Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. .т. 4 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.25 Кб
Скачать

V. Бағалау: Серебренников а.:________; Шайкен н.:__________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 17, оқу, мазмұндау, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6 «а». Сабақ №: 56 Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі тұрғындарының мәдени жаңалықтарға тоқтала отыра, олардың мәдениеттің алғашқы белгілері туралы түсінік қалыптастыру;

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрету, оларды мәселені топ, ұжым болып бірігіп шешуге дағдыландыру;

  • Оқушыларды патриоттық, бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, қорытындылау.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Шығыс Қазақстан аумағын ерте темір дәуірінде қандай тайпалар мекендеді ?

  2. Шығыс Қазақстан туралы қандай ғалым мәлімет қалдырды ?

  3. Табиғат ерекшеліктерін сипаттандар ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Шілікті қорғандары.

  2. Берел қорымдары.

III.Жаңа сабақ.

Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, қазiргi Зайсан ауданының жерiнде алып патша қорғандары кездеседi. Оның ең көп шоғырланған жерi Шiлiктi ескерткiштерi деп аталады. Шiлiктi қоры мындағы обалар негiзiнен алып немесе орташа қорғандар.

Шiлiктi жазығында 200-дей ескерткiштер орналасқан. Оның 50 ден астамы iрi, алып обалар. Олар сол замандағы ел басқарған патшалар мен көсемдерге, атақты батырларға тұрғызылған. Алып қорғандардың диаметрi 100 метрдiң маңайында, ал биiктiгi 8–10 метрге жетедi, яғни 3–4 қабат үйдiң биiктiгiндей. Шiлiктi ескерткiштерiн алғаш рет профессор С. Черников 1960 жылдары зерттеген.

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жерiндегi жазықта сақ дәуiрiнiң 200-ден аса обалары орналасқанын айттық. Оның iшiнде 50-ден астамы патша немесе ақсүйектер ескерткiштерi саналады.

Қазақстан аумағындағы ең көне, б. з. б. 8 ғасырға жататын патша жерлеу орны 3 Шiлiктi қорымындағы №1 обадан ашылды. Бұл жәдiгер тарихқа «Бәйгетөбе» деген атаумен ендi. Оны ашқан белгiлi археолог-этнолог, профессор Әбдеш Төлеубаев.

Шығыс Қазақстанның ерте темiр дәуiрiнiң б.з.б. 5–4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңiн Берел кезеңi деп атаймыз. Берел кезеңi деп аталуы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты қойылған. Бұл қорымнан 40-тан астам обалар табылған.

Берел мәдениетiнiң бiр ерекшелiгi – жайпақ түптi қыш ыдыстардың таралуы болып табылады. Ыдыс жасаудың екi түрi бар. Оның бiрi – мойны қусырылып, кейде тiк болып келетiн құмыралар, ал екiншiсi – жатаған, жайпақ көзелер.