Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этнопсихология +.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

Тақырыбы: Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдау механизмдері.

1. Этноцентризм әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде

ОЖСӨЖ мазмұны:

1. Этникалық стереотиптер: зерттелу тарихы

ОЖСӨЖ мазмұны:

Этникалық стереотиптер: негізгі қасиеттері

ОЖСӨЖ мазмұны:

1. Д.И.Овсянико-Куликовскийдің халықтық психологиялық ойлауы туралы.

СӨЖ мазмұны:

1. Н.А.Берядев орыс мінезі туралы.

СӨЖ мазмұны:

1. Этникалық стереотиптер: шынайылық мәселесі

СӨЖ мазмұны:

Н.А.Берядев орыс мінезі туралы.

11 апта

21 дәріс.

Тақырып: Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.

1. Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.

2.Қазақстанның ұлы ағартушышыларының этнопсихолгиялық ой пікірлері.

3. Қазақстанда этнопсихология саласының дамуы, қалыптасу жолдары.

Халық педагогикасы көтерген тәліми мәселелердің адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып жүйеге түскен ұлттық дәстүрге, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек дене т.б. таптаурында болған нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез-құлық, іс-әрекеттің ішкі астарлары сөз болады. Ұлттық дәстүрмен салт-сана адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология - адамдарың қоғамдық және жеке тәжірибесінен өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностық өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология шұғылданады. Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мәселен қазақ халқының аңыз-әңгімелерінде батырлық эпос жырларында, ертектері мен айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның жан жүйесінің небір түрлері әр қырынан көрініп жатады. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады.

22 дәріс Тақырыбы: Этникалық конфликтілер. пайда болу себептері және реттеу тәсілдері

  1. Этникалық конфликтілер. пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.

  2. Этникалық конфликтілерді анықтау және жіктеу.Этникалық конфликтілер: пайда болуы, фазалары

  3. Этникалық конфликтілерді реттеу

Топаралық қатынастар конфликтілердің үздіксіз байланыстары мен бірлескен жұмыстан құрастырылады, бірақ қандай да болмасын қоғам үшін басты мәселелер болып көптеген конфликтілер жатады. Біз – «топаралық конфликт» дегенде ойымызға бірден, революция, діни ұстамсыздық, этноаралық қақтығыстар, жыныстар арасындағы бәсеке, қиын еңбек ұрсыстары келеді. Орыс-американдық әлеуметтанушы П. Сорокин 24 сағат ішінде адамзат тарихында 4 достық сағатқа 1 конфликтілі сағат келетінін санады. Топаралық конфликілер (кең мағынада әлеуметтік) арасынан келесілерді бөліп шығарамыз:

  • Саяси конфликтілер, бұнда күрделі билік, басымдық, әсер ету, авторитет;

  • Әлеуметтік-экономикалық (тар мағынадағы әлеуметтік) – «еңбек пен капитал» арасында, мысалы кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында;

  • Этникалық – этникалық қоғамдастықтардың мүдделері мен құқықтары туралы.

Сонымен, этникалық қоғамдастықтар арасындағы конфликтілер ең маңыздыларың бірі болып табылады. Бірақ та, В.А. Тишков айтқандай, этникалық конфликтілер «таза» түрінде болмайды. Тіпті конфликтолог-мамандар көп жағдайда бір көзқарасқа келе алмайды, себебі олар дәл қандай конфликтімен кездесетіндігімен толық түсінбейді. Тишков пікірінше, бұрынғы КСРО территориясындағы барлық ашық конфликтілерді этникалық категорияға кіргізуге болады. Әлеуметтанушылар, саясаттанушылар мен этнологтар конфликтіні басқа феномендерден бөліп шығуға ұмтылып, оны көп жағдайда сәйкес келмеген әрекеттердің соқтығысқан топ арасындағы реалды күрес ретінде ғана қарастырады. Конфликтіні бұлайша түсінсек, ол қарама-қарсылықтардың шыңына келудің шеткі нүктесі болып табылады. Бірақ конфликт динамикасын есепке алатын психолог көзімен топ аралық қарама қарсылықтардың өзі конфликтінің бір кезеңі ғана болап табылады – оны көбінесе объективті конфликтілі жағдай деп атайды. Нақты айтқанда, Жерде барлық орындарда этникалық қоғамдастықтар расында қарама-қарсылықтар кездеседі – кең мағынада этноаралық тұрақсыздық. Өкінішке орай, онсыз бірде-бір полиэтникалық қоғам өмір сүрмейді. Бар әлеуметтік қарама-қарсылықтар конфликтілі әрекеттер себебінің ішінде шешуші роль ойнаса да, онымен тікелей байланысты емес: конфликтілі әрекеттер қарама-қарсы жақтар өз мүдделерінің сәйкес келмегендігін түсінгенде пайда болады. Басқаша айтқанда, конфликтіні санаан өткізу және эмоциялардың пісіп-жетілу кезеңі өте маңызды. Көбінесе конфликтілер өзара әрекеттесу басталмас бұрын көп жылдар өтеді. Егер де объективті конфликтілі жағдай санадан өткізілсе, тіпті күрделі жағдайлар конфликтінің неғұрлым шеткі кезеңі ретіндегі конфликт өзара әрекеттесуге әкеп соғуы мүмкін. Конфликтілі өзара әрекеттесу кезінде этникалық конфликтілердің өсу немесе эскалация тенденциясы байқалады, яғни жақтар «жеңілден» «ауыр» тактикаға көшеді: зорлықсыз сипаттағы көпшілік әрекеттерден (митинг, манифестер, «азаматтық тәртіпсіздік» акциялары) қанды соғыстарға дейінгі қақтығыстарға әкеп соғады (мысалы, қырғыздар мен өзбектер арасындағы), тіпті этносаяси соғыстарға әкеледі (армяндық-азербайджандық, грузинік-абхаздық).

11 семинар.