Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кешен педагогика+.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Оқу барысындағы диагностика жəне бақылау – қадағалау

1. Оқу сапасын диагностикалау 2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері 3. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау 4. Бағалаудағы қателіктер

5. Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар

1. Оқу сапасын диагностикалау Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау. “Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі. Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады. Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері Оқу процесіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен. Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады. Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы оқушылардың əр сабаққа мұқият əрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады. Мерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі. Тақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі. Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды. Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады.

Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді. Қадағалау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді. Қадағалау барысында əрқилы əдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау əдістері дегеніміз – бұл оқушылардың оқу танымдық іс - əрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға жəрдемші жол, тəсілдер. Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тəжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау жəне өзіндік қадағалаулар қолданылуда. Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді. Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді. Тəжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс жəне өндірістік ептілік, дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланылады. Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру мен бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу нəтижелерін статистикалық талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы мұғалім субьективизміне машын шек қояды. Машынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де өткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет. Əртүрлі қадағалау əдістерінің бірге қолданылуы аралас (тығыздалған) қадағалау деп аталады. Əдетте, мұндай тексеру ауызша жəне жазба сауалнамалар беру түрінде өтеді. Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады: – қадағалаудың даралықты сипаты. Əр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-əрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шəкірттің оқуындағы нəтижелерді ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды; – жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп тұруы; – қадағалау формаларының əртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-үйрету, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі; – қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін, ақыл-ой парасаттылығын, тəжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді; – қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив жəне қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс; – жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс; – мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы. Соңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің негізгі құралы – тест тапсырмалары. Өлшестіру, анықтау нысаны тұрғысынан педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік – психологиялық, мəдени – эстетикалық таным тестері ажыралады.

  1. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау Оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын қадағалау нəтижесі сол жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау. Бағалау қызметтерінің сандық көрсеткіші – баға, яғни баға оқушылардың білім, ептілік, дағдылар дəрежесінің шартты сан не ұпаймен белгіленуі. Оқу нəтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, мақтау парағы не медальдармен мадақтау жəне т. б. Білім бағалауда шынайылылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың өте нəзік құралы. Көтеріңкі баға шəкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге оның жұмысқа болған немқұрайлылығын да пайда етеді. Əсіресе, болымсыз бағаның əсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан бас тартуға ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары бағалау, баға қою мəселесі үлкен пікір талас туғызып отыр. Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына қарамастан өткізуді ұсынуда. Осыған байланысты еліміздегі бағалау проблемасының əр кезеңдегі жайы өз алдына қызықты. 1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. Оқу нəтижесін балл бойынша бағалау əрқилы көзқарастар туындатты. 1917 жылдан соң тіпті оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды. Кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс-əрекеттері шəкірттің қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық сипатына негізделуі тиіс болды. Дəстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жəрдемімен тəртіпке шақыру əдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тəртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тəжірибесінен мүлде шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куəліктер беру оқушылар білімі жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды. Емтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту – қай-қайсы да жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке-дара тексеру де орынсыз деп табылды. Өте қажетті жағдайларда жалпылама сынақтау сипатындағы ауызша сұрақтар мен жазба жұмыстарды ғана өткізуге рұқсат берілетін болды. Оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша мерзімді əңгіме-сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндарын тыңдау ұсынылды. Оқушылардың жеке таңдауымен өз бетінше орындаған жұмыстары дəріптелді. Дəстүрлі қадағалау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Өзіндік бағалауда тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды. Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі оқушылардың біршамасында дербес, өз бетінше оқу қабілеттерін дамытты. Дегенмен, мұндай оқу көпшілік жағдайларда оқушылар білімінің, тəртібінің құлдырауына алып келді. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да, алғашқыда қадағалаудың əрқилы формалары біртіндеп енгізіліп, ал 1932 жылдан жеке оқушының білімі оның даралықты ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде орындалатын болды. 1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте жаман” – енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тəртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Реттелген тəртіпте білім есебін жүйелі жүргізу өзін ақтады, оқушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан көтерілуіне ұнамды себін тигізді. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижесін балл жүйесінде бағалау көптеген кемшіліктеріне қарамастан өз баламасын таппай отыр. Дегенмен, педагог ғалымдардың көбі сауаттылық дəрежесін бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дəйегі: – білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (“1”, “2” бағалары білімсіздік көрсеткіштері). – білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (“5”, “4”, “3” бағалары гимназиялық сыныптарға да, дарынды оқушылар топтарында да, ақыл-есі кем балалар оқуында да бірдей тең қойылады. Ал аталған оқу түрлеріндегі білім игеру нəтижесіне қойылған талаптар əрқилы болатындықтан бағалардың мəні біркелкілігін жояды). – оқушылар білімін бағалауда үш балдық өлшем жеткіліксіз (сондықтан да оқытушылар қосымша өлшемдер қолданып жүр: балл жанына “плюс” не “минус” белгілерін қояды). Ғалымдар он балдық, он екі балдық тіпті жүз балдық та бағалау жүйелерін ұсынуда. 4. Бағалаудағы қателіктер Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қателіктері төмендегідей: – кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы - “проценттікке” жүгіну (процентомания). – оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу; – көңіл-күйге орай баға қоя салу; – тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы); – орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау); – жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу); – өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты); – əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі); – баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне ауыстырылады; – бағаны əсіре көтеру не себепсіз төмендету жəне т. б. Дегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көрсетіп, алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін. Сондықтан бағалаудағы субъектив ойдың бəрін бірдей қателікті деп қарастыру дұрыстыққа келмейді

Оқу сапасын диагностикалау қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері

 Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.

“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.

Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.

Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.

Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.

Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында

қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

Оқу процесіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен.

Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.

Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.

Бұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы оқушылардың əр сабаққа мұқият əрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.

Мерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.

Тақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.

Қорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.

Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді.

Қадағалау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді.

Қадағалау барысында əрқилы əдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау əдістері дегеніміз – бұл оқушылардың оқу танымдық іс - əрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға жəрдемші жол, тəсілдер.

Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тəжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау жəне өзіндік қадағалаулар қолданылуда.

Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді.

Тəжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс жəне өндірістік ептілік, дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланылады.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру мен бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу нəтижелерін статистикалық талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы мұғалім субьективизміне машын шек қояды.

Машынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де өткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет.

Əртүрлі қадағалау əдістерінің бірге қолданылуы аралас (тығыздалған) қадағалау деп аталады. Əдетте, мұндай тексеру ауызша жəне жазба сауалнамалар беру түрінде өтеді.

Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады:

– қадағалаудың даралықты сипаты. Əр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-əрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шəкірттің оқуындағы

нəтижелерді ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;

– жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп тұруы;

– қадағалау формаларының əртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-үйрету, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;

– қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін, ақыл-ой парасаттылығын, тəжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді;

– қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив жəне қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;

– жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс;

– мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.

Соңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің негізгі құралы – тест тапсырмалары. Өлшестіру, анықтау нысаны тұрғысынан педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік – психологиялық, мəдени – эстетикалық таным тестері ажыралады.

Педагогикалық процесс диагностикасындағы педагогикалық ақпараттар

1.Мектеп жұмысын диагностикалаудың негізгі көрсеткіштері.

2. Педагогикалық диагностикаға негіз болатын ақпараттар

Ұстаз еңбегі мұғалімнің әдістемелік даярлығының үнемі жетіліп отыруын талап етеді. Қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы туралы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Сондықтан, педагогикалық процестің өту барысы, кезеңдер нәтижелері және қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімнің мектептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажет.

«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып-білуді білдіреді. Педагогикалық диагностика соңғы кездерде іс-әрекет нысаны және мұғалімнің басқару ұстанымын қарастырып келеді. Мұғалімнің іс-әрекет нысаны – педагогикалық процесс болса, мұғалімнің іс-әрекет нәтижелілігі оның біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншалықты білетіндігіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты.

Сонымен, педагогикалық диагностика – сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайының себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы» жүйесі мүмкіндіктерін айқындау. (В.К.Омарова)

Мектеп жұмысын диагностикалаудың негізгі көрсеткіштері.

Мектеп жұмысының дамуын келесі көрсеткіштер негізінде анықтайды:

- Мектептің инновациялық әрекеті: білім берудің мазмұнын жаңарту (жаңартылған негізгі және қосымша компонентерді білу), жұмыстың әдістері мен формаларын жаңарту (танымдық әрекетті ұйымдастырудың дара және топтық түрлерінің басымдылығының болуы, бағдарламаларды еңгерудің рефлексивті әдістемелері).

- Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдері: өзін-өзі басқару, оқыту мен тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналардың ынтымақтастығы; мұғалім мен оқушының әрекетін бірлесіп жоспарлау және ұйымдастыру; БПП-ға қатысушылардың мотивациясының жоғары болуы; оқушыларда білім беру мазмұнын, профильді, білім алу формаларын таңдауға құқықтың болуы.

- Оқу-тәрбие процесінің тиімділігі, алынған нәтижелердің жоспарланғанмен сәйкестігі: оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігінің жоғары деңгейі (75%-дан жоғары) (ғылымның белгілі бір саласынан білімдар болуы, оқуға, еңбекке, табиғатқа, қоғамдық нормалар мен заңға, әдемілікке және өзіне деген қатынасы).

Педагогикалық диагностика педагогикалық ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Педагогикалық ақпараттың өзге ақпараттан ерекшеліктері төмендегідей:

- ақпарат ұзақ мерзімді (жылдық, жарты жылдық, тоқсандық) перспективтік жоспарлаудың негізін құруы тиіс;

- ақпарат мұғалімге жекеленген оқушылармен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізудің міндеттерін реттеуге мүмкіндік тудыруы қажет;

- ақпарат оқушылармен жүргізілетін жұмыс мазмұнын сұрыптаудың негізін салуға лайық болуы керек;

- Ақпарат мұғалімді іс-әрекеттің қандай түрін оқушылармен ұйымдастыру керектігіне және ол іс-әрекет оқушыларды неге үйрететіндігін түсінуге жетелеуі тиіс;

- ақпарат әр мектеп оқушысын нақты іс-әрекетке үйретуге, нақтылауға үйретуі керек.

Мұғалімге ақпараттың үш түрі аса қажет:

1. Бастапқы ақпарат – ол оқушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзімде (1-3 жыл, одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.

2. Тактикалық ақпарат – ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекеленген шаралар жүргізу) дұрыс құрастыруға көмектеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі педагогикалық процестің кейбір мәселелерін нәтижелі шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

3. Жедел (ағымдық) ақпарат – ол алдыңғы екі ақпаратты толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ол қысқа мерзім бөлігінде толығып отырады. Дегенмен оның мәні тез жойылады.

Сонымен педагогикалық ақпарат – нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді, әрі керекті, педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.

Педагогикалық диагностикаға негіз болатын ақпарат сипаты төмендегідей бөліктерден тұрады:

1. Оқушылар үлгерімі:

- оқушылар үлгерімінің жалпы пайызы;

- үлгерім сапасының пайызы;

- орта тоқсандық балл;

- оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы;

- оқушының сынып ұжымындағы мәртебесі.

2. Оқушылар ұжымының қалыптасқандығы:

- сыныптағы сайланған және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы;

- «жекеленген» балалар пайызы, теріс тәрбие алған балалар пайызы;

- қоғамдық міндеттерін орындайтын оқушылар пайызы.

Бұл сипаттама бойынша сынып ұжымы ішіндегі тұлғааралық қатынастар, белсенділірдің мәртебесі туралы мағлұмат алуға жол ашады.

3. Оқушылардың қоғамдық белсенділігі:

- қоғамдық міндеті бар оқушылар пайызы, өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы,

- міндетті орындауда есеп беретін оқушылар пайызы;

- міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік т.б.)

- есеп беру түрі және қоғамдық міндеттердің орындалуы туралы есепті кім қабылдайтындығы. (Мұғалім, сынып жетекшісі, сынып белсенділері).

4. Оқушылар отбасының әлеуметтік-психологиялық портреті:

- отбасы құрамы;

- ата-аналардың мамандығы, әлеуметтік жағдайы, қызығушылықтары;

- толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы;

- сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы;

- өз бастамасымен мектепке келіп тұратын ата-аналар пайызы.

5. Педагогикалық ұжым жағдайы:

- мұғалімдердің өз әрекетін және басқару ісінің объектісін осы заманға сай ұға білуі;

- педагогикалық процесті басқарудағы мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі;

- оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу;

- оқушы отбасымен жұмыс істеуге дайындық;

- дарындылармен және тәрбиесі нашар балалармен жұмыс істеуге дайындық;

- мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы.

Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары бойынша шынайы диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін, оқушы іс-әрекетінің нәтижесін зерттеуді, сауалнаманы, сабақты, оқу мен оқудан тыс әрекеттің басқа да түрлерін талдау мен өз бетінше талдауды, бақылау, әңгімелесу, диагностикалық карталар толтыру, тест т.б. кешенді түрде пайдалану қажет.

Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруда мезгілінде түзету енгізу, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады

26-лекция. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіру

   Жоспар:

1.     Таным  процесі туралы  түсінік

2.     Танымдық белсенділіктің компоненттері

3.     Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы жаңашылдық

4.      

Негізгі ұғымдар: іс - әрекет, танымдық белсенділік, қызығушылық, ойлау,түйсік

 

        Таным  процесі туралы түсінік. Таным процесі дегеніміз -  адамның жан дүниесіндегі  психологиялық сезінуі, қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар арқылы дамып отырады. Түйсік қарапайым таным процесі болып саналады. Материалды дүниенің, болмыстың жеке қасиетін бейнелейді. Сол сияқты тиісті рецепторларға тікелей емес әрекеттер кезіндегі организмнің сыртқы күйі. Түйсік пайда болу үшін біріншіден, дүниедегі болмыстың сезімдік органдарына әрекеті қажет.  Түйсік себепсіз болмайды. Ол адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады.Сол шындық пен болмыстың мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік – сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі.Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы  - осы түйсік.

Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмсін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдыр екенін т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ, түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктердің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенеі танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атауының алғашқы көзі.. И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиалық-физиологиялық жүйке апаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т.б.) үш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі. Сезім мүшесі сырттан келген тітіркенгіштерді жүйкелік қоздырғыштарға айландырып отыратын жер. Екінші миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті – мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.

Егер осы айтылған анализатордың үш бөлігінің біріне зақым келсе (мәселен көзге  зақым келсе) көру түйсігіне нұқсан келеді.Анализатордың мидағы ядролар тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға қабілетті. Мұны ми қабығының  компенсаторлық функциясы деп атайды.

Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтіп негізгі қозғаушы мотив — оның түрлі қажеттері, яғни бір  нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамак, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттіліктері, қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы орекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы органы, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адампсихологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдардыіздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. өйткені қажеттілік - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылатындығын, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері — іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының кайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, емір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұлоның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.

      Таным процесі қызығудан тұрады. Қызығу — заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен катар, қызығуда бір нәрсені ерекше тандап, соған зейін қойылады.

  Қызығулар да бейімділіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардыңішінде басты біреуі болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақүлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізіп танымдық белсенділігін арттырады.

    Кызығулар өзінің мазмұны мен бағытына карай:  материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық,  спорттық, танымдык,, т. б. болып келеді. Бұлардыңәрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным кызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия т.б.); кәсіштіккызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, (эстетикалық кызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнері т. б.) бөлініп жатады.

Адам объектіге түрлі максат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердіңтартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуга болады. Жанама қызығу — бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мүндайқызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңга басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады.

Жалпы таным процесінің жоғары сатысы – абстрактылы-теориялық ойлау. Ол тек адамға ғана тән қасиет. Абстрактылы теориялық ойлау- танымға негізделіп, танып білген бейнелердің мән – мазмұнын еңбектену процесіндегі іс - әрекеттермен  ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процесінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығын көрсетеді.

    Танымдық белсенділіктің компоненттері. Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптасады.Танымдық белсенділік төмендегідей компоненттермен ерекшеленеді: Тапсырма орындаудағы жауапкершілік пен жоғары саналық; өзіндік белсенді әрекетке ұмтылыс; тапсырманы орындаудағы саналылық; оқытудағы жүйелілік; Таным белсенділігі адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен игеру меңгеру белсенділігі, заттың мәнін,  ғылыми ұғымын терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауап табу әрекеті. Таным негізінде жаңа және зерттелген материалдың арасындағы байланысты анықтау жатыр. Ал ол өз кезегінде оқу материалын одан да тереңірек зерттеп, түсіну болып табылады. Олардың негізінде күрделі ойлау операциялары жатыр: анализ және синтез, салыстыру, классификация және жүйелеу  т.б. Оқушылардың мұндай әрекетін басқару процесі – белсендендіру деп аталады. Белсендендірудің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу – тәрбие процесінің сапасын арттыру болып табылады.      

    Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы жаңашылдық.

Әлемдік педагогика ғылымында оқушылардың танымдық  белсендiлiгiн арттыру мәселесі ХХ ғасырдың екінші жартысында басталғаны белгілі. Бұған Л.С.Выготский, Дж.Дьюи, Ж. Пиаже сынды ғалымдардың білім беру саласындағы жаңа идеялары негіз болған еді. Дж.Дьюи “прогрессивті мектеп” немесе “әрекет мектебі” парадигамасының негізін салушы ретінде білім беру жүйесінің өмірден алшақ жатқандығын атай келе, оқушылардың бар білімдеріне, тәжірибелеріне сүйене отырып оқыту идеясын ұсынды. Оқушылардың толыққанды дамуына мүмкіндік беретін бұл парадигманың негізінде төмендегідей құндылықтар жатыр:

·        әрбір оқушының жеке ерекшелігін дамыту мақсатында балалардың белсенді іс - әрекетін ұйымдастыру;

·        оқушының өз тәжірибесін оқыту мен тәрбиелеуде алғышарт ретінде қарау;

·         “жасау” арқылы оқыту.

Бiлiм берудiң қазiргi заманға сай әдiстемелерi оқушыны  қоғамның аса маңызды қажет-тiлiктерiне жауап беретiн, танымдық іс-әрекеттiң және өзiндiк дамудың субъектiсi ретiнде қалыптасуын  көздейді. Солардың бірі – жобалау  әдісі. Жобалау әдісі оқушының өз бетінше ізденуіне, білімге өзі қол жеткізуіне мүмкіндік туғызады.

Жобалау әдісі оқушылардың өзiн - өзi  бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиiстi түзетулер енгiзуге дайындығы үшiн маңызы өте зор. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен мiндеттерiн анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс та жұмыс iстей алады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кiтапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдiсi оқушыны оқу субъектiсi етiп қана қоймай, оның қазiргi ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлi каналдан келiп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.

СОӨЖ – ның  тақырыбы:  Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың қазіргі тәсілдері

Жоспар:

Танымдық белсенділіктің мәні

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа формалары

 

 Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.     Таным процесіне анықтама беріңіз

2.     Таным процесі қандай компоненттерден тұрады ?

3.     Танымдық белсенділіктің белгілерін атаңыз

4.     Оқушылардың танымдық іс - әрекетін белсендендірудің қандай  тәсілдерін 

білесіз?

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1.     “Таным” ұғымына педагогикалық, психологиялық тұрғыдан сипаттама жазыңыз

2.      Танымдық белсенділік мәселесі бойынша әдебиеттер тізімін жасаңыз

 

Реферат тақырыптары:

 1. Іс-әрекет – оқушы жеке тұлғасының қалыптасуының негiзi.

2. Танымдық іс-әрекет – жеке тұлғаның дамуының құралы.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

4. Танымдық белсенділікті дамытуға ықпал ететін педагогикалық технологиялар

 

Әдебиеттер :

 1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы., 1996.

2. Елікбаев Н. ұлттық психология.      – Алматы., 1992.

3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.  – Алматы., 1993.

4. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. – М., 1996.

5. Подласый И.П. Педагогика. – М., 2003.

6. Педагогика. Абай атын. Қаз.ұлттық Пед.Унив. – А., 2003.

27-лекция. Білім берудегі инновацялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар

Жоспар:

1. “Технология” ұғымына түсінік

2. “Педагогикалық технология” ұғымы

3.  Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері

4.  Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшелігі

5.  Дәстүрлі оқыту технологиялары

 

 Негізгі ұғымдар: технология, инновация, педагогикалық технология, модульдік оқыту, дамыта оқыту, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту.

        

Технология ұғымына түсінік. Бүгінгі педагогика ғылымында “технология” ұғымы кең таралған ұғымдардың бірі. “Технология” сөзі гректің “техне” - өнер, шеберлік және “логос” – ғылым  деген сөздерінен құралып, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде және  түсіндірме сөздікте: “Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы”- немесе “Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс – тәсілдері туралы білімдер жиынтығы” деген анықтамалар  берілген. Бұл жерде технология ұғымы өндіріспен тығыз байланыста қаралған. өндірісте объект пен оны жүзеге асырушы жақтың арасында үздіксіз байланыс бар. Мәселен, өнім сапасына деген алғашқы талаптар; шикізат; шикізат сапасын бақылау; аралық өнім; аралық өнім сапасын бақылау; дайын өнім; дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, дайын өнім сапасын бақылау; процеске түзетулер енгізу немесе авариялық тоқтату. Сонымен бірге, бұл процеске материалдық, қаржылық, адам ресурстары, тасымалдау т.б. қосылады. Осылайша өнімді өндіру процесі алдын – ала белгіленген нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін әдіс – тәсілдер, құралдар, ғылыми зерттеулер жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. өндірістегі сияқты білім беру мекемелері де қоғамдық  тапсырысты орындауға атсалысады. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру саласында да технология ұғымы қолданыла бастады

 “Педагогикалық технология” ұғымы. ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ

пен Батыс Европа елдерінде білім беру саласын  қайта құру реформалары кеңінен жүргізілді. Аталған елдердегі оқыту процесінде техникалық құралдардың қолданыла бастауы  “білім беру технологиясы” деп аталатын ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бірақ, осы ұғымды түсіну мен қолдануда әртүрлілік басым болды. ХХ ғасырдың 50 – 60 – шы  жылдары  білім беру саласындағы түрлі зерттеулердің, ғалым – педагогтардың пікірлерінің нәтижесінде жоғарыдағы ұғымның орнына “Педагогикалық технология” термині қолданыла бастады. “Педагогикалық технология” ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген. Мәселен:  М.В.Кларин: “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді”- дейді. Ал, белгілі ғалым В.М. Монахов: “технология оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан – жақты ойластырылған үлгісі”- деген тұжырым айтса,  Б.П. Беспалько: “Педагогикалық технология – практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы” – деген қорытынды жасады.   Г.Селевко: “Оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді. Оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер, қағидалар” сынды көзқарасты ұстанды. Қазақстандық ғалым – педагог М. М.Жанпейісова: “Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңында оқушының дамуына жағымды жағдай жасайды” – деп  көрсеткен.  Түрлі көзқарастар мен анықтамаларға қарамастан, педагогикалық технологияны сабақ  беру  және  ұстаздың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың  іс - әрекеттерінің жетістіктеріне жету  процесі деп  түсіндіруге болады.

      Қандайда  болмасын технологияның төмендегідей негізгі анықтаушы өлшемдері болуы тиіс:

·        Концептуалдылық - әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің

философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік – педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.

·        Жүйелілік – педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста

болатын тұтас құрылымымен қамтамасыз етілуі тиіс.

·        Тиімділік – педагогикалық технологиялар нәтижелілігі жағынан да, кететін

шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқу стандартына жетуге кепілдік бере алуы қажет. Сондай – ақ технология басқарылуы және қайта қалпына келтірілуі тиіс, яғни басқа мекемеде жүргізуге мүмкіндік беретін болуы керек.

Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері. Еліміздің  білім беру саласында жақсы нәтижелерімен  белгілі бола бастаған жаңа педагогикалық технологиялар іші-нде төмендегілерін атап айтуға болады :

·        Дамыта оқыту ;

·        Деңгейлеп – саралап оқыту;

·        Модульдік  оқыту ;

·        Проблемалық оқыту:

·        Оқу мен Жазу арқылы  сын тұрғысынан ойлауды дамыту ; т.б.

   Сонымен бірге, кеңестік кезеңнің көрнекті педагогтарының бірі -   Ш.А.Амоношвилидің – бастауыш сынып  оқушыларымен жүргізген  тәжірибесін айту керек. Ш.А.Амонашвили өзінің  эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғаның бабын табу, тіл мен  математиканы оқытудың бірретілік  әдістемесін  жүзеге асырудың жолдарын қарастырды.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері.

Модульдік оқыту технологиясының мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету. Модульдік оқыту технологиясы – толық меңгеру әдістемесінің негізгі қағидаларын ұстанады. “Толық меңгеру” әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 жылдары американ психологтары Д.Кэролл мен Б.Блум ұсынған.Олардың пайымдауынша бала қабілеті қолайлы жағдай жасаған кезде оның оқу темпімен анықталады.

Сондықтан модульдік оқыту технологиясы дегеніміз - әртүрлі мазмұнды, барлық құрылымы бірдей жекелеген блоктардан тұратын оқу процесі. Модульдік оқыту технологиясы 3 бөлімнен тұрады

1.     Кіріспе;

2.     Диалогиялық сұқбат;

3.     Қорытынды.

 Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы өзінің философиясы тұрғысынан гуманистік педагогиканың идеяларын енгізген әдіс – тәсілдер жиынтығы болып табылады. Яғни :

·        Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

·        Мұғалімнің басымдылық көрсетпеуі;

·        Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

·        Мұғалім де оқушыда субъект т.б.

“СТОД”- оқу материалын терең білуін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында ізгілік, парасаттылық т.б. сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуына ықпал етеді.

·        әрбір оқушының, ең алдымен адам ретінде  дамуына ықпал етеді;

·        қарым – қатынаста  демократиялық стильге үйретеді;

·        оқушының  күші мен мүмкіндігіне сенуге жағдай туғызады.

·         бұл технология оқушыларды  өз бетінше ізденуге, білімді тиянақты меңгеруге үйретеді;

·        оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, сол арқылы ұжымдық қарым- қатынасты жақсартуға көмектеседі ;

·        ақпараттарды іріктей білуге, оның құндылығын дәлелдей білуге үйретеді;

·        мәдени, ізгі қарым – қатынаста болуға баулиды;

Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшелігі. Оқу процесіне енгізілетін

технология белгіленген мақсатқа жетуге кепілдік беруі тиіс, бұл бірінші ерекшелік. Екінші ерекшелік – мұғалім мен оқушының өзара қарым – қатынастары реттелген.Дәстүрлі Оқыту технологиялары. Дәстүрлі  оқыту  технологияларының концептуалдық негізін көрнекті педагог Я.А.Коменский жасаған, яғни төмендегідей принциптерге сүйенуі тиіс болды: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы , жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

         Оқыту  дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан емес өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және  дағдыларды,әлеуметтік  тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар кіреді.

         Оқытудың  мақсаттары бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін  ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен , тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына  байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес көбіне білім , білік және  дағдыларды меңгеруге бағытталған.       Білім  берудің  дәстүрлі жалпы мектептік мазмұны бұрынғы кеңес  үкіметі жылдарында  қалыптасқан, ол елді индустриализациялау міндеттерімен дамыған капиталистік елдердің  техникалық деңгейіне қиыншылықпен,жалпы  ғылыми -  техникалық прогрестік ролімен және технократиялылығымен анықталады.

         Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың  талаптарына оқушының ішкі өмірімен өте нашар байланысты ілім болып табылады, ол әртүрлі сауалдар мен мұқтаждықтардан тұрады,онда тұлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін  жағдайларымен творчестволық көріністері болмайды. Оқыту процесінің авторитарлығы іс - әрекетті регламентациялаудан көрінеді; оқытуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетіндігі;  бақылауды бір орталықтандыру. Онда оқушы    әлі толықанды  тұлға емес, рухсыз “винт” ретінде  көрінеді. Ал  мұғалімнің  позициясы – бұйыру,   тек қана өзі басқару т.б.

         Білімді меңгеру  әдістері дайын білімдерді  хабарлауға  негізделеді, яғни оқыту белгілі  бір үлгілермен, индуктивтік логикамен жеке даралықтан жалпылыққа механикалық есте сақтауға, мазмұнын  айтып  беру,   еске  түсіру,  елестетуге ғана бағытталған.

    

СОӨЖ – ның тақырыбы: Педагогикалық технологиялар

Жоспар:

В.Ф. Шаталовтың технологиясы

М. Монтессори технологиясы

С. Френе мектебі

Р. Штейнердің “Вольдорф мектебі”

 

Өзін - өзі бақылау сұрақтары.

1.      “Технология ”  ұғымына анықтама беріңіз.

2.      Педагогикалық  технологиялардың мәнін ашып көрсетіңіз.

3.      Дәстүрлі  оқыту технологияларының  концептуалдық анықтамаларын  атаңыз.

4.      Ынтымақтастық педагогикасы өкілдерін  атап  шығыңыз.

5.      Қазақстандағы авторлық  мектептерді және онда қолданылатын педагогикалық технологияларды атаңыз.

 

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Ғылыми  әдебиеттерден “технология”,“ педагогикалық технология”, деген ұғымдарға берілген анықтамаларға талдау жасап, конспектілеңіз.

2. “Қазіргі  кезеңдегі педагогикалық  технологиялар”  мәселесіне байланысты  әдебиеттер тізімін құрастырыңыз.

 

Реферат тақырыптары

 1.       Педагогикалық технология және мұғалім шеберлігі.

2.       Дәстүрлі технология және оның  негізгі  белгілері.

3.       Оқытудың  дәстүрлі формасының даму тарихы.

4.       Педагогикалық  технологиялардың негізгі сипаттары.

5.       Педагогикалық  іс - әрекет  творчестволық процесс.

6.       Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, және қолдану.

7.       Ынтымақтастық педагогикасы.

8.       Дамыта оқыту технологиясы.

9.       Мектептердің даму тарихындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі  фомалары.

10.  Қазіргі мектептегі педагогикалық  процесс формасы.

11.  Авторлық  мектептердің педагогикалық технологиялары.

12.  Г.К. Селевконың  оқытудағы өзін - өзі  дамыту технологиясы.

 

 Әдебиеттер :

1. Өзтеміров , Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006.

 2.  Беспалько  В.П.  Слагаемые педагогической технологии.М., 1989.

 3. Ильина Т.А. Педагогическая технология // Буржуазная педагогика на     современном  этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л.  Вульдсона. М., 1984.

4. Кусаинов Г.М. Новая  педагогическая технология: методология  теория и практика. Усть – Каменогорск, 1997.

5. Мировые образовательные  технологическое новые тенденции, проблемы адаптации и эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25 – 26 апреля; Алматы, 1997.

6.  Педагогическая технология / Сост.Н.Е.  Щуркова, М., 1992.

7. Педагогические  технологии : что такое и как использовать в школе. Под ред. Т.И. Искаковой, П.И.  Третьякова. М.; Тюмень, 1994.

8.  Селевко Г.И.  Современные  образовательные технологии: Учебное пособие;М. , 1998.

Смирнов С.  Технологии в образовании// высшее образование в России. 1999 №

 9. Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия; Алматы; 1999.

10.   Хан Н.Н.  Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.

28-лекция Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

1.   Аттестациялау (сараптау) – маман шеберлігінің деңгейін  анықтайтын тәсіл, аттестацияның мазмұны, ұйымдастырылуы, өткізілуі.

 2. Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістері.

 Негізгі ұғымдар: әдістемелік жұмыс, әдістемелік жұмыс түрлері, мұғалімдердің өздігінен білім алуы, педагогикалық іс-әрекетті сараптау, мұғалімдерді аттестациялау.

 

 Аттестациялау (сараптау) – маман шеберлігінің деңгейін анықтайтын тәсіл, аттестацияның мазмұны, ұйымдастырылуы, өткізілуі. Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі – сараптау (аттестация)-педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды тиімді тәсілі болып есептеледі.

Аттестацияның мақсаты- кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Кәсібилік деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нәтижесі болып табылады.

Аттестацияның принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік және тұтастық, шынайылық.

Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы-оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол әр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі. Біліктілік категориясын иемденуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дәрістер топтамасын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтиханң, (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибе-эксперименттік жұмысты қоғау және т.б.

 Кей жағдайда педагогтың нақты біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сәйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы әкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі мүмкін.

 ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған «Мемлекеттік және жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық және басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелерінең сәйкес үш түрлі сараптау комиссиясы құрылады:

-  бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында құрылады;

-  аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия-жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;

-  білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы- оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.

Әр комиссия мәселені өз құзырына сай шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі-біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі кезде сараптау Ережелеріне орай үш біліктілік категориясы белгіленген:

-  ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;

-  бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;

-  екінші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.

 Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдастыруымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және эксперттеу әрекеттерімен, іскерлік және көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы және тактикасын белгілеуде маңызды роль атқарады.

  Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістері.

 Әдістемелік жұмыс-педагогикалық кадрлардың олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жекедара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесі негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Әдістемелік жұмыс мұғалімнің білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.

 Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қаитиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

 Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек болып табылады.

 Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмыста жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғышарттарға байланысты. Ең бастысы мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау мен дамытудың да маңызы зор.

 Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал, мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады:  

- мектептік педұжымның педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату;

- педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

- мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру;

- жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;

- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту;

- жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру-жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге;

- педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге;

- педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б;

- мұғалімдердің кеңес беру;

- жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.

Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындау қажет. Олар:

- мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы;

- әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы тиіс. Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.

Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері: пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу, рөлдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және модельдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.

 

СОӨЖ-ның тақырыбы:

1. Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты қандай?

2. Үш біліктілік категориясын атаңыз және оларды қандай комиссия тағайындайды?

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.   Мұғалімнің инновациялық қызметтерін дамытушы диагностикалық әдістердің мән-мағынасы қандай?

2.   Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты не?

3.   Мектептегі ұйымдастыру- әдістеме жұмыстарының біріне қатысып, оны талдап көріңіз.

 

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1.   Мектеп ұжымының бір жылдық әдістемелік жұмысының мақсат, міндеттерін атаңыз.

2.   Аттестацияның принциптері мен сараптау формаларын жіктеп айтыңыз.

 

Реферат тақырыптары

1.   Мектеп ұжымының бір айлық әдістемелік жұмысының жоспарын дайындау.

2.    Сараптау қызметінің педагогтың кәсібилік, шығармашылық деңгейін көтеруге ықпалы.

 

Әдебиеттер

1.Р.М.Қоянбаев Педагогика Алматы,2004

2.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы: Ғылым, 1998.-330 с.

3. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизация школьного образования. –Алматы:Ғылым, 1998. –226 с.

4.Ж.А.Қараев. Кредиттік оқыту жүйесіне арналған педагогикалық технологиялар.Алматы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. 2004.- 21-б.

5.Ж.Әбиев, С.Бабаева,А.Құдиярова Педагогика Алматы,2004

29-лекция Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

Жоспар:

 Жоспар:

1. Педагогикалық процестегі диагностиканың мәні, педагогикалық ақпарат түрлеріне сипаттама.

2. Мектепішілік бақылау жұмысының мазмұны.

 Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық процесті сипаттау, диагностиканың әдістері.

 

Педагогикалық процестегі диагностиканың мәні, педагогикалық ақпарат түрлеріне сипаттама. Педагогикалық іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды. Диагностиканың көмегімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады.

Диагностика – бұл диалектикалық процестің нәтижесін анықтау. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда анағұрлым тереңдеу әрі кең. «Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана білдіреді, не себепті болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағыт-бағдарын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.

Диагностика өз ішінде бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалануын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі-бұл қадағалау. Қадағалау - білім, ептілік және дағдылардың игерілу поцесіне бақылау қоюды білдіреді.

Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың бірнеше түрі бар, олар: алдан-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен.

 Алдын-ала қадағалау – диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат-оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау.

 Ағымдағы қадағалау- оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл қадағалаудың тиімділігі-оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 Мерзімді қадағалау- белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылып, тоқсан немесе жарты жылдықта жүргізіледі.

Тақырыптық қадағалау-тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.

Қорытынды қадағалау- оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін қолданылып, пән бойынша барлық білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.

 Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау-тақырып, курс, бөлім өтіліп, біршама уақыт өткен соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылды. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.

Мұндай қадағалаудың барлығы тексерулерден құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет-қимылдар жүйесі.

 Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Мұғалімге оқу-тәрбие процесі бойынша ақпараттың үш түрі аса қажет:

1.   Бастапқы ақпарат, ол оқушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көметеседі.

2.   Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

3.   Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі түрлі толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттар  сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сол себепті ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады.

Сонымен педагогикалық ақпарат –дегеніміз- үйретілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.

 Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын талдау материалдары мен олардың көрсеткіштері құрайды:1)оқушылардың үлгерімі; 2)оқушылар ұжымының қалыптасқандығы; 3)оқушылардың қоғамдық белсенділігі; 4)оқушылар отбасының әлеуметтік, психологиялық портреті; 5) педагогикалық ұжымның жәй-күйі.

Жоғарыда аталған бес сипаттаманың көрсеткіштері мынадай:

1.   «Оқушылар үлгерімің сипаттамасының көрсеткіштері:

 -оқушылар үлгерімі мен үлгерім сапасының жалпы пайызы;

 -орта тоқсандық балл;

 -оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы;

 -оқушының ұжымдағы мәртебесі.

 2.«Оқушылар ұжымының қалыптасқандығың сипаттамасының  көрсеткіштеріне:

 -сыныптағы сайланған және белсенділердің сәйкес келу пайызы;

 -тәрбиесі қиын балалар пайызы;

 -қоғамдық міндеттерін орындайтын оқушылар пайызы.

 3.«Оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігің сипаттамасының көрсеткіштері:

 -қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы;

  - өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының  пайызы;

 - міндетті орындауда есеп беретін оқушылар пайызы;

  - міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік т.б.

4.   «Оқушылар отбасының әлеуметтік-психологиялық портреттің  сипаттамасының көрсеткіштері:

  - отбасы құрамы (толық, жартылай толық);

  - ата-аналардың мамандығы, қоғамдық және әлеуметтік жағдайы,

 - толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы;

 -  сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы;

5. «Педагогикалық ұжымның жағдайың сипаттамасының көрсеткіштері:

  - мұғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің объектісін қазіргі  талаптарға сәйкес түсіне білуі;

  -  педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және  әдістемелік даярлық деңгейі;

   оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу;

   педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық;

  -  оқушының отбасымен ынтымақтастық жағдайда жұмыс істеуге  дайындық;

  - дарынды және тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеуге дайындық;

  - мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы.

 Мұғалім, осылайша педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың аталған көрсеткіштерін білуі қажет.

 

 Мектепішілік бақылау жұмысының мазмұны.

 Мектеп жұмыстарының ішіндегі ең басты мәселенің бірі-педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасап, педагогикалық ұжыммен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жүргізу. Мектеп басшылары бақылау барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алып отырады. Мектептің ішкі жұмыстарын жұмыстарын бақылау нәтижелері, оның іс-әрекетін жақсартуға игі әсерін тигізеді. Мектеп ісін бақылау жұмыстарына мынадай талап түрлері қойылады:

жүйелілік- бұл талап мектептегі оқу процесінің бүкіл барысын басқаруға

мүмкіндік беретін бақылау жүйесін құрып, бақыдау мен тексеруді тұрақты жүргізуге бағытталады;

әділдік- бұл талап бойынша мұғалімнің немесе педагогикалық ұжымның әрекеті мемлекеттік стандарт және білім бағдарламалары талабына сай жасалынған және келісілген критерийлермен бағалануы тиіс;

ықпалдылық- тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктерді жойып, оңды өзгерістер жасауды талап етеді;

тексерушінің өз ісін жетік білуі - тексеретін тақырыпты білу, тексеру әдістемесін меңгеру, тексеру нәтижесінің дамуын болжай алуды талап етеді.    

Мектепішілік бақылау мазмұнында мына мәселелер қарастырылады:

-  оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, олардың орындалуы;

-  сабақ берудің теориялық және әдістемелік деңгейі мен оқушылар білімінің, іскерлігінің сапасы;

-  жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату және оқу-тәрбие процесіне ендіру;

-  тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару;

-  әдістемелік жұмыстар;

-  ата-аналармен және жұршылықпен жүргізілетін жұмыс түрлері;

-  мектеп құжаттары;

-  педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.

 Оқу-тәрбие процесін бақылаудың мынадай түрлері бар: жаппай - барлық сыныптарда жүргізілетін жазба бақылау жұмыстары; оқушылардың сабаққа қатысуын, келушілер санын бақылау; дербес - жекелеген мұғалімнің, тәрбиешінің, мектептің басқа да қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылау; ұжымдық- сынып ұжымының, кейбір үйірмелердің іс-әрекеттерімен танысып бақылау. Бақылау тиімді болу үшін нәтижелі тексеру қажет.

 Бақылау мен тексеру-бұлар сабақтас, бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мәселен, пән мұғалімінің оқу жұмысы жөнінде іс-әрекетін бақылау және тексеру қажет. Ал, бұл жұмыс алдын-ала жасалған жоспар бойынша іске асырылады.

 Мектепішілік бақылауда сабаққа қатысудың түрлері мен мақсаттары әр түрлі болады.

 Сабаққа оқу жылының басында қатысу. Жаңа оқу жылының басында педагогикалық ұжым құрамында белгілі өзгерістер болады. Жаңадан келген жас мұғалімдердің сабағына алғашқы күннен бастап қатысып, бағыт-бағдар берген жөн. Сабақтың ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі тексеріп отыру сабақ процесінде қателіктерді болдырмаудың кепілі.

 Тақырыптық қатысу. Оқу бағдарламасы бойынша кезекті тарауды өткенде мұғалімнің барлық сабақтарына басынан аяғына дейін қатысу-мұғалімнің педагогикалық еңбегін әр қырынан тануға, оқушылар білімінің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді.

  Бүкіл жұмыс күнінің барысында бір сыныпта өтетін сабақтарға қатысу. Мұндағы негізгі мақсат: біріншіден, әр түрлі мұғалімдердің сабақ беру әдістері мен жүйесін бақылап салыстыру; екіншіден, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін және мазмұнын анықтау; үшіншіден, мұғалімдердің сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін, тәртібін зерттеу.

 

 СОӨЖ-ның тақырыбы: Оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдегі жағдайы

 Жоспар:

1. «Педагогикалық диагностикаң термині жөніндегі түсінігіңіз.

2. Педагогикалық ақпараттың, мұғалімнің педагогикалық процесті басқару  

 әрекетіндегі ролі?

3. Педагогикалық ақпарат түрлеріне сипаттама беріңіз.

4. Педагогикалық процестің әрбір сипаттамасының көрсеткіштерін атап,  

 мысал келтіріңіз.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.   Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай және оның ролі?

2.   Тексеру мен реттеу басқа мектепішілік басқару қызметтерімен қалай байланысқан?

3.   Мектепішілік басқаруда қандай әдістер қолданылады?

 

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1.   Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары мен оған сәйкес көрсеткіштерінің арасындағы өзара байланысты сызбада көрсетіңіз.

2.   Сыныптағы педагогикалық процесті диагностикалау жөніндегі алынған ақпарат негізінде сынып жетекшісі жұмысының үлгі жоспарын құру.

 

Реферат тақырыптары

1.  Педагогикалық процестің бағыты мен нәтижесін меңгеру қазіргі жас мұғалімнің басты міндеті.

2.  Сыныптағы педагогикалық процестің жәй-күйін диагностикалаудың, сыныптың оқу-тәрбие жұмысы үшін тиімділігі.

 

Әдебиеттер

1.  Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности. Москва.,1998.

2.  Кочетов А.Н., Коломинский Я.Л. и др. Педагогическая диагностика в школе. В помощь лектору. Алматы,1990.

3.  Основы школоведения. Караев Ж.А., Шахгулари В.А., Иманбаева С.Т. Алматы, 2006.

4.  Основы управления школой. К.Ж.Каракулов., Т.М.Баймолдаев. Алматы НИЦ «Ғылымң 2002.

5.   Подласый И.Педагогика. Кн.1.-Москва, 2000

1.   Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны мен мектептің жылдық жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын принцип түрлері.

2.   Мектептегі жоспардан басқа да жүргізілетін құжаттар және оларға сипаттама.

Негізгі ұғымдар: мектепті бсқару, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп құжаттары.

 

 Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны мен мектептің жылдық жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын принцип  түрлері.

 Басқару еңбегі аясында іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.Ал, тиімді жоспарлау дегеніміз:

 а) жұмыстың жәй-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне әділ баға беру;

 ә) алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

 б) алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдары айқындау, оларды шешудің тиімді жолдары мен құралдарын таңдау.

  Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Ол үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуге міндетті: 

 - мектеп түрі мен мақсаты;

 - ақпараттық жабдықталуы (оқушылардың ұмтылысы мен ата-аналардың

 тапсырыстары),

 - мамандар, материалдық - техникалық, психологиялық жағдайлар

  (анықталған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін);

 - оқу жоспарының мектептік баламасы;

 - оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дәріс-тәжірибелік, оқушыларға  

 арналған циклды-ағымдық және т.б.),

 - оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (күндік, 

 апталық, түске дейін, не күннің екінші жартысында);

 - мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар,

 материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік - 

 психологиялық).

 Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар-педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері. Қазіргі мектептер төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:

Бірінші деңгей -  мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.

Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директорының көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты бірлестіктер басшылары.

Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер мен сынып жетекшілері.

Төртінші деңгей -  сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъекттің сипатын баса танытады.

 Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құралы болып саналады. Мектептің жылдық жоспары мынадай принциптер негізінде құрастырылады:

-  Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, мектептің даму тенденциялары мен болашағын ескере отырып, құрастырылуы қажет.

-  Үйлесімді де тиімді жоспар. Оның құрамына алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті болуы қажет.

-  Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге жауапты адам, оның мерзімі, өтілетін орны мен уақыты нақтылы көрсетілуі қажет.

-  Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық арадағы мақсаттар мен міндеттер, мектеп іс-әрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет.

-  Ұжымдық принципі. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің және басқа қызметкерлердің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады.

 

 Мектептегі жоспардан басқа да жүргізілетін құжаттар және оларға сипаттама. Мектептегі мұғалімдер мен тәрбиешілердің күнделікті іс-әрекетінде жұмыс жоспарлары ерекше орын алады, ал оның ішіндегі ең негізгісі мектептің жылдық жоспары болып табылады.

  Жоспар жекелеген шаралардың жәй ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болып, жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталуы қажет. Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: 1)оқыту-педагогикалық құжаттама, 2)мектеп ішіндегі ақпарат құжаттамасы, 3)қаржы-шаруашылық құжаттама.

1)   Оқыту-педагогикалық құжаттама:

-  журналдар: сынып және факультатив сабақтардың журналдары, дайындық сабақтары мен қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;

-  кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгің мен мақтау қағаздарын және мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу және мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;

-  оқушылардың жеке құжаттары;

-  оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру құжаты;

-  жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;

-  мектеп аттестациясының материалдары мен оқыту іс-әрекеті лицензиясы;

-  мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;

-  білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.

 2. Мектеп ішіндегі ақпарат уақытына қарай қолма-қол (күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық және жылдық) болып бөлінеді.

 1.Күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылармен олардың ата-анасымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттарды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады.

  2.Апталық қолма-қол ақпаратта апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшаң мәжілістердегі пікір алмасу нәтижелері, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Сондай-ақ ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарын, оқушылар дәптерлері мен күнделіктерін жүргізудің жәй-күйі туралы мәліметтер болады.

  3.Айлық қолма-қол ақпарат, апталық ақпараттарды қорытындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.

 4.Сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптап, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде талқылайды.

 5.Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.

 3.Қаржы-шаруашылық құжатының құрамына мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіш және негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы төмен, тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының тіркеу кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.

 Мектеп құжатын нақты және дер кезінде дұрыс жүргізуді ұйымдастырып, берілген нұсқауларға сәйкес толтыру мектеп жұмысын тиімді басқарудың маңызды шарты болып табылады. Осындай тыңғылықты жұмыс нәтижесінен ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпаратты алуға болады.

 

СОӨЖ-ның тақырыбы: Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны

 Жоспар:

1. Мектеп  жұмысының  жылдық  жоспарын  құрудағы  басшылыққа 

 алынатын  негізгі  принциптерді  атаңыз.

2. Мектептің  жылдық  жоспарының  мазмұны  дегенді  түсіндіріңіз.

3. Мектеп  құжаттарының  түрлерін  атап, әрқайсысына жеке-жеке  тоқталыңыз.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.   Мектептің түрлі жұмыс жоспарларына талдау жасаңыз.

2.   Мектептегі зертханалық сабақ барысында мектептің жылдық жұмыс жоспарымен танысыңыз.

3.   Жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұнына талдау жасаңыз.

 

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1.   Өзіңіз бітірген мектептің бір айлық жұмыс жоспарының мақсат, міндетін анықтаңыз.

2.   Осы мектеп жұмысының бір айлық жоспарының мазмұнын сызба түрінде түсіндіріңіз.

3.   «Алтын белгі» тіркелетін құжатты атаңыз.

 

 

Реферат тақырыптары

1.   Мектеп құжатының негізгі түрлері мен оған сипаттама.

2.   Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны.

 

Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының педагогикалық білім берудің стандарты Алматы,2001

2.Р.М.Қоянбаев Педагогика Алматы,2004

3. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизация школьного образования. –Алматы:Ғылым, 1998. –226 с.

4.Ж.А.Қараев. Кредиттік оқыту жүйесіне арналған педагогикалық технологиялар.Алматы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. 2004.- 21-б.

5.Р.К.Бекмағамбетова,Д.Қ.Азимбаева Педагогиканың жалпы негіздері және тәрбие теориясы (әдістемелік құрал) Алматы,2003

30-лекция. ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері

Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа үлгісін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Бұл жүйенің негізгі ұстанымдары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген [1].

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр [2]. Мәселен, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің Финляндия, Қытай, АҚШ 12 жылдық білім беруге көшуіндегі нақты қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәйектейді. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту стратегиясына» сәйкес 12 жылдық білім беруге көшудің басым бағыттарының бірі–тиімді қызмет ететін білім беру үлгісін қалыптастыру, Қазақстанның дамыған елдер арасында лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың жоғары сапалы деңгейіне қол жеткізу.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы және орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім берудің басты мақсаты–өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады [3]. Сондықтан, жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп қалыптастыру 12 жылдық білім беру негізінде жүзеге асыруға болады.

12 жылдық білім берудің көздейтін мақсаты: еліміздегі білім беруді халықаралық білім кеңістігіне енгізу, халықаралық білім беру талабына сәйкестікте болу, соның нәтижесінде еуропа елдері қабылдаған орта білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру, білім сапасын көтеру және жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, соның икемділігіне қол жеткізетін тәсілдерді қолдану арқылы қоғамның негізгі капиталын құру.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқу мерзіміне ауысуына байланысты қажеттіліктерін айқындайтын келесідей факторларды атап өтуге болады:

1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі. Қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру. Оқушыларды жоғары мектеп жүйесінде білім алуға даярлау, не белгілі бір кәсіптік анықтау арқылы, жалпы орта білім алу формаларын таңдау мақсатында жоғары буынды оқытуды бағдарландыру мен бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып, арнайы ұйымдастырушылық, әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы қажет.

2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау. Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғарғы сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40–42 сағат оқу жүктемесін орындайды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау агенттігінің деректері бойынша, республикада 2 милионнан астам бала (66%) әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз (алыстан жақсы көрмеу), ас қорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының зақымдануы сияқты тағы басқа аурулары ондаған есеге дейін артып отыр. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесінің нормаларын қатаң сақтау және оқу жоспары жүктемесін азайту, оқушылардың әр түрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.

3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету. Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру еңбек нарығының қажеттіліктеріне, оқытудың практикалық бағытына, еңбек етуге дағдыландыруына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. Тек 2000-2001 оқу жылының басына дейін ғана жалпы білім беретін мектептердің 58182 (барлық санының 28%-ы) түлектері еңбекпен қамтамасыз етілмей қалды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерде (лицейлерде) оқитын болады. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың еңбек нарығына, кәсіптеріне бейімделулеріне жағдай туғызады. Жоғары сынып оқушыларын пәндерді кәсіби тұрғыда тереңдете оқыту олардың жоғары оқу орындарына түсіп, оқуларына сапалы даярлау жұмыстарын жүргізуге мүмікіндік жасайды. Сонымен, 12 жылдық мектеп оқушыларының әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек нарығына бейімделулеріне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі.

4-фактор. Оқу сапасын арттыру.12 жылдық білім беруге көшу ең алдымен оқушылардың күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асады. Деңгейлеп, саралап оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, жеке ерекшеліктерін ескеру негізінде қалыптасатын дәлелді оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.

5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.12 жылдық білім жүйесіне Қазақстан Республикасының өтуі бәсекелесе алатындай түлектерді дайындауды, шетелдерде біздің аттестаттарымыздың танылуын қамтамасыз етеді. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы халықаралық ынтымақтас-тықтың кеңеюіне, қазақстандық мектеп түлектерінің мемлекетаралық білім жобаларына белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады.

12 жылдық мектепте оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауды, «Жалпыға арналған білімнен», «Білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлімдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында 12 жылдық мектепке өту келесідей міндеттерді жүзеге асырғанда орындалады: Жаңа құрылымның стандартын, тұжырымдамасын, бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын даярлап алу; мектепке дейінгі мекемелерді, мектептік және мектептік емес мекемелерді іске қосу арқылы материалдық базаны жақсартып 1-сыныпқа дейінгі балаларды балабақшада тәрбиелеу арқылы ақыл-ойы дамыған, жан-жақты жетілген сәбилерді тәрбиелеу; бастауыш мектептен бастап олардың жеке қабілеттерін зерделей отырып, белгілі бір кәсіпке икемділігіне алдын-ала зерттеу жүргізу, олардың жан-жақты ойлау қабілеті мен дене тәрбиесін жақсарту, өз бетінше ойлауын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; мектепте олардың ынтасы, әлеуметтік қабілеттері өседі, адамгершілік қабілеті қалыптасып, өз алдына мақсат қоя біледі, өзінің жеке тұлғалық пікірі қалыптасады, қоғам, адам жөніндегі ой-танымы кеңейеді.

Қорыта келе, Қазақстандық 12 жылдық орта мектептің мақсаты оқу мерзімін ұзарта отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар аясында, оқушылардың білімділігін, біліктілігін, өзгермелі, бәсекелік ортада табысты қызмет жасау қабілеттілігін, өзін- өзі дамытуға және жүзеге асыруға бейімділігін қалыптастыру, білім мазмұнын ізгілендіру, білім беру мен басқару тәсілдерін жетілдіру, білім сапасын бағалаудың халықаралық стандарттары мен нормаларына көшу, әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп ықпалдастыру көзделуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]