жауыз халық жоқ., жат нәсіл жоқ.. Бар кілтипан -теріс пиғыл, жемқор қиянатшылдықта жатыр. Адамда ынсап та мейірім мен шапағат та мол. Алайда мылтық билеп тұрған әділет жоқ.. Адамзат оң жолға - бауырластыққа, кісілік жолына түсуі үшін ар түзейтін ғылым керек. Сонда ғана зұлымдыққа тоқтау салынбақ. Шығыс поэзиясын, оның ішінде әсірісе Хожа Хафиздың сырлы жырын бойына сіңіру, бұдан соңғы жерде орыс әдебиетін етене тану, орыс тілі арқылы бүкіл батыс сөз өнеріне қол созу ақын талантына өзгеше қуат берді.

28 -дәріс. Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынас психологиясы

  1. Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас.

  2. Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминаттары.

  3. Әлеуметтік және этносаралық бағдарлар әдеттер жансақ нанымдар ұлттық негилизм, этноцентризм ұғымдары

Топаралық қатынастардың тұлғааралық қатынастарға ықпал ету деңгейі онда қосылған адамдардың өздерін және басқаларды, ең алдымен, қандай да бір топ мүшелері ретінде қаншалықты қабылдайтындарына байланысты. Осылайша, этникалық аз мөлшерлі топ мүшелері оларға деген айналысындағылардың көзқарасы олардың даралық сипаттарының емес, топтық мүшелігінің қабылдануына негізделген деп жиі санайды және көп жағдайда онысы дұрыс. Мысалы, 1995 жылы сауалнама жүргізілген Петерден антипатияның дәл ұлттық мотивті бойынша кезіккенін баса айтты. Максимальды деңгейде топаралық қатынастар тұлғааралық қатынастарда, егер топтар дау-дамайлы жағдайда болғанда көрінеді. Совет уақытында Прибалтикада болған үлкен жастағы адамдар кейде дүкен сатушылары немесе көшеде өтіп бара жатқан адамдар оларға бағытталған орысша сұрақтарда «түсінбегендерін» есіне түсіре алады. Бірақ Ресейден келуші көпұлтты қалада өскен және совет мектебін бітірген сатушы орыс тілін білмеуі мүмкін емес екенін түсінген. Оны қолданудан бас тарту күрделі топаралық қатынастарды көрсеткен және мемлекет тәуелсіздігін қалпына келтіруге ұмтылған эстон, латыш немесе метвалықтардың азаматтық бағынбаушылығының көрінісі ретінде қарастырыла алатын. Топаралық және тұлғааралық қатынастарды бөлудегі бірауыздылықтың болмауы кездейсоқтық емес. Көптеген психологтардың топаралық қатынастарды топтар арасындағы шыншыл қатынастар ретінде емес, зерттеу пәнін «жоғалтып алу» қорқынышына топтардың мүшелерінің арасындағы қатынас ретінде қарастыратындары әбден мүмкін. Шынында да, топаралық қатынастар, әсіресе этникалық және басқа да үлкен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар. Қоғамда жүретін саяси, экономикалық, мәдени процесстермен детерминацияланған және сондықтан да ең алдымен әлеуметтік психологияның емес, басқа ғылымдар - әлеуметтану, саясаттану және сол сияқтылардың зерттеу пәнін құрайды. Бірақ әлеуметтік психологтардың да шығармашылық өрісі бар, тек олардың міндеті – адамдардың санасындағы шыншыл топаралық қатынастардың көріністерін зерттеу ең алдымен топаралық қабылдаудың механизмдері мен мазмұнын талдау. Топаралық қатынастарды топтар арасындағы қатынастар деген анықтамаға сүйене, біз тұлғааралық қабылдаудан ерекшелейтін сипатқа ие топтық құралуы ретінде топтардың жеке мүшелерін емес, топтардың өзара қабылдауы ретінде топаралық қабылдауы да қарастырамыз. Және үшіншіден, мазмұндылық сипатын – когнитивті және эмоционалды компоненттердің тығыз байланысын, тұлғааралық қабылдаудағыдан қарағанда үлкен бағалаушылық. Осылайша, талдауына біз әлі оралатын этникалық стереотиптер топтар туралы келісімді, унификациялы, тұрақты және эмоционалды түсініктермен бейнеленген болып табылады.

14 семинар.