Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Танкибаева_Ж.ПАРОДОНТ_АУРУЛАРЫН__КЕШЕНДІ_ЕМДЕУДЕ_ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ_ӘДІСТЕРДІ_ҚОЛДАНУ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

Оксигенотерапия

Пародонт тіні оттегі жетіспеушілігіне өте сезімтал.

Пародонт аурулары кезінде тіндер оттек аштығы жағдайында болатындығы белгілі. Оттегін жергілікті енгізу пародонт ауруларын емдеудегі патогентикалық емнің бірі болып табылады.

Қазіргі кезде пародонтологияда оксигенотерапияның перспективті әдістерінің бірі озонотерапия.

Озонды терапия

Емдік факторы: озон, емдік мақсатпен қолданылады.

Терапиялық тиімділігі: озон альвеолярлы макрофагтарды қуаттандырады, интерлейкин-1 деңгейіне ықпал жасайды, нейтрофилдік қуаттандыратын белсенділігі бар, клеткалы және гуморальды иммунитеттің күшеюін шақырады, регенерацияны (жазылуды) қуаттандырады, микроайналымды жақсартады, оксидантқа қарсы қорғау мен алмасу процестерін жеделдетеді, бактерияларға, вирустарға қарсы, фунгицидті, аурусыздандыратын және қабынуға қарсы әсер етеді.

Көрсеткіштері: гингивит (катаральды, ойық-жаралы, әр түрлі ауырлықты дәрежеде), пародонтит – жайылмалы, шектеулі, түрлі ауырлықты дәрежеде; науқастың операция алдында және операциядан кейінгі күйінде; кюретаж, гингивотомия, гингивоэктомия, жамау операцияларын жүргізген кезде.

Қарсы көрсеткіштері: қалқанша без қызметінің күшеюі (гипертиреоз), озонды жеке төзуге болмаушылық, қан ұю жүйесінің бұзылуы, жүрек-қан тамыры жүйесінің және суб-, декомпенсация сатысындағы тыныс алу аурулары, тартылуға бейімділіктің болуы, орналасқан жері түрлі болатын қатерлі өскіндер, асқынған жүктілік.

Озонды терапияны созылмалы бүйректі жетіспеушілігі бар адамдарға, бауыр ауруларында және қан қысымы төмен болған жағдайда абайлап тағайындау керек.

Жергілікті терапия тұрғысында озонды судың қос тотығымен бірге қолданудың қажеті жоқ, өйткені бұл эндогенді тотықтар құрамының бірден көбеюін тудыруы мүмкін, ал олардың жоғары шоғырлануы теріс әсер етеді. Түрлі дәрілік препараттармен озондандыруды таңдаулы түрде жүргізу қажет.

Озонды терапия кез-келген фармакология препараттарын қабылдаумен (антикоагулянттарды есептемегенде) және кез-келген физиопроцедураларды жүргізумен үйлеседі. Бұл кезде озонды терапияны басқа емдеу түрлерімен бірге кешенді жүргізу тиімділігі, емдеудің осы түрлерінің әрбіреуінің тиімділігінің арифметикалық қосындысына қарағанда артық болады.

Аппаратурасы: «Квазар», «Медозонс», «ОТРИ-01».

Мөлшерлемесі: озонды-оттекті, озонды-бос кеңістікті қоспаны жергілікті қолдану, көп және аз өзіндік гемотерапия (озон концентрациясы 800-1000-1200 мкг/л), озондандырылған ерітінділерді (озон концентрациясы 1000-2000 мкг/л), шаю, аппликация, инъекция күйінде жергілікті қолдану.

ОТРИ-01 аппаратын қолдану арқылы озонды терапияны жүргізу әдістемесі

Пародонт ауруларына шалдыққан науқастарды тексеруді шағымды анықтап, анамнез жинауды мұқият жүргізуден бастау керек. Байқау мен объективті тексеріс кезінде қызыл иектің түсіне, қоюлығына, қанағыштығы мен ауру сезімінің болуына, ісіктің болуына, қызыл иектің семуі, ұлғаюына, ойық-жаралы өлі еттену өзгерістеріне, тістердің қозғалу дәрежесіне, пародонт қалталарының тереңдік деңгейіне, олардан бөлінген сұйықтықтың сипатына назар аудару қажет, тістер мен жақ сүйектерінің альвеолярлы өсінділеріне рентгенологиялық зерттеу, Шиллер-Писарев сынамасын жүргізіп, гигиеналық индексті, Russel бойынша пародонттық индексті, В.И. Кулаженко байқауы бойынша капиллярлардың төзімділігін анықтау керек.

Пародонт ауруларын емдеу жалпы шараларды да, жергілікті шараларды да қолдануды, этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емдеу элементтерін де үйлестіре тағайындауды қамтиды.

Жалпы және стоматологиялық статустар деректерін есепке ала отырып, әрбір науқасқа жеке ыңғай міндетті болады.

Барлық науқастарға ауыз қуысын сауықтандыру жүргізіледі, гигиена ережелері үйретіледі, көрсеткіштер бойынша жалпы нығайтушы, сезімталдықты бәсеңдететін, қабынуға қарсы қолданылатын препараттарды дәстүрлі мөлшерде тағайындайды.

Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология клиникасында алғаш рет пародонт ауруларының озонды-ауа қоспасын пайдалану негізделді (катаральды, ойық-жаралы гингивит, шектеулі және жайылмалы пародонтит).

Озонды терапияны жүргізу үшін өлшемі 45х25х8 см және салмағы 8 кг, тасымалды құрылғыны білдіретін, «ОТРИ-01» аппараты қолданылады (4 сурет). Аппарат ток кернеуі 220 Вт тұрмыстық токқа қосылады. Аппарат озонды-ауа қоспасын (ОАҚ) шығар алдында 3 мг/л озон концентрациясымен өндіреді.