- •Клиникалық есеп
- •№1 Клиникалық жағдай
- •Жалпы қан анализі
- •«Он екі елі ішектің ойық жарасының диагностикасы және жүргізу тактикасы» Клиникалық жағдай бойынша
- •Бағалау парағы (check-list)
- •«Он екі елі ішектің ойық жарасының диагностикасы және жүргізу тактикасы»
- •Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары
- •5 Беттің 5 беті
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
№1 БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ КАФЕДРАСЫ
|
||
ІІ ЭТАП - КЛИНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
Клиникалық есеп
Клиникалық жағдай: «Он екі елі ішектің ойық жарасының диагностикасы және жүргізу тактикасы»
Ситуация: Қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне қалалық емхананың жолдамасымен 11-жасар қыз бала анасымен келді.
Науқастың шағымдары мен анамнезін жинаңыз және қарап тексеруін жүргізіңіз.
Алдын ала диагнозын қойыңыз
Зерттеу жоспарын белгілеңіз
Лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтежелерінің интерпритациясын жасаңыз
Клиникалық диагнозын қойыңыз
Науқасты жүргізу және емдеу тактикасын анықтаңыз
Соңғы нәтиже (outcomes):
Сұрап тексеру жүргізіңіз пациенттің физикальдық зерттеуін жүргізіңіз
Аурудың клиникалық диагностикасын білу
Аурудың дифференциальды диагностикасын білу
Ақпараттық диагностикалық зерттеу әдістері: ЖҚА, Б\Х қан анализі ЭФГДС, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-сы, уреаздық тыныстық тесттің, асқазан ацидометриясының, НР-ға биопсиялық тесттің нәтижелерін интерпретациялай білу.
Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасымен науқасты жүргізу тактикасы.
Науқаспен оптимальді контакт орната алу және үрейді баса алу
№1 Клиникалық жағдай
Мария 11 жаста. Шағымдары: эпигастрии аймағындағы «ашқарынға» ауыру, таңертең аш қарынға немесе тамақтан кейін 1,5-2 сағат кейін, түнде ауырады, тамақ ішкеннен кейін басылады. Сонымен бірге қышқылмен кекіру, жүрек айну болады.
Анамнезінде: Бір жыл бойы ауырады. Ауруын мектептің жүктемелерімен, сонымен байланысты уақытылы тамақтанбауымен үнемі асығыстықпен (арнайы мектепте аптасына 6 күн оқиды, аптасына 3 рет хореографияға барады). Алғашында эпигастрии аймағындағы «ашқарынға» дискомфорт, содан кейін тамақ ішкеннен кейін басылатын ауыру пайда болды. Дәрігерге бір апта бұрын ғана қаралған. ФЭГДС жүргізілді, ары қарай зерттеу жүргізіп, емдеу үшін госпитализацияланды. 1 жүктілік және туыттан. Жүктілік, тууы қалыпты өткен. 37 аптасында туды. Бірден айқайлады. Емшекке де бірден салынды. Физикалық, нервтік-психикалық дамуы жасына сәйкес. Қыз баланың мінезі – интраверт. Ауырған аурулары: ЖРВИ, пиелонефрит. Аллергоанамнезі ауырлықсыз. Тұқым қуалаушылық анамнезі: анасында-он екі елі ішектің ойық жарасы, әкесінде–гастрит, анасы жағынан апасында–он екі елі ішектің ойық жарасы.
Объективті: Жалпы жағдайы ауыру синдромымен, диспепсиялық бұзылыстарына байланысты ауыр. Баланың көңіл күйі аздап өзгерген. Бала қарап тексеруге адекватты. Нормотермия. Гемодинамика стабильді. Бойының ұзындығы-148 см, салмағы-34 кг. Тері қабаттары аздап бозарған, бөртпелері жоқ. Жұмсақ тіндердің тургоры сақталған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпелерінің тынысы везикулярлы, барлық аймақтарына өткізіледі. Жүрек тондары ашық, ритмі дұрыс. Іші жұмсақ, эпигастрииында және пилородуоденальды зонада ауырады. Мендель симптомы оң. Дежардена және Мейо-Робсон нүктелерінде ауыру. Бауыры үлкеймеген, ауырмайды. Көкбауыр пальпацияланбайды. Физиологиялық шығарулары қалыпты.
Жалпы қан анализі
Эритроциттер – 4,2*1012/л,
Гемоглобин -120 г/л,
Тромбоциттер – 300*109/л.,
Лейкоциттер - 7,2х109/л,
Моноциттер - 7%,
Лимфоциттер - 36%,
Таяқшаядролы нейтрофильдер - 3%,
Сегменттіядролы нейтрофидер - 51%,
Эозинофилдер - 3%,
Базофилдер - 0%,
ЭТЖ 6 мм/сағ.
Биохимиялық қан анализі: ж. белок – 72 г/л, АЛТ – 19 ЕД/л, АСТ – 24 ЕД/л, сілтілі фосфотаза – 138 ЕД/л, амилаза – 80 ЕД/л, ж. билирубин – 15 мкмоль/л, тура билирубин – 3 мкмоль/л, тимол сынамасы 4 Б.
ЭГДС: Өңештің шырышты қабаты қызғылт. Кардия жабылады. Асқазанда бұлыңғыр шырыш, шырышты қабаты ошақтық гиперемиямен, антральды бөлігінің қабырғаларында көптеген әртүрлі калиберлі бұдырлар. Дуоденумның пиязшығының шырышты қабаты – ошақты гиперемияланған, ісінген, артқы қабырғасында жаралы дефект Д=0,8–0,6 см, дөңгелек пішінді, гиперемияланған дөңеспен, түбі фибринмен жабылған. Биопсия алынды.
НР-инфекцияға биопсиялық тест: оң (++)
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ-сы: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі қалыпты, қан тамыр торы кеңімеген. Өт қабы алмұрт пішінді 55*21 мм қисаюмен, ішінде гомогенді зат, қабырғалары 1 мм. Асқазанда көп мөлшерде гетерогенді зат, қабырғалары қалыңдаған. Ұйқы безі: басы 21 мм (норма – 18 мм), денесі 15 мм (норма – 15 мм), құйрығы 22 мм (норма – 18 мм), басы мен құйрығының эхогендігі төмендеген.
Асқазан ацидометриясы: аш қарынға – рН денесінде 2,4; антрумнда 4,2. 0,1% гистамин ерітіндісімен, 0,008 мг/кг дозада стимуляциядан кейін 30 минут өткеннен кейін – денесінде рН денесінде 1,4; антрумында 2,8
Уреаздық тыныстық тест - 10 мм (норма 2 мм дейін)
