- •Мемлекетті Басқару нысаны
- •Тоталитарлық режимның белгілері:
- •Саяси режимді жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің ерекшелігіне байланысты ол екі түрге бөлінеді:
- •1) Демократияның екі түрі бар:
- •2) Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимнің белгілері:
- •Парламент
- •Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама
- •Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері мен қағидаттары
1-сұрақ Мемлекет түсінігі және белгілері
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің белгілері
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
НЕМЕСЕ ТУСИНИКСИЗ БОЛСА
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.
2-сұрақ Құрылымдық нысаны
Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым - ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бөлiнедi.
Тұтас мемлекеттер. “Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет“ делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында (“унус“ деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады) [1, 15б.]. Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган— әкiм.
Федерация “федус“ деген сөз – одақ деп латын тiлiнен аударылады [2, 27б.]. Құрама мемлекет бiрнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет— күрделi мемлекет, ол федерацияның мүшелерiн бiрiктiредi. Мемлекеттiк органдар екiге бөлiнедi: жалпы федерацияның органдары және әрбiр мүшесiнiң жеке органдары. Федерацияның субъектiлерi iшкi iстерiн ерiктi өздерi шешедi, ал федеративтiк орталық органның қолында барлық iшкi-сыртқы билiк болады. Федеративтiк республика халықаралық құқықтың алдында тек бiр мемлекет болуға тиiс. Бiрақ тәжiрибеде кейбiр федерацияның субъектiлерi өздерi халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар едi, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия ООН мүшесi), Югославия, АҚШ, Канада. Көбiне олардың тәуелсiздiгi формальды түрiнде қалғаны мәлiм. Халықаралық құқық федерацияның өкiлi ретiнде шарттарға орталық билiк қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесi бәрi екiге бөлiнедi. Федерацияның екi түрлерi бар: ұлттық құрама және жергiлiктi құрама. Бiрiншiсiне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндiстан жатады, ал екiншiсiне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттiк құрылысы тарихи дамумен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемдi және күрделi конфедерациялы мемлекеттердiң одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация— белгiлi мақсатқа жету үшiн бiрнеше ерiктi мемлекеттердiң уақытша одағы. Конфедерация мүшелерi өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттiк аппаратты, сот және қаржы жүйесiн, өздерiнiң ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешiмдердi олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бiрнеше түрлерi кездеседi: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын бiрiктiрдi. Вашингтон бұл федерацияны “құмнан iстелген арқан“ деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шештi: әскер, ақша, шет iстер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған едi. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда – 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы бiрiккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық билiктiң шешiмдерi тек конфедерация субъектiнiң мемлекеттiк органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектiлерi халықаралық қарым-қатынастардың субъектiлерi болып қала бередi. Конфедерациялар өте әлсiз және тұрақты емес.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оың шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екендiгi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Нiл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндiстанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жерорта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi — Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi. Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы қолданылатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары— федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия— федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Германияның капитализiмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия— олар федерацияға жатады [3, 15б.].
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы— түрiктер, бергi атасы— қыпшақтар өмiр сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны мәлiм. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiздi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
3-СҰРАҚ Мемлекетті Басқару нысаны
Мемлекетті Басқару нысаны
Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.
Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай жағдайларда мұрагерлік заңды әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия).
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия –монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия –Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталды. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияларда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды. Республиканың ең бірінші түрі-Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын, ал азаматтары болып 20 жасқа толған ерекек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын.
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пер премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет — әлсіз президент.
Федерация. Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет- күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс.
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация- белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппараты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек
4-сұрақ мемлекеттің саяси режимі
Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістеренің жиынтығы.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық.
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси режимның белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етеді, қызмет атқарады.
2. Идеологиялық плюрализм, яғни, қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз етьу кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады.
2. Идеологиялық плюрализм болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі
7. сипаты персонофикацияланады, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура (шексіз билік) орнатады.
