- •Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және оның деңгейін көтеретін құралдар
- •10 КВ кернеуінің екі секциясы
- •Реактивтік қуатты қатарлас қосылған конденсаторлармен өтемдеу қағидасы
- •Қуат коэффициентін көтеру
- •Электр тораптары және жүйелері
- •2.1 Электр тораптарының арналымы және жіктелуі
- •2.2 Электр жүйелерінің негізгі элементтерінің қиыстырмалық жасалынуы
- •2.4 Суреті – Бірнеше тұтынушыларды қоректендіретін тұйықталмаған резервтелген торап
- •2.5 Суреті – Тұйықталған (сақиналы) тораптың сұлбасы
- •2.6 Суреті – Екі жақтан қоректенетін тораптың сұлбасы
- •2.8 Суреті – Тұзақтық таратушы тораптың сұлбасы
- •2.9 Суреті – Электр және жылу энергияларын өндіру, тарату және тұтынудың сұлбалары
- •2.3 Белгілеу жүйесі
- •2.11 Суреті - Белгілеу жүйесіне түсіндірме
- •Полная мощность одной фазы
- •Вопросы для самопроверки
- •2.4 Электрберіліс желілерінің қиыстырмалары
- •2.4.1 Аэбж қиыстырмалық элементтері
- •2.4.2 Аж сымдары және тростар
- •2.13 Суреті – аж сымдарының қиыстырмалары
- •2.4.3 Аж тіректері
- •2.14 Суреті – аж анкерлік өткінінің және темір жолмен қиылысындағы өткінінің сұлбасы
- •2.12 Суреті – Біртізбекті желінің аралық метал тірегі
- •2.15 Суреті – Бұрыштық тіректер: 1 – тіректің аяқтары; 2 – траверса; 3 – тұзақ
- •2.16 Суреті – Біртізбекті желі сымдарының транспозиция циклы
- •2.17 Суреті – Сымдар мен тростардың тіректерде орналасуы
- •2.18 Суреті – Аралық ағаш тіректері: а - 6-10 кВ бірсырықты; б- 110 кВ ендірілген байланыстары бар п-тәрізді.
- •2.19 Суреті – Ағаш анкерлік бұрыштық біртізбекті еркін тұрған тірек
- •2.20 Суреті – Метал тіректер
- •2.21 Суреті – Металдан жасалған еркін тұрған екітізбекті тіректер: а – аралық 220 кВ; б –анкерлік бұрыштық 110 кВ (2.20,б сур.).
- •2.22 Суреті – Аралық темірбетон еркін орналасқан біртізбекті тіректер: а – 6–10 кВ ұшты оқшауламаларымен; б –35 кВ; в–110 кВ; г – 220 кВ
- •2.23 Суреті – Аралық темірбетон тіректері: а – бірсырықты еркін тұрған екітізбекті 110 кВ; б – порталды тартылған біртізбекті 500 кВ
- •2.4.4 Оқшаулағыштар және желілік арматура
- •2 .24 Суреті – ұшты және ілінетін оқшаулағыштар: а –ұшты 6-10 кВ, б – ұшты 20-35 кВ, в – тарелка типті ілінетін
- •2.25 Суреті – Оқшаулағыштардың сүйемелдейітін, керетін гирляндалары және желілік арматура
- •2.5 Кабельдердің қиыстырмалары және кабель желілері
- •2.26 Суреті - Күштік кабельдер
- •2.27 Суреті – Кабельдердің арматурасы және оларды төсеу тәсілдері
- •2.28 Суреті - Өндірістік кәсіпорындардың ток өткізгіштері және ішкі электр тораптары
- •2.6 Ток өткізгіштер және ішкі электр тораптары
2.20 Суреті – Метал тіректер
1150 кВ желілерінде нақты жағдайларда пайдалану үшін тіректер қиыстырмаларының бір қатары – порталды, V- тәріздес, вант траверсасы бар ойластырып жасалынды. 1150 кВ желілері үшін аралық тіректердің негізгі типі сымдары жатық орналасқан керудегі V- тәріздес тіректер.
2.21 Суреті – Металдан жасалған еркін тұрған екітізбекті тіректер: а – аралық 220 кВ; б –анкерлік бұрыштық 110 кВ (2.20,б сур.).
Темірбетон тіректерінің қызмет мерзімі ағаш тіректерінен ұзақ, оларға метал тіректеріне қарағанда аз метал кетеді, қызмет көрсетуде қарапайым және сондықтан 500 кВ дейінгі желілерде кеңінен қолданылады. Темірбетон тіректерін жасағанда бетонның қажетті тығыздығын қамтамасыз ету үшін дірілмен тығыздау және центрифуга қолданылады. Дірілмен тығыздау әртүрлі дірілдеуіштермен және діріл столдарында жүргізіледі.
2.22 Суреті – Аралық темірбетон еркін орналасқан біртізбекті тіректер: а – 6–10 кВ ұшты оқшауламаларымен; б –35 кВ; в–110 кВ; г – 220 кВ
Центрифугалау бетонды өте жақсы тығыздайды және арнаулы машиналар – центрифугаларды қажет етеді. 110 кВ және жоғары АЖ – де тіректердің сырықтары мен порталды тіректердің траверсалары - центрифугаланған құбырлар, конустық немесе цилиндрлік. 35 кВ АЖ – де сырықтар – центрифугаланған немесе діріл бетоннан, ал кернеуі төмендеу АЖ үшін – тек діріл бетонынан жасалады. Бірсырықты тіректердің траверсалары – мырышталған метал. 6–10 кВ және 35–220 кВ АЖ бірсырықты тіректері еркін тұрған (аралық, 2.22, 2. 23, а сур.) және керуде болады (анкерлік бұрыштық). Еркін және керуде тұрған порталды тіректер 330–500 кВ АЖ – де қолданылады (1.23,б сур.). 500 кВ АЖ – ң әр фазасының сымы үшке ыдыратылған.
2.23 Суреті – Аралық темірбетон тіректері: а – бірсырықты еркін тұрған екітізбекті 110 кВ; б – порталды тартылған біртізбекті 500 кВ
Электр тораптарының 35–500 кВ АЖ - де метал және темірбетон тіректерінің қиыстырмалары үшін бірыңғайлау (унификация) жүргізілген. Нәтижесінде тіректердің типтері, қиыстырмалары және бөлшектерінің саны азайды. Бұл тіректерді зауыттарда сериямен шығаруға мүмкіндік берді, ол өз кезегінде желілерді құруды арзандатты.
2.4.4 Оқшаулағыштар және желілік арматура
Желілік оқшаулағыштар АЖ және электр станциялары және ҚС таратушы құрылғыларының сымдарын оқшаулап – бекітуге арналған. Олар фарфордан немесе ... шыныдан жасалады. Қиыстырмасы бойынша оқшаулағыштар ұшты және ілінетінге бөлінеді.
Ұшты оқшаулағыштар кернеуі 1 кВ дейін және 6-35 кВ АЖ – де қолданылады (35 кВ – сирек және қималары аз сымдар үшін). 6-10 кВ номиналды және төмен кернеуге оқшаулағыштарды бірэлементті (2.24, а сур.), ал 20-35 кВ - екіэлементті (2.24, б сур.) етіп дайындайды. Оқшаулағыштың шартты белгісінде әріп пен сандар белгілейді: Ш – ұшты (штыревой); Ф (С)–фарфор (шыны); сан – номиналды кернеу, кВ; соңғы әріп А, Б, В – оқшаулағыштың жасалынуы
2 .24 Суреті – ұшты және ілінетін оқшаулағыштар: а –ұшты 6-10 кВ, б – ұшты 20-35 кВ, в – тарелка типті ілінетін
Тарелка типті ілінетін оқшаулағыш кернеуі 35 кВ және жоғары АЖ – де кеңінен тараған. Ілінетін оқшаулағыштар (2.24, в сур.) фарфор немесе шыны оқшаулағыш бөлшектен және қалпақ 2 және сырықтың 3 цемент байланысымен 4 оқшаулайтын бөлікті жалғайтын метал бөлшектерінен тұрады. 2.24, в суретінде қалыпты жасалған фарфор оқшаулағыш көрсетілген. Атмосферасы лас аудандарда АЖ үшін жоғарылатылған разрядтық сипаттамалары мен ақыба жолының көбейген ұзындығы бар ласқа төзімді жасалған оқшаулағыштардың қиыстырмалары ойластырып жасалынған. Оқшаулағыштың шартты белгісінде әріптер мен сандардың белгісі көрсетеді: П– ілінетін (подвесной); Ф (С)– фарфор (шыны); Г– лас аудандар үшін; сан – оқшаулағыштың класы, кН; А, Б, В – оқшаулағыштың жасалынуы.
Ілінетін оқшаулағыштарды сүйемелдейтін және керілетін гирляндаларға (2.25, а, б сур.) жинайды. Біріншілерді аралық тіректерде, екіншілерін анкерлік тіректерде монтаждайды. Гирляндадағы оқшаулағыштардың саны желінің кернеуінен тәуелді. Мысалы, тіректері метал және темірбетон 35 кВ АЖ – де 3 оқшаулағыш болу керек; 110 кВ – 6 – 8, 220 кВ –10 -14 және т. б. [12].
Ұшты оқшаулағыштар тіректерде ілгіштер 5 (2,25, а сур.) немесе ұштардың (1.11, а сур.) көмегімен бекітіледі. Егер жоғары сенімділік қажет болса, анкерлік тіректерге бір емес, екі тіпте үш ұшты оқшаулағышты қондырады.
Сымдарды оқшаулағыштарға және оқшаулағыштарды тіректерге бекітуге қолданылатын желілік арматура келесі негізгі түрлерге бөлінеді: ілінетін оқшаулағыштардың гирляндаларында сымдарды бекітуге қолданылатын қысқыштар; гирляндаларды тіректерде ілу үшін және көптізбекті гирляндаларды бір – бірімен жалғау үшін қолданылатын ілгіш арматура және сымдар мен тростарды өткінде жалғайтын жалғағыштар.
Ілгіш арматура қапсырмадан (скоба), сырға және құлақшалардан тұрады. Қапсырма гирлянданы тіректің траверсасына немесе траверсада бекітілген бөлшектерге бекітуге арналған. Оқшаулағыштардың сүйемелдейтін гирляндасы (2.25, а сур.) аралық тіректің траверсасында сырғаның көмегімен бекітіледі 1 (немесе 5 2.25, б сур.). Сырға 1 бір жағынан траверсадағы қапсырмамен немесе бөлшекпен, басқа жағынан жоғарғы оқшаулағыштың қалпағына енгізіледі 2. Гирлянданың төменгі оқшаулағышының 3 құлақшасына сым 5 орналасқан сүйемелдейтін қысқыш 4 бекітілген.
Сымдар мен тростарды ілінетін оқшаулағыштардың гирляндаларында бекітетін қысқыштар аралық тіректерде ілінетін сүйемелдейтіндерге және анкерлік типтік тіректерде қолданылатын керетіндерге бөлінеді. Бекіту беріктілігі бойынша қысқыштарды сүйемелдейтін сымдар қатаңдарға және шектелген беріктілігі барға бөлінеді. Қатаң қысқыш 2.25, в сур. көрсетілген. Қысатын болттар 1 плашка арқылы 2 қысқыштың тұрқына («қайықшаға») қысады 3 және оны бір жақтан кергенде орнында ұстап қалады. Сым мен трос өткіннің біреуінде үзілгенде әдетте қысқыштан шықпайды және үзілмей қалған сым немесе тростың керілуі аралық тірекке беріледі. Қатаң қысқыштар – қазіргі уақытта 35–500 кВ АЖ – де қолданылатын қысқыштардың негізгі типі.
а – қысқышы қатаң оқшаулағыштардың сүйемелдейтін гирляндасы; б – қысқышы болт оқшаулағыштардың керетін гирляндасы; в – қатаң сүйемелдейтін қысқыш; г – болтты керетін қысқыш; д – престелетін керетін қысқыш; е, ж – қысатын және бұрайтын овалды жалғағыштар; з - престелетін жалғағыш; и – керетін және сүйемелдейтін қысқыштарда дірілді басатындарды ілу; к – демпферлік тұзақ; л – кергіштер
