Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электрмен жабдытау конс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2.25 Суреті – Оқшаулағыштардың сүйемелдейітін, керетін гирляндалары және желілік арматура

Салынуының шектеулі беріктілігі бар қысқыштар 500 кВ АЖ – де қолданылады. Үзілгенде сым қысқышта сырғанайды, бұл аралық тіректің бойлық жүктемесін азайтады. Бірақ 500 кВ желілерін эксплуатациялау тәжірибесі көрсеткендей, салынуының шектеулі беріктілігі бар қысқыштарды пайдаланудың нәтижесі қанағаттанарлық емес [12].

Анкерлік тіректерде сымдарды керетін қысқыштардың көмегімен қатаң бекітеді. Бір фазаның сымдары бір – бірімен гирляндалардың астында еркін салбыраған тұзақ немесе шлейф түріндегі сымның қиындысымен электрлік жалғанған (2.12, 2.19 сур.). Керетін қысқыштардың бірнеше типтері бар: болттық – қимасы 35–500 мм2 сымдар үшін; престелетін – қимасы 300 мм2 және жоғары болаталюминий сымдары үшін; сыналық – болат тростарын ілу үшін. Керетін қысқыштарда сымдар мен тростарды бекіту қысатын тәлі (плашка) және болттардың көмегімен, сымда қысқыштың бөліктерін престеумен және тросты қысқыштың денесі мен сынаның арасында трос бойындағы керудің әсерімен жасалынады. Болттық қысқыштар (2.25, г сур.) тұрқыдан 1, плашкалардан 2, гайкалары 3 бар керетін болттардан және алюминийден жасалған төсемдерден 4 тұрады. Престелетін қысқыштар (2.25, д сур.) l1 ұзындығында сымның болат өзекшесі престелетін болат ан­керден 7 және l2 ұзындығында өткін жағынан сымның алюминий бөлігі, ал l ұзындығында шлейф престелетін алюминий тұрқыдан 2 тұрады.

Өндіріс сымдарды белгілі ұзындығы бар қиындылар түрінде шығарады. АЖ – де сымдардың бұл қиындыларын бір – бірімен овалды және престелетінге бөлінетін жалғағыштардың көмегімен жалғайды.

Овалды жалғағыштар (2.25,е,ж сур.) қимасы 185 мм2 дейін сымдар үшін қолданылады. Оларда сымдар айқасып салынады, содан кейін арнаулы қысқыштардың көмегімен жалғағыш қысылады (2.25, е сур.). Қимасы 95 мм2 дейінгі болаталюминий сымдары бұрау әдісімен жалғағыштарда бекітіледі (2.25, ж сур.).

Престелетін жалғағыштар қимасы 240 мм2 және жоғары сымдар мен барлық қималардағы болат тростарды жалғау үшін пайдаланылады. Болаталюминий сымдар үшін бұл қысқыштар екі құбыршалардан тұрады: біреуі – ішкі болат талсымдарды жалғауға арналған болаттан және басқасы – біріншінің үстінен салынатын және сыртқы алюминий талсымдарын жалғауға арналған алюминийден тұрады (2.25, з сур.).

АЖ сымдарына қысқыштарға жақын жүктері бар дірілді басушылар немесе демпферлік тұзақтар ілінеді, оларды қолдану дірілді азайтып, сымның сынуын болдырмайды. Басушы болат троспен 2 жалғанған екі шойын жүктен 1 тұрады (2.25, и сур.). Басушылардың өзіндік тербелістерінің жиілігі сымдікінен көп есе аз, соның нәтижесінде соңғының дірілі азаяды. Қимасы аз Для алюминий және болаталюминий сымдар үшін дірілдерден қорғаныс сол сымның маркасынан жасалған демпферлік тұзақтың 1 көмегімен жүргізіледі. Тұзақ оқшаулағыштардың 4 ілінетін гирляндасының сүйемелдейтін қысқышының 3 екі жағынан болттық қысқыштармен 2 сымға бекітіледі (2.25, к сур.).

ВЛ 330–750 кВ АЖ сымдарында кергіштер 1 (2.25, л сур.) ыдыраған фазаның сымдарын бір – бірінен алшақ ұстау үшін қолданылады.

2.5 Кабельдердің қиыстырмалары және кабель желілері

Күштік кабельдер бір – бірінен және жерден оқшауламамен бөлінген бір немесе бірнеше ток өткізетін талсымдардан тұрады. Оқшауламаның бетінен оны ылғал, қышқыл және механикалық зақымдардан сақтау үшін қорғаныс қабығын және қорғаныс қабаты бар болат таспа сауытын салады. Әдетте ток өткізетін талсымдарды алюминийден бірсымды (қимасы 16 мм2 дейін) және көпсымды жасайды. Талсымдары мыс кабельдерді қолдану тек арнаулы жағдайларда, мысалы жарылыс қаупі бар тұрғынжайларда, газ және шаң бойынша қаупі бар шахталарда қарастырылады. 1 кВ дейінгі айнымалы токта төртталсымды кабельдер қолданылады, төртінші нөлдік талсымның қимасы негізгілерден аз. 35 кВ дейінгі айнымалы токтың тораптарында кабельдер – үшталсымды, 110 кВ және жоғары кернеудің кабельдері – бірталсымды. Тұрақты токта бір – және екіталсымды кабельдер қолданылады.

Оқшаулама ток өткізетін талсымдарға таспа түрінде салынатын минералды маймен қаныққан кабель қағазынан жасалынады. Кабельдерді тік және күрт көлбеу трассаларда төсегенде кабель бойында қаныққан құрамның жылжуы мүмкін. Сондықтан мұндай трассалар үшін оқшауламасы жұтатып қаныққан және ақпайтын қаныққан құрамы бар кабельдер жасалынады. Оқшауламасы резина немесе полиэтилен кабельдер де жасалынады.

Оқшауламаның сыртынан оны ылғал мен ауадан сақтау үшін салынатын қорғаныс қабықтары қорғасын, алюминий және поливинилхлорид болады. Қабығы алюминий кабельдерді кеңінен қолдану ұсынылады. Қорғасын қабығындағы кабельдерді су астында, көмір және тақта тас (сланец) шахталарында, өте қауіпті белсенді даттанатын орталарда төсеу қарастырылған. Қалған жағдайларда қорғасын қабығындағы кабельдерді таңдауды арнайы техникалық негіздеу керек.

а –1 кВ дейінгі төртталды; б –1–10 кВ қаныққан қағаз оқшауламасымен; в, г –белдік оқшауламасы және экрандалған немесе қорғасындалған тармақтары бар кабельдегі электр өрісі; д – 20 –35 кВ кернеуіне есептелген; е –110–220 кВ төменгі қысымда май толтырылған; ж –220 кВ жоғары қысымда май толтырылған