Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 ШЖМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
537.09 Кб
Скачать

1 Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқытуды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері

2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы тұжырымдамасында мәдениетті жеке тұлғаның тәрбиелік стратегиясы белгілі, ең кемінде үш тілді меңгергені қажет. Өз тілін, мемлекеттік тілді, орыс тілді және шет тілдерін білгені, оның ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуына, өзімділігіне және дүние жүзін жан-жақты кеңінен қабылдауына ықпалын тигізеді.

Қазақстан көп жақты байланысын орнатып жатқан жағдайында (дипломатиялық, мәдениетті-білімдік, әлеметті-экономикалық және т.б.) шет елдермен байланысы, біздің еліміздің және мәдениетіміздің әр алуандығы ұлттың әлеуетті байлығы ретінде қарастырылуы қажет.

Әрдайым өзгерістер болып жатқан жағдайындағы филологиялық білім берудің өзектілігі байқалады: ол, адамның мәдениетін тәрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылықтарға ұстанымы бар, өз елінің және басқа елдер халықтардың мәдени мұрасының байлығын өзіне сіңдіргені, тұлға аралық және мәдени аралық қатынасты жүзеге асыруға әзір болғаны, дүниежүзілік мәдениетке бейімделгені.

ШМЖ-да көптілділікті оқытуды ұйымдастыруда стратегиялық мақсат полилингвалық жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады, үш тілде еркін сөйлеуге бейімделу, өз елі сияқты шетелдік халықтардың тілі мен мәдениетінің әдебиеті, тарихы, дүниетанымы, адамгершілігі мен діни құндылықтары арқылы, (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.) тілдерді келешектегі кәсіби қызмет ортасында қатынас құралы ретінде пайдалану арқылы.

Тәжірибелік мақсатпен бірге, шағын жинақты мектептерде тілдік оқыту, қарым-қатынасқа үйрету, білім беретін және тәрбиелік мақсаттар қояды. Білім беру мақсаттарына жете отыра, оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, жалпы ойлау мәдениеті мен білімдерінің деңгейі, одан басқа ойлау мәдениеті, қарым-қатынасы мен сөйлесу қатынасы өседі.

Тілдік оқытудың тәрбиелеу әлеуетін жүзеге асыру оқушылардың дайындығынан байқалады, келешек мамандар ретінде мәдени аралық және ғылыми қатынастарды келтіруге үлесін қосқанда, өз елін халықаралық конференциялармен, симпозиумдарда көрсетеді, басқа елдердің және халықтардың мәдени құндылықтарына құрметпен қарау.

Көптілділікті оқытудың көрсетілген мақсаттарына сәйкес келесі міндеттерді іске асыру қажет:

  • ШМЖ-да көптілділікті оқытуды дамыту бойынша ғылыми-зерттеу және үйлесімдік орталықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • ШМЖ-да көптілділікті оқыту сұрақтары бойынша жұмыс істейтін ғылыми-әдістемелік семинарлар жұмысын ұйымдастыру;

  • ғылыми жолдамаларды тәжірибелік жүзеге асыруға ШМЖ жағдайында және үш тілде оқытудың эксперимент тәртібінде енгізуді, одан басқа материалды-техникалық жабдықтауды кейіннен жалпыланған эксперименттің қорытындыларын және берілген мектеп үлгісінде кең көлемді өнімді ұсыныспен қамтамасыз ету;

  • ШМЖ-ға педагог кадрларын даярлау;

  • педагог кадрларының тілдік даярлау бағдарламаларын әзірлеу, шет тілінде интеграциялық оқыту үшін ағылшын тілінің курстарын ұйымдастыру арқылы кадрларды қайта даярлау;

  • қазақ, орыс және шет (ағылшын) тілдерінің тиімді меңгеруіне ықпал ететін және тілдік оқыту процесінің белсенділігін арттыратын оқыту процесіне жаңа технологияларды еңгізу;

  • оқытушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық әдістерді қолдану;

  • ШМЖ-да оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып пәндердің ағылшын тілінде кіріктіре оқыту бойынша оқыту-әдістемелік жиынтығын әзірлеу;

  • ШМЖ-да көптілділік білім берудің педагогикалық мониторингін жүзеге асыру.