Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. .т. 4 чтв саб. ж. 2013-14.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.25 Кб
Скачать

Сынып: 6 «а». Сабақ №: 53 Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі адамдардың тұрмысы, болып өткен жаңалықтар туралы, археологиялық деректері туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық : Оқушыларды топпен жұмысістеуге үйрету, оларды мәселені топ, ұжым болып бірігіп шешуге дағдыландыру;

Тәрбиелік : Оқушыларды патриоттық, бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, қорытындылау.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Мұртты обалардың» қандай ерекшеліктері бар ?

  2. Құрылымы неге ұқсас болып келеді ?

  3. Не себепті «мұртты» деп аталып кетті ?

  4. «Мұртты обаларда» қандай заттар табылды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Солтүстік Қазақстанның табиғи ерекшеліктер.

  2. Зерттелуі.

  3. Тұрғындары.

III.Жаңа сабақ.

Солтүстiк Қазақстанға қазiргi Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола және Павлодар облысының солтүстiк бөлiгi жатады.

Солтүстiк Қазақстанда өзендер мен тұщы сулы көлдер мол. Сондықтан мұнда ерте кездерден берi халық балық аулаумен және егiншiлiкпен шұғылданады. Шүйгiн жайылымдар мен суаттардың өзара жақындығы емiн-еркiн көшiп жүруге қолайлы жағдай жасаған.

Қысқы жайылымдар оңтүстiкте орналасты. Әдетте, қар кеш жауып, ерте ерiп кететiн аймақ таңдалынады. Қыста жел соқпайтын жерлерге орналасу көзделдi. Жақын маңда қамыс болса, тiптi жақсы, өйткенi ол бораннан қорғаныш болып қана қой май, отын ретiнде де пайдаланылды. Жақын жерде мал суаратын суат болуы да ескерiлдi.

Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солтүстiк Қазақстанның тұрғындары егiншiлiк пен отырықшылықтан бiртiндеп көшпелi өмiр салтына ауыса бастаған. Осында табылған өнер үлгiлерi «аң стилiне» жатады. Бұлай аталуы аңдар мен жануарларды бейнелеуге байланысты шыққан. Ертедегi адамдар түйе- лердiң айқасы, шауып келе жатқан қасқыр, дала қыраны сияқты көрiнiстi бейнелеген.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазіргі кездегі Солтүстік Қазақстан аймағына қандай облыстар кіреді ?

  2. Табиғат жағдайлары қандай болды ?

  3. Табиғат жағдайлары жөнінен, ерте темір дәуіріндегі басқа да аймақтарымен салыстыру.

  4. Баспаналарын сипаттау, олар неден салынды ?

V. Бағалау: Серебренников А.:________; Шайкен Н.:__________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 20, оқу, мазмұндау.

Сынып: 6 «а». Сабақ №: 54 Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан тұрғындары, шаруашылығы, мал шаруашылығы, археологиялық ескерткіштер.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Солтүстік Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі тұрғындардың айналысқан шаруашылықтары, осы аумақта кездескен археологиялық ескерткіштерін қарастыра келе білім қалыптастыру;

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйрету, оларды мәселені топ, ұжым болып бірігіп шешуге дағдыландыру;

  • Оқушыларды патриоттық, бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, қорытындылау.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Солтүстік Қазақстан аумағындағы климаттық өзгерістер ?

  2. Табиғат жағдайларын сипаттандар.

  3. Ерте темір дәуірде өмір сүрген адамдар өз баспаналарын неден салды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ерте темір тұрғындары туралы мәлімет.

  2. Мал өсіру ерекшеліктері.

  3. Археологиялық ескерткіштер.

  4. Металл балқыту.

III.Жаңа сабақ.

Солтүстiк Қазақстан халқының тiршiлiгi туралы баяндайтын жазба деректер өте аз. Ертедегi грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, савроматтар «биiк таулардың бауырында» тұрған аргиппейлермен көршi болған. Мұнда әңгiме Орал таулары туралы болып отыр. Бұлардан шығысқа қарай исседондар орналасқан.

Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солтүстiк Қазақстанның тұрғындары егiншiлiк пен отырықшылықтан бiртiндеп көшпелi өмiр салтына ауыса бастаған. Осында табылған өнер үлгiлерi «аң стилiне» жатады. Ертедегi адамдар түйелердiң айқасы, шауып келе жатқан қасқыр, дала қыраны сияқты көрiнiстi бейнелеген.

Солтүстiктегi шаруашылықтың басым түрi көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығы болды. Шаруашылықта басты орында жылқы түлiгi тұрды. Қазақ даласында оқта-текте жұт болып тұрды. Жердi қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшiн тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6–8, кейде 10–12 жылда бiр қайталанып тұрды.

Жайық пен Ертiс өзендерi арасында сақ үлгiсiндегi мәдениет қалыптасуына Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетiнiң әсерi болған.

Тасмолалықтар сияқты олар да «мұртты» обаларға иесiмен бiрге атын қоса көмдi.

Сақтар заманының алғашқы кезеңiнiң бұл өңiрде жақсы зерттелгендерi мынандай обалар: Бiрлiк, Алыпқаш, Покровка, Бектеңiз. Бұл ескерт- кiштерден садақ жебелерi, жалпақ пышақтар, сыртында iлмешегi бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар т.б. заттар табылды.

Сақ дәуiрiнiң ерте кезеңiне жататын үш қоныс: Қарлыға, Бөркi және Кеңөткел зерттелдi.

Ерте темiр дәуiрiнде Қазақстан жерiнде түстi металл қорыту, өндiру iсi өте жақсы дамыды. Шығыс Еуропа жерiнен, Кавказдан Қазақстан жерiнде өндiрiлген металдан жасалған заттар табылды. Олар б. з. б. 3–1 ғасыр аралығын көрсетедi.