Қақырықты микроскопиялық зерттеу
10.10.2016ж
Эпителий : 16-17
Лейкоцит: 20-24
Қақырықты бк зерттеу
Кох таяқшасы анықталмады.
Коагулограмма
10.10.2016ж
Атауы |
Нәтижесі |
қалыптыда |
Протомбинді уакыт |
14 сек |
14-19 сек |
МНО |
1,0 |
0,8-1,3 |
АЧТВ |
39 сек |
30-42 сек |
Фибриноген |
2,4 |
2,4 г/л |
Қорытынды: Қалыпты
Вассерман реакциясына қан талдауы: теріс
R-грамма: 7.10.2016ж
өкпе алаңы мөлдірленген, өкпелік сурет өзгермеген, өкпе түбірі кеңеймеген. Синустары бос. Көкірек аралық ығыспаған. Төменгі өкпе алаңында инфильтрация ошағы анықталады.
Қорытынды: Оң жақты төменгі бөлікті ошақты пневмония.
Экг: қорытынды: ритм синусты, ЖЖЖ 85 мин. Горизонтальды қалыпта.
Viі. Дифференциалды диагноз
Пневмонияны ӨАТЭ-ның жеделше түрінен, өкпе рагінен, өкпе туберкулезінен айыра білу керек.
ӨАТЭ-на кенеттен ұстама тәрізді пайда болатын ентікпе, кеуденің өте күшті ауруы, кейде кеш көрініс беретін (3-5 күндері) дене қызуының көтерілуі (алғашқы дененің қалтырауы болмайды), қызғылт түсті кілегейлі қақырық бөлу және қан қақыру аурудың басында ауыр интоксикация белгілерінің болмауы тән. Физикалық симптомдары бейспецификалы болып келеді. ЭКГ-да жүректің оң жағына жедел күш түсу белгілері болады. Рентгенограммада диафрагманың жоғары тұруы, өкпе конусының шығыңқы болуы, өкпе түбірінің өте кеңуі және шауып тастаған сияқты болып көрінуі, тамыр суретінің регионарлық түрде жойылып кетуі және әлсіреуі, диск тәрізді ателектаздар мен өкпенің инфарктісі, плевра қуысында экссудат жиналу біртіндеп байқалады. ӨАТЭ-ң дамуында аяқтағы тромбофлебит пен флеботромбоздардың, кіші жамбас қуысындағы мүшелерге операция жасаудың, жүрек әлсіздігінің, митральдық стеноздың маңызды болатынын естен шығармау керек.
Өкпе рагі туралы ой тудыратын симптомдарға жататындар:
- дене қызуының көтерілуіне дейін болатын құрғақ жөтел;
- «себепсіз» кеуденің ауруы кезінде болатын қан қақыру;
- ауыр ентікпенің өкпеде табылған инфильтрат көлеміне сәйкес болмауы;
- қапталдан түсірген рентгенограммада өкпе түбірінің үстіне барып түсетін қарайғандықтың(затемнение) болуы.
Бронхогендік ракта обтурациялық ателектаз синдромының белгілері болады. Өкпе рагінің диагнозын қоюға бронхоскопия мен бронхография көмектеседі.
ЖҚА: лейкоцитоз, СОЭ жоғарлауы
Қақырық зерттеу: атипиялық клеткалар, іріңді-кілегейлі, жиі малина тәрізді желе түрінде.
Өкпенің инфильтративті туберкулезінде аурудың біртіндеп, симптомсыз басталуы және әдетте қолданылатын антибактериялық емнің тиімсіздігі байқалады. Диагноз қоюдағы ең маңызды критерий қақырықта туберкулез микобактериін табу. Анамнездің де маңызы бар, ем қолданғанда инфильтраттың баяу кері дамуы да маңызды. Туберкулезде инфильтрат көбіне өкпенің жоғарғы бөлігінде орналасады. Рентгенологиялық тексергенде туберкулездік инфильтрат дөңгелек, шеттері айқын, бояуы қалың болып көрінеді, жас «жұмсақ» тін сияқты себінді ошақтар болады. Өкпе суретінің жалпы фоны өзгермеген, өкпе түбірі кеңімеген. Көбіне өкпе түбіріне жол болады. Инфильтраттың тарауы баяу, 6-9 айға созылады. Ыдырау қуысы қалыптасуы мүмкін. Әдетте пневмониялық инфильтрат өкпенің төменгі бөлігінде орналасады, түрлері біркелкі емес, шеттері айқын көрінбейді, көлеңкенің бояуы әлсіз, өкпенің жалпы суреті күшейген. Себінді ошақтар мен өкпе түбіріне жол болмайды. Пневмониялық инфильтрат 1-4 апта ішінде сіңіп кетеді.
ЖҚА: әлсіз лейкоцитоз, СОЭ жоғарлауы, лимфопения.
Қақырық зерттеу: туберкулез микобактериясы анықталады.
