- •Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және оның деңгейін көтеретін құралдар
- •10 КВ кернеуінің екі секциясы
- •Реактивтік қуатты қатарлас қосылған конденсаторлармен өтемдеу қағидасы
- •Қуат коэффициентін көтеру
- •Электр тораптары және жүйелері
- •2.1 Электр тораптарының арналымы және жіктелуі
- •2.2 Электр жүйелерінің негізгі элементтерінің қиыстырмалық жасалынуы
- •2.4 Суреті – Бірнеше тұтынушыларды қоректендіретін тұйықталмаған резервтелген торап
- •2.5 Суреті – Тұйықталған (сақиналы) тораптың сұлбасы
- •2.6 Суреті – Екі жақтан қоректенетін тораптың сұлбасы
- •2.8 Суреті – Тұзақтық таратушы тораптың сұлбасы
- •2.9 Суреті – Электр және жылу энергияларын өндіру, тарату және тұтынудың сұлбалары
- •2.3 Белгілеу жүйесі
- •2.11 Суреті - Белгілеу жүйесіне түсіндірме
- •Полная мощность одной фазы
- •Вопросы для самопроверки
- •2.4 Электрберіліс желілерінің қиыстырмалары
- •2.4.1 Аэбж қиыстырмалық элементтері
- •2.4.2 Аж сымдары және тростар
- •2.13 Суреті – аж сымдарының қиыстырмалары
- •2.4.3 Аж тіректері
- •2.14 Суреті – аж анкерлік өткінінің және темір жолмен қиылысындағы өткінінің сұлбасы
- •2.12 Суреті – Біртізбекті желінің аралық метал тірегі
- •2.15 Суреті – Бұрыштық тіректер: 1 – тіректің аяқтары; 2 – траверса; 3 – тұзақ
- •2.16 Суреті – Біртізбекті желі сымдарының транспозиция циклы
- •2.17 Суреті – Сымдар мен тростардың тіректерде орналасуы
- •2.18 Суреті – Аралық ағаш тіректері: а - 6-10 кВ бірсырықты; б- 110 кВ ендірілген байланыстары бар п-тәрізді.
- •2.19 Суреті – Ағаш анкерлік бұрыштық біртізбекті еркін тұрған тірек
- •2.20 Суреті – Метал тіректер
- •2.21 Суреті – Металдан жасалған еркін тұрған екітізбекті тіректер: а – аралық 220 кВ; б –анкерлік бұрыштық 110 кВ (2.20,б сур.).
- •2.22 Суреті – Аралық темірбетон еркін орналасқан біртізбекті тіректер: а – 6–10 кВ ұшты оқшауламаларымен; б –35 кВ; в–110 кВ; г – 220 кВ
- •2.23 Суреті – Аралық темірбетон тіректері: а – бірсырықты еркін тұрған екітізбекті 110 кВ; б – порталды тартылған біртізбекті 500 кВ
- •2.4.4 Оқшаулағыштар және желілік арматура
- •2 .24 Суреті – ұшты және ілінетін оқшаулағыштар: а –ұшты 6-10 кВ, б – ұшты 20-35 кВ, в – тарелка типті ілінетін
- •2.25 Суреті – Оқшаулағыштардың сүйемелдейітін, керетін гирляндалары және желілік арматура
- •2.5 Кабельдердің қиыстырмалары және кабель желілері
- •2.26 Суреті - Күштік кабельдер
- •2.27 Суреті – Кабельдердің арматурасы және оларды төсеу тәсілдері
- •2.28 Суреті - Өндірістік кәсіпорындардың ток өткізгіштері және ішкі электр тораптары
- •2.6 Ток өткізгіштер және ішкі электр тораптары
2.4.3 Аж тіректері
АЖ тіректері анкерліге, аралыққа, бұрыштыққа, соңғыға және арнаулыға бөлінеді. Анкерлік және аралық тіректер сымдарды ілу тәсілі бойынша айырылады. Аралық тіректерде сымдар оқшауламалардың сүйемелдейтін гирляндаларының көмегімен ілінеді (2.3 сур.). Анкерлік тіректер сымдарды керуге арналған, бұл тіректерде сымдар ілінетін гирляндалардың көмегімен ілінеді. Аралық тіректердің арасындағы қашықтық аралық өткін немесе өткін деп, ал анкерлік тіректердің арасындағы қашықтық анкерлік өткін деп аталады.
Анкерлік тіректер АЖ ерекше жауапты нүктелерінде сымдарды қатаң бекітуге арналған: ерекше маңызды инженерлік құрылымдардың қиылыстарында (мысалы, темір жолдардың, 330–500 кВ АЖ, жүретін бөлігінің ені 15 м автомобиль жолдарының және т.б.), АЖ соңында және оның түзу айландарының соңында. Анкерлік тіректер АЖ трассасының түзу айландарында сымдардың керілуі бірдей тіректің екі жағынан ілінгенінде АЖ қалыпты режимдерінде аралық тіректердің орындайтын функцияларын атқарады. Бірақ анкерлік тіректер көрші өткінде сымдар үзілгенде сымдар мен тростардағы пайда болатын мәнді керілулерге есептеледі. Анкерлік тіректер аралықтарға қарағанда едәуір күрделі және қымбат, сондықтан олардың саны әр желіде минималды болу керек.
2.14 Суреті – аж анкерлік өткінінің және темір жолмен қиылысындағы өткінінің сұлбасы
Ең ауыр жағдайда желінің электрстанциясынан шыққанында немесе ҚС жақындағанында орнатылатын соңғы анкерлік тіректер болады. Бұл тіректер желі жағынан барлық сымдардың біржақты керілуін көтереді, өйткені ҚС портал жағынан керілу мәнді емес.
Аралық түзу тіректер анкерлік өткінде сымды сүйемелдеу үшін АЖ түзу айландарында орнатылады. Аралық тірек анкерлікке қарағанда арзан және дайындағанда қарапайым, өйткені ол екі жақтан сымдардың бірдей керілуіне байланысты сымдар үзілмегенде, яғни қалыпты режимде, желі бойындағы күштердің әсерін сезбейді. Аралық тірек анкерлікпен салыстырғанда, арзан және жасағанда қарапайым, өйткені сымдар үзілмегенде, яғни қалыпты режимде, ол екі жақтан сымдардың бірдей керілгенінде желі бойындағы күштерді сезбейді. Аралық тіректер АЖ тіректерінің жалпы санынан 80–90 % кем емес құрайды.
1– сымдар; 2 – оқшаулағыштар; 3 –жайтартқыш тросы; 4 – трос тірегі; 5– траверсалар, тіректер; 6–тірек; 7– тіректің іргетасы
2.12 Суреті – Біртізбекті желінің аралық метал тірегі
Бұрыштық
тіректерді
желінің бұрылатын нүктелерінде қондырады.
Желінің бұрылу бұрышы деп, желінің (2.4
сур.),
ішкі бұрышына 180° дейін қосымша желілердің
жоспарындағы
бұрышын айтады.
Бұрыштық тіректердің траверсаларын
бұрышының биссектрисасымен орнатады.
Бұрыштық тіректер анкерлік және аралық типті болуы мүмкін. Аралық түзу тіректер қабылдайтын жүктемелерден басқа, аралық және анкерлік бұрыштық тіректерге сымдар мен тростар керілуінің көлденең құраушыларының жүктемелері де әсер жасайды.
2.15 Суреті – Бұрыштық тіректер: 1 – тіректің аяқтары; 2 – траверса; 3 – тұзақ
20° дейінгі бұрылу бұрыштарында анкерлік типті бұрыштық тіректерді жиі қолданады (2.3 сур.). Электрбереліс желілерінің 20° артық бұрыштарға бұрылғанында аралық бұрыштық тіректердің үлесі едәуір өседі. Сондықтан электр тораптарында аралық бұрыштық тіректер желілердің 10...20° бұрылу бұрыштарында қолданылады [12]. АЖ – де арнаулы тіректердің келесі типтері қолданылады: транспозициялық – тіректерде сымдардың орналасу тәртібін өзгерту үшін; тармақтық – негізгі желіден тармақтар жасау үшін; өтпелі – өзендерді, сайларды және т.б. қиып өту үшін.
Транспозицияны кернеуі 110 кВ және жоғары, ұзақтығы 100 км жоғары желілерде АЖ тізбегінің барлық үш фазаларының сыйымдылығы мен индуктивтігі бірдей болу үшін қолданады. Мұнда желінің барлық айландарында бір – біріне байланысты өзара жайғасуын кезекпен өзгертеді. Әр фазаның сымы желінің үштен бірінде бірінші, екінші бөлігінде екінші, үшінші бөлігінде үшінші орында өтеді. Сымдардың мұндай үш есе ығысуын транспозиция циклы дейді (2.16 сур.).
