Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. .т. 4 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.25 Кб
Скачать

III.Жаңа сабақ.

  1. Көшпелі өмір салтының пайда болуы.

  2. Көшпелілер мен олардың өркениеті.

III.Жаңа сабақ.

 Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің діңгегі, ұлттың тарихи өзіндік санасының өзегі- көшпенділік құбылысы- философия мен ғылыми әдіснамадағы басы ашылмаған «ақтаңдақтардың» бірі. Күні кешеге дейін әлеуметтік болмысты талдаудың жалғыз лайықты тәсілдері деп есептеліп келген әмбебап еуроорталықтық әдістер көшпенділік өркениетті назардан тыс қалдырды, «әдіснамалық нәсілшілдіктің» салдарынан оны зерттеу аймағынан алып тастады. Тек соңғы ХХ ғасыр бойы еуропалық рационалистік дүниетанымның тығырыққа ке- луі барысында, сондай-ақ шығыс халықтарының «мәдени импе- риализммен» күресі барысында ғана «эндогендік дамудың» өрке- ниеттік түбірлері зерттеу жұмыстарының тақырыптарына айнал- ды. Осыған сай, ғылым мен философияда үстемдік етіп отырған әмбебап екі әдіснаманың – дәурені өтіп бара жатқан формациялық парадигма мен жалпы ортақ теориясы болмаса да, белгілі бір қоғам мәдениетінің барлық формалары мен руханилығының негізін құрайтын субстанциясы өркениет түрінде мойындалған өркениеттік парадигманы қарастырудың, бұл екі әдіснама аясында көшпенділік құбылысының талдануын сипаттаудың реті келіп тұр. Біз алдыңғы тараудағы тақырыпты талдау барысында мына нәрсені аңғардық: тарихты рухани игерудің адамзат жинақтаған тәжірибесі өзінің дүниетанымдық және әдіснамалық ұстаным- дарының алуан түрлілігіне қарамастан, кейбір ортақ белгілерді байқатады. Біріншіден, тарих нақты кеңістік пен уақытта жүзеге асатын үдеріс ретінде қарастырылады. Оның бірқатар себептері бола- ды және олар зайырлы немесе діни формаларына қарамастан тарихтың қозғалысын және оның бағытын анықтайтын факторлар деп есептеледі. Екіншіден, әртүрлі елдер мен халықтардың, өр- кениеттер мен нақты ұлттық қоғамдардың тағдырлары мен жолда- рын пайымдаудың алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ тарихи үдерістің біртұтастығын, әрбір халықтың, әрбір өркениеттің ерекшелігі мен өзгешелігін қалай түсінуіне байланысты мәселелер туындайды. Бір ойшылдар үшін адамзат тарихының ішкі бірлігі болса, басқалары бұл қағидамен келіспейді. Үшіншіден, көптеген ілімдерде тарих айқын немесе жасырын түрде телеологиялық (мақсатты) сипатта көрініс табады. Дінде бұл хилиастикалық эсхатология (адамзат тарихының ақырғы заманы туралы ілім) түрінде білінсе, ал материалистік философияда бұл – тағдыры адамзатты міндетті түрде жарқын болашаққа немесе әлемдік катаклизмдерге әкелетін қоғамдық даму заңдылығының автоматизмі. Төртінші ортақ мәселе тарихтың қозғалу сипатына үңілуден туындайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Оқушыларға көшпенділердің өмір салтын сипаттау.

Көшпелі өмір салты

  1. Қазақстанда көшпелі өмір салтының пайда болу себептерін түсіндіру.

V. Бағалау: Серебренников а.:________; Шайкен н.:__________.

VI. Үйге тапсырма: көшпенділердің құрал-жабдықтарын сипаттау.

Сынып: 6 «а». Сабақ №: 59 Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Көшпенділердің киімдері, ат әбзелдері, сауыт-саймандары мен қару-жарақтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көшпенділердің материалдық мәдениетінің құндылықтары туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрету, оларды мәселені топ, ұжым болып бірігіп шешуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық, бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстанда қандай тайпалар қоныстанды ?

  2. Көшпелі өмір салты не себепті қалыптаса бастады ?

  3. Көшпелі өмір салтының ерекшеліктері неде ?

III.Жаңа сабақ.

  1. Көшпенділердің материалдық құндылықтар.

  2. Әскери ісі.

III.Жаңа сабақ.

Көшпенділердің материалдық мәдениеті Көшпенділердің материалдық мәдениеті - Қазақстан аумағында түріктердің саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелердің беттерінен кездеспейді деуге болады, олардың орнына, әдетте, жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Алайда, мұның өзі көптеген жергілікті тайпалар бір- бірімен әбден араласып, сіңісіп кетті деген сөз емес. Олар, сөз жоқ, Батыс түрік қағанаты халқының көпшілігін кұраған, археологиялық зертгеулердің дәлелдегеніндей, өздерінің мәдениеті мен өнерін сақтап қалған. Шаруашылық кәсібі, тұрмыс салты бойынша түріктерге жақын болғандықтан, олар түрік қағанатының, одан соң Түргеш және Қарлұқ мемлекетінің құрамына сінісіп кеткен. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экономикалық және этникалық-мәдени жағынан Батыс кағанат құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыранқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды. Сонымен бірге түріктер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгереді, мысалы, өліктің басын батысқа беріп жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, олардың басын солтүстікке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жауға мінген аттарының сүйектерімен, жорықтағы қару-жарақтарымен бірге жатты. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштарының және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болады. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сөнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарайды. VI — IX ғасырлардағы ескерткіштер қорымдар, жекелеген қабірлер, кездейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштер мен олжалар кешендерін нақты этникалық кұрылымдармен тендестіру үшін материалдар әзірше аз болып отыр.