Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электрмен жабдытау конс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2.27 Суреті – Кабельдердің арматурасы және оларды төсеу тәсілдері

а – жабық галереядағы ток өткізгіш; б –10 кВ фазалары ыдыраған иілетін ашық ток өткізгіш; в оқшаулағыштары бар ток өткізгіш; г тармақтары болтпен қосылған 1 кВ дейінгі шиналық жиынтық; д – өндірістік ғимараттың ішіндегі ток өткізгіш; е – қабырғалардағы тұзақтардағы оқшауланған сымдар; ж – ғимараттың қабырғасындағы кабель; з – еденнің арнасындағы кабельдер

2.28 Суреті - Өндірістік кәсіпорындардың ток өткізгіштері және ішкі электр тораптары

2.6 Ток өткізгіштер және ішкі электр тораптары

Өндірістік кәсіпорындардың ток өткізгіштері 20 кВ дейінгі кернеулерде 100 және 1000 А токтарын жеткізу үшін кеңінен қолданылады. 6–20 кВ жоғары кернеу ток өткізгіштерімен электрэнергия қорек көздерінен (жылуэлектрорталықтары немесе бас төмендетуші ҚС) цех ҚС және бөлек қуатты электрқабылдағыштарына жеткізіледі. U<1 кВ төменгі кернеу ток өткізгіштері өндірістік кәсіпорындардың цех ішіндегі тораптар.

Жоғары кернеу ток өткізгіштерін жабық галереяларда немесе туннельдерде (2.28, а сур.) немесе шиналық көпірлер және ілінетін икемді ток өткізгіштері түрінде жүргізеді (2.28, б сур.). 6–20 кВ сыртқы ток өткізгіштерін оқшауланбаған бір – немесе көпталды сымдардан жасайды. 2.28, б сур. өзгертілген АЖ болып табылатын осындай ашық ток өткізгіш салынған: 1 –реактивтік кедергіні төмендету үшін бірнеше сымнан жасалған ток өткізгіштің фазалары; 2 –технологиялық арналымдағы эстакадамен біріктірілген темірбетон немесе болат тірек; 3 – технологиялық құбыр өткізгіштері.

Цехтар ішіндегі ток өткізгіштерін әдетте алю­миний шиналарынан жасайды. Датқа қауіпті жағдайларда немесе жоғары икемділік қажет болғанда мыс шиналарын қолданады. Кейде шиналар оқшаулағыштардың көмегімен бекітіледі және оларды Иногда шины укрепляются с помощью изоляторов и помещаются в закрытый кожух для защиты от механи­калық зақымдар мен шаңнан және т.б. қорғау үшін жабық қаптамаға орналастырады (2.28, в сур., мұнда 1 – қаптама; 2 шина; 3 оқшаулағыштар). 2.28, д сур. өндірістік ғимараттың ішіндегі показан магистралды ток өткізгіші көрсетілген: 1 – ток өткізгіштің қаптамасы; 2 тірек; 3асылғы; 4 таратушы құрылғы.

2.28, г сур. оқшауланбаған шиналардан 1, ағытпалы болат қалбырдан 2 және шиналарды оқшаулайтын төсемдерден тұратын 1 кВ дейінгі ток өткізгішінің қарапайым қиыстырмасы келтірілген. Ток өткізгіштің қысқыштары 4 шиналардан кернеуді алғанда тармақтарды электрқабылдағыштарға болтпен қосуға арналған. 2,28, г сур. көрсетілгеннен басқа арнаулы ағытпалы түйіспелері бар тармақтық қорабтары орнатылған ток өткізгіштер қолданылады. Соңғылардың көмегімен ток өткізгіштен кернеуді алмай, бірақ ағытылған қабылдағышта, қабылдағыштарды қосуға болады.

Ішкі электр тораптары ғимараттардың ішінде орналасады және оқшауланған сымдар мен шнурлармен, кабель және ток өткізгіштерімен жасалынады. Оқшауламасы резина және пластмасса сымдары ашық ауада және тұрғынжайлардың ішінде қозғалмайтын төсемде күштік және жарықтандырушы қондырғылардың энергиясын таратуға, ал кейбір маркалардың сымдары құбырларда ашық немесе сылақтың астында тартқанда және электрқозғалтқыштарын қоректендіргенде, өндірістік және лабораториялық тасымалы аппараттар мен аспаптарды қосуға арналған. Жалғайтын шнурлар әртүрлі тұрмыстық предназначены для присоединения различных бы­товых электр машиналарын, аспаптарын, радиоаппаратураны, телевизорларды және басқа жылжитын және жылжымайтын қондырғыларды кернеуі 0,66 кВ айнымалы токтың электр тораптарына қосуға арналған.

Ішкі тораптардың тартылымдары ашық және жабықтарға бөлінеді. Ашық тартылымдар қабырғалардың, төбелердің беттерімен, фермалармен және т.б. жасалынады. Оларға оқшаулағыштарда бекітілген немесе қабырғаларға бекітілген болат астауларда төселген оқшауланған сымдар, (2.28, е сур.), қапсырмалардағы кабельдер (2.28, ж сур.) және ток өткізгіштері жатады.

Жабық тартылымдарды қабырғалардың, едендердің, жаппалардың ішінде жүргізеді. Аумасатын жабық тартылымдар – зақымдалғанда құрылыс қиыстырмаларын бұзбай ауыстыруға болатын әртүрлі құбырлардағы, арналардағы сымдар мен кабельдер (2.28, з сур.). Аумаспайтын жабық тартылымдарды құрылыс қиыстырмасының, мысалы сылақ қабатының астында, денесінде қатаң жауып тастайды. Олар зақымдалғанда құрылыс қиыстырмасын бұзу керек немесе жабық тартылымды ашыққа ауыстыру керек.