- •II Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •Мемлекет
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •Мемлекеті
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •Шаньюй Түменбасы
- •24 Руды басқарған. Түменбасыларды шаньюй өзі тағайындады.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III.Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сабақтың мақсаты:
Сақтардың жауынгерлік ерліктері, Кирмен , Дариймен соғысы, Шырақтың өз елін қорғаудағы ерліктері туралы баяндай отырып, күрес барысын, тарихи мәнін ашу;
Әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын дамыту;
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әділдікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын тексеру.
Сақтардың тұрмысы жайлы ежелгі деректерді қалдырған грек ғалымы ?
Сақтар өз баспаналарын қалай тасымалдады ?
Сақтардың өсірген негізгі мал түрлері ?
Сақтардың діни наным-сенімі қандай болды ?
Сақтардың қару-жарақ түрлерін атап шығындар ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Кир әскерінің басып кіруі.
Дарий І және Шырақтың ерлігі.
Александр Македонскийдің сақтармен күрес.
III. Жаңа сабақ.
Б.з.д. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парссы әскердері бсып кіре бастады. Осы кезде сақтарды Томирис атты патшайым биледі. Рим тарихшысы Помпей Трог «әйел болса да жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» жазды. Томирис парсылармен келіс-сөз жүргізуге бас тартты. Кирдің қулығына түскен Томирис патшайымының баласы Спаргапис қазақ табады. Оны естіген Томирис Кир әскеріне қарсы аттанады. Шайқас нәтижесінде Кирдің өзі қаза тауып, сақтар жеңіске жетеді. Кир қайтыс болған соң сақтарға қарсы парсы әскерлерін І Дарий атты патша бастайды. Сақ билеушісі Скунха жеңіліс тауып, парсылар Сырдариядан өтеді. Грек тарихшысы Полиэн Шырақ есімді адамның ерлігі туралы баяндайды: өз денесін жарақаттап, парсыларға өзінің сақ билеушісінен қорлығы туралы әңгімелейді. Парсы әскеріне жол көрсетемін деп оларды бастайды. Нәтижесінде сусыз шөлге апарады, оларға шындығын айтып ерлікпен қаза табады. І Дарий осы жорықта әскерденайырылып өз еліне қайта оралады. Бірақ ұзақ күрестің нәтижесінде сақтардың жерлерінің көбі парсыларға тиесілі болды.
Александр Македонский сақ жеріне б.з.д. IV ғ-дың 40 жылдарында баса көктеп кіре бастады. Орта Азия халықтарының А. Македонскийге ұарсы күресті Спитамен бастаған еді. Сақ-македон соғысы туралы грек тарихшысы Арриан мәлімет қалдырды.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сақтардың парсы жаулап алушыларға қарсы күресі туралы қандай деректер баяндайды ?
Сақ патшайымы Томирис туралы әңгіімелендер ?
Сақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне елеулі үлес қосқан батырлар ?
А. Македонскийдің жорығы қалай аяқталды ?
І Дарий жорығының нәтижесі ?
V. Бағалау: Серебренников А.:________; Шайкен Н.:__________.
VI. Үйге тапсырма: параграф 16 оқу.
Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Сақ мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Сақтардың мәдени мұралы, «Аң стилі»,Бесшатыр қорымы, «Алтын киімді адам» туралы кеңінен мәлімет бере отырып оқушылардың сақ тайпаларының мәдени деңгейі туралы білім қалыптстыру;
Әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын дамыту;
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әділдікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын тексеру.
Шырақ есімді адамның ерлігі туралы айтып беріндер ?
А. Македонский әскерлері сақ жерлеріне қай ғасырда келе бастайды ?
А. Македонскийдің сақ жерін жаулап алу туралы деректерді кім қалдырды ?
Рим тарихшысы Помпей Трог қай сақ патшайымының ерлігі туралы дерек қалдырды ?
Кир патшасының жорығының нәтижесі ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Сақтардың мәдени мұралары.
«Аң стилі».
«Мұртты обалар».
«Алтын киімді адам».
