Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.36 Кб
Скачать

Сынып: 10 «а»

Пән: Дүние жүзі тарихы

Тақырыбы: АҚШ.

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың экономикасы, саяси және әлеуметтік жағдайы, АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері туралы толық түсінік беру;

  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Негізгі ұғымдар: «Гүлдену», «Жаңа бағыт», дағдарыс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 1917 жылғы Қазаң төңкерісінің себептерін түсіндіріп беріңдер.

  2. 1917 жылығы Қазақ төңкерісін ұйымдастырып, өткізудегі В.И.Лениннің рөлі қандай? Кеңес үкіметінің алғашқы шараларын атаңдар.

  3. Ресей шаруалары «Жер таралы» Декретті қалай қабылдады?

  4. Ресейдегі азамат соғысы мен шетелдік интервенцияның себептерін ашып беріңдер

  5. КСРО-ның құрылу негізінде И.Сталинның автономияландыру жөніндегі жоспары неліктен қолдау таппады?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ.

  2. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.

  3. Президент Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясаты.

  4. Кәсіподақ қозғалысының өрлеуі.

  5. Үкімет саясатындағы «солға ығысу» және ішкі саяси күрестің шиеленісуі.

  6. АҚШ-тың сыртқы саясаты.

III Жаңа сабақ

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың экономикасында, яғни оның дамуында жедел өзгерістер байқалды. 1922-1929 жылы жаңа техниканың өндіріске еңгізудің бұрын болмаған табыстары мен өндірістің жедел артуы «гүлдену» - «просперити» терминің туындады. Жаппай өндіру механикалық және электр энергиясының қуатты базасына арқа сүйеді. «Гүлденудің» бес жыл ішінде жаңа миллионерлер пайда болды. Америка өнеркәсібі бүкіл капиталисттік әлемінің өндіретін өнімінің 48 %-ын берді. 1929 жылы қазанда Нью-Йорк биржасында кенеттен акциялардың құлдырауы басталды. Америка «гүлденуі» қысқа уақыт ішінде тас-талқан болды. Осы дағдарыс Америка шаруашылығы мен өнеркәсібіне ауыр тиді. Жұмыссыздық кең қанат жайды. Ал жұмысын сақтап қалғандар ертенгі күніне сенімсіздікпен қарады. Фермерлер жаппай күйзеліске ұшырады. Банк жүйесі күйзеліске ұшырады. 1932 жылы билік басына Франклин Делано Рузвельт келді. Рузвельт американдықтарға «Жаңа бағыт» ұсынуды жария етті. Рузвельт үкіметі дағдарыстан шығу үшін әр түрлі заңдар қабылдана бастады :Өнеркәсіпті қалпына келтіру заңы, Ауыл шаруашылығынреттеу заңы. Бірақ көпке ұзамай осы заңдар өз күшінен айырылған болатын. 1937 жылы жаңа дағдарыс басталды. Рузвельт үкіметінің дағдарысты кейбір шаралар арқылы баяулатуға тырысты. Бірақ нәтиже болған жоқ. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Рузвельт КСРО-мен жақындасуды жөн көрді. 1941 жылы 11 науырызда қару-жараықты жалға беруге құқық беретін «Ленд-лиз» заңы қабылданды.

Тапсырма кезеңі

  1. Ф. Рузвельттің әрекетіне баға беру.

  2. «Гүлдену» ұғымына сипаттама беріп, осы кезеңге сипаттама беру.

  3. Нира, ААА сөздерінің мағынасын беріп, мәнін ашу.

Сабақты бекіту:

  1. Американың «гүлденуінің» шынайы негіздерін түсіндіріңдер

  2. 1929-1933 жылдарғы АҚШ-тағы ұлы дағдарыстың себептері қандай болды?

  3. Ф.Рузвельттің «Жаңа бағытының» қандай заңдары америка еңбекші бұқарасының мүддесін қорғады? Неге қорғады деп ойлайсыңдар?

  4. «Жаңа бағыт» реформасының мәні? Кәсіподақтар қандай идеяларды басшылыққа алды? АҚШ-тағы «Жаңа бағыт» саясатының маңызы қандай?

  5. Мексика мен Куба революцияларын Ресейдегі революциялармен салыстырыңдар

V. Бағалау: әр оқушыға тиісті баға қою.

VI. Үйге тапсырма: §6, оқу, сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 10 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Латын Америка елдері.

Сабақтың мақсаты:

  • 1918-1945 жылдардағы Латын Америка елдеріне сипаттама бере отыра олардың даму қарқынына, экономикалық даму ерекшеліктеріне, шаруашылығына, құрлық ішіндегі жағдайға сипаттама бере отыра оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру;

  • Латын Америка елдерінің Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдай туралы баяндай келе, Еуропа мен Азия елдерін салыстыра келе оқушыларда салыстыру, саяси ахуалды ажырата білуге үйрету;

  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. АҚШ-тың Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайдың ерекшеліктері ?

  2. «Жаңа бағыт» бағытының іске асырушысы ?

  3. Ф. Рузвельттің экономикалық даму реформалары ?

  4. АҚШ-та кәсіподақ не себепті дамыды ?

  5. Ф. Рузвельттің «солға ығысу» саясатының маңызы ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Латым Америкасы елдерінің қоғамдық дамуының ерекшеліктері.

  2. 1910-1917 жылдардағы Мексикадағы және 1933-1934 жылдардағы Куба рев-сы.

III. Жаңа сабақ.

ХХ ғасырда Латын Америка елдеріне бірте-бірте өндірісті жетілдіру мен ғылыми-техникалық даму жетістіктері ене бастайды. Осы кезде Латын Америка елдерінде саяси бытыраңқылық таралды. Латын Америа елдері арасынан Бразилия, Мексика, Аргентина өзінің сыртқы саясатында белсенділік көрсете бастайды. 1910 жылы 20 қарашада Мексикада буржуазиялық-демократиялықтөңкеріс басталды. П. Диас режимі құлатылды. Ақпан айында Конституция қабылдаумен, бурж-лық – демократиялық құрылыстың орнатумен аяқталды. Мексикадағы төңкеріс антифеодалдық, демократиялық, антиимпериалисттік сипатта болды. Төңкерістің қозғаушы күштер шаруалар, пролетариат, зиялы қауым, ұлттық буржуазия. Эмилиано Самата, Франциско Вилоя және т.басқалар қлт көсемдері ретінде жарияланды. Төңкеріс феодалдық қалдықтарын жоюға және ұлттық капитализмге үлкен серпіліс берді. Мексиканың Л. Карденанстың (1934-1940) президенттік кезеңі саяси тәуелділігіне, экономикалық даму қарқынының ұлғаюына себеп болды.

1925-1933 жылдары Кубаны президент Х. Мачадо биледі. 1929-1933 жылғы болған дағдарыс Кубаға ауыр тиген. Мачадоның диктатурасына қарсы қалың жұрт көтерілді. 1933 жылы Мачадоның билігі құлады. Жаңа бурзж.-либералдық үкімет халық қамын онша ойламады. Сол себепті ел ішіндегі наразылық әлі де күшті болды. Әскер халық жағына шығып, астананың маңызды жерлерін басып алды. 1933 жылы Р. Грау Сан-Мартин Уақытша революциялық үкіметті басқарды. 1934 жылы төңкерістік қозғалыс тоқтады. Грау Сан-Мартин үкіметті құлады. 1940 жылы Конституция құрастырылды.

Тапсырма кезеңі.

Кесте толтыру.

ел

Төңкерістің сипаты

Қозғаушы күштер

Маңызы

Мексика

Куба

Б. Карденанстың қызметіне сипаттама беру.

Мачадоның қызметіне сипаттама беру.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Мексика, Куба мен Ресейдегі төңкерістерді салыстыру.

V. Бағалау:

  1. Ақжолов Д. - _____ ;

  2. Аятова Ә. - ______.

VI. Үйге тапсырма: параграф 6, оқу, мәтінмен жұмыс жүргізу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 10 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  • Еуропа мен Америка елдерінің 1918-1945 жылдардағы кезеңің қайталу, өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін пысықтау, орнықтыру;

  • Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;

  • Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: дәріс, баяндама, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Латын Америкадағы саясижағдай қандай болды ?

  2. Осы кезде Латын Америкадағы басқару биліктің түрі қандай болды ?

  3. Төікерістердің пайда болу себептерін түсіндіріндер ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жалпы даму, экономикалық даму, даму қарқынына сипаттама.