- •1.1 «Қоршаған орта» ұғымы және балаларды тәрбиелеудің маңызы
- •1.2 Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінің зерттелу жағдайы
- •2.1 Мектепке дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін зерделеу
- •2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Сауалнама
2.1 Мектепке дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін зерделеу
Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына және серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің біріне қосылу мақсатында қарастырылып отырған «Білім туралы» Заңында, 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерді ескере отырып, мынандай мақсат қоямыз: Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепалды балаларына бастапқы патриоттық тәрбие беру. Аталған мақсатты жетілдіруде, мектепалды балалар бойына бастапқы патриоттық сана-сезім мен мәдени мінез-құлқын қалыптастыру және патриоттық әрекетке дағдыландыру міндеттері анықталды. Қоршаған ортамен таныстыруда патриоттық тәрбие берудің педагогикалық үдерісінде үздіксіз, табиғилық, ізгілік, ұлттық және жалпыадамзаттық ұстанымдарды басшылыққа алу арқылы үлкен нәтижеге жетуге болады. Мектепке дейінгі ұйымда аталған ұстанымдар тәрбиелеу, оқыту және түрлі әрекеттерді ұйымдастыру үдерісінде бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады. Үздіксіз білім берудің қолданыстағы және жаңа құрылған элементтері өзара тығыз байланыста әрекет етуі қажет, оларды біріктіретін ортақ идеялар: білім берудің түпкі мақсаттарының бір болуы, әртүрлі ғылым салаларының әдіснамаларымен қатар танымдық, эмоционалды, ерік-жігерлік және практикалық салалардағы іс-әрекетке қатысты пайдаланатын қоршаған орта туралы білімдерінің кешенді сипаты, балалардың шығармашылық әлеуетін іске асыру шарты ретінде қарастырылады.
Зерттеу нысанамызға сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық тәжірибелік – экспериментін ұйымдастырдық. Зерттеудің экспериментальды базасына Тараз қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдердің арнайы мектебінің» жасөспірім кезеңіндегі балалар жұмылдырылды. Тәжірибелік - эксперимент жұмысы үш кезеңде жүрді. Бірінші кезеңде отансүйгіштік сезімдерін анықтау эксперименті, екінші кезеңде анықталған мәліметтер бойынша қалыптастыру жұмысы, соңынан анықтау мен қалыптастыру нәтижелерін саралау мақсатында бақылау кезеңі ұйымдастырылды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ғалымдардың еңбектері мен әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін келесі аталған мазмұндық көрсеткіштерімен жүргізуді жөн санадық. Олар:
Айналасында қоршаған жақын адамдарға жағымды эмоцияналды қарым-қатынас (арнайы мектептің қызметкерлері: тәрбиешілер, әлеуметтік педагог, психолог, пән мұғалімдері, мектеп басшылары және сондағы балалар);
Табиғатқа деген ізгілік қатынас, қамқорлық жасай білу;
Халықтың мәдени мұрагер дәстүрін мақтан тұту;
Отанға деген сүйіспеншілік (мемлекет рәміздері, қоғам қайраткерлері, мемлекет жетістіктеріне қуану).
Аталған мазмұндық көрсеткіштер бойынша балалардың отансүйгіштік сезімдерін зерделеу мен қалыптастырудың тәжірибелік жұмыстары жүзеге асырылды. Сонымен, келтірілген мазмұндық көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу нәтижелерін нақтылы бағалау үшін келесідей деңгейлер анықталды:
Жоғарғы деңгей: Қоршаған ортаны тануға ұмтылыс, ынтасы бар, сұрақ қояды, көп білуге қызығушылық танытады. Жақындары мен халықтың мәдени мұрагерлік құндылықтары мен табиғатты сақтауға берілгендік сезімі басым, оған жағымды эмоциялық кейіппен қарайды. Отан және оның тарихы туралы білім жүйесі қалыптасқан, ой-тұжырымы мен көзқарасын еркін жеткізеді. Кез келген жағдайда отансүйгіштікке тән мінез-құлық көрсетеді. Берілген тапсырманы белсенділікпен, жауапкершілікпен орындайды.
Орта деңгей:Ұстаздардың бастамасымен жақын адамдардың күйін байқайды, қойылған сұраққа жауап іздейді. Ересектердің қолдауымен бірлескен іс-әрекетте отансүйгіштік дағдыларын: көмек көрсету, қамқорлық жасау, аялау және т.б. орындайды. Қоршаған ортадан танып-білгендерін жандандыруға тырысады, бірақ ой-қорытындысын шығаруға қиналады. Берілген тапсырманы мекеме қызметкерлерінің көмегімен орындайды.
Төменгі деңгей: Қоршаған орта жайлы нақты бейнелерді меңгереді, оқиғаларды атайды. Ұстаздардың бастамасымен нақты оқиғаның мән-жайын сезінеді, бірақ жауап қайтармайды. Берілген тапсырмаға жауапкерлікпен қарамайды, эмоциялық көңіл күйлері тұрақсыз.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мүмкіндіктерін мекеменің әлеуметтік педагогымен бірлесіп атқарылады.
Диагностикалық зерттеу баладан алғаш сауалнама алудан басталды. Сауалнама алу барысындағы алынған мәліметтер баламен, тәрбиешілермен әрі қарай жұмыс бағдарламасын құру үшін қажет. Сонымен қатар, сауалнама барысында баланың қызығушылықтары, әуестері анықталады. Сауалнама мазмұны Қосымша А тіркелген. Сауалнамада алғашында балалар сұрақтарға мән бермей жеңіл жауап қайтарып отырды. Балалардың көңіл күйлерін аулауда олардың өздері қызықтыратын зерттеу сұрақтарынан ауытқыған әңгімелер де жүргізілді. Сондықтан, балалардың Отанға деген көзқарастарын, отансүйгіштік сезімдері қандай деңгейде екенін анықтау барысында «Айналайын Атажұртым» әңгіме сағаты жүргізілді. Әңгіме мақсаты: Отанға деген түсініктерін, отансүйгіштік сезімдерінің тәрбиелік деңгейлерін анықтау. Әңгіме мазмұны Қосымша Ә тіркелген.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуден бұрын біз, олардың отансүйгіштік қасиеттерге тән білімдерін қаншалықты деңгейде екендігін анықтау барысында әңгіме сағатынан соң балалардан тест алдық. Тест барысы жеткіншек және жасөспірім білуге тиесілі орта мектептің бағдарламасына сәйкес орындалды. Тесттің мазмұны Қосымша Б тіркелді. Анықтау экспериментінің зерттеу қорытындысы келесі кесте 2 көрсетілген.
Кесте 2 Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отансүйгіштік сезімдерінің анықтау эксперименті бойынша көрсеткіші
№ |
Мазмұндық көрсеткіштері
|
Эксперимент топтар |
Бақылау топтар |
Эксперимент тобы % |
Бақылау тобы % |
||
1 |
Айналасында қоршаған жақын адамдарға жағымды эмоцияналды қарым-қатынас |
45,2 |
43,5 |
2 |
Табиғатқа жағымды эмоцияналдық қатынасы, қамқорлық жасай білу; |
19,5 |
18,6 |
3 |
Халықтың мәдени мұрагерлік дәстүрлеріне құрмет, мақтаныш сезімі |
9,8 |
10,1 |
4 |
Отанға деген сүйіспеншілік |
20,2 |
20,2 |
5 |
Орта есеппен |
24,4 |
23,7 |
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік - педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу барысында біз, арнайы мектептің тәрбиеленушілерінен жиі кездесетін әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық сипаттағы мәселелерді: интеллект дамуының тежелуі, үрейлену, сенімсіздік, эмоцияналды сананың әлсіздігі, басқа адамдармен байланыс орната алмау, белсенділігінің төмендігі, педагогикалық тұрғыдан қаралмай қалу, мінез-құлқында девианттылықтың басымдылығы және т.б. жағдаяттарды байқадық.
Айналасында қоршаған жақын адамдарға жағымды эмоцияналды қарым-қатынас мазмұнына алынған сауалнамалардан балалардың өзара қатынасында эмоциялық тұрақтылықтың орташа жағын көруге болады. Себебі, мұнда ата – ана қамқорлығынан айырылған балалар өзара бір-бірлеріне ойларын, жан сырларын айта алады. Өзара достық қарым-қатынастарды да байқауға болады. Десекте, әлі де болса отансүйгіштікке тән адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық қасиеттердің ақсап отырғандығы аңғарылып тұрды. Анықтау нәтижесінде эксперимент топта 45,2 пайызды, ал бақылау топта 43,5 пайыз орта деңгейдегі пайыз есебін көрсетті. Қалыптастыру кезеңінде алынған мәліметті басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізуді жоспарладық.
Табиғат – бұл, адамзатты үнемі қоршап тұратындықтан және бала өміріне ерте енетіндіктен жас ерекшелігіне сай қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттармен таныстыру арқылы жеңіл әрі оңай қабылдап, түйсінуіне мүмкіндік туғызады. Табиғат қорғау бұл отансүйгіштік қасиетке жататындығын тәрбиеленушілер түсіне алмады. Арасында бірен - сараны түсінгендей кейіп танытқандары да кездесті. Табиғаттың әсемдігіне тәрбиеленушілер сүйсінгенімен оларды қорғау, қамқор жасау деген түсініктің төменгі деңгейі анықталды. Атап айтқанда, эксперимент топ 19,5 пайыз есебінде болса, бақылау топ 18,6 есебімен шектелді.
Әсіресе, айта кететін жайт ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларда еліміздің мәдени мұрагерлік дәстүрлеріне деген қызығушылықтың әсері төмендігі тез байқалды. Мұнда эксперимент тобы 9,8, ал бақылау тобы 10,1 пайыздық есебімен отансүйгіштікке тән сезімдерінің төмен деңгейін көрсетті. Әрине мұнда отбасынан көретін тәрбиенің ақсап тұрғандығы белгілі. Сонда да болса біз осы балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілігін берік қалыптастыру мақсатында қалыптастыру кезеңде ерекше назарда ұстанғанды жөн санадық.
Ал Отанын сүю, Отанға деген берілгендік тақырыбына оралғанда балалардың бойынан отансүйгіштік қасиеттерінің бар екендігі айқындалды. Бұл әрине арнайы мекеме қызметкерлерінің еңбектері деп айтуға болады. Олардың пайыздық көрсеткіштері эксперимент тобында 20,2 құраса, бақылау тобында да 20,2 құрап тұрды. Аталған жағдайды одан ары жоғары деңгейге жеткізу барысында қалыптастырудың әлеуметтік - педагогикалық жұмыстарын жалғастырамыз. Онда арнайы сабақтар, экскурсиялар және т.б. отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін ұйымдастыру жүзеге асырылады. Сондықтанда, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу барысында әлеуметтік педагог оларға психологиялық көмек пен әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыра алады. Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамдық ортаға бейімдеудің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін әлеуметтік педагог тарапына белсенділік талап етіледі. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетудің негізгі міндеттері:
- тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау және денсаулығын сақтау, білім алу, кәсіби бағдарының, әлеуметтік-тұрмыстық білік және дағдыларының қалыптасуы үшін қажетті көмек көрсету;
- әр түрлі орта жағдайларына төтеп бере алатын және қоғамда қабылданған заңдарға бағыну қабілеттерін қалыптастыру;
- баланың еркін өмір сүруі мен дамуына қолайлы жағдай тудыру болып табылады.
Әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету жұмысының алдын-ала болжауға болатын нәтижелері мынадай:
тәрбие мекемесіндегі тәрбиеленушілердің тұлғалық, әлеуметтік мәселелерін шешу;
тәрбиеленушілерді қоғамда өз бетімен өмір сүруге даярлау болып табылады. Жоғарыда қаралған мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, біз балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік - педагогикалық мүмкіндіктерін басшылыққа алуды жөн санаймыз.
Жоғарыда анықталған мәліметтердің қорытындыларын ескере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін қалыптастырудың тәжірибелік жұмысы ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысымыздың қалыптастыру экспериментінің барысы келесі бөлімшесінде берілген.
