Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 ШЖМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
537.09 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелері

Әдістемелік құрал

Астана

2 013

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана: ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 67 б.

Әдістемелік құралда шағын жинақты мектептің көптілділікті оқыту мәселелерін оқытудың теориялық аспектілері мен әдістемелік жүйесі ұсынылған.

Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, ресурстық орталық әдіскерлеріне арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

Алғысөз

Қазіргі кезде жаһандану және белсенді инновациялық технологиялардың өзекті қолайлы жағдайларын іздестіруі байқалады, өсіп келе жатқан жасұрпақты тәрбиелеудің механизмдері, басқа мәдениеттермен қарым-қатынаста болуға қарастырылған. Әлемнің өзарабайланысты және өзаратәуелді жағдайында оқушыларды дайындаудағы құрал – көптілділік болып табылады.

Көптілділік білім беру жеке тұлғаның қалыптасуындағы негізі болып табылады, қазіргі қоғамдағы адамның тұлғалық өзін-өзі жетілдіруіне ықпалын тигізеді, бәсекеге қабілеттілікті арттырады және әлеуметтік ұтқырлықты жылдам қалыптастырады.

Адамның өмір сүру салты заманауи жағдайларында белгілі түрде жойылатынын, көптеген ұлттық айырмашылықтары жоғалатынын, адамның өз ұрпағымен байланысы, алдыңғы ұрпақпен рухани тәржірибесінің құндылығын жоғалтатынын атап өту қажет. Сондықтан, ұстаз алдына халықтардың мәдениетті дәстүрлердің білімі мен тәжірибесін, білім беру ортасында жайлы дүниежүзілік мәдениеттің және жалпы адамзаттық құндылықтарын қолдана білетін, әлеуметтік-белсенді тұлғаның қалыптасуында ықпалын тигізе алатын үлкен міндет қойылады. Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруға, жан жақты жағымды тұлғаны көпұлтты және көпмәдениетті ортада пайдалы және белсенді өмір сүре алатын, жеткілікті түсінігі бар және басқа ұлттардың мәдениетін сыйлайтын, бейбітшілікте және келісімде өмір сүру үшін көптілділікті білім беру қажет.

Дүниежүзілік экономикалық кеңістікте жаһандану және интергация жағдайында Қазақстан көптілділік білім беруді жетілдіруін қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жoлдауында көптілділікті оқытудың өзектілігі көрсетілген, ойткені «біздің еліміздің ең маңызды және негізгі басымдығы көпұлттылық және көптілділік болып табылады» 1.

Қазақстан Республикасы Президентінің қойған міндеттеріне сәйкес білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы [2], Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы [3] және «Тілдердің үштұғырлығы» мәдениеттік бағдарламасындағы [4] 2020 жылында барлық қазақстандықтар қазақ тілін, 95%-ы – орыс және 25%-ы ағылшын тілдерін меңгеру тиіс деп көрсетілген.

Бүгінгі күні ең маңызды міндет шағын жинақты мектептерде (бұдан әрі – ШЖМ) білім сапасы қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы білім беру мектептердің саны 7398, оның ішінде 56  құрайтын 4145 ШЖМ ауылды жерлерде орналасқан.

ШЖМ-інің көпшілігі дәстүрлі ауыл мектептері.

Республика бойынша 5776 ауыл мектебі бар. Оның 4007-і ШЖМ.

Қазіргі кезде ауыл ШЖМ санының көбейгені айқын. Орта ШЖМ санының жүйесі өсу көрсеткіші деңгейлік оқыту бойынша көрсеткіштері бүгінгі күні өсуде.

ШЖМ-ның үш түрі бар: бастауыш, негізгі және орта. Бүгінгі күні республика бойынша ШЖМ бастауыш деңгейлі – 854 мектеп (20,7) құрайды, негізгі орта деңгейлі – 938 мектеп (22,6), жалпы орта деңгейлі мектеп саны – 2353 (56,8).

ШЖМ-да көптілділік білім беруді бірнеше әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, яғни мектептің материалдық жағдайына, кадрлар және ғылыми-әдістемелік қордың жетіспеушілігіне байланысты. Осы мәселелердің шешімі ретінде инновациялық педагогикалық технологияларын кеңірек қолдану, ресурстық орталықтарды құру, ШЖМ-ның үйлесімдік қызметтерін қашықтықтан ұйымдастырады. Мысалы, Қарағанды облысында ресурстық орталықтың үлгісі еңгізілді, бүгінгі күні 11 ауылдық ресурстық орталықтардың негізінде, 104 ШЖМ-ны біріктіреді.

ШЖМ-да ағылшын тілін меңгерген кадрлармен қамтамасыз ету кіріктірілген оқытуға ағылшын тілінде пәндерді оқыту өзекті болып қалады.

Біліктілікті арттыруды ұйымдастырудың ваучерлік қағидасы, 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламадағы әрбір мұғалімнің кәсібилік өсуін қамтамасыз етеді. Осы бағыт шеңберінде бізге біліктілікті арттырудың бірлескен жүйесін қалыптастыруға, республикамыздағы мектептерде ең үздік мұғалімдердің тағылымдамасын ұйымдастыруға көңіл бөлген жөн.

Көптілділікті оқытуды табысты жүзеге асыру үшін жоғары кәсібилік деңгейдегі құзыретті-нысаналық білім берудің қағидасын жетік қолдана білетін мұғалімнің жаңа типін қалыптастыру қажет.

Еліміздің экономикалық, саясаттық, әлеуметті-мәдениеттік өркендеуінің жақсарта алуға үлесін қосатын, көптілділікті білім берудің өзектілігін дамытуға мамандардың бәсекеге қабілетті, жоғары білікті даярлықтары болуы тиіс.