2.3. Энергия қорларының мөлшері
Адамзаттың энергияға деген мұқтаждығы негізінен органикалық отынды пайдалану арқылы қанағаттандырылуына байланысты, осы органикалық отын түрлерінің жер қойнауындағы қоры, оның орналасуы, оны өндіру және пайдалану туралы мәліметтерді инженер-электриктің толығырақ білгені абзал.
Органикалық
отын түрлерінің бойындағы энергия
мөлшері
төмендегі 2.3 кестеде келтірілген.
Дүние жүзінің отын-энергетика байлығын зерттеп, оның мөлшерін анықтауға көптеген ірі ғылыми коллективтер мен халықаралық ұйымдар үлес қосуда. Солардың ішінде, өнеркәсібі дамыған елдер мен дамушы елдерді біріктіретін Дүниежүзілік энергетика конференциясының жұмысын атап өткен жөн. Дүниежүзілік энергетика конференциясы (МИРЭК — мировая энергетическая конференция) жер көлеміндегі энергетика қорларын зерттеп, қорытынды жасап, ол жөніндегі мәліметтерді мемлекеттерге таратады. Соңғы кезде дүние жүзі энергетика балансында мұнай мен газдың орнына көмір мен ядролық отынды көбірек пайдалану қажеттігі айтылуда.
Көмірді дүние жүзі энергетикасында кеңінен пайдалану қажеттігі мына себептерге байланысты: біріншіден, тас көмір мен қоңыр көмірдің жер қыртысындағы қоры көп жағдайда мұнай мен табиғи газ қорынан асып түседі; екіншіден, көмір географиялық жағынан алғанда кең тараған және оның көптеген мемлекеттерде мол қоры бар; үшіншіден, Чернобыль атом электр станциясында болған апатқа дейін атом энергетикасын жылдам дамыту көзделген болатын. Соның өзінде атом электр станциялары жуық арада энергияға деген сұраныс пен оны канағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы үйлеспеушілікті жоя алмайтын еді. Ал Чернобыльдағы авариядан кейін дүние жүзінде атом энергиясын пайдалану қарқыны төмендеп отыр.
Көмір. Жер бетінде үш мыңнан аса көмір кені бар. Көмір барлық құрлықтардан, тіпті Антрактидадағы қалың мұз қабатының астынан да табылған. Көмір қоры құрлықтарда біркелкі орналаспаған (2.2 сурет): Азияда—63%, Америкада —27%, Европада—6%, Австралияда—2,5%, Африкада 1,5%. Көмірдің негізгі қоры ТМД, АҚШ және Қытайда орналасқан. Планета бойынша есептелген тас көмірдің 86%-і, ал қоңыр көмірдің 94%-і осы елдердің еншісіне тиеді екен. ТМД-да барлық көмір қорының 53,1%-і, АҚШ-та—27,2, Қытайда—9,4, ал Европада (ТМД-ны қоспағанда)—5,6%-і бар.
Бүгінгі күні барлық өндірілетін қатты отын мөлшерінің төрттен бір бөлігі ТМД-ның, 17%-і АҚШ-тың, ал 13%-і Қытайдың үлесіне тиеді.
Қазіргі уақыттағы техника мен технология жердегі бар көмірдің 50%-ін экономикалық тұрғыдан тиімді түрде өндіру мүмкіндігін туғызып отыр.
Адамдарға көмір кен орындары тым ертеден белгілі. Біздің жыл санауымыздан он ғасыр бұрын көмір шахталары Қытайда жұмыс істеген. Атақты ғалым Аристотельдің айтуынша, біздің эрамыздан төрт ғасыр бұрын Греция мен Италияда да көмір өндірісі болған көрінеді.Ұлыбритания жерінде көмір өндіріліп, оны тұрмыста пайдалану XII ғасырда басталған. Ол кездегі адамдар көмірді мыс қорытуға немесе қыштан жасалған ыдыстарды кептіруге т.б. тіршілік қажеттеріне пайдаланған болатын. Ал кейінірек ағылшын королі Эдуард көмірді тек ұсталар ғана пайдалансын деген бұйрық берген көрінеді.
Көмір кен орындарын іздестіру жұмыстары Ресейде XVII ғасырда жүргізіле бастады. 1721 жылы кен іздеуші Г. Капустин Дон өзенінің бойынан бірнеше көмір кендерінің көздерін ашты. Дон, Кузнецк тағы басқа жерлерден мол көмір қорлары ашылды, Осы кезде Петр жанатын отын корын одан әрі іздестіру жайында жазған алғашқы бұйрығы шығып, кен іздестіру жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізіле бастады.
Көмір — ең арзан энергия көзі. Адамзат көмірді ұзақ жылдар бойы тек отын есебінде ғана пайдаланды, ал қазіргі кезеңде көмір энергетикада және технологиялық әрі химиялық шикізат ретінде кең колданылады.
Физикалық, химиялық және биологиялык өзгерістердің нәтижесінде жер койнауында көмірдің бірнеше түрі (лигниттер, коңыр және тас көмірлер) пайда болған. Олардың энергетикалык сапасы әр түрлі болады. Төменгі сапалы коңыр көмір негізінен отын, энергия көзі ретінде пайдаланылса, жоғарғы сапалы тас көмір металлургия және химия өндірісінде шикізат ретінде қолданылады. Казір дүние жүзінде шойын мен болат корыту мөлшері едәуір өсті, ал олар үшін сапалы көмір аса кажет. Қазір бұл сала үшін барлық көмір өнімінің 25%-і жұмсалып отыр. Металлургия өндірісінде көмірден жартылай кокс алу технологиясы игерілген. Көмірді ауасыз ортада 500—600°С-қа дейін қыздыру арқылы кокс, қара май, тағы басқа шикізаттар өндіріледі.
Қазіргі уақытта химия өндірісінде көмірді өңдеу арқылы 350-ден астам зат алынады. Олардың ішінде синтетикалық бензин, май түрлері, әр түрлі бояулар, пластмассалар, дәрі-дәрмектер т.б. бар. Аспирин, сульфидин, новокаин, стрептоцид сияқты дәрілермен емделетін адамдар, олардың тас көмірден алынатынын білмейтін де болар.
Miнe, осы аздаған мысалдардың өзінен де тас көмірдің тек энергетикада ғана емес, сонымен бірге халық шаруашылығының басқа да салаларында кеңінен пайдаланылатын құнды шикізат екенін көруге болады.
Планетамызда көмір мөлшері 50 млрд. т шамасында болатын жеті аса ірі көмір кен орындары ашылған, ал олардың бесеуі ТМД-да орналасқан.
ТМД-да көмір өндіру жылдан жылға өсуде. Қазіргі уақытта ең куатты, әрі ең ерте игерілген кен орны — Донбасс. Онда жылына 200 млн. т көмір өндіріледі. Екінші орында тұрған Кузбасс—150 млн. т, Қарағанды мен Екібастұзда—130 млн. т, ал енді ғана дамып келе жатқан Канск-Ачинскіде—140 млн. т-дан аса көмір өндіріледі.
Көмір кендері Тәуелсіз Мемлекеттер жерінде біркелкі орналаспаған. Қазіргі уақытта барлық өндірілген көмірдің 50%-і оның Европалық бөлігінің үлесіне тиюде. Барлық көмір кенінің 90%-і орналасқан Орал тауының шығысындағы көмір кендерін игерудің келешегі аса мол.
