Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кешен педагогика+.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

1.3 Педагогика тарихының зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеті

 Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Білім туралы» заңның «білім жүйесі» деп аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау... олар мемлекеттік белгілердің мәні мен мазмұнын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін... халықтар досығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт – дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген.

Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы – оқып, білім алып жатқан жастар.

Жастарға педагогика тарихының пәнінің қыры мен сырын, ғылыми – педагогикалық тұрғыдан игерудің теориясы мен әдіс – тәсілдерін меңгерту мәселесімен педагика тарихы пәні айналысады.

Зерттеу объектісі педагогика тарихы. Педагогика тарихы ғаасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдерңне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмприкалық жиынтығы.

Педагогика тарихы ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс - тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.

Педагогика тарихының мақсаты – отанын, елін, жерін сүйетін, жан –жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.

Педагогика пәнінің міндеті тәрбие түрлерін жастарымыздың бойына сіңіріп, білім, білік, дағдылырын дамыту, сөйтіп ден еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайыда өмір сүруге икемді, жан – жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, жастардың қайрат жігерін, ақыл – ойын,  педагогика тарихын оқытып тәрбиелеу арқылы әске асырылады.

Педагогика тарихы пәнін оқытып, меңгерту үшін, ең алдымен педагогика тарихының    негіздерін үйретуден бастауға тура келеді. Ал ол тарихи ұғымдардың қалыптасуын, тарихи ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталды.

Сондықтан педагогка тарихы пәнін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытудан бастаған жөн.

Педагогика тарихы пәні - ғылымдар саласындағы зертеудің негізгі бағыттарын анықтай отыра, қоғам құбылысының тәжірибесін зерттеп және теориялық жағынан жинақтауды, қоғамның экономикалық саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді.

 Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді.

Осыған байланысты қазіргі кездегі  педагогика тарихы ғылымының басты міндетінің бірі – дүние жүзіндегі ең бірінші мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап зерттеу болып саналады.

Педагогика пәнінің міндеті -мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.

Педагогика тарихының пәнін, міндетін, дамуы мен пайда болуын білу арқылы мұғалім жан –жақты және алған білімдерін тереңдетіп, ұштастыра отыруды  көздейді.

Нәтижесінде педагогика тарихының жалпы негіздерін, педагогикалық теориялардың даму эволюциясын игеріп, іскерліктері мен дағдыларын меңгеру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]