Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. .т. 4 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.25 Кб
Скачать

V. Бағалау: Серебренников а.:________; Шайкен н.:__________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 31, оқу, мазмұндау.

Сынып: 6 «а». Сабақ №: 62 Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Тарихи, қола дәуірінің ежелгі адамдардың , жалпы антропология ғылымы туралы айта отырып, ежелгі адамдардың антропологиялық сипатының өзгеруіне ұшырайтыны туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрету, оларды мәселені топ, ұжым болып бірігіп шешуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық, бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстанның көшпелі тайпаларға қандай тайпалар жатады ?

  2. Көшпелілердің наным-сенімі қандай болды ?

  3. Діни нанымдардың негізгі түрлері қандай болды ?

  4. Ұлы Жібек жолы қай аумағымен өтті ?

III.Жаңа сабақ.

  1. Антрополия ғылымы.

  2. Қола кезеңі.

  3. Ерте темір дәуірі.

  4. Қорытынды.

III.Жаңа сабақ.

Жалпы антропология ғылымы адамның бет пiшiнi, түр түсi, бойы, тiсi, саусақтың басындағы бедерлерi, денесiндегi түктерi т.б. сыртқы биологиялық қасиеттерiн зерттейдi. Тарихи антропология – тарих ғылымының бiр саласы. Ол тарихтың әр кезеңiнде белгiлi бiр аймақта өмiр сүрген халықтардың түр түсi, бет пiшiнiндегi ұқсастық, өзгерiстердi зерттейдi.

Қола дәуiрi заманында Қазақстан жерiн Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар мекендеген.

Қостанай жерiндегi Алексеев қорымынан қазып алынған бiр адамның бас сүйегi бойынша, антрополог М.М. Герасимов оның бет пiшiнiн жасаған. Батыс Қазақстан жерiнен табылған адамдардың пiшiнi мынадай: басы домалақтау, бетi жалпақтау, көзi шүңiректеу, мұрны дөңестеу келген.

Темiр дәуiрi адамдарының антропологиялық пiшiнi сақ және сармат, үйсiн заманында өзiндiк сипат алады.

Бұл кезеңде моңғолоидтық белгілер басымбола бастайды.

Қола дәуiрiнде Қазақстан жерiнде еуропеоидтiк түр түстегi адамдар мекендеген. Бұл тайпалардың аты әзiрге белгiсiз. Оларды бiз көбiнесе археологиялық үлкен мәдени тарихи бiрлестiктiң атымен андрондықтар деп атаймыз. Сонымен, андрондықтардың түсi ақ сары, көзi көкшiл, бойы орташа, басы сопақтау, мұрны қоңқақтау болып келген. Ерте темiр дәуiрiнде өмiр сүрген сақтар, үйсiндер, сарматтардың антропологиялық түр түсi жөнiнде бөгiнде нақты деректер бар. Жалпы, басты антропологиялық белгiлерi жағынан оларды бiз еуропеоидтiк нәсiлге жатқызамыз. Дегенмен де, бұл жұрттарда моңғолоидтық нышандар андрондықтарға қарағанда көбiрек.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Антропология дегеніміз не ? оның сипаттамасы ?

  2. Қола дәуірінің адамдарына сипаттама ?

  3. Ерте темір дәуірінің адамдарына сипаттама ?

  4. Екі кезең адамдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары ?