- •9 Сынып. Қазақстан тарихы. Қозыбаев м. Т.Б Алматы: «Мектеп», 2005.-248бет:суретті.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •1929-1931 Жылдардағы көтерілістерге жалпы сипаттама
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақтың жоспары
- •IV. Сабақты бекіту:
- •V. Бағалау:
9 Сынып. Қазақстан тарихы. Қозыбаев м. Т.Б Алматы: «Мектеп», 2005.-248бет:суретті.
9-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1-2
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының тарихи мәнін түсінуге көмектесу. Әбден титығына жеткен, елдігінен айырылуға аз- ақ қалған, барар жер басар тауы жоқ күн туған соң амалсыздан алысуға бел байлаған халық тарихта жиі кездесе бермейді. Сондықтан бұл оқиға бірегей ерліктің ерекше көрінісі екендігін оқушыларға жете түсіндіру керек. Көтерілістің халықтық мәнін ашу;
Оқушыларды ерлікке, елін, жерін, туған отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
8-сынпта өлілген материалдарды қайталау.
Жаңа сабақтың жоспары:
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918 жж).
Көтерілістің себептері және басталуы
Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.
Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
Торғайдағы көтеріліс орталығы
Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері және тарихи маңызы
ХІХ ғ Қазақстан үшін Ресей империасына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді.Жалпы Ресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды.
Шаруалардың жерінің аздығы, олардың меншікке байланысты бөлшектенуі, елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы, халықтың кедейлене түсуі, «бұратана» деп аталған халықтардың ұлттық езілуі сияқты факторлар да Ресейді етектен тартты.
ХХғ басында капиатлистік елдер арасындағы қайшылықтар күшие түсті.Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөліскісі келді.38 мемлекет қатысқан дүниежүзілік соғысқа әкеп соқты.
«Қазақ» газетінде Ә.Бөкейхановтың «Тағы соғыс» деген ақаласы басылды. Онда автор соғыстың әділетсіз екендігін, күшті мемлкеттер тарапынан зорлық саясат жүргізіп, отырғанын дәлелдеді. Ол «Бұл соғыстан жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар.ХХ ғ Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»- деп жазды.
1913ж А.Байтұрсынұлы: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», деп жазды.
1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер А.Байтұрсынұлы.
1916ж 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа
19-43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс еді.
Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
М.Дулатов осы туралы: «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» деген.
1916ж 23 тамызда генерал-гебернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа алудан босатылғандар:болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары, полициялық шенділер, имамдар және т.б.
Ырғыз,Торғай уезінде дала ақсүйектернің 9 өкілі хан көтерді. 4 қазы сайланды.
Шерубай-Нұра болысында – Нұрлан Қияшев, Қарашақ болысында Оспан Шоңов хан болып жарияланды.Верныйға – Б.Әшкеев сайланды.
1916 ж Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазғандар: А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,М.Дулатов.
Сабақты бекіту:
Қозғалыстың себептерін талдап түсіндіріңдер, қозғаушы күштерін дәлелді анықтаңдар.
Тарихта бұл қозғалыстың ұлт-азаттық қозғалыс ретінде сипатталуына қандай негіз бар?
1916 жылғы қозғалыстың ХІХ ғасырдағы қазақтар көтірілістерінен айырмашылықтары қандай ?
Ұлт – азаттық қозғалысының Жетісу және Торғай орталықтарында болған оқиғаларын салыстыра отырып сипаттама беріңдер.
Патша отаршылдарының көтерісшілерге қарсы күрес тәсілдері мен жазалау шараларына баға беоіңдер.
1916 жылғы қозғалыстың маңызы туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Қазақ демократтарының ұстанымдарына баға беріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1-2
9-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
Сабақтың мақсаты:
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қар\тынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
Оқушы санасындағы отаншылдық қасиеттерді оята отырып, Қазақстанның ХХ ғасыр бойындағы қоғамдық өмірдегі орнын көрсету;
Оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізер әсерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қозғалыстың себептерін талдап түсіндіріңдер, қозғаушы күштерін дәлелді анықтаңдар.
Тарихта бұл қозғалыстың ұлт-азаттық қозғалыс ретінде сипатталуына қандай негіз бар?
1916 жылғы қозғалыстың ХІХ ғасырдағы қазақтар көтірілістерінен айырмашылықтары қандай ? Ұлт – азаттық қозғалысының Жетісу және Торғай орталықтарында болған оқиғаларын салыстыра отырып сипаттама беріңдер.
Патша отаршылдарының көтерісшілерге қарсы күрес тәсілдері мен жазалау шараларына баға беоіңдер.
1916 жылғы қозғалыстың маңызы туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар.
Қазақ демократтарының ұстанымдарына баға беріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
Ақпан ревалюциясының Қазақстанға ісері.
Тыл жұмысындағыоардың қайтіп келуі және олардың ревалюциялық үрдіске ықпалы.
1917 жылғы Ақпан ревалюциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар.
