- •1.1 «Қоршаған орта» ұғымы және балаларды тәрбиелеудің маңызы
- •1.2 Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінің зерттелу жағдайы
- •2.1 Мектепке дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін зерделеу
- •2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Сауалнама
МАЗМҰНЫ
Ата ана қамқорлығынсыз бала – мектеп жасына дейінгі бала
Әлеуметтік-педагогикалық – оқу-тәрбие үдерісі
Әдебиеттері тізімі
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
I ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . . . 6
1.1 «Қоршаған орта» ұғымы және балаларды тәрбиелеудің маңызы . . . . 6
1.2 Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінің зерттелу жағдайы . . . . . . . 11
ІІ БАСТАПҚЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . 28
2.1 Мектепке дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін зерделеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
2.2 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижелері . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . 62
ҚОСЫМШАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 66
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2011ж) және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттер мазмұнында: ұлттық және жалпыазамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлға сапа қасиетін қалыптастыруда азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздер мен халық дәстүрлерін құрметтеп, қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге, сондай-ақ, биік мәдениетке тәрбиелеуді жетілдіру керектігі айтылады. Осыған байланысты мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оларға білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде отансүйгіштікке тәрбиелеу өзектілігін туғызып отыр.
Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортадағы: табиғат пен жануарлар әлемімен таныстыруда алғашқы дүниетанымы мен өзара ізгілік қатынас және адамгершілік негіздерін қалыптастыру мүмкіндіктері Н.С.Құлжанова, В.Н.Андросова, Ә.Меңжанова, Х.Т.Шерьязданова, Қ.А.Аймағамбетова, Ж.Т.Тасжурекова, Р.К.Керімбекова, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, А.Е.Манкеш, С.Н.Жиенбаева, Ғ.З.Таубаева, Г.М.Метербаева және т.б. ғалымдар теориялық және әдістемелік негіздерін қарастырған.
Қазақстанда Г.Қ.Белгібаеваның «Болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті арқылы патриоттық тәрбие беруге даярлау» атты зерттеу жұмысының маңыздылығын атауға болады. Аталған еңбектерді ғылыми - теориялық тұрғыда талдау қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепалды балалардың жас және психологиялық даму ерекшелігіне сәйкес бастапқы патриоттық тәрбие беру мәселесінің педагогикалық шарттары арнайы зерттеу пәні ретінде толық қаралмағандығын дәлелдейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сүйіспеншілігін арттыру - біздіңше, қоғамның қазіргі талабын қанағаттандыратын бірден-бір жолы болып табылады. Дей тұрғанмен, мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі таңда отансүйгіштікке баулу қажеттілігі орын алып отырғанымен, оқу-тәрбие үдерісінде балаларға бастапқы патриоттық тәрбие беру барысын қоршаған ортамен таныстыру қажеттілігі мен оларды тиімді жүзеге асыруда басшылыққа алатын әдістеменің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі анықталады. Аталған мәселенің шешімін табу мақсатында жұмысымыздың зерттеу тақырыбын: «Қоршаған ортамен таныстыру арқылы мектепке дейінгі балаларға бастапқы патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттарын анықтап, тәжірибелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
«Қоршаған орта» ұғымының мәнін ашу;
мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу;
мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін зерделеу;
тәжірибелік - эксперимент нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің нысаны: мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеудің пәні: қорашаған ортамен таныстыруда отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделіп, олармен жүргізілетін оқу-тәрбиелеу үдерісі бағыттары нақтыланса, онда ортада өзін-өзі құрметтей алатын, Отанын сүйетін тұлғаны қалыптастыру тиімді болар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ғылыми-теориялық негізде талданды;
«қоршаған орта» және «мектеп жасына дейінгі балалардың отансүйгіштік тәрбиесі» ұғымдары нақтыланды және анықтама берілді;
қоршаған ортамен таныстыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік тиімділігі тәжірибелік зерттеуде расталды.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми теориялық зерттеулер мен тұжырымдарды, әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ, мерзімдік баспасөз басылымдарын танып-білу, талдау және жинақтау, болжам жасау, мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке баулудың әдістерін жүргізу, эксперимент нәтижелерін саралау, тиімділігін дәлелдеу.
Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық мәні: мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің жолдары, және отансүйгіштікке баулудың ерекшеліктері мен себептері ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге сүйену арқылы талданды.
Ғылыми зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ғылыми зерттеу жұмысын әлеуметтік педагогиканың өзекті бір мәселесіне қосқан үлес ретінде қарастыруға болады: мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері ұсынылады. Зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі ұйымдардың оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырғанда пайдалана алады.
Зерттеудің экспериментальды базасы: Тараз қаласы, Балалар мен жасөспірімдердің арнайы мектебі.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 «Қоршаған орта» ұғымы және балаларды тәрбиелеудің маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде оның танымы мен түсінігіне, сезімі мен көңіл-күйіне және мінез-құлқына жан-жақты әсер ететін ең белсенді де тиімді фактордың бірі – қоршаған орта.
Қоршаған орта – адамның тіршілік етуін, қалыптасуын, іс-әрекетін анықтайтын барлық табиғи, қоғамдық, материалдық және рухани жағдайлар.
Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойы қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға оның ішкі рухани дүниесіне әсері қандай деген сұрақтар философияның ең түйінді мәселесі болып табылады. Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов өздерінің «Философия» атты оқу құралында: «Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі, адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. ...айналаны қоршаған табиғат құбылыстары мен қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар мен өзгерістер дүниені сырттай бақылаушы енжар адамның сезімі мен санасына әсер етіп, өз іздері мен белгілерін қалдырады» 18, 231-235-б.
Адамзат баласының қоршаған ортаға деген дүниетанымдық көзқарастары жөнінде ғалым Ә.Х.Тұрғынбаев: «Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, өзіне-өзі ара-арасында бұл заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің, бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың-сан сұрақтар қояды» - деп, жетілген патриот тұлғаның заңды танымына философиялық астармен жауап береді 19,8б.
Ресей философтары А.Т.Спиркин 27, Е.Ф.Солотов 28, В.Н.Лавриненко 29, В.П. Ростинкова 29 және т.б. табиғатты танып білу, игеру барасында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын әр салада дәлелдейді, адам бар жерде таным үдерісінің саналы жүріп жататынын қарастырған.
А.Г.Спиркин: «Адам қоршаған әлемнің рухани-мәдени ортасында өмір сүреді. Адам өзі – белсенді әрекет етуші тіршілік иесі. Адамның таусылмайтын материалдық және рухани қажеттілігінің байланысы табиғат пен қоғамдық өмір жаңалықтарымен бірлескен қарым-қатынаста болады. Осындай байланыссыз өмірдің болуы мүмкін емес» - деп, танымды тарихи тұрғыда талқылап, оның түрлерін атап көрсеткен 27,413с.
Аталмыш философ ғалымдарымыздың тұжырымдарымен таныса отырып, адамға қоршаған ортада бағдар жасауына көмек беретін ғылым екенін, осы ғылымның жетістіктіктері негізінде қоршаған ортаны тану қалыптасады және қоғамның тарихи тәжірибесінде оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейтіндігін аңғаруға болады.
Осы тұрғыда қоршаған ортамен таныстыра отырып тәрбиелеу – біздің ойымызша, оларға жағымды эмоциялық мен рухани-адамгершілік мәдениетті және бастапқы патриттық тәрбиені бере білу. Баланы сезе білуге, жақын адамдарының жанарынан ұлттық рухани дүниесін көре білуге үйрету үшін тәрбиеші бала бойындағы сезімін, бүкіл сезімдік қасиеттерін аялай білу керек демекпіз. Сезіне білуге үйрету – әрине, тәрбие үдерісіндегі ең қиын нәрсе. Ізгі жүректілік, сергектік, сезімталық, үн қосқыштық мектебі – достық, жолдастық, туыстық, патриоттық.
Балалар психологиясында баланың танымдық белсенділігін жан-жақты дамыту мақсатында қоршаған ортаның психологиялық маңыздылығы жөнінде Х.Т.Шерьязданова, К.А.Оразбекова, А.А.Люблинская, В.С.Мухина, Е.А.Аркин 184, А.В.Ананьев 183 және т.б. балалар психологиясы мәселесімен айналысқан ғалымдар ерекше назарда ұстанып отырған.
Психолог А.А.Люблинская өз еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде қоршаған ортаның жақын және жеткілікті мазмұнымен таныстыруды ұсынады, сонда баланың айналаға, қоғамдық өмірге деген бастапқы жағымды көзқарасын қалыптастыру жүзеге асатындығына тоқталып өтсе 160,91с, В.С.Мухина: ...Бала қоршаған дүниені танып, өз қылықтарының салдарымен танысып, ненің жақсы және жаман екенін түсіне бастайды» - деген ғылыми тұжырымдарын ұсынады 161,157б.
Профессор Х.Т.Шерьязданова: «Баланы қоршаған ортамен таныстыру – баланың психикасын дамытудың, оның жеке бастық сапасын қалыптастырудың қажетті шарты. Тәрбиешінің міндеті – заттар жөніндегі, адамдар мен олардың еңбегі жайындағы білімдерін, адамдардың ой-өрісін кеңейту болып табылады. Қоршаған ортаны танып білу балаларды адамдарға деген сүйіспеншілікке, олардың қайғысы мен қуанышына ортақтасуға, мейірімділікке, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу мен тығыз байланыстырған жағдайда ғана пайдалы болып табылады» - деген жолдармен түсіндіреді 54,49б. Ғалым қоршаған ортамен таныстыруда баланың жас ерекшелігіндегі жеке танымдық сапаларын дамыту жолдарын зерттеуде баланың толық қанды жетілуінде қоршаған ортаның маңыздылығы жөнінде құнды деректер келтірген.
Ғалым К.А.Оразбекова мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны, ондағы қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды тану нәтижесі білім болып табылатынын, оларды тану тікелей сезімдік қабылдау арқылы, аралық жолмен (ересек) және кітаптарға жекелеген заттарды немесе құбылыстарды сөзбен бейнелеу арқылы жүзеге асатынындығын жазды. Баланың қоршаған ортада ой түю көрсеткіштерін: 1.Елестету түрінде, яғни қабылданған заттар мен құбылыстардың көп немесе аз көлемде жинақталған бейнелері түрінде; 2.Түсінік түрінде, яғни жалпы мәнді белгілерге ие болатын заттар мен құбылыстардың бір тобы туралы, жинақталған сөз қоры туралы; 3.Жеке бір нәрселер, заттар туралы мәліметтер (айту, хабар) түрінде; 4.Бірден нақтылы, іс жүзінде белгілі бір қасиеттер, не бүтіндей барлық заттар туралы түсінік беру (әңгімелесу) түрінде, аңғару, айту түрінде; 5.Заттардың арасындағы байланыстарды аңғару түрінде; 6.Оюмен ойды жеткізу» деп 182,163б дәлелді түрде бөліп көрсеткен. Сайып келгенде, психологтар зерттеулерінде қоршаған ортамен танысу кезінде баланың тұлғасында қоғамдық болмысқа және айналадағыларға адамгершілік аялы көзқарасының қалыптасуына байланысты патриоттық сезімінің дамыту жолдары айтылады.
Профессор Қ.А.Аймағамбетованың авторлығымен жарық көрген көптеген еңбектер желісінде айнала қоршаған дүние, табиғат пен адам және табиғаттағы еңбегі жайында қозғалған мәселелері балалардың алғашқы дүниетанымдық түсініктерін қалыптастыру, патиоттық тәрбие беру негіздері бола алады.
Ғалым Р.А.Керімбекова қоршаған ортаны - табиғатпен таныстыру мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын дамытудың басты құралы ретінде қарастырады.
Дегенмен, ғалымдар зерттеу нысанасына қарай патриоттыққа тәрбиелеу мәселесін қарастырмайды, мұнда мектепке дейінгі баланы тәрбиелеудегі түрлі аспектісін қарастырғанда қоршаған ортаның мазмұнына тек табиғатпен ғана байланыстырып алғандығы анықталды. Сондықтан, мектепке дейінгі педагогикада қоршаған ортаның тәрбиелік педагогикалық мүмкіндіктерін әлі де болса шешімін табу керектігі байқалады.
Аталған мәселенің шешімі біздіңше, қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланы болашақ еліміздің саналы азаматы ретінде отансүйгіштікке баулу, олардың жүрегінде үміт отын ұялатады деген болжамға келеміз.
