Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Колдас ТР-ЭПС-каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

1.2. Негізгі берілгені.

Негізгі берілген тапсырманы 1.1-кесте бойынша таңдап, вариант нөмірін оқу шифрының соңғы екі санына сәйкестендіріп алу керек. Бұл жердегі вариант берілген В А В жол теліміндегі пойыз қозғалысының графигі келтірілген ( графикті оқытушыдан алады) В Г Д теліміндегі айналым қатнасын l1, l2, l3, l4 қызметіндегі электровоздардың сериялары және пойыз массасы β берілген. Жобаланатын депоға байланысты қарастырылған тапсырма бойынша келтірілген: басқа деполардағы қосымша жылдық ТҚК-8 бағдарламасы Мтқк-8-к. келтірілген.

1.3. Жобаның көлемі.

Курстық жобаның көлемі есептік – түсініктелік қолдық жазбаның 30-40 парақ (А4 форматындағы қағаз) шамасында болады және сызбалар (А1 форматында) электровоз депосының жоспарын келтіру қажет.

Түсініктемелік жазба төменгі бөлімдерден тұрады:

  • Кіріспе;

  • Негізгі берілгені;

  • Пайдалануды ұйымдастыру және электровоздарға техникалық қызмет көрсету;

  • Деподағы электровоздарға жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Электровоз тораптарын жөндеудің технологиялық процесстері;

  • Қолданылған әдебиеттердің тізімдері;

  • Мазмұны.

«Деподағы электровоздарды жөндеуді ұйымдастыру» бөлімінде анықтау керек:

  • Жалпы тәуліктегі, айдағы және Б А В Г Д ұзартылған телімдегі айналым қатнасында ісетеген жұмысына байланысты электровоздардың жылдық жүрген жолы;

  • Ұзартылған телімдегі айналым қатнасында істейтін электровоздарға көрсетілетін айлық және жылдық жөндеу бағдарламасына сәйкес, негізгі депода барлық ағынды жөндеу түрлерін ұйымдастырған жағдайда;

  • Электровоздарды жөндеуге жылдық бағдарламаны орындау үшін және басқа деполарға жасалатын Мтқк-8 қосқанда қажет етілетін өндірістік жұмысшылар саны;

  • Деполық және бұзылған электровоздардың жалпы пайызы;

  • Жобаланатын деподағы ағынды жөндеудің барлық түрлері үшін қажет стойлдар саны, ТҚК-2 және ТҚК-4 және жоспардан тыс көрсетілетін қызметке;

  • Жобаланатын деподағы стойлдық бөлімдердің және цехтардың өлшемдері және шеберханалар бөлмесінің ауданы;

Жобаланатын депо ғимаратының жоспарын жасау және бір айға ТҚК-2 және ТҚК-4 ағынды жөндеу түрлерін орындау үшін график құру;

«Электровозды жөндеудің технологиялық процессі» бөлімінде қарастыру қажет:

  • Тораптарды жөндеудің технологиялық процесстері;

  • Технологиялық процесстің карта-графигі;

  • Технологиялық процесстерді, өндірістің механизациясы, сапасының жоғарлауын және еңбектің өнімділігін жақсатудағы шаралар.

1.4. Жобаны рәсімдеу.

1.4.1. Студенттің курстық жобаны үлгерімді орындауы үшін, электрлі жылжымалы құрамды жөндеу және пайдалануды ұйымдастыру мәселелерін қарастыруды нақты үйрену үшін курстық бағдарламаға сәйкес барлық теориялық ұсынылған материалдарды терең оқып үйренуге міндетті;

1.4.2. Жобаны рәсімдеу, есептік-түсіндірмелік жазба түрінде А4 форматындағы (210х297мм) бір сортты парақтың бір бетіне жазылуы тиіс, кестедер сұлбалар, графиктер және сызбалар (А1 форматында) ЕСКД (ГОСТ 2.105-68) талаптарына сәкестеліп орындалуы тиіс;

Жазба беттерінің жазықтық өлшемі: сол жағында -25мм; оң жғында -10мм; жоғарғы және төменгі жағы - 10мм кем болмауы тиіс.

Жазбаны арнайы жобалау ұйымдарында қолданатын дайын рамкалармен баспаханаларда жасалған парақтарда жазуға болады.

Жазба жұмысының мәтіндерін бөлімдерге бөлу қажет, ал бөлімшелерді және пункттерді нүктелермен бөлінген арнайы санмен белгіленеді.

Бөлімдерді және бөлімшелерде бастамасы болу қажет, парақтар – үстіңгі оң жақтағы бұрышында араб цифрларымен нөмірленіп белгіленуі тиіс.

1.4.3. Есептік түсіндермелік жазбаның мәтініне кіргізу қажет:

- Негізгі берілген тапсырма;

- Есепті орындауға қажетті түсініктеме;

- Қабылданған шешімдерге қысқаша түсініктеме;

- Есептік формулалар және алынған мәндері.

Әдістемелік құралдардан және басқа әдебиеттерден көшіруге рұқсат етілмейді.

Егерде қабылданған шешімдерге және орындалған есептерге түсініктеме жасау қажет болса, онда өз ойын тұжырымдап түсінігін жазуы керек. Есептеулердің мәндерін мүмкүндігі болғанша кестелерге енгізіп, график түрінде көрсету қажет.

1.4.4. Есептік – түсіндірмелік жазбаның сыртқы бетінде көрсету қажет:

- Кафедраның атын;

- Курстық жобаның тақырыбын;

- Өзінің аты-жөнін, тегін;

- Оқитын тобын және студенттің сынақ кітапшасының нөмірін (оқу шифры);

- Курстық жобаны басқарушы оқытушаның аты-жөні, тегі және міндеті;

- Жобаны орындаған күні және жылы.

1.4.5. Түсіндірме жазбаның мәтінінде сөздерді қысқартып жазуға болмайды. Жазба мәтінінде техникалық әдебиеттерге жүгініп алынған болса, онда төрт бұрышты жақшалармен белгіленеді (мысалы, 4,5), жақшадағы сан әдебиеттегі тізім ретіне сәйкес болады (бұл сан мазмұнынан алдын, жазбаның соңында орналасқан болады).

Әдебиеттің тізімі ГОСТ 7.1-76 сәйкес құралған болуы тиіс. Мысалы ретінде әдістемелік нұсқаулықта келтірілген әдебиеттер тізімін келтіруге болады.

1.4.6. Кестелер, графиктер және есептік –түсініктеме жазбаларында келтірілген иллюстративті материалдар қаламмен немесе шарикті қаламмен миллиметрлік А4 жіне А3 форматындағы қағазда орындалуы тиіс.

Кестелер және суреттер (графиктер) әрбір бөлімдерге сәйкес нүктелермен бөлінген араб сандарымен белгіленуі тиіс: бірінші саны – бөлімнің нөмірі, екіншісі –кестенің (немесе суреттің) реттік нөмірі. Әрбір кестеде, суретте тиісті аталуы жазылады (аталуы кестенің үстінде және суреттің, графиктің төменінде болуы тиіс).

Жазбаның мәтінінде иллюстративті материалдарға жүгініп қысқаша түрде: сурет 1.3. кесте 1.1. және т.б.с. келтіру қажет.

Суреттерге және кестелерге жүгінгеннен кейін, кестені басқа параққа ауыстырмастан белгіленген тұсына келтіру керек.

Есептік-түсіндірме жазбаның электровоздардың ТҚК-3 және ТҚК-4, ағынды жөндеудің түрлерін стойлдарға қою үшін айлық графиктері және электровоз тораптарын жөндеудің технологиялық процесстерінің карталық-графиктерін жасау қажет.

Жазбаның есептік бөлімін рәсімдеу кезінде ең басты назар аударылып жазылатыны, есептелетін мөлшердің аталуы, есептелетін формуланың жалпы түрі, одан соң, теңдік белгісі арқылы сандық теңдеу (формулаға тәуелділіктерді және шешімнің шыққан мәндерін қою арқылы есептеледі). Есептік формулаға кіретін символдарды шифрлеу қажет.

Сандық мәндерді бір рет қойып, аралық есептерді келтімей-ақ соңғы есептік мәнін көрсетуге болады, мысалы, есептік операцияның жазылуы:

Мұндағы , n – арташа тәуліктік жұп қозғалысының өлшемі.

β0 – Электровоздың көмеккші жүрген жолының коэффициенті.

Егерде есептелетін формуланың негізінде бір типтес есептердібірнеше рет есептеу қажет болса, онда формуланы бірақ рет жазып одан соң есептеуден шыққан мәндерді келтіруге болады. Бббасқа формулаларда кездесетін тәуелділіктер шамасы түсіндірілмейді.

1.4.8. Жазбаның соңында әрбір бөлімдердің және бөлімшелердің аталуы парақтың нөмірлеріне сәйкес белгіленіп мәтіннің мазмұнына енгізіледі.

1.4.9. Жазбаның графикалық сызба бөлімі – электровоз депосы ғимаратының 1:200 масштаб көлеміндегі сызылмасын келтіру қажет.

(1:250 масштабында келтіруге болады). Құрылыс сызылмасының талаптарына сәйкестендіріп А1 форматында орындау керек. Депоның және экспликациялық бөлмелеріндегі цехтардың аталуын және дайындау цехының шеберханалық бөлмелерінің сызылмасын форматтың бос орнына кескіндеп көрсету керек.

1.4.10. Курстық жобаны рәсімдеу барысында жоғарыда келтірілген талаптарды бұлжытпай орындау барысында қорғауға жіберіледі.

Курстық жобаны қорғау үшін кафедра белгілеген комиссия құрамы арқылы өткізіледі.

Жобаның жалпы бағалау кезінде оның орындалған сапасына және рәсімделуіне және жобаны қорғау барысында көрсеткен білім деңгейі ескеріледі.

Жобаны қорғау үшін жобаны басқарушының қол қойылған негізгі тапсырмасымен орындалған, есептік түсіндірме жазба және сызба жұмыстары болуы керек.