2.10. Су қорлары
Қазіргі кезеңде су энергиясы қазып алынатын отын түрлерімен бірге электр энергиясының маңызды бір көзіне айналып отыр. Ағынды сулардың кинетикалық энергиясы орасан зор. Жер бетіндегі барлық ағын сулардың энергиясы толық пайдаланылатын болса, онда жылына 33000 млрд. кВт*сағ электр энергиясын өндіруге болады. Әрине, бұл мүмкін емес. Ғылыми болжамдарға қарағанда, әр түрлі технологиялык және энергетикалық себептерге байланысты, бұл энергияның тек 25%-ін ғана іске жаратуға болады. Мұның өзі бүгінгі таңда дүние жүзі электр станцияларында өндіріліп отырған электр энергиясы көлемінен екі еседей артық. Бірақ дүние жүзі елдері осыншама ұшан-теңіз энергияның не бары 5%-ін ғана пайдаланып отыр.
Дүние жүзі су энергиясының қоры мен оны пайдалану шамасы 2.6 кестеде келтірілген.
2.6
к е с т е
Дүние жүзіндегі cу энергиясына бай елдер: ҚХР (дүние жүзі қорының 13,5%), ТМД (11%), АҚШ (7,2%), Заир (5,5%) және Бразилия (5,3%).
Ағын сулар мен өзендер жер бетінде біркелкі орналаспағаны белгілі, осыған байланысты әр елдің потенциалды су қоры да әp түрлі. Мысалы, табиғи су энергиясы қорларына бай — Норвегия мемлекеті, оның әр-бір тұрғынына ағынды судың 13 000 Вт энергиясы келеді екен, АҚШ-та 800 Вт, ал Қанадада 130 Вт-тан аспайды.
Су энергиясының мөлшері ағыс күшіне тікелей байланысты. Ал су ағысының күшеюі жер бедеріне, яғни жердің ылдилығы мен өрлігіне, жауын - шашын мөлшеріне тәуелді. Деректерге қарағанда, құрлықтың 800 мың км2 теңіз деңгейінен төмен, ал 150 млн. км2 теңіз бетінен жоғары жатыр. Осы себепті, барлық бұлақ, өзен сулары, еңіс орналасқан көл, теңіз, мұхит аңғарларына қарай ағады. Өзен суларының көлемі мен ағу шапшаңдығына қарай олардың энергия қуатының мөлшері анықталады.
ТМД су энергия қорына өте бай, онда барлық су энергия қорын пайдалана отырып, 4000 млрд. кВт*сағ электр энергиясын өндіруге болады. Су энергиясының техникалық потенциалы 2100 кВт*сағ, ал пайдалануға тиімді экономикалық потенциалы 1095 млрд. кВт*сағ. Бұл дүние жүзі су энергия қорының экономикалық потенциалының 12%-і.
ТМД жерінде су энергия қоры бірқалыпты орналаспаған. Барлық электр энергиясын тұтынушылардың 70%- ға жуығы орналасқан ТМД-ның Европалық бөлігінде барлық су қорының 18,4%-і ғана бар. Егер де осы су энергиясын пайдаланатын болсақ, онда ТМД-ның Европалық бөлігінде 200 млрд. кВт*сағ электр энергиясын өндіруге болады. Сібір өзендері суын пайдалану арқылы жылына 420 млрд. кВт*сағ электр энергиясын (38,5%), ТМД-ның шығысында 300 млрд. кВт*сағ (27,4%), Орта Азия мен Қазақстанда 180 млрд. кВт*сағ (15,7%) электр энергиясын өндіруге болады.
1980 жылы ТМД су электр станцияларында 183,0 млрд. кВт*сағ электр энергиясы өндірілді. Барлық су қорының 16,7%-і ғана пайдаланылып өндірілген осы энергия мөлшері—өндірілген барлық электр энергиясының 14%-і ТМД-ның көптеген жерлерінде ұзақ жылдар бойы су қорлары электр энергиясын өндірудің бір ғана көзі болды. Электр энергиясын өндіру үшін пайдалануға жарамды органикалық отынның мол қоры табылып, атом электр станцияларын салу қарқынды жүргізіліп отырған қазіргі кезеңнің өзінде, жеке аудандарды электр энергиясымен жабдықтауда су энергиясының алар орны ерекше. Су энергия корының отын-энергетика корына қарағанда өте бағалы экономикалық ерекшелігі — олар табиғатта өздігінен қайта толықтырылып отырады.
