Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этнопсихология +.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.56 Кб
Скачать

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика және психология кафедрасы

5В010300 Педагогика және психология

мамандығына арналған

Этнопсихология пәнінен

SYLLABUS

Құрастырушы: Ж.С.Исмагулова магистр аға оқытушы

Орал, 2016 ж.

SYLLABUS 2013 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу жоспарының негізінде дайындалды.

Педагогика және психология кафедрасының «7» қыркүйек 2016 жылғы

мәжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды

Кафедра меңгерушісі Ж. И. Сардарова _______________________

Пікір беруші: ЭБГ психологы Э. В. Вагапова

1. Пәннің оқыту бағдарламасы – syllabus

Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.

Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:

Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық/

семинар сабақтары

Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

3

30

15

-

45

45

135

тест

Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы

2. Пән туралы мәлімет

Этнопсихология – қазіргі психология ғылымының жас салаларының бірі.Ол адам психологиясының этникалық ерекшілігін, ұлттық мінезін, этностық сана- сезімнің қалыптасу заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді т.б. зерттейді.

Елімізде қазақтармен бірге жүзден астам ұлт өкілдері тұрады, бұлардың бір- бірінен ұлттық айырмашылықтары болатыны белгілі. Қоғам өмірін тануда этнопсихологиялық факторлар үлкен мәнге ие. Іс- әрекеттің кез- келген саласында, атап айтқанда, құқық органдары, қарулы күштер, юриспруденцияның, өнер мен медицина, білім беру мекемелерінің мәні ерекше. Егеменді еліміз үшін этнопсихологиялық білімнің әр түрлі мәселелері үшін осы ғылымды білуміз қажет. Бұл ғылым студенттерге отандық және алыс, жақын шетелдегі әртүрлі әлеуметтік мәселелердің ұлттық псилогиялық аспектілерін табуға көмектеседі.

Осы оқу бағдарламасында жалпы теориялық сұрақтармен қатар, Қазақстандағы ұлттық- психологиялық мәселелерге байланысты аймақтық материалдар да көрініс тауып отыр.Ұлтаралық шиленістерден сақтандырудағы этнопсихологиялық мәселелер, этнос аралық конфликтілер мен ұлттаралық қарым-қатынастағы оң көзқарастар, мемлекеттік тілдің – этнопсихологиялық астарлары т.б. осы дәрісте қарастырылатын мәселелердің бір тобы.

«Этнопсихология» курсының мақсаты – студенттердің қазіргі заманғы психология құрылымындағы этнопсихологияның орнын түсіну және өмірдің барлық салаларында тұрақты этносаралық өзара іс-әрекет жағдайында кәсіптік қызметке дайындық процесінде этнопсихологиялық білімнің рөлін түсіну болып табылады.

Курстың міндеттері:

  • этнопсихологияның теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;

  • этнопсихология мәселелеріне студенттердің қызығушылықтарын арттыру;

  • студенттердің бойында үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын ояту;

  • студенттердің өзіндік тәжірибесінде этнопсихология негіздері туралы білімдерін қолдануға ұмтылдыру.

Курс пререквизиті.

Бұл пәнді оқуға дейін студенттер мектептен пәндерді толық білумен қатар адамның табиғатын, философиялық таным принциптерін және әлеуметтік орта әсері туралы түсініктерді алдын-ала білуі тиіс.

Курс постреквизиті.

Психология курсын оқу болашақта «Қарым-қатынас психологиясы», «Жас ерекшілігі психологиясы», және т.б. салаларын оқып меңгеруге негіз болады.

3. Студенттерге қойылатын талаптар:

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Курс оқыту арқылы адам өз психологиясының дамуы барысында осы оқу бағдарламасында жалпы теориялық сұрақтармен қатар, Қазақстандағы ұлттық- психологиялық мәселелерге байланысты аймақтық материалдар да көрініс тауып отыр.Ұлтаралық шиленістерден сақтандырудағы этнопсихологиялық мәселелер, этнос аралық конфликтілер мен ұлттаралық қарым-қатынастағы оң көзқарастар, мемлекеттік тілдің – этнопсихологиялық астарларытуралы түсініктер қалыптастыру. Күнделікті өмірде адам өзін-өзі басқару мен жеке басындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, дамытып отыруға үйрету.