Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. .т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.23 Кб
Скачать

III. Жаңа сабақ.

Шығыс Қазақстан аумағының Алтай жағын ертеде аримаспылар, ал Тарбағатай бауарайын тиграхауда сақтары қоныстанған. Шығыс Қазақстанда Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырлаңған жері Шілікті ескерткіштері деп аталады. Шілікті ескерткіштерін 1960 жылдары профессор С. Черников зерттеген. Шілікті жазығында 200-дей ескерткіштер орналасқан. Оның 50-ден астамы патша немесе ақсүйектер ескерткіштері саналады. Қазақстан аумағындағы ең көне VІІІ ғасырға жататын патша жерлеу орны 3-Шілікті қорымдағы № 1 обадан ашылды.Бұл жәдігер тарихқа «Бәйгетөбе» деген атаумен енді. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінде б.з.д. V – ІV ғасырлар аралығын қамтитын кезеңнің Берел кезеңі деп атаймыз. Бұл қорымда 40 астам обалар табылған. Берел мәдениетінің ерекшелігі – жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы. Берел қорымдағы табылып жүрген заттардың қола металлынан заттар азайып, темір бұйымдар көбейе бастайды. Берел кезеңін археолог З. Самашев зерттеді.

Оңтүстік Қазақстандағы сақтардың ескерткіштері Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде кездеседі. Осы аймақтағы ең көне ескерткіштер Түгіскен мен Үйғарақ қорымдарынан кездеседі. Олар Арал теңізінің шығыс жағында орналасқан. Осы қорымдарының жасы б.з.д. VІІІ- V ғасырға жатады. Археолгиялыққазба жұмыстарыныңнәтижесінде Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда қалалар табылды. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Обалар саны 31. Үлкен Бесшатыр обасын «патша» қорғандары деп атайды. Қару-жарақ көп табылды – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар. Жалпы айтқанда Бесшатырды б.з.д. V-ІV ғасырға жатқызады. Оңтүстік Қазақстанның ерекшелігі ол «Алтын адамның» табылуы. Оны К. Ақышев археолог тапты.

Орталық Қазақстанның жер аумағы Қарағанды, Ақмола, жартылай Павлодар, облыстары мен Торғай өңірлерін қамтиды. Сарыарқадағы ерте темір ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуір ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған. Соған қоса осы аймаққа «мұртты» обалар жатады. «Мұрт» сияқты құрылыстың ұзындығы 10 метрден 30-40 метрге дейін созылады. Осы обалардың 4 түрі бар. Мұндай обалар түрі Солтүстік, Шығыс Қазақстан аймағынан, еліміздің оңтүстік өңірлерінен табыла бастады.

Жайық және Ертіс арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің әсері болған. Сақ заманының алғашқы кезеңінің Солтүстік Қазақстанда жақсы зерттелген обалар: Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз. Садақ жебелері, жалпақ пышақтар, қола айналар, қыш ыдыстар және т.б. заттар табылды. Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын Қарлыға, Бөркі және Кеңөткел қоныстары зерттелді. Есіл өзенінің оң жағалауында ерте темір дәуіріне Ақтау бекінісін зерттеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстан ерте темір дәуірі мәдениеттерінің ұқсастықтарын ата.

  2. «Мұртты» обалардың түрлері жайлы әңгімелендер.

  3. Сақ тайпаларының әйгілі археологиялық ескерткіштерін атандар.

  4. Шығыс Қазақстандағы обаларды қандай ғалымдар зерттеді.

V. Бағалау: Серебренников А.:________ Шайкен Н.:__________

VI. Үйге тапсырма: 14 параграф, оқу, сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер.

Сабақтың мақсаты:

  • Жетісуда шоғырланған Үйсін тайпалық бірлестігінің мемлекет құру ісі, мемлекеттің пайда болу ерекшеліг, шаруашылығы туралы түсіндіру;

  • Үйсіндер туралы жазба деректерден мәлімет бере отырып, білім деңгейін жоғарлату, ойлау қабілетін, қорытынды шығаруды дамыту;

  • Оқушыларға үйсіндер туралы әңгімелей отыра өз еілін, сүйетін азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Алтын киімді адам» Қазақстанның қай өңірінде табылды ?

  2. «Аң стиліндегі» бұйымдар Қазақстан аумағын қайдан келген болатын ?

  3. «Мұртты обалар» Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан ?

  4. Тасмола мәдениеті қай аймақта таралған ?

  5. Шыңыс Қазақстанның сақ кезеніндегі ескерткіштер ?

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Үйсіндер орналасқан жері.

  2. Үйсіндер туралы жазба деректер.

  3. Қоғамдық құрылысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ерте темір дәуірінде сақтардан кейін Жетісу жерін үйсін атты тайпалар мекендеген. Олар Орталық Азиядағы алғашқы этникалық бірлестерінің бірі. Үйсіндер Жетісу, Тянь-Шань, Қытайдың солтүстік-батыс, Тарбағатайда өз іздерін қалдырды. Жетісу еріндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде үйсіндердің антропологиялық жағынан еуропеидтық, ал бет пішінінде моңғолидтық белгілер барлығы анықталған.

Дерек түрі

Ақпарат

Ерте қытай деректері

«үйсіндер егіншілікпен, бау-бақшамен шұғылданбайды, шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді» «жерлері тегіс, шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Тауларында қылқан жапырақты ағаш көп өседі»

Сыма Цянь

«үйсіндердің басшысы гуньмо деп атайды. Оның әкесі сюннудың батыс шекараларындағы патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл жасаған кезде гуньмо туған. Әкесі оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістегенқарғалар оның үстінен айналып, ұшып жүрді. Ал қасқырлар оны еміздеген. Шанью (сюннулардың билеушісі) таңғалып, оны ғажайып нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсірді»

Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласнда тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерлерден тұрады.

Гуньмо

Бектер

Тайпа көсемдері мен Әскербасылар

Малшылар

Егіншілер