- •Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Гуманитарлық ғылымдар факультеті
- •Педагогикалық ғылымдар кафедрасы
- •«Педагогика» пәнінің
- •Түркістан
- •Лекциялар жинақтары
- •1.3 Педагогика тарихының зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеті
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:
- •4. Лекция мазмұны:
- •2.Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.
- •3.Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемлерінің жаңа типтері.
- •Институттар
- •Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері:
- •Батыс Еуропа елдеріндегі хіх-хх ғасырлардағы мектеп пен тәрбие
- •Хіх ғасырдың классик-педагогтары
- •Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері.
- •2. Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына әсері
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары.
- •Әдебиеттер
- •Жоспары:
- •Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Соөж-ның тақырыбы: Оқушылар ұжымының даму кезеңдері
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Оқу барысындағы диагностика жəне бақылау – қадағалау
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
1) Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?
2) Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында қандай байланыс бар?
3) Дүниетанымныңқалыптасуының негізгі заңдылықтарын сипаттаңыз.
4) “Дүниетаным” ұғымының мазмұнын ашыңыз.
5) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасуына іс-әрекетінің әсері қандай?
6) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
7) Дүниетаным құрылымы қандай?
8) Дүниетаным құрылымындағы сенімнің орнын анықтаңыз.
9) Оқушының іс-әрекетінің негізгі түрлері қандай?
Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. “Дүниетанымның пайда болу және қалыптасуының әлеуметтік-мәдени динамикасы” тақырыбына дерек-мәлімет дайындаңыз.
2. Дүниетанымныңмәніне қатысты ғылыми әдістемелердің жіктемесін құрыңыз.
3. “Қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның дүниетанымы” тақырыбындағы ғылыми мақалалардың конспектісін жасаңыз.
4. “Дүниетаным” ұғымы анықтамасының салыстырмалы кестесін жасаңыз.
5. Жеке тұлғаның дүниетанымдық бағдарларының алуан түрлі қатынастар жағдайларындағы қалыптасуының үлгісін жасаңыз.
6. Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы процесінде тәрбиенің жалпы әдістерінің жүйесін пайдалану қажет екенін дәлелдеп беріңіз?
7. Жеке тұлға қалыптасуына әсер ететін факорларды іздестіріңіз.
Реферат тақырыптары
1. Сыныптан тыс тәрбиелік іс-әрекеттегі оқушылар дүниетаны-мының қалыптасу жолдары.
2. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ғылыми түсініктерінің қалыптасуының психологиялық мәселелері.
3. Оқушылардың дүниетанымы мен қоғамдық белсенділігінің қалыптасуының ара қатынасы.
4. Дүниетаным қалыптасуындағы мұғалімнің алар орны.
5. Білім беру процесіндегі оқушылар дүниетанымының қалыптасуы.
6. Педагогикалық ғылымдағы дүниетанымдық түсініктер, көзқарас-тар мен сенімдердің қалыптасуы мен дамуы.
7. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы – мектептің іс-әрекетінің басты бағыты.
8. Дүниетанымды қалыптастырудағы ортаның ықпалы.
9. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары.
17-лекция. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
18-лекция Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
Жоспар:
1. Оқушылар тәрбиесінің формалары мен әдістері туралы.
2. Тәрбие әдістерінің жіктелу жолдары.
3. Оқушылар санасын қалыптастыру әдістері.
4. Мінез-құлық тәрбиесі мен оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру туралы.
5. Іс әрекеттегі ынталандыру әдістері.
Негізгі ұғымдар: тұтас педагогикалық процесс, педагогикалық процестің қозғаушы күші, тәрбиенің формалары мен әдістері.
Мұғалім педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Жеке тұлғаның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Мұнда индивидуумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Іс-әрекет педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тәрбие формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Және оны былай жіктеуге болады.
1. Тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы.
2. Қатысушылар құрамы.
3. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі.
4. Іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы.
Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Әдістер, формалар, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұхбаттар жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Оқуды ұйымдастырудың басты формасы - сабақ. Педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.
Сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиеніенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын, сондықтан оларды жіктеу қажет.
Тәрбие әдістерін жіктеу дегеніміз - арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе және әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды, кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Тәрбие әдістерін жіктеуде мына критерилерге (қағидаларға) сүйену қажет:
а) адам іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
б) жасөспірімді тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі– өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
в) жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Аталған қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағлұматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Осыған орай тәрбие тәрбие әдістері 3 топқа бөлінеді:
1. жеке бастың санасын қалыптастыру әдістері;
2. -іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;
3. іс-әрекет пен-мінез-құлықты ынталандыру әдістері.
Адамның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін жеке бастың санасын қалыптастыру әдістері деген әдістер қолданылады.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды. Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазір тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Төменгі және орта сыныптарда этикалық тақырыптағы әңгіме қолданылады. Бұл адамгершілік мазмұндағы деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
Мұндай этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спорттық жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.
Қазір күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме әдісі жиі қолданылады. Бұл оқушыларға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Бірақ мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс тастауға, түкіруге, партаға сурет салуға, дөрекілік жасауға болмайды деген сияқты күнделікті мінез-құлық нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені қолданудың қажеті жоқ. Мұнда үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа адамгершілік қасиетті, оқушылардың белгілі бір әрекетке деген дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.
Оқушылармен тәрбие барысында түсініктемемен қоса насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің беделіне, оның жеке қасиеттеріне байланысты.
Тәрбиеде этикалық әңгіме-сұхбат әдісі жиі қолданылады және оған оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұхбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады. Сынып жетекшісі баяндама жасап, әңгіме-сұхбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әртүрлі көзқарастарды тыңдап, оқушыларға баяндамаларға баға беруді ұсынады, айтылған ой-пікірлерлі толықтырып, түзеп, қорытындылайды, әңгіме-сұхбаттың қортындысын шығарады. Әңгіме-сұхбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жүзеге асыра алатын шынайы пайдалы іспен аяқталуы оң нәтиже береді.
Келесі айтыс – сананы, сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Айтыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әртүрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас. Айтыстар орта және жоғарғы сыныптарда адамгершілік, саяси, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.
Бұл әдісте яғни, айтыстың тақырыбы таңдалып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды қажет ететін 5-6 сұрақ белгіленеді. Айтысқа қатысушыларды осысұрақтармен тыныстырып (сыныпта немесе мектеп қабырғасына іліп қойып), әдебиеттер ұсынылады. Айтыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы қажет. Айтыстыңжүргізушісі қызметін, әдетте мұғалім атқарады, бірақ ерекше дайындығы бар оқушылар да жүргізуші бола алады.
Кең қолданып жүрген әдіс үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың, жасөспірімдердің, жастардың қандай да бір үлгілерге еліктеуіне негізделген. Бұл – санасызеліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға, ойын ретінде еліктеуден өмірде шынайы еліктеуге, сырттай еліктеуден іштейеліктеуге ұмтылу. Тәрбие процесінде қолданылатын үлгілер өте көп. Олар ата-ана, үлкендер, жолдастары, әдеби шығармалардың, кино мен спектакльдердіңқаћармандары. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып саналады. Ал, мұғалімдер іс-әрекеті дегеніміз,ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндепжинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың тіршілік әрекетінұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады.
Мұндағы топтың басты әдістерінің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соныңнәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің Өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д.Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.
Мадақтау мен жазалау – ынталандырудың басты әдістері болып саналады.
Оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оныңіс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бірмөлшерде қолдану керек. Орынсыз және шамадан тыс мадақтаудың тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп. Мадақтауға төменгі талаптар қойылады:
1. Мадақтау оқушыны басқа оқушыларға қарсы қоймау керек; белгілі бір жетістіктерге жеткен оқушылармен қоса, берілген тапсырмаларды орындауда еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау;
2. Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, мадақтау жиі болмауы қажет;
3. Ұжымның пікірін ескеру;
4. Мадақтау әділ болуы қажет.
Ынталандыру әдістерінің қатарына жарыстар да жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Оқушылар өз сыныптастары арасында, өзара жарысып қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Жарыстарды ұйымдастыру – оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдастары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.
Жазалаудыңтүрлері: ұялту, жиналысқа салу, белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты түрлері қолданылады, ал төтенше жағдайларда сабаққа қатыстырмау немесе тіпті мектептен шығару (педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де қолданылады.
Жеке басты тәрбиелеудің түрлері мен әдістері өте көп, оларды тиімді қолдана алу да қажет. Ол үшін мынадай шарттарды ескеру қажет:
1. оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;
2. қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
3. оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;
4. оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
СОӨЖ-ның тақырыбы: Тұтас педагогикалық процесте тәрбие әдістерінің формасы мен құрылымы.
Жоспар:
1. Оқушыларды тәрбиелеудің формаларын таңдау жолдары.
2. Жасөспірімнің жас ерекшелігіне байланысты әдістерді таңдай білу.
3. Оқытуды ұйымдастырудың басты формасы – сабақ.
4. Мадақтау мен жазалаудың өзара байланысы.
5. Үлгіге негізделген әдісті ұйымдастыру және өткізу жолдары.
6. Этикалық әңгімелерді халық педагогикасымен байланыстару.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Іс-әрекеттің түрлерін ата.
2. «Педагогикалық ықпал ету тәсілдерін, «түрлерін, «тәрбие әдістерін ағымдарының анықтамасын беріңіз.
3. Әдістерді, тәсілдерді неге қозғаушы күш дейді?
4. Жеке тұлғаны тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?
5. Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар?
6. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
7. Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін атаңыз.
8. Жеке бастың іс-әрекетін ұйымдастыруды түсіндір.
9. Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін айт.
10. Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.
Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. Әдебиеттерден оқушыларды тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын іріктеп алыңыз.
2. Орта сынып оқушыларына арналған этикалық әңгіме-сұхбат тақырыптарының үлгісін беріңіз.
3. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған айтыс әдісі тақырыптарының үлгісін жасаңыз.
4. Сыныптан тыс шаралардың бір-екеуінің негізінде тәрбиенің амалдары мен әдістерінің қолданылуын көрсетіңіз.
5. «Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістері атты педагогикалық процестің қозғаушы күші элементтерінің үлгісін жасаңыз.
6. Бір сыныптан тыс жұмыстың үлгі жоспарын жасау
Реферат тақырыптары
1. Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін таңдау жолдары.
2. Оқушыларды тәрбиелеуде Абайдың, Ы. Алтынсариннің әдеби және педагогикалық мұраларын пайдалану жолдары.
3. Жасөспірім тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану.
4. Сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі емес жолдары.
5. Оқушыларды тәрбиелеуде М. Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын («Педагогика оқулығын) пайдалану.
6. Оқушылардың мінез-құлқын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің орны.
7. Қарым-қатынас педагогикалық категория.
8. Жеке тұлға іс-әрекетін ұйымдастыру – тәрбиенің көрсеткіші.
Әдебиеттер
1. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М., Педагогика. Алматы, 2004.
2. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы, 2003.
3. Аймағамбетова Б., Бейсенбаева А. Тәрбиенің жалпы әдістері. Алматы, 1987.
4. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. Алматы, 1987.
5. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, 1991.
19-лекция. Балалар ұжымы – тәрбиенің обьектісі және субъектісі
Жоспар:
1. Оқушылар ұжымы және оның даму жолдары.
2. Ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби іскерлік қасиеттері.
3. Оқушылар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: ұжым, балалар ұжымы; балалар ұжымы дамуының кезеңдері мен заңдары, оқушылардың өздерін-өздері басқаруы, оқушы ұжымының қалыптасуының диагностикасы.
Оқушылар ұжымындағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. Ол ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді. Олар: ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Балалар ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі. Мұндай іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оқу іс-әрекеті болып табылады.
Оқушы ұжымының бірнеше кезеңдері бар. Ұжымды дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған “құрама сынып” оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Айтылған кезеңде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Балалар ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болатындығында.
Педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі “педагогтар-оқушылар” жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. “Оқушы” жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. “Оқушылар” жүйесінде қарым-қатынас “педагогтар-оқушылар” жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Ұстаздың ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет: Оларға жататындар.
1. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалану.
2. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
3. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
4. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйрету.
5. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
6. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдану.
7. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.
Мұғалімдердің балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
Оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.
Негізгі тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі қажет.
Класс жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы ерекше.
