Viіі. Анықталған клиникалық диагнозды дәлелдеу.
Негізгі: Ауруханадан тыс оң жақты төменгі бөлікті ошақты пневмония. Орташа ауырлық дәрежеде.
Асқыну: Тыныс жеткіліксіздігі 1 дәрежелі.
Қосымша ауруы: Созылмалы бронхит
Шағымдары; температураның жоғарлауы: күндіз 37,0 С, кешкі уақытта 39 дейін, тершеңдік, бас ауруы, айқын шаршағыштық, ентікпе – инспираторлы, физикалық жүктеме кезінде пайда болып, тыныштықта басылады, жөтел – аз мөлшерде ашық-сары түсті. Ауырсыну – оң жақ төменгі бөлікте, жөтелгенде,тыныс алғанда күшеюі. Жүрек соғуының жиілеуі.
Ауру анемнезі: суықтанудан кейін жылдам ауыру, 6.10.2016 ж дене температурасының жоғарлауы 38 0 С, айқын әлсіздік, бас ауруы, қалтырау. Өзі 1 таб нимесил қабылдайды. 7.10.2016 күні таңертенгі уакытта температура 37,0 С дейін түсіп, өзін жақсы сезінеді. 7.10.2016 кешкі уақытта қайта жағдайы нашарлайды: температураның жоғарлауы 39 0 С, жүрек соғуының жиілеуі, айқын әлсіздік, бас ауруы, қалтырау.
Объективті зерттеу: бозғылт, дауыс дірілі күшейген. Оң жақты төменгі бөліктің тұйықталуы, Оң жақты төменгі бөлікте ұсақ көпіршікті сырыл, қатаң тыныс.
Науқаста инспираторлы ентікпе, тахикардия, терісінің бозғылт болуына байланысты, тыныс жеткіліксізді 1 дәрежесі.
Лабораториялық мәлімет:
ЖҚА: лейкоцитоз
СОЭ жылдамдауы.
Қақырықты микроскопиялық зерттеу: лейкоцит, эпителий анықталды.
R-грамма:
Төменгі өкпе алаңында инфильтрация ошағы анықталады. Контур айқын емес.
Қорытынды: Оң жақты төменгі бөлікті ошақты пневмония
