Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электрмен жабдытау конс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2.2 Электр жүйелерінің негізгі элементтерінің қиыстырмалық жасалынуы

Электр тораптарын жобалап, эксплуатациялағанда, олардың жұмысын талдағанда желілер мен ҚС жалғау сұлбалары маңызды роль атқарады. Сенімді және тиімді электрмен жабдықтаудың талап ететін сапасын қамтамасыз ету маңызды дәрежеде желілер мен ҚС жалғауларының пайдаланатын сұлбаларынан тәуелді.

Сұлбаларды таңдау желілер мен ҚС қиыстырмалық жасалынуынан, желілердің ұзақтығы және олармен берілетін жүктеме қуатынан, тораптан қоректенетін тұтынушылардың сипатынан және оларға электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша қойылатын талаптардан және т.б.

тәуелді . Төменде желілер мен ҚС жалғауларының кейбір типтік сұлбалары туралы мәліметтер келтірілген.

Электр тораптары келесі коммутациялық аппараттармен жабдықталады: 1000 В дейінгі кернеулер үшін – шаппалармен (рубильниками), балқыма сақтандырғыштар мен автоматтармен, одан жоғары кернеулер үшін – ажыратқыштармен, айырғыштармен, бөлгіштермен және балқыма сақтандырғыштармен. Шаппалар, автоматтар, ажыратқыштар тізбектерді оперативті қосып – ағыту үшін арналған. Айырғыштар мен бөлгіштер тізбектерді қосып – ағытуға жүктеменің салыстырмалы аз токтарында (бірнеше амперден артық емес), 15 А аспайтын күштік трансформаторлардың бос жүріс токтары немесе жүктеме токтарында мүмкіндік береді. Төменгі кернеу тізбектері асқын жүктелу мен қысқа тұйықтауларда автоматты түрде сақтандырғыштар және автоматтармен ағытылады. Жоғары кернеу тізбектерінде бұл мақсатпен релелік қорғаныспен жабдықталған ажыратқыштар, ал салыстырмалы аз токтарда сақтандырғыштар

қолданылады.

Электр тораптарының құнын, түрлі – түсті металдар мен болаттың оларды құруға кететін шығынын төмендету үшін олардың сенімділігін көтеретін автоматты құрылғылармен жабдықталған тораптардың қарапайым сұлбалары қолданылады.

Тұйықталмаған резервтелмеген электр тораптарының сұлбалары ең қарапайым және арзан болып табылады. 2.2 сур. кернеуі 10 кВ сондай тораптың сұлбасы келтірілген, «А» қорек көзі жағынан ол релелік қорғанысы бар Q ажыратқышымен жабдықталған. Т1 және Т2 күштік трансформаторлары FV1 және FV2 балқыма сақтандырғыштарымен қорғалған. Желінің әр айланы

2.2 суреті- Тұйықталмаған резервтелмеген электр торабының сұлбасы

SQ1, SQ2, SQ3, SQ4 айырғыштары арқылы қосылады. Бұл сұлбаның маңызды кемшілігі - в-г бас айланы ағытылғанда осы желіге қосылған тұтынушылар зақымды жойғанға дейін қоректен айырылады.

Тұйықталмаған резервтелмеген электр тораптары жауапкершілігі аз тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін жүктемесі коммуналды – тұрмыстық ауылдық аудандардың таратушы тораптарында қолданылады. Электрмен жабдықтаудың үзіліс ұзақтығының азаюы күрделі емес шаралардың есебінен болады: тростарды ілуден, АҚҚ қолданудан, жөндеу жұмыстарын кернеу барда жасаудан. АЖ бір фазасы зақымдалғанда уақытша екі фазамен жұмыс атқару мүмкіндігі бар. Тұйықталмаған резервтелмеген электр тораптарын кернеуі 110 кВ, ал кейде 220 кВ қоректендіруші желілерде қолданады.

Тұйықталмаған резервтелген және тұйықталған электр тораптарының сұлбалары жауапты тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін қолданады. Тұйықталмаған немесе тұйықталған сұлбаларды құру тиімділігі туралы мәселе техникалық-экономикалық есептердің негізінде шешіледі. ҚС жабдығының құны және бірінші кезекте ажыратқыштардың құны тораптың сұлбасын таңдауға маңызды әсер жасайды. Осыған байланысты қазіргі кезде кернеуі 110 – 220 кВ тораптарда ҚС жоғары кернеу жағында ажыратқыштар жоқ немесе ажыратқыштардың шектелген саны бар ҚС қарапайым сұлбалары кеңінен тараған. Бірақ ҚС қарапайым және арзан сұлбаларын қолдану релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларына маңызды үлкен талап қояды. Бір қатар жағдайларда ҚС қарапайым сұлбалары бар резервтелген тораптарды қорғау және эксплуатациялау күрделенеді, ал электрмен жабдықтаудың сенімділігі төмендейді.

Тұйықталмаған резервтелген электр тораптары жағдайында бір бағытта әдетте екі желіні жүргізеді. 2.3 сур. екі трансформатор орналасқан бір ҚС қоректендірудің қарапайым сұлбалары бейнеленген.

Қалыпты жағдайда желілер мен трансформаторлар бөлек жұмыс атқарады, әр тізбек өзінің жүктемесін қоректендіреді. Тізбектердің біреуі зақымдалғанда ол екі жақтан В ажыратқыштарымен ағытылады және тиісті жүктеменің қорегі уақытша тоқтайды. Трансформатордың біріншіреттік немесе екіншіреттік жағындағы ВС секциялық ажыратқышты қосатын резервті автоматты қосу құрылғысы (РАҚ) лезде іске қосылады. Осыдан кейін тұтынушылардың қорегі толық қалпына келеді (егер трансформаторлардың қуаты жеткілікті болса). Электрмен жабдықтаудағы үзіліс қорғаныстың зақымдалған тізбекті ағыту және РАҚ құрылғысы ВС ажыратқышын қосу уақытына тең, яғни 2...3 с артық емес. Сұлба РАҚ құрылғысыз да жұмыс істейді. Онда ВС ажыратқышының орнына қалыпты ағытулы тұрған Р айырғыштарын пайдаланады. Мұнда тұтынушылардың қорегін оперативтік қызметкерлер қолмен қалпына келтіреді, бұл мәнді көп уақытты талап етеді, әсіресе ҚС – да кезекші қызметкерлер болмаса, оперативтік бригада тиісті орынға барғанша 1 ... 2 сағат уақыт өтеді. 2.3, б, сур. бейнеленген тораптың сұлбасы 2.3, а сур. сұлбамен салыстырғанда аз аппаратураны қажет етеді және олай болса ол арзан болады. Бірақ бұл сұлбаның релелік қорғанысы күрделі болып келеді; бір қатар жағдайларда 2,3, б сур. сұлбасындағы қорғаныстың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қосымша аппараттарды – қысқа тұйықтағыштарды және т.б. қосады.

Бір бағытта орналасқан бірнеше ҚС үшін өтпелі магистральдардың сөлбалары қолданылады. 2.4 сур. қорек көзінің шиналарынан шыққан электр торабының екі желісі салынған. Оларға үш төмендеткіш ҚС қосылған. Түсінікті болу үшін барлық ҚС сұлбалары әртүрлі. 1ші ҚС трансформаторлары торапқа ажыратқыштар арқылы, 2ші ҚС трансформаторлары ажыратқыштарсыз арзандау сұлбамен қосылған. 2ші ҚС – да релелік қорғаныстың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін К3 қысқа тұйықтағыштары мен О бөлгіштері орнатылған.

2.3 суреті – Тармақталмаған резервтелген тораптардың сұлбалары, а – жоғары кернеу жағында РАҚ бар сұлба; б – төменгі кернеу жағында РАҚ бар сұлба

Мысалы Л1 желісі зақымдалған болса, ол қорек көзінің шиналарында В1 ажыратқышымен және барлық ҚС екіншіреттік кернеуі жағында В2 ажыратқыштарымен ағытылады. ВС секциялық ажыратқышында РАҚ құрылғысы жұмыс атқарады және барлық тұтынушылардың қорегі қалпына келеді. Қарастырылып отырған сұлба бойынша желілерге қосылған ҚС саны 2 -3 асса, тораптың эксплуатациясы қиындайды, ал оның жұмысының сенімділігі төмендейді. Бұл жиі зақымдалатын торап айландарының үлкен санымен байланысты. Одан басқа, олар жөндеуден өту керек. Сонымен бірге айландардың біреуі жөндеуде болса немесе зақымдалса, тиісті желі толық ағытылу керек.