- •9 Сынып. Қазақстан тарихы. Қозыбаев м. Т.Б Алматы: «Мектеп», 2005.-248бет:суретті.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •1929-1931 Жылдардағы көтерілістерге жалпы сипаттама
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
Қазақ КСР Конституциясында Қазақ КСР-нің саяси негізі-еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен жабдықтарына социалистік меншік болып табылатыны жарияланды.
Қазақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
Соғысқа дейінгі кезеңде экономиканың дамуы.
Сабақты бекіту:
«Иә-жоқ»
Пресс конференция
БҮҮ
Білгенім |
Үйренгенім |
Үйренгім келеді |
|
|
|
1936 жылы КСРО-ның 1937 жылы қазақ КСР-нің Конституциялары және олардағы Қазақатснның мемлекеттік мәртебесінің өзгеруі туралы ақпараттарды саралау.
Қазақ АКСР-нің одақтар республика болып қайта құрылуының қазақ халқының тарихында қандай маңызы болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §12.
9-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §13-14. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы. /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Соғыстың себеп-салдарын, барысын, кеңістігін, уақытын, нәтижесін анықтау; Ұлы Отан жылдарындағы қазақстандықтардың Отан қорғауға а ттану және ерлігі, Қазақстандықтардың еңбегі ерен істері , майданға көмек туралы терең білім беру.
Белсенділігін арттырып, тарихқа қызықтырубілімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, соғыс атаулыға жаны қас, ержүрек, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырмасы
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Пресс конференция»
1936 жылы КСРО-ның 1937 жылы қазақ КСР-нің Конституциялары және олардағы Қазақатснның мемлекеттік мәртебесінің өзгеруі туралы ақпараттарды саралау.
Қазақ АКСР-нің одақтар республика болып қайта құрылуының қазақ халқының тарихында қандай маңызы болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру.
Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда.
Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы.
Соғыс бағыты –Батыс
Майданға және басқыншылықтан азат етілген аудандарға бүкілхалықтық көмек.
Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар.
Себебі:
Сылтауы:
Мақсаты:
Уақыты:
Қозғаушы күші:
Кеңістігі:
Барысы:
Нәтижесі:
Тарихи маңызы:
1941 жылы 22 маусым күні Германияның КСРО территориясына басып кіруімен Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл соғыс Кеңес Одағы үшін “әділетті соғыс” болды ма?...
І дүниежүзілік соғыстан кейін Германияға әлемнің алпауыт елдері тарапынан әскери шектеулер мен әскери мамандар даярлауына тыйым салынды. Бірақ Сталин Кеңес Одағының территориясында оларға әскери дайындық жасауға рұқсат беріп, герман әскерінің күшеюіне қаржы мен көмегін аямады. Германия Сталиннің көмегінсіз жаппай қарулана да және Европаны талқандап, КСРО-ға шабуыл жасай да алмайтын еді.....
1933 жылы сайлауда Сталин Гитлердің билікке келуіне барлық жолды ашып берді.
Бірінші дүнижүзілік соғыс бітпей жатып, Ленин әлемде социализмді орнату үшін «...осындай соғыс қайтадан болады. Біз бір соғысты бітірдік, енді екіншісіне дайындалу керекпіз» деп әлемге соғыс туралы мәлімдеме жіберді.
КСРО-ның Германияға және Гитлерге тікелей қолдау көрсетуі “Герман мемлекеті бүкіл Европаға және әлемге жол ашатын кілт, біз сол арқылы әлемді басып аламыз” деген стратегиялық мақсатпен жалғасты....
ҰОС-на Кеңес басшыларының жыл бұрын дайындалғаны жөніндегі дәлелдер:
1941 жылы 23 маусымда бүкіл елге таратылған «Родина – мать зовет» атты плакаттар мен соғыстың барлық белгілері-символдары бір жыл бұрын дайындалды. Сондай-ақ «Священная война» өлеңі соғыстан бір жыл бұрын жазылып, тіпті «Войн – освободитель» атты монументальды белгі 1939 жылы қыркүйекте «Правда» газетінде жарияланды.
1940 жылы жазда «Барбаросса» жоспары жасалынбай тұрған кезде, Кеңес басшылығы Қызыл әскердің Германия мен Батыс Европаға шабуылын, осыдан кейін бірнеше жылдан соң Жапонияға шабуылын жоспарлап, оған 1939 жылы 19 тамызда Сталин День «М» жоспарын қабылдаған.
1939 жылдан бастап Қызыл Әскер қатарына құпия түрде жаппай адамдар алына бастады, бұл Германияға қарсы дайындық еді. 1940 жылдан Кеңестің барлық өнеркәсіп орындары соғысқа қару шығара бастады. Сталин 1939 жылы құпия түрде әскерге адам шақыру туралы бұйрық бере отырып, Екінші дүниежүзілік соғысты бастады деуге болады.
Сталиннің жоспары бойынша қабылданған құпия мобилизация жаппай сипат алғаны сонша оны жасыру мүмкін болмады. 1941жылы 6 шілдеде Сталиннің әлемді жаулап алу мақсатындағы жоспары Гитлерге алдын-ала мәлім болып, ол Сталинді екі аптаға алдын орап кетті. Осылайша ҰОС басталды.......
Ұлы Отан соғысы аяқталды: 1945ж.Ұлы Отан соғысы басталды: 1941ж.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтар саны: 500-ге жуық.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық партизандардың жалпы саны: 3,5 мың адам.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда жоғары оқу орындар саны: 20 жоғары оқу орны.
Ұлы Отан соысынан кейінгі жылдарда жалпыа бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қола алынды: 1949 жылы
Ұлы Отан соысынан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоары білім жүйесінде даярлауы басым мамандық: Педагог
Ұлы Отан соысынан кейінгі жылдарда мектептерге көмек көрсетуге қор жасау үшін ұйымдастырылан шара: Жексенбіліктер
Ұлы Отан соысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар: Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова
Ұлы Отан соысынан кейінгі жылдарда халық сирек қоныстанан аудандарда малшы балалары үшін салынды: Мектеп-интернаттар
Ұлы Отан тақырыбына жазан шыармалары оқырман көңілінен шыққан жазушы Бауыржан Момышұлы
Сабақты бекіту:
БҮҮ
Білгенім |
Үйренгенім |
Үйренгім келеді |
|
|
|
«Қазіргі дүниежүзі тарихынан» алған білімдеріңмен байланыстыра отырып, Кеңес Одағы үшін Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастары қай жерде, қай кезде болғанын естеріңе түсіріңдер.
Қазақстандықтар ол шайқастардың қайсысына қатысты?
Сталинград шайқасында Қазақ КСР-і қандай рөл атқарды?
Сол кездегі Кеңес адамдарының, түрлі ұлт өкілдерінің тығыз ынтымақтастықта болып, жауға бірлесіп соққы беруінің, отаншылдық сезімдерінің мол болуының себебі неде?
Бағалау:Үйге тапсырма: §13-14.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §19.Саяси қысым жағдайында.
Сабақтың мақсаты:
Компартия билеген тұста Қазақстан лагерлер өлкесіне айналып, онда жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккендігі, «Хрущев жылымығы» деп аталған кезең, ұлт зиялыларының қайта қудалануы туралы баяндау.
Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Базалық білім: Алаш орда партиясының қудалануы.1937 ж саяси қуғын –сүргін.
Сабақтың түрі: дәстірлі.
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Соғыстан кейінгі онжылдықта қалыптасқан саяси ахуал.
2.Коммутистік партия.
3.Кеңестер.Қоғамдық ұйымдар.
4.КСРО құрамындағы Қазақстанның жағдайы.
- Соғыстан кейінгі онжылдықта әкімшілік – әміршілік басқару жүйесінің дара билігі орнап, өктемдігі күшие түсті.Компартия мемлекеттік билікті және басқару органдарын түгел уысында ұстады.
Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам (таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады
Коммунистік қоғамда таптық айырмашылықтар, тауарлық өндіріс, мемлекет және оның зорлау аппараты жоқ, ол "әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің қажеттілігіне орай" қағидатына негізделген.
- 31-мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні. Жас ұрпақ халқының басына душар болған азап пен қорлықты сезіне білген қайраткерлерімізді танып-білу, оларды мақтан тұту міндетіміз. Бұл жағдайда елі үшін қабырғасы қайысып еңбек еткен, сондай әрекеттері үшін Мәскеу билеушілеріне ұнамай, өмірлері ерте қиылып кеткен Алаш азаматтарының өнегесі таудай тірек бола алады. Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ІІ ғасырдың алғашқы жылдарындағы аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейқанов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, С. Садуақасов, Т. Рұсқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында жүрген біртуар азаматтарды айтуға болады. 1930 ж. 2 қаңтарда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің екінші сессиясы “Қазақ елін отырықшылыққа айналдыру жолдары туралы” қаулы алды.
Сол сияқты және тоқтап кететін мәселе 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Қазір тарих бетін ақтарып қарасақ, қазақтар біздің ғасырдың 20-30 жылдарында да айдалада бостан босқа қырыла бермепті, саяси жүйеге қару алып күресіпті.Сталиннің бұғауына қарсы Қазақстанның шартарабында ашықтан ашық күреске шығыпты. Бірақ күштері тең келмепті. Титықтаған халықтың бір бөлігі амалсыз көніпті, бір бөлігі туған қонысын тастап, шетке ауып кетіпті. «1916 жылы 6 миллионға жеткен қазақтың 1933 жылы 2 миллионы ғана қалды. 1918-22 жылдардағы ашаршылық 1 миллион 700 мыңдай, 1932-33 жылдардағы ашаршылық 2 миллион 300 мыңға тарта кісінің өмірін жалмады. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекендері болды. Қазақстанда бұл жылдары 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, олардың 25 мыңы атылды. Сондай-ақ қазақ жеріне қуғын-сүргінге ұшыраған 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс отбасылары, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарын қоныстандырды. Сөйте тұра қазақ зиялылары кеңес кезiнде 99 пайыз атылғанда, жағдайды амалсыз салыстырасыз. Бiз неге советтiк саяси репрессияны қайта-қайта айтамыз? Себебi ол бiздiң ең бiр асылымызды, өршiл қайратымызды түбiрiмен қопарып тастады. Ұлт бетке шыққан қаймағынан айырылып қалды. Бiз осыны еске түсiре отырып, өткеннiң ащы сабағынан тағылым аламыз. Көнекөз қариялар түгiл, бүгiнгi жас толқын саяси қуғын-сүргiн десе, 1937 жыл десе, селт ете қалады. Жалпы жұртты былай қойғанда, әбден азап көрген Алаш қайраткерлерi тұқымының бiраз бөлiгi әлi күнге үн-түнсiз.
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §19.
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §20 . Республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту,экономиканы басқаруда өзгерістер еңгізуге тырысу,ауыр өнеркәсіптің дамуы, өнеркәсіптегі өндірушілік- шикізаттық бағыттың жалғасуы,экологиялық дағдарыс және оның салдары туралы,жалпы Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері туралы білім беру.
Экологиялық дағдарыстың пайда болу құбылысын айқындай отырып, қазіргі Қазақстанның өнеркәсібі мен экологиялық жағдайы туралы ой қорыту. Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Экологиялық мәдениетке тәрбие. Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Базалық білім: республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту, Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.
Тірек ұғымдар: Өнеркәсіптегі өндірушілік- шикізаттық бағыттың жалғасуы,Отын-энергетика кешені, металлургия, машина жасау, химия жасау,құрылыс ісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Өнеркәсіптегі өндірушілік- шикізаттық бағыттың жалғасуы;
2. Отын-энергетика кешені,
3.Металлургия, машина жасау, химия жасау.
4.Құрылыс ісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Республика өнеркәсібін қайта құру және дамыту.
-Отын-энергетика
кешені
жақсы дамыды.Қарағанды көмір бассейінінде
ондаған ірі шахталар мен байыту
фабрикалалары іске қосылды.Екібастұзда
ашық әдіспен өндірудің көлемі күрт
ұлғайды.1950 ж көмір шабу, қопару, және
оны вагондарға тиеу толық механикаландырылды.
Алматыда, Өскеменде, СЭС салынды.ЖЭС Жезқазғанда салынды.Бұқтырма СЭС –нің құрылысы аяқталды.Электр қуатын арттыруда техникалық жабдықталуы да едуір артты.Мұнай өндіру кәсіпорындарының өнімі аталған кезең ішінде 2,5 есе ұлғайды.
Металлургия, машина жасау, химия жасау.
Теміртауда Қазақ металлургия зауыты іске қосылды.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қуаты ұлғайтылды.
1947ж Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді.
Шымкент қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді.
1950ж ІІж Жезқазған кен байыту фабрикасы,Өскемен тау-кен машиналары жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын-мырыш комбинаты,Соколов –Сарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Ақтөбе хромқоспалары салынды.Қарағанды металлургия комбинаты республиканы ғана емес, Сібір,Орал,Орта Азияны металмен қамтамасыз етті.
Алматы ауыр машина жасау зауыты;
Шымкенттегі пресс-автомат,Көкшетаудағы мех-қ зауыттармен толықты.
1954-1962ж миграция энергетика, тасымал, құрылыс істерін дамытты.
1960ж Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат, Қостанайда жасанды талшық, Қарағандыда синтетикалық каучук,Ақтөбеде хром қосылыстары зауыты кеңейтілді.
Құрылыс ісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Қалалар өсіп, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады.
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §27
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §22. Ауыл шаруашылығының дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып, ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға жете түсіндіру.
Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Базалық білім: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалуы.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалуы.
2. Ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шаралар.
3. Демографиялық
4.Мал шаруашылығы
- Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалуы,
ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шаралар көптеп жүргізілді.
-Ауылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны өсті,1959 ж үлес салмағы 44%жетті.Қала тұрғындарының бұлай өсіне өнеркәсіптің, көлік түрлерінің, ғылым мен мәдениеттің жедел қарқынмен дамуы тікелей себеп болды.Ауыл тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қалаға ауысуы.Қазақстанда 15 қала,86 қала тәріздес поселке жаңадан салынды.темір жол, тас жолдары салынды.
-Зертеушілердің деректері:Топырақ эрозиясы күшейді.Жердің құнарлылығы желге ұшты.Мал жайылатын жер үлесі азайды.19 көлдің суы тартылды.Ауа-райы бұзылды.Экологиялық теңдікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті.
-Демографиялық дерек:1954 жылдан 1962ж 2 милн-ға жуық адам келді.1954-1955 ж Қазақстанға 0,5 адам қоныс аударды.Жұмысшылармен мамандарыд әкелу жалғаса берді.
-Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері: Тыңның материалдық-техникалық базасын нығайту, ауыл шаруашылығын қарқынды даму жолына түсіру керек делінді.МТС –дің техникасын сату, ауыл шаруашылығының өнімдерінің күрт төмендеуіне әкеп соқты.
-Мал шаруашылығы: Миллиондаған жер жыртылып, жайылымдар мен жем шөп дайындайтын алқаптардың көлемі азайды.Мал санының азйып, ет, сүт өнімдерінің азаюына әкеп соқты.
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §22.
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: § 25 . Қоғамдық – саяси қайшылықтар.
Сабақтың мақсаты:
Социалистік жолмен даму қайшылықтарының көріністері туралы түсініңк беру.КСРО –ның 1977ж,Қазақ КСР-нің 1978ж Конституциялары,түңілу психологиясы туралы баяндау.
Қоғам дамуындағы қайшылықтарды аша отырып, даму туралы ой қорыту.Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Демократизмге тәрбиелеу.Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Базалық білім: Соғыстан кейінгі онжылдықтардағы даму туралы мағлұматтар:1960ж ортасындағы халықаралық жағдай, кейбір елдердегі социализмге наразылық көріністері,Чехославакияда,польшада, Қытай Халық Республикасында болған оқиғалар.
Тірек ұғымдар:Тоқырау жылдары,КОКП билігінің КСРО конституциясында заңдандырылуы, КСРО –ның 1977ж,Қазақ КСР-нің 1978ж Конституциялары,түңілу психологиясы
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Тоқырау жылдарындағы КОКП-ның ішкі және сыртқа саясатының бағыттары.
2. КСРО –ның 1977ж,Қазақ КСР-нің 1978ж Конституциялары,
3. Түңілу психологиясы
Тоқырау жылдарындағы КОКП-ның ішкі және сыртқа саясатының бағыттары:
|
Ішкі, сыртқы саясаттың бағыттары |
Саяси бағыттарды жүзеге асыру үшін жасалып жатқан нақты әрекеттер |
Халықаралық қатынаста |
Ұлы державиялық үстемділікке ұмтылу |
Атом және сутек бомбаларын, құрлықаралық баллистикалық ракеталар жасап қарулы күштерге беру; |
Ел ішінде |
Ұлы орыстық шовинизм |
Келешекте «мемлекеттің жойылатыны», «ұлттардың мейлінше жақындастуы», «барлық ххалықтың бір тілде сөйлейтіні» туралы тезистерді насихаттау. |
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §25.
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §27 . Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай.Экологиялық дағдарыстардың көрініс беруі.
Сабақтың мақсаты:
Экономиканы басқаруда өзгерістер еңгізуге тырысу;ауыр өнеркәсіптің дамуы; өнеркәсіптегі өндірушілік- шикізаттық бағыттың жалғасуы;экологиялық дағдарыс және оның салдары туралы мәліметтер беру.
Өнеркәсіптегі өндірушілік- шикізаттық бағдар мен экологиялық дағдарыстың пайда болу құбылысын айқындай отырып, қазіргі Қазақстанның өнеркәсібі мен экологиялық жағдайы туралы ой қорыту. Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Экологиялық мәдениетке тәрбие. Демократизмге тәрбиелеу. Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Базалық білім: «Экономикалық реформаларға талпыныс.Әлеуметтік даму» дегенге сүйене отыру.
Тірек ұғымдар: Экономиканы басқаруда өзгерістер еңгізуге тырысу;ауыр өнеркәсіптің дамуы; өнеркәсіптегі өндірушілік- шикізаттық бағыттың жалғасуы;экологиялық дағдарыс.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Экономиканы басқаруда өзгерістер еңгізуге тырысу;ауыр өнеркәсіптің дамуы;
2.Өнеркәсіптегі өндірушілік- шикізаттық бағыттың жалғасуы;
3.Экологиялық дағдарыс.
Өзіндік жұмысын жүргізу:
1.Электр энергия.
2.Көмір, мұнай.
3. Металлургия.
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §27
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: § 28 . Ауыл шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Ауыл шаруашылығының басты екі саласы – егін және мал шаруашылығының жағдайы, шаруашылықты басқарумәселелері туралы баяндау; қазақ жастарын ауылда тұрақтандыру саясатының мәнін ашу:
Тұрғындардың ауылдар мен қала іргесіндегі елді мекендерге шоғырлану жағдайларының қоғамдық ілгерілеушілікке ықпалы туралы ой қорыту. Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Өркениеттілікке, ілгерілеушілікке тәрбиелеу. Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Базалық білім: Ауыл шаруашылығының 1946ж -1960ж ортасына дейінгі кезеңдегі дамуы, тың игеру, тың игерудің нәтижелері мен келеңсіз салдарлары туралы сипаттау.
Тірек ұғымдар: Ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үдерісі және оның барысы, ұзақ мерзімге арналған жоспарлар, үстеме ақы, өндірісті мамандандару,ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы социалистік жарыс, қой өсіруші комсомол – жастар бригадасы.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
-Ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үдерісі және оның барысы, ұзақ мерзімге арналған жоспарлар, үстеме ақы, өндірісті мамандандару,ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы социалистік жарыс, қой өсіруші комсомол – жастар бригадасы.
Егін шаруашылығын дамыту шаралары және олардың нәтижелері:
Егін шаруашылығын дамыту |
жетістіктер |
кемшіліктер |
|
|
|
|
|
|
Өзіндік жұмысын жүргізу:
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §28.
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: § 29. Әлеуметтік даму.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды тоқырау жылдарында қалыптасқан әлеуметтік –демографиялық ахуалмен, бұқараның тұрмыс жағдайларындағы өзгерістермен таныстыру және оларға тарихи шындық тұрғысынан баға беру.
Ұлттық демографиялық даму жағдайларына назар аудара отырып, компартияның әлеуметтік – демографиялық саясатының мәнін ашу. Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Отаншылдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.Өркениеттілікке, ілгерілеушілікке тәрбиелеу.
Базалық білім: 1957 жылдан 1960жлдардың ортасына дейінгі кезеңде жүргізілген реформалар және олардың сәтсіздікке ұшырауы,халық тұрмысында болған өзгерістер туралы.
Тірек ұғымдар: демографиялық саясат,кенттену,жергілікті ұлт өкілдерінің өнеркәсіпке тартылуы,ұлттық жұмысшы табы,ұлттық зиялы қауым өкілдерінің сапалық көрсеткіші,тұрмыс деңгейі,халық тұрмысындағы өрлеу және іркілістер үдерісі.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
Өзіндік жұмысын жүргізу;
Жергікті ұлт өкілдерінің қала тұрғындары
ішіндегі және өнеркәсіптегі үлесі:
Солтүстіктегі өнеркәсіпті қалалардағы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі |
Жергілікті ұлт өкілдерінің арасындағы жұмысшылардың үлесі |
Республика бойынша өнеркәсіпте істейтін қазақ жұмысшы-ң үлесі |
Жоғары білікті жұмысшылардың үлесі |
3% 15% ға дейін |
20% |
12% |
3% |
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §29
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §30 . Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым.
Сабақтың мақсаты:
1960 ж ортасынан 1980ж ортасына дейінгі кезеңдегі халыққа білім беру ісінің және ғылымның даму үдерістері және жеткен жетістіктері туралы мәлімет беру.
Қоғамдық ілгерілеушілікке ықпалы туралы ой қорыту. Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Отаншылдыққа тәрбиелеу.Ілгерілеушілікке тәрбиелеу. Тарихи сананы, ғылыми көзқарасты қалыптастыру.
Базалық білім: 1946ж ҚР Ғылым академиясының құрылуы,ғылыми –зерттеу мекемелері және жетістіктері.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Әдісі: өзіндік іздену.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
1960 ж ортасынан 1980ж ортасына дейінгі кезеңдегі халыққа білім беру ісі.
Ғылымның даму үдерістері және жеткен жетістіктері.
1970 жылы жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды.
1980 жылы жалпыға бірдей орта білім беру жүзеге асты деп жарияланды.
1986 жылы 10 қарашада “жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы” қаулы шықты.
Мектептерде еңбекке баулуға көп көңіл бөлінді.
1980 жылдар тұңғыш физика - математика мектебі жұмыс істеді.
Ғылыми жетістіктер
Д.В.Сокольский - катализаторлары электрохимиялық әдістермен зерттеуді тұңғыш батаушы.
У.М.Ахметсафин – академик гидрогеология және гидро физика ғылымын ұйымдастырушы.
М.А.Айтқожин – Өсімдік жасушаларындағы информасомалары тапқаны үшін марапатталған.
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: §30.
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §31 . Әдебиет пен өнер.
Сабақтың мақсаты:
Тоқырау жылдарының әдебиетіне шолу, жетістіктері мен іркілістерін ажырату, танымал жазушылардың танымды шығармаларын атау және олардың мазмұнымен таныстыру.
Көркемқөнердің салаларындағы (музыка, кино, театр)болып
жатқан жетістіктер туралы мәлімет беру,өнердің бағытына баға
беру.
Қоғамдық ілгерілеушілікке ықпалы туралы ой қорыту. Оқушыдардың өз бетінше қорытынды жасап, оқиғаларды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге, зерттеу әдістерін меңгертуге үйрету.
Эстетикалық тәрбие. Отаншылдыққа тәрбиелеу. Тарихи сананы, ғылыми көзқарасты қалыптастыру.
Базалық білім: 1960ж ортасына дейінгі көркем әдебиет пен өнердің дамуы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Көрнекілік:Қазақстанның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың барысы: Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақтың жоспары:
Әдебиеттерге шолу, жетістіктері мен іркілістерін ажырату,
Танымал жазушылардың танымды шығармалары
Көркемөнердің салаларындағы (музыка, кино, театр) жетістіктер туралы
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: § 31 .
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §32.1986ж желтоқсан оқиғасы.
Сабақтың мақсаты:
Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.Оқушыларды Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып көрсету.
Көрнекілігі: Лозунгтар: «Қанды желтоқсан жадымызда», «Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы», «Тарих қиянатты кешірмейді». Буклет. «Желтоқсан 1986 жыл», көрме бұрышы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Барысы:
Мұғалім:
- 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт – азаттық көтерілістерге шыққаны – осының дәлелі. Мұнан 19 жыл бұрын қазақ жерінде айтқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата – бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.Бүгінгі өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан – бұл біздің ортақ мақтанышымыз!
- «Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай, 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігі жарияланды.
- Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді.Тәуелсіздік жолында Абылай хан, М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы, К.Қасымұлы және қазақ батырлары қазақ елінің азаттығы үшін күрес жүргізді.Сол тәуелсіздік үшін күрес жолындағы қазақ тарихындағы соңғы күрес 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі.
Көрініс: «Сот залында»
(Қайраттың қолын кісендеп, екі адам алып келеді.Сот шешімі оқылады.
Үстел үстінде прокурор.Қайрат қарсы алдында отырады.)
- Туған елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Мұғалім: - Тәуелсіздік күні – Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні.Алғаш рет қазақ халқы өз тарихын өзі айқындап шешу мүмкіндігін алды.
Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты.
Желтоқсан оқиаларына қатысқан жастара таылан айдар «Ұлтшылдық»
Желтоқсан оқиаларына қатысқаны үшін жоары оқу орындарынан шыарылды:246 студент
Желтоқсан оқиаларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендердің саны 2 адам
Желтоқсан оқиаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны 8500-ге жуық
Желтоқсан оқиаларына қатысушылара қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйаруымен жасалан құпия жедел жоспар «Бұрқасын-86»
Желтоқсан оқиасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жігерлі жас, жалынды ақын Қ.Рысқұлбеков
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: § 32 .
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи деректер,тәуелсіздіктің тарихи маңызы мен халықаралық маңызы туралы терең білім беру. Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып көрсету.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.Ой - өрісі мен білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды құрметтуге үйрету.Оқушыларды Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Қазақсатнның саяси картасы.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Барысы:
Мұғалім:
Тарихи маңызы |
Халықаралық маңызы |
1.Қазақстанның тәуелісздігі –қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам жүргізілген күресінің нәтижесінде жүзеге асты. 2.Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен ұүтылды. 3.Ұлттық тіл,мәдениеті, дәстүр, мораль қайта жанданды, кедергісіз табиғи даму жолына түсті. 4.Шетелде түрлі себеппен қалып қойған қандастарымыздың оралуына жол ашылды. 5.Меншіктің көптүрлігіне негізделген нарықтық қатынастарға көшіп, экономикалық өрлеу жолына түсті. 6.Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған , зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет болып құрылды. 7.Азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдік сезілді. 8.Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. |
1.Еуропаның шығысы мен Азияның батысында демократиялық жаңару жолын қалаған жаңа мемлекет пайда болды. 2.Әлемдік қауымдастық жаңа демократияшыл күштермен толықтырылды. 3.Аумағында атом қаруы орналасқан мемлекет ретінде Қазақстанның сыртқы саясатындағы әр қадамына әлем саясатышылары көңіл бөліп отыр. |
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма;
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §41.Қазақстандық парламентаризм.1995 жылғы Конституция.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды саяси саналылыққа тәрбиелеу.
ә) Елін, жерін,тілін, әдет – ғұрпын құрметтейтін, өз Отаннын сүйетін тұлға қалыптастыру.
б) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.Оқушыларды Отаңды сүюге тәрбиелеу, бойларына патриоттық сезім ұялату, саяси мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекіліктері: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, ҚР картасы;
Тәрбиелік байланыс: Құқықтық тәрбие. Адамгершілік тәрбиесі.Ақыл – ой тәрбиесі.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Барысы:
- Конституция - біздің еліміздің Ата заңымыз деп айтамыз. Адам қоғамы заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Демократиялы елде мыңдап саналатын заңдар жұмыс істейді. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
Конституция – біздің құқығымызды айқындайтын басты құжат. Конституция – қоғамның негізгі тәртібін бекітетін мемлекеттің ең басты заңы деп те айтамыз. 1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекетіміз Тәуелсіздік алды.
Бейбітшілікті мақсат еткен мемлекет өзінің басты құжатында ұлттар достығына, шетелдермен татулық мәселелеріне, демократиялық қоғам құруға ерекше көңіл бөлді. Осы уақыт ішінде Конституция уақыт тезінен өтіп, еліміз құқықтық, зайырлы, демократиялық, әлеуметтік мемлекет ретінде әлемге танылды.
Еліміздің Ата заңында мемлекеттің басты құндылығы халық деп көрсетілген. Яғни азаматтардың құқығы, бостандығы ерекше назарда. Тәуелсіз еліміздің алғашқы заңы 1993 жылы қабылданды. Араға екі жыл салып, Ата заң бүкілхалықтық референдумда қайта бекітілді. Осылайша өзінің мемлекеттігін айқындаған Республика демократиялық қоғамның негізін қалады. - Елдің Тәуелсіздігіне сай заң – Конституция қабылдау қажет болды. 1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды.Үш жүйелі мемлекеттік биліктің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан татулығы жарасқан, ішкі, сыртқы саясаты тұрақты елге айналды. Алыс-жақын шетелдердің арасында беделі артып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына басшылық етуге қол жеткізді. Қазақстанның Конституциялық тарихына көз салсақ, мемлекетіміздің бірнеше жазба Конституциясы болған екен. соның біріншісі – 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалисттік Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы); ол кезде қазақтарды қырғыз деп атағаны тарихтан мәлім. Ал одан кейінгі Конституция 1937 жылғы 26 наурыздағы Қазақ ССР-нің Конституциясы болып табылады. Үшіншісі – 1978 жылығы 20 сәуірдегі Қазақ ССР-ның Конституциясы болса, төртіншісі 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы екендігі белгілі. Қазір қолданыстағы 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы Ата Заң ретінде тарихқа нық еніп отыр.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткізіліп, жаңа Конституция өз күшіне енді. Бұл Конституция бойынша Қазақстан өзінің президенттік басқару түріндегі зайырлы, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітіп отыр.
Негізгі Заң – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қарғаудағы ең басты тетік болып саналады. Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының ең басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы делінген. Осыған сәйкес ешкі де адам өмірін, бостандығын шектей алмайды. Қазіргі уақытта айтылып жүрген өлім жазасына мараторий жариялау, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру осы қағиданы қолдау болмақ. Еліміздегі және шетелдік сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Конституциясы алдыңғы үлгідегі, демократиялық принциптерге сай жаңашыл Конституция. Әлемдік қауымдастықты толыққанды мүшесі болу, өркениетті елдер қатарына қосылу, еліміздегі шын мәніндегі азаматтық қоғам құру – халықтың және мемлекеттің алдында тұрған мақсаттардың бірі және негізгісі.
Конституцияның қабылдануы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында маңызды әрі шешуші оқиға болды. Осы жылдары, қазақ елі – демократиялы, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Еліміздің негізгі заңы қазақ мемлекеттілігінің жаңа бетін ашып, нарықтық экономикасы бар әлеуметтік бағыттағы мемлекет құруға, демократиялық жанаруларды жүргізуге негіз болды.
1995 жылдан бастап Конституция күні мемлекеттік мерекеміз болып саналады. Биыл да мерекеге орай, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясына 15 жыл. Еліміздің Ата Заңы демократиялық реформалардың негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат
Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Конституцияның маңызды ерекшілігі – ол бір жаынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады.
Бейбітшілікті мақсат еткен мемлекет өзінің басты құжатында ұлттар достығына, шетелдермен татулық мәселелеріне, демократиялық қоғам құруға ерекше көңіл бөлді. Осы уақыт ішінде Конституция уақыт тезінен өтіп, еліміз құқықтық, зайырлы, демократиялық, әлеуметтік мемлекет ретінде әлемгетанылды.
Бұған бәріміз үлес қосып, бірлік бар жерде - береке, татулық бар жерде - табыс, ынтымақ бар жерде - ырыс бар екенін әсте ұмытпауымыз керек.
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма: § 41 .
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы:Экономикалық даму:Нарықтық қатынастардың орнығуы.
Сабақтың мақсаты:
а) Экономикалық реформа, нарық және нарықтық қатынастар,нарықтық серіктестіктер, нарықтық экономикаға көшудің обьективтік қажеттігі туралы мағлұматтар беру.Ұлттық валютаны еңгізудің маңыздылығын ашып көрсету.
ә) Елін, жерін,тілін, әдет – ғұрпын құрметтейтін, өз Отаннын сүйетін тұлға қалыптастыру.
б) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.Оқушыларды Отаңды сүюге тәрбиелеу, бойларына патриоттық сезім ұялату, саяси мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды саяси саналылыққа тәрбиелеу.Демократизмге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ҚР саяси картасы;
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Жаңа сабақ жоспары:
1.Нарық туралы түсінік.
2.Нарық- экономиканың негізі.
3.Нарықтық экономикаға көшудің қажеттілігі.
4.Экономикалық реформалардың маңызы.
5.Ұлттық валютаны еңгізудің маңызы.
Барысы:
Нарық дегеніміз- өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардың, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынас, олардың өзара тығыз байланысы.Нарық- экономиканың негізі..Нарықтық экономикаға көшудің қажеттілігі туды.
Экономикалық реформалар маңызды.Ұлттық валютаны еңгізудің маңызы кеңейтілді.
Нарық адамдарға тиімді еңбек етеуге, ынтымаққа, бірлікке бағыттайды.Ғылыми –техникалық ілгерушілікті одан әрі дамытады. Еңбек өнімділігі де арта түседі.Өнімді бәсекеге түсуге жетелейді.
Ұлттық валютаны еңгізу әлеуметтік –рухани маңызды.
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма;
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
9-сынып.Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары.
Сабақтың мақсаты:
а) Экономикалық реформа, нарық және нарықтық қатынастар,нарықтық серіктестіктер, нарықтық экономикаға көшудің обьективтік қажеттігі туралы мағлұматтар беру.Ұлттық валютаны еңгізудің маңыздылығын ашып көрсету.
ә) Елін, жерін,тілін, әдет – ғұрпын құрметтейтін, өз Отаннын сүйетін тұлға қалыптастыру.
б) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.Оқушыларды Отаңды сүюге тәрбиелеу, бойларына патриоттық сезім ұялату, саяси мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды саяси саналылыққа тәрбиелеу.Демократизмге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ҚР саяси картасы;
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Үйге тапсырма, бағалау
VI Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
Жаңа сабақ жоспары:
Жекешелендіру.
Демографиялық ахуал.
Халық тұрмысы.
Барысы:
Жекешелендіру кезеңдері:
|
Жекешелендірілген нышандар: |
1991ж І кезең |
3500 кооператив 15000 шағын кәсіпорын. 11000фремерлік және жеке шаруа қожалығы. 7000 кәсіпорын,5000 –ға жуық сауда оырндары. 160 банк. 37 биржа. |
1994ж ІІ кезең |
90%жетті. 500000 жеке бизнесшілерден тұратын кәсіпкерлер табы құрылды. |
ІІ кезеңде отбасына 100 купон алып, кәсіпорындар иелігіне құю керек болды.
-Демографиялық ахуал.
1 |
Республика халық саны:1997жылы 190 мың адамға жетті. |
2 |
Туу кофиценті 19,1-14,7 ге түсті. |
3 |
1999ж санақ бойынша 15 милн,қазақтар үлесі- 53% |
4 |
1999ж қалада 55%, 45% ауылда тұрды. |
5 |
1997ж 1 шілдеде қазақ үлесі-50% |
Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер
Сабақты бекіту:
Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану кезеңдерін атаңдар?
Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстануы кезеңіндегі көші-қон процесінің рөлі қандай болды?
Қоныс аудару қалай жүргізілді?
Қоныс аударушылардың басым көбі қандай облыстарға орналастырылды?
Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстануы кезеңіндегі көші-қон процесінің рөлі қандай болды?
Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану кезеңдерін атаңдар?
Бекіту;
Бағалау;Сабақты бекіту;
Үйге тапсырма;
Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
