Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электрмен жабдытау конс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2.16 Суреті – Біртізбекті желі сымдарының транспозиция циклы

Сымдар мен жайтартқыш тростардың ең кең тараған орналасулары 2.16 сур. бейнеленген. Сымдардың үшбұрышпен орналасуын (2.6, а сур.) 20 кВ АЖ және тіректері метал және темірбетон біртізбекті 35–330 кВ АЖ қолданады. Сымдардың жатық орналасуын (2.17,б сур.) тіректері ағаш 35–220 кВ АЖ және 330 кВ АЖ пайдаланады. Сымдардың мұндай орналасуы төмендеу тірктерді қолдануға мүмкіндік береді және көк мұз пайда болғанда және сымдар сілкінгенде олардың айқасу ықтималдығын азайтады. Сондықтан жатық орналасу көк мұз аудандарында тиімдірек.

а–үшбұрыш сүмбелерінде; б – жатық; в–теріс шырша; г – бөшке.

2.17 Суреті – Сымдар мен тростардың тіректерде орналасуы

Екітізбекті АЖ – де сымдардың теріс шырша орналасуы монтаждау шарттары бойынша ыңғайлы (2.17, а сур.), бірақ тіректердің массасын көбейтіп, екі қорғаныс тростарын ілуді талап етеді. Тіректері болат және темірбетон, сымдары бөшке болып орналасқан 35–330 кВ АЖ тіректері ең экономикалық тиімді және кең тараған (2.17, г сур.).

Электр тораптарында ағаш тіректерді 10 кВ дейінгі АЖ – де кеңінен қолданады. Бұл тіректердің құндылықтары – аз құны (орман ресурстары бар аймақтар) және жасау қарапайымдылығы. Кемшілігі – ағаштың әсіресе топырақтың ішінде шіруі. Шіруге қарсы тиімді құрал – арнаулы антисептиктермен қанықтыру.

Оқшауламалары ұшты 6, ілмешектерде 5 бекітілген 6–10 кВ АЖ үшін (2.18, а сур.) сымдары 7 үшбұрышпен орналасқан бірсырықты аралық тірек ең тиімді. Көп жағдайда тіректерді құранды жасайды. Тіректің аяғы екі бөліктен тұрады: ұзыннан (сырық 3) және қысқадан (пасынок 1). Пасынокты сырықпен болат сымнан жасалған екі бандажбен 2 жалғайды. Анкерлік және аралық бұрыштық тіректер 6–10 кВ АЖ үшін А- тәрізді қиыстырма түрінде жасалынады.

2.18 Суреті – Аралық ағаш тіректері: а - 6-10 кВ бірсырықты; б- 110 кВ ендірілген байланыстары бар п-тәрізді.

2.19 Суреті – Ағаш анкерлік бұрыштық біртізбекті еркін тұрған тірек

110 кВ АЖ және оқшауламалары 6 ілінетін 35 кВ АЖ үшін сымдары 7 жатық орналасқан ағаш тіректері қолданылады. Бұл желілер үшін аралық тірек жел байланыстары 8 екі сырық пен жатық траверсасы 4 бар портал болып келеді (2.7,6 сур.). Анкерлік бұрыштық тіректер ВЛ 35–110 кВ АЖ үшін кеңістік А–П- тәріздес қиыстырмалар түрінде жасалынады (2.19 сур.).

Кернеуі 35 кВ және жоғары электрберіліс желілерінде қолданылатын метал тіректерінің (болат) металсыйымдылығы жеткілікті және даттан қорғану үшін эксплуатация үрдісінде бояп тұруды талап етеді. Метал тіректерін темірбетон іргетастарына қондырады. Тірек денесінің қиыстырмалық шешімі бойынша бұл тіректерді негізгі екі сұлбаға – мұнаралы немесе бірсырықты (2.12 сур.) және порталдыға, ал іргетастарда бекіту тәсілі бойынша – еркін тұрған тіректерге (2.12 және 2.21 сур.) және керуде тұрған тіректерге жатады (2,20, а...в сур.). Қиыстырмалық шешім және сұлбадан тәуелсіз метал тіректері кеңістік торланған қиыстырмалары түрінде жасалынған (2.9, г сур.). 110 кВ АЖ бірыңғайлы біртізбекті аралық тірегі 2.12 сур., ал 220 кВ АЖ екітізбектісі – 2.21, а сур. көрсетілген. Анкерлік тіректердің аралықтардан траверсаларының үлкен мөлшерлері мен тірек денесінің күшейтілген қиыстырмасымен айырмашылығы бар. На ВЛ 500 кВ АЖ – де әдетте сымдардың жатық орналасуы қолданылады. 500 кВ АЖ аралық тіректері порталды еркін тұруы немесе керуде болуы мүмкін. 500 кВ тірегінің ең тараған қиыстырмасы – керудегі портал (2.20, а сур.). 750 кВ желі үшін керудегі порталды тіректер және керулері ыдыраған типі «Набла» V- тәріздес тіректері қолданылады.

а – аралық біртізбекті тартылған 500 кВ; б–аралық V- тәрізді 1150 кВ; в – 1500 кВ тұрақты токтың аралық тірегі; г –кеңістік тор қиыстырмаларының элемен­ттері