Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина
Университеті Кафедрасы: Интернатураның терапевттік бейіні мен жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру
Ауру тарихы
Орындаған: Артықова Ж.
607 ішкі аурулар.
Тексерген:Аралбаева Л.С.
Ақтөбе 2016
І. Паспорт бөлімі
1. Аурудың аты-жөні: Ахметова Күнке Кияшовна
2. Туған жылы,айы,күні: 11.03.1965ж. 51жаста
3. Жынысы: әйел
4. Білімі: жоғары
5. Мамандығы: фармацевт
6. Қызмет бабы мен жұмыс орны: жұмыссыз
7. Аурудың мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Санкибай батыр 157, кв 7.
ІІ. Аурудың шағымдары
1. Аурудың емхана түсердегі шағымдары:
-Дене температурасының жоғарлауы- 37,5 0 С
- Жөтел – тұрақты, құрғақ
-Айқын әлсіздік, шаршағыштық
-Кеуде клеткасында ауырсынуы- терең дем алғанда, жөтелгенде күшейеді. Орналасуы: төстің оң жақ төменгі бөлігінде.
-Тершеңдік
-Демікпе: үздіксіз, жылдам жүргенде, физикалық белсенділік кезінде пайда болады. Инспитаторлы типті.
Қазіргі кездегі шағымдары:
-Жөтел-тұрақты, ылғалды, ашық-сары түсті, аз мөлшерде, иіссіз, қиындықпен өте күшті жөтелден соң түседі.
-Кеуде клеткасында ауырсынуы- терең дем алғанда, жөтелгенде күшейеді. Орналасуы: төстің оң жақ төменгі бөлігінде
ІІІ. Қазіргі ауру тарихы
Аурудың басталғанына 7 күн болған(4.10.2016) . Алғаш тамақ жыбырлауымен,бас ауруы, жөтелмен, қалтыраумен басталған. Суықтаумен байланыстырады(салқын су ішумен,жеңіл киінумен). Өзі 3 мезгіл 2 күн муколтин жане колдрекс қабылдады. 6.10.2016 күні кешкі уақытта жағдайы күрт нашарлайды: температураның жоғарлауы 38 0 С, айқын әлсіздік, бас ауруы, қалтырау. Өзі 1 таб нимесил қабылдайды. 7.10.2016 күні таңертенгі уакытта температура 37,0 С дейін түсіп, өзін жақсы сезінеді. 7.10.2016 кешкі уақытта қайта жағдайы нашарлайды: температураның жоғарлауы 39 0 С, жүрек соғуының жиілеуі, айқын әлсіздік, бас ауруы, қалтырау,кеуде клеткасында ауырсынуы, дем алудың қиындауы. 7.10.2016 жедел жәрдем көмегімен ауруханага жеткізілді.
ІV. Ауру адамның өмір тарихы
1. Науқас 1965 жылы Ақтөбе облысында , Қобда ауылында дүниеге келген. Жетілген, психикалық және физикалық дамуы жасына сай.
2. Әлеуметтік-тұрмыс жағдайы: жанұяда 4 бала, 6 жасында оқи бастады.
3. Жанұялық жағдайы және жыныс қатынасы: тұрмыста, 3 баласы бар. Әлеуметтік жағдай қанағаттанарлық.
4. Әйелдерде етеккір жағдайын анықтау: алғаш етеккір14 жасында басталған, қалыпты, 20 жасынан бастап тұрмыста. Түсік, аборт,бедеулік жоқ. Климакс 51 жаста басталды.
5. Еңбек тарихы: 19 жаста Арқалық қаласында тері-венералогиялық диспансерде мейірбике болып 1 жыл жұмыс атқарды. 20жасында ЖОО түсіп, кейіннен тұрмыска шығуына байланысты жұмыс істемеген. Қазіргі мезгілдегі еңбек жағдайы: жеке кәсіпкер.
6. Бұрын ауырған аурулары: Жатыр миомасы 1998 жылдан бастап, тіркеуде. Несептас ауруы 2008 ж, Артериальды гипертензия 2014 жылдан бастап, тек эмоциональды жүктеме кезінде.АГ бойынша тіркеуде жоқ. Созылмалы бронхит 2012 жылдан бастап.
7. Тұқым қуалаушылық аурулары: жоқ
8. Денсаулық зиянды әдеттер: жоқ
9. Жұқпалы аурулары: туберкулез, мерез, соз, гепатит, Боткин ауруларымен ауырмаған.
10. Аллергологиялық анамнез: лидокаин,бисептол.
Қан, плазма, қанды алмастыратын заттар құйылмаған.
