Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кешен педагогика+.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:

 1. Педагогика тарихының мақсаты мен міндетіне сипаттама беріңіз.

2. Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысын сызба түрінде көрсетіңіз.

3. Педагогика тарихы пәнінің  пайда болуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.

4. Педагогика тарихы пәнінің зерттеу обьектісіне сипаттама беріңіз.

2-лекция. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы

Жоспар:

1. Алғашқы қоғамдағы тәрбие

2. Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп

3. Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп

Лекция мақсаты: Студенттерге алғашқы қоғамдағы тәрбие, құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп, феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп туралы түсінік беру

1. Алғашқы қоғамдағы тәрбие. Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы — рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің рөлі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралып жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке семья болған жоқ деп көрсетті. Сондықтаи балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің коллективтік жұмысы болды. Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.

Алғашңқ қоғам тапсыз болды, соған сәйкес қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін егу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты жәке жоспарлы іске айналды.

Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесіні құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.

Тэрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі — рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектін бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке семьяның шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке семья тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: дін басшылары, көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесіне көңіл бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.

2. Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп. Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдың қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.

Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау, су бөгеттерін салу әр түрлі ғылымдардың (астрономия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды пікірлер айтылған. Осы Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ежелгі Греция бірнеше құл иленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) және Лакония (орталығы Спарта) болды.

Спартада құлдарды қатал қарауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті. Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді. Спартада үстем тап балаларына әскери тэрбие берілді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға уйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, әскери әндер айту, найзаласу) ойыны жүргізілді. Әскери ойындар ұйымдастырылды, музыка, ән айту және діни билер үйретілді. Мұнда оқу және жазуға үйретуге өте аз көңіл бөлінді. Спарта тәрбиесінің мақсаты қатаң тәртіпке және құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.

Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18—20 жастағы жігіттер әскери қызметке алынды. Қыз балаларға да әскери және дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.

Афиныда біздің жыл санауымызға дейінгі V—IV ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды. Әсіресе, жаратылыстану, математика, тарих, скульптура, құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинының ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты болды. Афиныда дене тәрбиесімен қатар басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді. Құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық және дене тәрбиесі) берілу керек деп есептелінді:

Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13—14-жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оқыды.

Афиныда мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13—14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2—3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру. күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді, Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әңгімелер өткізілді.

Ерекше бай семьялардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін белгілі дайындық алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындық алумен қатар саяси білімдерін дамытты. Олар бекіністер салу, қала гарнизонында әскери қызмет атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды.

Құл иеленушілерден басқа жай халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады. Олар балаларын қолөнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды.

Ертедегі грек ғалымдары мен философтары Платон және Аристотель өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер қалдырды. Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымының дамуына себеп болды.

Көрнекті грек философы Платон (біздің заманымызға дейінгі 427—347 жылдары өмір сүрген) тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалық пікірінде ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымеи уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның рөлін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын әңгімені мазмұн жағынан іріктеп алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгі арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды.

Афины аристократиясының өкілі Платон құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, жалпы дене еңбегі құлдардың тел ісі, сондықтан болашақ философтар мен әскерлер дене еңбегі туралы мүлде ойламауы керек деп есептеді.

Атақты грек философы және ғалымы Аристотель (біздің заманымызға дейінгі дәуірдің 384—322 жылдары өмір сүрген) мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол коғамдық тәрбие мен семьядағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады. Ал ол даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады. Аристотель барлық адамдарға тәрбие беру мемлекеттің мақсаты дегенде құлдарды ескермеді, оларды «сөйлейтін құралдар» деп санады.

Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді (жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21 жасқа дейін). Жеті жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель кейбір құнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескере көрсетілді.

Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда алдымен дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етіл ді. Дене тәрбиесінде жаттығулардың жеңіл, балалардың күшіне тимейтіндей болғаны дұрыс деп санады.

Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының (дене, ақыл-ой және моральдың тәрбиенің) байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйреткен дұрыс. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мұндай дәрежеде әйелдерге де білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдық дағдылар мен мінез-қүлыққа жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиғи нышандар, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде семьяның ролін ол өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.

Ежелгі Рим мемлекетінде құл иеленудің дамуы халықтың үстем тапқа және қаналушы тапқа бөлінуіне әкеп соқты. Осыған сәйкес мектептер, элементарлық және одан жоғарырақ грамматикалық болып екіге бөлінді. Элементарлық мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың (плебейлердің) балалары да оқитын болды. Бұл мектептерде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Үстем таптың өкілдері балаларына алғашқы білім беруді үйде үйымдастырып, бірден грамматикалық мектептерге берді. Бұл мектептер жеке адамдар үйымдастырған, оқу ақысын төлеуді керек ететін мектептер болды.

Грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика (әдебиет және тарих мәліметтерін бере отырып, шешендікке баулу) оқытылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия, заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқытылатын болды. Осы мектепті бітірушілер жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті дайындық алды. Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды (біздің заманымыздың 42—118 жылдары өмір сүрген.) Ол— «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Квинтилиан өз дәуіріндегі грек, рим философиясы және педагогикасымен жақсы таныс болды. Өз еңбегінде ол риторика мектебінде мұғалім болып істеген бай тәжірибесін қорытты.

Квинтилиан балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады. Балалар мектепте тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлуі қажет деп есептеді. Мұғалімнің білімді, ұстамды, балаларға үлгі болуы және оларды жете білуі қажет деп санады.

Квинтилиан балалардың тілін дамытуға ерекше мән берді. Ол үшін ерте бастан олардың сөйлеуіне көңіл бөлуді талап етті, тілді және музыканы оқыту баланың дұрыс сөйлеуін дамытады деп санады. Баланың логикалық жүйелі түрде ойлауын дамыту үшін математиканы оқытуды қажет деп есептеді. Балаларға берілетін білімнің негізі берік болуын талап етті. Квинтилианның педагогикалық еңбектері өте жоғары бағаланды.

3. Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп. Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер феодалдар мен дін иелері болды. Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі — дін мекемелері (шіркеу). Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың (шіркеудің) қолында болды, білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үгіттеді. Иранды, Сирияны, Палестинаны, Египетті, Африканың солтүстік жағалауын VII—VIII ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Европамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыган болатын, ол мәдениетке енді жаулаушылар ие болды.

VIII ғасырда арабтар Пиреней түбегін жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европа жерінде мұсылман мектептері ашылды. Пиреней жеріндегі Кордова халифаты арқылы Батыс Европада Ежелгі Шығыс мәдениеті тарады. Соның ішінде Аверроес деген атпен әйгілі болған араб философы Ибн-Рошданың түсіндірмесі арқылы Аристотельдің еңбектері тарай бастады.

IV ғасырда Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Шығыс империя Византия деген атпен мың жылдай сақталды. Бүкіл Византия мәдениетінің діни сипатта болуына қарамастан, онда Ежелгі Шығыс мәдениетінің кейбір элементтері сақталды. Шіркеу жанындағы мектептермен қатар, кейбір қалаларда жоғары мектептер болды, ол мектептерде діни кітаптар, Ежелгі Шығыс философтарының, ақын-жазушыларының еңбектері оқытылды.

Византия мәдениетін Шығыс Европа жеріне таратуда славяндар үлкен роль атқарды. Ол мәдениет Ежелгі Русь жеріне де тарады. Бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европа елдеріне католик шіркеуі күшті әсер етті. Олар бүкіл оқыту мәселесін өз қолында ұстады. Орта ғасырлық монастырьларда дінді тарату мақсатымен діни кітаптар қолдан көшіріліп, көбейтілді. Кітап көшіретін адамдар даярланды, кітапхана және мектептер құрылды. Алдымен монастырь мектептері, кейін собор мектептері ашылды. Кейбір шіркеулердің жанында да мектептер ашылды. Бұл мектептерде ер балалар ғана оқыды. Шіркеу мектептерінде латын тілінде дұға оқуға, діни әндер айтуға, кейде жазуға үйретті. Оқу тек қана латын тілінде болғандықтан, балалар оқығандарының мазмұнын түсінбеді.

Монастырь және собор мектептерінде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды. Мектептерде оқудың белгіленген мерзімі болмады. Шіркеу мектептерінде оқу мерзімі бес және одан да көп жылга созылды. Онда балалармен бірге жастар да оқыды. Оқуға пайдаланатын діни кітаптардың мазмұны балаларға өте ауыр тиді жэне олар қолдан көшірілгендіктен, біреудің жазуын айырып оқу ете қиындық келтірді. Құстың қауырсынынан жасалған қаламмен жазу да ауыр еді. Мектептерде ұрып жазалау кеп қолданылды. Төменгі мектептерге алғашқыда дін иелерінің балалары ғана оқуға алынса, XI ғасырдан бастап басқа сословиенің балалары да алынатын болды. Бірақ халықтың негізгі көпшілігінің балалары мектепте оқуға қамтылмады, олардың балалары ата-аналарының еңбегіне араласу арқылы ғана тәрбиеленді.

Монастырь және собор мектептерінде білім берудің көлемі бірте-бірте кеңейтілді. Грамматика, риторика, діни философияның негіздері (диалектика) енгізілді. Арифметика, геометрия, астрономия және музыканы оқытатын мектептер де болды. Бұлардан басқа дін ілімі окытылды, дін «ғылымның негізі» деп саналды.

Әсіресе, грамматиканы оқуға көп көңіл бөлінді (латын тіліндегі грамматикалық формаларды жаттау, діни кітаптарды талдау). Риториканың міндеті дінді уағыздауға даярлау болды. Диалектика оқушыларды діни тақырыпта таласуға, діни қағидаларды қорғауға даярлады. Барлық оқытылатын пәндердің мазмұны діни сипатта берілді.

Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал тәжірибелі әскер болуы, шаруалар көтерілісін қатаң түрде басуы керек болды. Сондықтан олардың балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді: оның программасы «жеті серілік өнерді» қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, қылыштасу, найзаласу, аң аулау, шахмат ойнау, өлең шығару). Оқуға және жазуға үйрету міндетті деп есептелмеді.

XII—XIII ғарырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, қолөнер мен сауда дамыды. Экономикалың даму терең білімнің болуын кажет етті, осыған байланысты университеттер ашылды. XII ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Англияда тағы басқа елдерде, XIV ғасырда Чехияда (Прагада), кейінірек Польшада (Краковта) ашылды.

Орта ғасырда ғалымдардың инициативасымен университеттер ашылды. Ішкі жұмыстарын олар өздері басқарып, басшы қызметкерлерді де өздері сайлайтын болды. Материалдық көмек көрсету жолымен университеттерге шіркеу өз билігін жүргізуге тырысты. Кейінірек университеттерге шіркеудің әсері күшейе түсті. Негізгі факультет дін факультеті болды. Орта ғасырдағы университеттерде 4 факультет болды. Дайындық факультетінде грамматика, риторика, философия, арифметика, геометрия, астрономия және музыка оқытылды. Бұл факультет орта мектептің қызметін атқарды, оқу мерзімі 6— 7 жылға созылды. Әрі қарай үш негізгі факультеттің біреуінде (дін, медицина және заң факультеттері) 5—6 жыл оқитын болды. Университетте оқудың негізгі түрі лекция болды және циспуттар үйымдастырылды.

Қалада қолөнердің және сауданың дамуына байланысты колөнершілер цех мектептерін, сауда қызметкерлері гильдия мектептерін ашты. Бұл мектептерде ана тілінде оқу және жазу үйретілді, есеп және дін сабақтары оқытылды. Кейін бұл мектептер бастауыш қала мектептеріне айналды.

Арабтар жаулап алуының нәтижесінде ислам дініне бағынған халықтарда мектеп және медреселер ашылды. Мектеп мешіттің жанынан ашылып, ер балаларға бастауыш діни білім берді, ал медресе діни қызметкерлермен бірге үкімет қызметіне де әзірлейтін болды. Мектептегі негізгі міндет балаларды құранның тексін оқуға үйрету еді. Оқу балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Құранды басқа тілге аударуға тыйым салынды. Мұсылман мектептері балаларды құдайға, құдай қалаған үкіметке бағынуды талап етті.

Балалар алдымен араб тіліндегі барлық әріптің атын білуге тиісті болды. Әріптерді қосып оқымастан бұрын, әріптердің атын қосуға жаттықтырылды. Оқудың негізгі әдісі жаттау болды. Жазуды тек қана кітап көшіретіндер ғана меңгере алды. Жазу құралдары өте нашар болды. Кейбір медреселерде орта біліммен қатар, жоғары білім де берілді. Алдымен медреседе арабтың әдеби тілін меңгеру міндеттелді. Әр халықтың ана тілі оқытылмады. Логика оқытылды, мұсылман діні жөнінде кең білім берілді. Медреседе екі бағытта білім берілді (дін және заң). Медресеге мұғалім болғысы келгендер араб философиясымен шұғылданды. Дін және заң қызметімен шұғылданатындардың негізгі сүйенетіндері құран болды. Сондықтан медреседегі оқудың негізгі мазмұны қүранды үйрету еді.

Құранның араб текстін түсінуді оңайлату мақсатымен Иранда және Орта Азияда оны парсы, тәжік тілінде түсіндіру жүзеге асырылды.

Құранға діни түсінік берушілер оны құдай жасағанын, жерді және адамды құдай жаратқанын түсіндірді, ал құранға заң ретінде түсінік берушілер сауда, неке және мұрагерлік туралы заңдылықтарды уағыздады.

Медреседе лекцияға аз көңіл бөлінді, шәкірттер т.б өздері оқу үшін тапсырма өте көп берілді. Оқығанын әңгімелеп шығу және жаттау әдістеріне баса назар аударды. Медресе жаратылыс сабағынан ешбір білім бермеді, математика аз оқытылды. Медреседе көбінесе үстем таптың балалары ғана оқыды.

Қолөнерді, табиғат жөніндегі ғылымды, медицинаны, математиканы игеру мектептен тыс жүргізілді. Әскер және дене тәрбиесі, құс салып, ит қосып аң аулау т. б. спорт ойындары арқылы жүргізілді. Мейрамдарда спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Соғыс, жорық туралы, батырлардың ерлігі туралы әңгімелер арқылы балаларға моральдық тәрбие берілді.

Мұсылман мектептерінде балаларды қорқытып ұстау, ұрып жазалау үлкен орын алды.

Орта ғасырлық шығармалардың ішінде педагогикалық мазмұнда жазылғандары да кездеседі. Соның бірі — ескі тәжік тілінің диалектісінде жазылған XI ғасырдағы «Кабус-на-мэ». Бұл шығарма әкенің баласына өсиеті ретінде болғандықтан, бірнеше шығыс халықтарының тіліне аударылды.

Кейінгі дәуірлерде ана тілінде оқыту мәселесі қолға алына бастады. Бұдан мың жыл бұрын ислам дінінің негізін парсы-тәжік тілінде түсіндірген оқулық «Чор-китаб» дүниеге келді. Кейінірек діни өлеңдердің жинағы түркмен, ескі өзбек тілінде басылып, оқулық ретінде пайдаланылды.

Халық педагогикасы ауыз әдебиеті арқылы үрпақтан ұрпаққа беріліп, жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Шығыстағы мұсылман халықтарында мынадай мақалдар кездеседі: «Білмеген айып емес, оқымаған айып», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Атаның ұлы ғана болма, халықтың ұлы бол» т. б.

Қазақ жеріндегі мұсылман мектептері оқушылар құрамы жағынан кішігірім мектептер болды. Көбінесе олар киіз үйге орналасты, мектеп жабдықтары мен оқу құралдары болмады. Байлардың қаражатына қалаларда салынған медреселер ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, оқу программалары және түрақты сабақ кестелері болмады. Мектептерде діни кітаптардың мағынасына түсінбей, тек қарасын оқып білу үйретіліп, балаларға ешқандай ғылыми білімдер берілмеді. Өйткені оқу ана тілінде жүргізілмей, балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Оқушылар араб әріптерін оқып үйрену үшін айлап, жылдап уақыт кетірді. Көптеген мектептерде оқуды хат танитын сауаты ғана бар молдалар оқытты. Олардың ұстаздың қызметке ешбір даярлығы болмайтын. Оқудың басталатын белгілі уақыты болмағандықтан, әр бала қалаған уақытта мектепке алынып, молда олардың әрқайсысын жеке оқытты. Балалардың бәрі бір киіз үйде отырғаны болмаса, олардың әрқайсысы жеке тапсырма алды. Мектеп пен медреселерде оқығаны үшін балалар ақы төледі. Шәкірттер аптасына бір рет бейсенбі сайын молдаға ақшалай және заттай ақы төлеп тұрды. Ал оқу аяқталғанда бағалы сыйлықтар беруге тиісті еді.

Бірте-бірте мектептерде ана тілінде ғылыми білім беретін пәндөрді оқытуда жаңа әдістерді қолдану орын ала бастады. Жаңа әдіспен оқытқанмен оларда ескі мектеп, медреселер сияқты діни догмаларды тарататын және ислам дінін нығайту үшін мұсылман миссионерлерін даярлау жолында қызмет ететін мектептер болды.

3-лекция. Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері.

  1. Ежелгі Египет мектебі

  2. Антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп (Греция, Рим)

3. Ежелгі Египет мектебі

  1. Лекция мәтіні: Ежелгі Египет мектебі. Б.з.б. ІІІ мың жылдықта ежелгі Египетте мектептік оқыту пайда болды деген деректер бар.  Египетте діни тәрбие негізінде адамдарды тәрбиеледі, олар  о дүниеге сеніеп, онда “Маат кодексімен” адамның бұл дүниелік өмірін сараптайды деген пікір болды

Ежелгі Египетте мектеп пен тәрбие баланы ересектік әлемге дайындады. Тәрбие мен оқыту отбасында жүзеге асты, онда қыздар мен ұлдар бірге тәрбиеленді. Ұлдарға арналған жеке арнайы мектептер тек ауқатты отбасылар үшін ғана мүмкін болды. Отбасы тәрбиесінде әке беделі жоғары болды.  Ежелгі Египетте адамгершілік тәрбиесі моральдық өсеттерді жаттау арқылы іске асырылды. Оқыту отбасының іс- әрекет түріне байланысты мамандыққа дайындау мақсатын жүзеге асырды. Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды. Сондықтан әке өзінің мамандығына баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.

Білім алу көп еңбекті талап етті. Мектептегі сабақтар таңертеңнен кешке дейін жүргізілді. Тыңдамағандарды қатаң жазалады.

Ежелгі Египетте төмендегідей  мектеп түрлері болды:

1.    Отбасылық мектептер

2.    Храм жанындағы мектептер

3.    Патша сарайы жанындағы мектептер

4.    Жазғыштар, қолөнершілер мектептері

Мектептер патшалар мен ақсүйектер  сарайлары мен храмдарда пайда болып, онда 5 жастан бастап оқытылды. Оқушы алдымен әдемі жазуды, оқуды, кейін іскелік қағаздарын толтыруды үйренуі қажет еді. Жазуды үйрену үшін оқушы 700 иероглифті меңгеруі тиіс.

Ежелгі патшалық кезеңінде (б.з.б. ІІІ мың жылдықта)жазу материал ретінде қыш тақтайшалар, жануар терісі мен сүйектері пайдаланылды. Сонымен қатар бұл кезеңде қағаз (папирустар) пайда болды.

Оқушылар жазуды орамадағы иероглифтерді қайта көшіру арқылы жаттады. Кебір мектептерде математика, география, астрономия, медицина, шет тілдер оқытылды.

Жаңа патшалық дәуірінде (б.з.б. V ғ.) дәрігерлік ме0ктептер пайда болды. Перғауындар мен жоғары шенеуліктердің балалары патшалық мектептерде білім алды. Бұл мектептерде  ежелгі жазуларды, түсініктерді сол кезеңнің тіліне аударуға ерекше көңіл бөлді.

         Ежелгі Грециялық педагогикалық ойлар мен мектептер тарихы

Б.з.б. ІІІ- ІІ мың жылдықта Крит және Эгей теңізінің басқа да аралдары мен материктік Грецияда ерекше жазуы бар өзіндік мәдениет қалыптасты. Бұл жазу пиктографиядан және сына жазуынан буындық жазуға дейін эволюциялы дамуды басынан кешірді. Бұл жазуды абыздар, патша сарайының тұрғындары, ауқатты қала тұрғындары қолданды. Жазғыштарды оқыту орталығы сарайлар мен храмдар болды. Крит Микендік мәдениетта жазудың белгілі бір негізі қаланып, юасқа өркениеттер үші баға жетпес мұраға айналды.

Тәрбие мен оқытудың дамуының келесі кезеңі- б.зб. ІХ- VІІІ ғғ. архайкалық кезең. Бұл кезңнің тәрбиесі туралы мәліметтерді Гомердің «Илиада»  және « Одессей» дастандары береді. Гомердің кейіпкерлері қарттардың үлгі өнегесін көріп өскен, Жазу жаз алған, музыкадан хабарлар болған, дене даму мықты, әскери өнерді шебер меңгерген адамдар ретінде сипатталады.

Архаикалық кезеңнің тәрбиесі туралы мәлімет беретін келесі еңбек- Гесиодтың «Еңбекте және күндер» дастаны. Дастанда тәрбенің идеалды мақсаты адамның еңбек сүйгіштік сезімі, еңбекқорлық қасиеті көрсетілген.

Б.з.б. VІ- ІV ғғ. Грецияда тәрбиенің дамуына қала- полистердің (мемлекеттер) пайда болуы әсер етті. Бұл кезеңде тәрбие қоғамда ерекше орынға ие болды. Мемлекет халықтың тәрбиесіне көңіл бөле бастады. Білімді болу мемлекетте жоғары бағаланды. Білім беретін арнайы мектептер ашылып, онда 20- 25 оқушы және 1 мұғалім жұмыс істеді. Сабақтар түскі үзіліспен күні бойы жүргізілді. Оқыту демалыссыз жыл бойы жүріп, тек мемлекттік меркелер мен отбасылық мейрамдарда ғана демалыс берілді. Мектептегі мұғалім жалақысы орта қолөнершінің табысы көлеміндей ғана болды. Кітаптар өте аз болғандықтан, білім ауызша берілді.

Бастауыш  білім 6- 8 жыл, шамамен 14 жасқа дейін созылып, оқу, жазу, ән салуға үйретті.  Санау жаттығулары үшін шақпақ тақтайша- абака қолданылды. Абаканың көмегмен 4 арифметикалық амал үйретілді. Грекия полистерінің арасынан Афины және Спарта полистерін бөліп көрсетуге болады. Бұл полистерде өзіндік білім беру жүйеі мен тәрбие қалыптасты. Олар тәрбие ісінің дамуына үлес қосты.

Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушыларды төмендегідей атады:

Пайданомдар- балалардың алғашқы  тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.

Педагогтар-  баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.

Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.

Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер: Мусикалық мектептер  және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7- 16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12- 16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби жіне музыкалық білім берілді .Негізгі оқулық Гомердің «Одессей» мен «Илиада» дастандары болды. Сонымен бірге математиканың бастаулар беріліп, 4 арифметикалық амалдарды игеру міндетті болды.

Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды.

Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимнасияға  өтті. Б.з.б.V- ІV афиныда 3 гимнасия жұмыс істеді- Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16- 18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.

Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі – эфебия болды. Онда 18- 20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушылар әскери іске үйретті.

 Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.

Пифагор- (VІ ғ.) – ежелгі грек ойшылы. Пифогор өзіндік ерекшелігі бар адагершілік тәләм тәртіп ережелерінің жиынтығын қалтырды.Ол ережелердің мәнін түсіну үшін белгілі бір ойлау қадает еді. Себебі ережелер нені жасау керек, нені жасамау керектігін ашық айтпай, оны астарлап жеткізді. Мысалы, «Көшеде жүрме» деген ойы жұртшылықтың пікіріне еріп кетпе, ойлан дегенді білдірді. Пифогордың тәрбие және оқытужүйесі арнайы ойластырылған, ұйымдастырылған жүйе болды. Сабақ таңертеңгілік серуеннен басталып,  храмда оқыту, білім беру және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру ісі жүргізілді. Түстен кейін бірлескен оқу жүргізілп, ол талданды.

Ежелгі Грецияның алғашқы философтарының бірі- Гераклит      (б.з.б 520- 460 жж.). Гераклиттің педагогикалық идеялары адамгершілікті меңгерті адамның қасиеті ретінде жүргізілуі тиіс, сана мен сезім танымның құралы, сана ақиқаттың ең негізгі өлшемі ретінде тек фактілермен қатар мәнді де танып білуі шарт болды.

  Тәрбие туралы өз ойларын білдіргендердің бірі- Демокрит (б.з.б. 460-370жж.).  Ежелгі грек философы, материалист. Математика, физиология, медицина, музыка теориясы, поэзия және т.б. зерттеді. Диоген Лаэртскийдің айтуынша ол 70 жуық шығарма жазған. Ол барлық заттар атомнан тұрады деген ілімнің авторы. Ол дүние танымның негізігі қайнар көзі- сезім, түйсік деп есептелгенімен, ақыл- ойды сезімнен жоғары қояды. Адамгершіліктің өзі ақылда нтуындайды дейді. Жеке адамның дамуы ақылдан басталады деген тұжырым жасайды. Этиканы ғылым саласы деп тұңғыш бөліп көрсеткен Демокрит. Ол қоғамдағы әлеуметтік қайшылық адамдардың дөрекі мінезіне туындайды деп көрсетеді. Педагогикада мінез- құлық мәдениетінңі негізін қалайды. Ойшыл ежелгі грек софистер мектебінің жұмысын жандандыруға көп үлес қосты. Олар тәрбие полистің саяси белсенді азаматтарын тәрбиелеуге көңіл бөлді. Білім беру бағдарламасының кеңеуіне ықпал етті, грамматика, диалектика, пікір талас өнеріне қоса, арифметика, геометрия, астрономия, музыка пәндерін қосып, осылайша «жеті өнердің» негізін қалады. «Жеті өнерді» тривиум, квадривиумға бөлді.

 Софистік философияның ірі өкілі- Сократ (б.з.б. 470/ 469- 399 жж.). Ол әңгімелесу арқылы ақиқатқа жетудің жолын ашып, диалектиканың негізін салушы ғұламалардың бірі болды. Сократ ұғымды философияның зерттеу пәні ете отырып, грек философиясының дамуына үлес қосты. Ол этикада рахымшылдық, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейрімді бола алады,  ақиқат- шындық таза болмыс адам ақылының алғышарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Сократ адам табиғатына мейрімді болады деген ілімнің негізін салушылардың бірі. Сократ өз идеяларын кез келген ортада баяндап кең таратты. Ол тіпті көшеде, Ликей аллеяларында да өз уағыздарны халыққа таратты. Сократ жетелеуші сұрақтар арқылы ақтқатқа жетудің әдісін ашқан ойшыл. Оны сократтық әдәс деп те атайды. Сократтың педагогикалық ойларының негізгі түйіні- кез келген өмірлік мақсаттарға жету жолы  адамгершіліктік өзін- өзі жетілдіру болды. Сократ ғылымда ақиқатты талмай іздеген терең ойшыл ретінде тарихта қалды.

 Антика дәуірінің  педагогикалық ойларын дамытуға үлес қосқандар қатарынан  Плотонды  (б.з.б 427- 347 жж.)ерекше атауға болады.  Ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті. Афиныда өз мектебі Платон акдемиясының негізін қалаушы. Ол бүкіл халықтық тәрбиені жақтады. Мектепке дейінгі тәрбиенің қоғам тарапынан болуын жақтады. Ол Афинылық және Спарталық тәрбиені үйлестіре жүргізуді мақсат етті. Мектепке дейінгі тәрбиеде ойынның ролін жоғары бағалай отырып, әңгіме әдісі балаларға ұғынықты, түсінікті формада жеткізілуіне мән берді. Плотон акдемиясы мектеп өкілдерінің ішінен сайланған схоларх басқаратын музаны қадір тұтатын философиялық қоғам ретінде қалыптасыты. Плотонның педагогикалық көзқарастары оның «Диолог», «Мемлекет», «Заңдар» трактаттарында көрініс тапқан. Ол Тәрбие адам өмірінде негізі орында алады деп жоғары бағалады. Ойшыл жан- жақты тәрбиеге баса назар аударады.

Плотонның көзқарастарын дамытушы әлемнің бірінші ұстазы- Аристотель ( б.з.б. 384- 322 жж.). Ежелгі грек философы және ғалым , көптеген ғылымдардың ,соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. Аристотельдің еңбегінің жалпы сан кейбір деркетер бойынша 400 ден асады деп көрсетілсе, басқа деректерде 1000 жуық деп көрсетеді. Негізгі еңбектері «Метафизика», «Жан туралы», «Аналитика». Ол Афиныда Ликей мектебінің негізін қалаушы. Оның ойынша этикалық идеялар қоғамда іске асады. Ол адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп анықтады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесі өзара байланыста болуы тиіс деді. Адамның туғаннан мүмкіндігі болады, оны дамыту тәрбие арқылы жүзеге асады деген дұрыс тұжырым жасады. Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие туралы құнды пікірлер айтты.

Аристотель тұңғыш рет әдебиетті, геометрияны, музыканы оқыту қажеттілігін дәлелдеп берген ғалым. Ол тәрбиеде баланың жас ерекшеліктерін ескеру туралы алғаш пікір айтты. Ол граматикалық мектептерді дамытуды жақтап, грек тілі мен риториканы, әдебиет пен тарихтан білім бере отырып, шешендікке үйретуді 1 кезекке қойды. Аристотельтдің ағартушылық идеялары кейінгі педагогика ғылымының дамуына ерен үлес қосты.

 Ежелгі Римдегі педагогикалық ойлар, тәрбие және мектеп тарихы

Ежелгі Римде педагогикалық идеялар философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты. Римнің алғашқы ағартушыларының бірі- Үлкен   Катон (б.з.б. 234- 149 жж.).  Ол римдік риторика канондарын жазуда грециялық ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Ол Римнің отбасылық тәрбиесін дамытуға еркеше көңіл бөлді. Ол баланың жанында дөрекі сөздерді қолдануға болмайды. Балаға тек жақсы қырлармен көріну керек деді. Ол өз баласының тәрбиесінде педагог құлдардың іс әрекетіне жүгінуден бас тартты. Себебі олар балаға соншалықты маңызды тәрбие көрсете алмайды деді.         

Рим және грек тәрбие дәстүрлері ойшыл және саясаткер Цицеронның ( б.з.б. 106- 43 жж.)еңбектерінде де көрінііс тапқан.  Грек философиялық дәстүрлерінің ықпалымен Цицерон адамның өмірін күрделі өзгермелі жағдайлар жүйесі деп қарады. Адамға сараңдық, қызба қандылық  сияқтылар зиянын тигізеді деді. Адамға жақсы әсер ететін оның дамуына ықпал ететін- ол сана және благоразумие сезімі деп көрсетті. Оларды дамытуға отбасы жағдай жасайды деген тұжырым жасады.

Рим философиясы мен педагогикалық ойлар І- ІІ ғғ. өз дамуының шарықтау шегіне жетті.

Бұл кезеңнің өкілдернің бірі- Сенека ( б.з.б. 4- б.з. 65 жж.). Ол мектеп жүйесіндегі «формализмді» сынап, ол жанды емес, ақылды ғана дамытады деді. Ол білімберу алдымен дербес жеке тұлғаны тәрбиелеуі керек. Сенеканың «Мораль тақырыбындағы хаттары», «Луцилиюға арналған адамгершілік хаттары»  еңбетерінде    адамгершілік тәрбиесі мәселелері қарастырылады. Ол «Лишь одно делает душу совершенной: незыблемое знание добра и зла» дей отыра, тәрбиеші өмірлік мысалдар келтіре отыра, әңгімеге баланы тарту арқылы адамгершілік тәрбиесін жүргізуге болады деген.

Бұл езеңнің ірі ойшылдарының бірі- Плутарх (45- 127 жж.). Ол отбасындағы тәрбие мен оқыту мәселелерін тәрбиенің негізгі мәселесі деп айтқан. Ол бала тәрбиесінде ұрып- соғу сияқты әдістерді қолдануа қарсы шыққан. Ол баланы қасиетті деп есептеген. Плутарх «Тәрбие туралы» еңбегінде  тәрбие туралы соны пікірлерін жазады. Ойшыл римдік қоғам көлеміндегі жан- жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеуге көңіл бөледі.

Рим философиясы мен педагогикалық ойлардың көрнекті өкілі- Квинтилиан (35- 96 жж). Ол адвокат және және шешен. Оның педагогикалық көзқарастарының дамуына Грекилық ойшылдардың еңбектері әсер етті. Квинтилианның негізгі еңбегі- «Шешендік білім беру».

Рим ойшылы адам болмысы жағымды негіздерден құралады деген пікірді жақтады. Дұрыс  педагогикалық нәтижеге жету үшін адамның табиғи мейрімділігі мен тәрбие процесін біріктіру керек деген тұжырым жасады. Квинтилиан жалпыға арналған білімберуді жақтады.

Сонымен, Ежелгі Греция және Рим мелекеттеріндегі пайда болған алғашқы мектептер мен педагогикалық ойлар білім мен ғылымның  дамуына алғышарт болды. Антикалық замандағы идялар мен тәрбие туралы ойлар Шығыс елдері мен Батыс Еуропада педагогиканың дамуының қайнар бастаулары болды.

4-лекция. Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Жоспар:

 1. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы

 2. Ежелгі Үндістандағы мектеп мен тәрбие.

3. Ежелгі Египет мектебі

Лекция мәтіні: Ежелгі Шығыс адамзат баласының өркениеті мен мәдениетінің бесік бастауы болып табылады. Алғаш рет Шығыс елдерінде тәрбие, білім беру мәселелері көтеріліп, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Ежелгі Шығыс елдері Қытай, Үндістан, Египет, Ассирия, Вавилонда ең алғашқы мектептер ашылып, тәрбие ісі ұйымдасқан түрде жүргізіле бастады.

 

 1. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Ежелгі Қытай елінің педагогикалық дәстүрлерінің негізінде  отбасылық- қоғамдық тәрбие жатыр. Кез келген отбасының өмірі сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер негізінде өтеді. Кжелгі Қытай отбасында белгілі бір этикалық нормалар сақталды. Қытай қоғамында  жер бетіндегі адамгершілікті бақылап отыратын құдай бар деп есептелді.

Тәрбиелік  қатынастарының негізінде отбасының  кіші мүшелерінің үлкендерді сыйлауы, құрметтеуі жатты. 

Ежелгі Қытайда адам тәрбиесі туралы алғашқы ойларды Конфуций, Мэнцзы, Сюнцзы еңбектерінен көруге болады.

Конфуций (551-479жж.)-  ежелгі заманда 3000 жуық оқушыдан тұратын мектеп ашты. Қазіргі уақытта Конфуций ғылым мен білімнің қорғаушысы ретінде құрметтеледі. Конфуций мектебінің оқыту  әдістемесі оқушымен диалогтық қарым- қатынасқа құрылып, сабақта фактілер мен құбылыстарды талдау, салыстыру, образдарға еліктеу әдістері қолданылды.   Конфуций “Әңгімелесу мен ой-пікірлер”(Лунь юй), “Дәстүрлер кітабы” трактаттарының авторы. Конфуцийдің тәрбиелік иделерының негізінде жалпы философиялық және әлеуметтік көзқарастар жатыр. Ол дұрыс тәрбие дегеніміз адам болмысының адамгершілік жетілуі деп көрсетті. Қоғамның тұрақтылығын тәрбие анықтайды деген дұрыс тұжырым жасады. Ол тәрбиеде қоғамның және табиғаттың ролін анықтауға тырысты. Адам табиғаты дұрыс тәрбие барысында идеалды адам тәрбиелудің материалы болады деді. Жан- жақты тәрбиеленген адам Конфуцийдің ойынша төмендегідей қасиеттерге ие болуы керек: адамгершілік, ақиқатқа деген ұмтылыс, әділеттілік, бай рухани мәдениет иегері және т.б. Конфуций Қытай мәдениеті мен білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосты.

Ежелгі Қытай ойшылдарының бірі-  Мэнцзы (Мэн Кэ) (372- 289 жж.). Ол  тәрбие жоғары адамгершілікті адамды қалыптастыруы керек деп, шәкірт тәрбиелу үшін мектеп ашқан адамдардың бірі.

Сюнцзы (Сюань Куан) (298- 238 жж.) ол адам тумасынан қатал болады, тәрбие жағымсыз сапаларды түзетумен айналысады деді. Ол мектеп ашып болашақ Қытай азаматтарын тәрбиелумен айналысты.

Б.з.б. ІІ ғ.- б.з. ІІ ғ. ежелгі Қытайда конфуцийлік ілім ресми идеологияға айналып, білім беру мен тәрбие процесінің дамуына үлкен ықпал жасады. Бұл кезеңде қоғамда оқыған адам беделі жоғарылап, кәсіп бабында өсуге жол ашты.

Қытайда алғашқы мектептер- б.з.б 3 мыңжылдықта пайда болды. Мектептер сян және сюй деп аталды. Сян мектебі соғыс өнеріне үйретті. Сюй мектебі- «алты өнерді» үйретті- яғни мораль, жазу, санау, музыка, садақ ату, ат баптау. Чжоу кезеңінде (б.з.б. ХІ- ІІІ ғғ.) Госюэ- жоғары шенеуліктер мектебі, Сансюэ- орта шенуліктер мектебі жұмыс істеп,  иероглифтерді жазуға үйретті.

Ежелгі Қытай адамзат баласының дамуына, білім беру саласының дамуына ықпал еткен өркениеттердің бірі. Қытайда алғаш рет  философиялық ойлардың дамуы барысында тәрбие мен оқыту мәселесінің теоретикалық мәнін ашуға қадам жасалды.

 2. Ежелгі Үндістандағы мектеп мен тәрбие.Ежелгі Үндістан тарихын екіге бөліп қаруға болады: дравиттік- арийлік және буддистік кезең.

Дравиттік кезеңде тәрбие мен оқыту отбасылық – сословиелік сипатта болды, тәрбиеде отбасы негізгі роль атқарды.

Үндістанда мектептік білім беру б.з.б. ІІІ- ІІ мың жылдықта Харапп мәдениеті тұсында пайда болды.  Бұл кезеңнің мәдениеті туралы тарихи деректер аз сақталған. Тек бірнеше жүздеген мөрлер, қыш сия сауыттар ғана сақталған. Б.з.б. ІІ- І мыңжылдықта Үндістан территориясын арий тайпалары жаулап алды. Олар жергілікті халықпен араласып, елде соның нәтижесінде касталық жүйе пайда болды. Касталық жүйе Үндістанның тәрбие мен оқыту жүйесіне өзіндік ықпал етті.

Тәрбие мен оқытудың пайда болуына  діни иделогия- брахманизм (индуизм), буддизм әсер етті.

Дравиттік- арийлік кезеңде әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл- ой, дене қасиеттерін дамытуы керек деген тәрбие идеясы кең тарады. Жоғары касталық топ- брахмандарда жоғары интеллектуалдық тәрбие, кшатрийлерде әскери тәрбие, вайшийлерде- еңбек және шыдымдылық тәрбиесі жүргізілсе, шудралар бағыныштылыққа үйретілді.

Тәрбиенің идеалды мақсаты- әрбір адам бақытты болу үшін жаратылған деген мақсат болды .Ақыл- ой, рухани тәрбие, дене тәрбие, табиғатқа, әсемділікке деген сүйіспеншілік, яғни эстеикалық тәрбие жүзеге асырылды.

Тәрбиелік ойлар «Бхагавата- пурана», «Махабхарата» дастанында көрініс тапты.

 Ежелгі Үндістанда төмендегідей  педагогикалық ойлар болды: 

Бхагавата пурана” аңызы- идеалды тәрбие туралы баяндайды.

Махабхарата” дастанында- жан- жақты дамыған адам үлгісі  беріледі. 

Будда немесе Сидхарта Гаутама- (623- 544жж)- будда дінінің негізін қалаушы.  Ол тәрбиенің негізгі мақсаты- адам жанын өзін- өзі тану, өзін- өзі жетілдіру арқылы тәрбиелеу деп көрсетеді.

Б.з.б. І мың жылдықта жазылған қасиетті және оқу кітабы болған – «Бхагавадита» кітабы.  Кітапта тәрбие мен оқытуды іске асыру жолдары мен мазмұны баяндалы. Оқытушы бейнесінде қасетті Кришна, ал оқушы ролінде патша ұлы Арджуна бейнеленген.  Білім алу мұғалімнің баяндауынан, түсіндіруден тұрып, талдау, ұғымдардың мәнін ашу, нақты мысалдар келтіру арқылы жүзеге асты.

Б.з.б. І мың жылдықтың ортасында Үндістанда отбасылық- қоғамдық тәрбиенің белгілі бір дәстүрі қалыптасты. Тәрбиенің алғашқы кезеңі отбасы тәрбиесінде жүйелі оқөыту жүргізілмеді. Жоғары үш каста үшін оқыту ерекше рәсім- ересектік пен оқытушылыққа посвещение- упаянама рәсімінен кейін басталды. Бұл рәсімнен өтпеген балалар қоғамынан аластатылды, әйел алу құқығы мен білім алуға рұқсат етілмеді.

Упаянама тәртібі мен оқыту мазмұны үш каста үшін әр түрлі болды. Брахмандар үшін рәсім 8 жасында , ал кшатрийлер үшін 11 жаста, вайшийлер ұшін 12 жасында жүргізілді. Брахмандар толық бағдарлама бойынша оқыса, вайшийлер кәсібилендірілген бағдарлама бойынша әскери өнерге үйретілді, ал вайшийлер ауыл шаруашылығы мен қолөнер оқытылды. Оқу ұзақтығы 8 жыл болды, ерекше жағдайларда 4 жылға созылды.

Қарапайым оқу бағдарламасы ведаларды қайталап беру, жазу мен оқуды үйренуден тұрды. Жоғарлатылған бағдарлама бойынша поэзия және әдебиет, граммаика және философия, математика, астрономия  пәндері оқылды. Үндістанда алғаш рет  сан таңбалары пайда болды, ол матемаиканың дамуына  әсер етті.

Оқыту мұғалім үйінде отбасылық қарым- қатынас негізінде жүзеге асты: оқушы мұғалім жанұясының мүшесі болып есептеліп, білім алумен қатар адамгершілік қасиеттерді де игерді. Сабаққа арнайы арналған бөлмелер болмады. Кейінірек отбасылық мектептер пайда болып, ересек ер адамдар жастарды оқытты. Оқыту білімді ауызша баяндау арқылы жүзеге асып, оқушылар тыңдап, жаттап, мәтіндерді талдады.

Сонымен, Үндістанда  төмендегідей мектептер болды:

 Касталық мектептерде жоғары 3 каста адамдары оқыды.

 Ведалық мектептерде  діни тәрбие жүргізілді.

Орман мектептері – қала мақындағы мектептері.

6-лекция Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлері

Лекция жоспары:

  1. Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар.

  2. Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.

  3. Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемлерінің жаңа типтері.

  4. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары.

  5. К.А.Гельвецийдің педагогикалық мұрасы.

3. Лекция мақсаты: Студенттерге батыс Еуропа елдеріндегі жаңа дәуірдің басындағы ойлар мен француз революциясының педагогикалық идеялары, Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы, Дж.Локк және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарастары, К.А.Гельвецийдің педагогикалық мұрасы туралы түсінік беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]