Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. .т. 4 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.25 Кб
Скачать

V. Бағалау: Серебренников а.:________; Шайкен н.:__________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 32, оқу, конспект.

Сынып: 6 «а». Сабақ №: 63 Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі адамдардың антропологиялық типі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қола дәуірінің ежелгі адамдардың антропология ғылымы туралы айта отырып, ежелгі адамдардың антропологиялық сипатының өзгеруіне ұшырайтыны туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрету, оларды мәселені топ, ұжым болып бірігіп шешуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық, бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «антропология» дегеніміз не ? Қандай саланы қамтиды ?

  2. Тарихи антроплогия дегеніміз не ? Оның ерекшелігі ?

  3. Қазақстан аумағындағы ежелгі кезеңде қандай тайпалар өмір сүрді ?

III.Жаңа сабақ.

  1. Қола дәуірінің антропологиялық сипаттамасы.

III.Жаңа сабақ.

Жерiмiзде ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пiшiнi, түр-тұлғасы туралы деректер қола дәуiрiнен бастап кездеседi. Одан бұрынғы кездегi адамдардың сүйектерi, әсiресе бас сүйектерi сақталмаған. Қола дәуiрi заманында Қазақстан жерiн Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар мекендеген.

Қостанай жерiндегi Алексеев қорымынан қазып алынған бiр адамның бас сүйегi бойынша, антрополог М.М. Герасимов оның бет пiшiнiн жасаған. Соңғы кезде Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан табылған адамның бет әлпетi мынандай: бас сүйегi үлкен, бетi кiшкене, мұрны таңқылау. Осыған ұқсас адам сүйегi қола дәуiрiнiң аяғы, темiр дәуiрiнiң бастапқы кезiне жататын Шығыс Қазақстанның қорымдарынан да кездеседi.

Батыс Қазақстан жерiнен табылған адамдардың пiшiнi мынадай: басы домалақтау, бетi жалпақтау, көзi шүңiректеу, мұрны дөңестеу келген.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қола дәуірін зерттеген ғалымдарды анықтандар.

  2. Қола дәуірінін зерттеген ғалымдардың пікірінше адамдардың физикалық ерекшеліктері қандай болды ?

V. Бағалау: Серебренников а.:________; Шайкен н.:__________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 32, оқу, қайталау.

Сынып: 6 «а». Сабақ №: 64 Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі адамдардың антропологиялық типі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ерте темір дәуірінің ежелгі адамдардың , жалпы антропология ғылымы туралы айта отырып, ежелгі адамдардың антропологиялық сипатының өзгеруіне ұшырайтыны туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрету, оларды мәселені топ, ұжым болып бірігіп шешуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық, бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қола дәуіріндегі адамдардың түр-тұрпатын сипаттандар ?

  2. Қола дәуірінде өмір сүрген адамдар қандай нәсілге жатқан ?

III.Жаңа сабақ.

  1. Ерте темір дәуірі адамдардың түр-тұрпаты.

III.Жаңа сабақ.

Темiр дәуiрi адамдарының антропологиялық пiшiнi сақ және сармат үйсiн заманында өзiндiк сипат алады. Сақтардың бас сүйегi шағын, бетi жалпақтау, көз шарасы үлкен, қабақ сүйегi шығыңқы, кеңсiрiгi дөңестеу болып келедi. Сақтар еуропеоидтiк нәсiлге жатқанымен, оларда андрондықтарға қарағанда, еуропеоидтiк белгiлердiң көмескiлене бастағанын байқаймыз.

Бұл сақтардың бас сүйегiнiң домалақтана, маңдайының тайқылана бастауынан, мұрнының қоғқақтығының азая бастауынан, көз шарасының шығыңқы бола бастауынан көрiнедi. Бұл өзгерiстер сақтардың түр әлпетiнде монғолоидтық белгiлердiң пайда болуын аңғартады.

Батыс Қазақстан жерiн мекендеген сарматтардың бет пiшiнi Жетiсуды мекендеген байырғы үйсiндердiң түрiне ұқсас болып келедi. Дегенмен олардың әлпетiнде қола дәуiрiнде Едiлдiң орта ағысын мекендеген еуропеоидтiк тайпалардың белгiлерi басымырақ.

Жетiсу жерiн мекендеген ежелгi үйсiндердiң бас мүсiнiн байырғы адамдардың бас сүйегi бойынша М. М. Герасимов жасаған. Үйсiндердiң басы сопақ та емес, жалпақ та емес, орташа болған. Маңдайы тайқылау, бет сүйегi шығыңқы, қабақ доғасы орташа, кеңсiрiк бiтiмi дөңестеу болған.

Сарматтардың кейiнгi темiр дәуiрiне жататын ескерткiштерiнен табылған сүйектерде монғолоидтық белгiлер көбейе бастайды. Дегенмен сарматтар да монғолоидтық элементтер үйсiндерге қарағанда аздау болды.