Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Танкибаева_Ж.ПАРОДОНТ_АУРУЛАРЫН__КЕШЕНДІ_ЕМДЕУДЕ_ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ_ӘДІСТЕРДІ_ҚОЛДАНУ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

Табиғи емдік факторлар Бальнеотерапия

Емдік факторы: минералды сумен емдейтін гидротерапия түріне жатады.

Физиологиялық әсері: сыртқа қолданылатын минералды су бөлшектерінің әсер ету механизмі. Минералды су элементтерінің көпшілігі тіндерде кідіріп, сондағы рецепторларға әсер етуге негізделген.

Гипотензивті әсері, орталық жүйке жүйесіне гемодинамикаға липидті алмасу мен қанның ұю жүйесіне әсерлері пародонтитті кешенді медеуде оларды қолдану үшін негіз болып табылды. Тіндердің айқын қан кернеуін шақырып, қан айналымын жақсартатын алмасу процесстерін қуаттандыратын иод, бром сияқты маңызды микроэлементтер кілегей арқылы енеді. Құрамында иодтың аз ғана өлшері бар емдік сулар, қан тұтқырлығын төмендетіп, қабыну реакциясын азайтуға мүмкіндік жасап, тіндердің тез қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Ауыз қуысын шаюға және қызыл иекке массаж жасауға арналған табиғи йодбромды сулар пародонт тініне қабынуға қарсы әсер етіп, қоректенуі мен микроциркуляцияны жақсартады. Оттегіне көбірек қанығуына мүмкіндік жасайды, оның қан тамыр қабырғаларының өткізгіштігін қалыптастырады, микроциркуляция жүйесінің морфофункциональды бірлігі – каппилярлы байланыс тінді құрылымның трофикалық қызметін жақсартады.

Қызыл иек кілегейі мен тіндерінің температурасын көтеретін жылулық, механикалық, химиялық және нервті – рефлекторлы әсерлері йодбромды судың химиялық және биологиялық абсорбциясын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Емдік әсер ету үшін йодбромды судың орташа минерализациясы қолданылады (1л суға 25г).

Терапиялық тиімділігі: вазобелсенді, метаболикалық, трофикалық, седативті, спазмолитикалық.

Аппаратурасы: Арнайы газдалған көмірқышқыл суы бар қондырғы (АН-8) немесе ауыз қуысын шаятын аппарат ИЭ-4 қолданады.

Суды жылыту автоматты терморегулятормен іске асады. Әр түрлі дәрілік заттарды біріктіруге мүмкіндік жасайтын, дәрілік ингредиенттерге арналған таратқыш және мөлшерлегіш құрылым орналасқан пародонт тіні ауруларына бальнеотерапия жүргізу үшін жуынатын орындарымен бірнеше қатар бөлмелері бар арнайы жабдықталған бөлме қажет.

Мөлшерлемесі: Емдеу уақыты – 10 минут, курсы 10-12 емнен тұрады.

Әдістемесі: Емдеуді жүргізу алдында науқасқа гидромассаж қалай жүргізілетіні мен ұштықты қолдану тәртібі түсіндіріледі.

Науқас бір қолмен ұштықты ұстап, екінші қолымен су ағатын тетікті ептеп ашады да (су температурасы 37-390С) ауызды шаюды бастайды. Науқастың басы қол жуғышқа еңкейткіш аузы жартылай ашылады.

Пелоидотерапия

Емдік факторы: емдік балшық және балшық тәрізді заттар.

Емдік балшықтар деп құрамында биологиялық белсенді заттар мен тірі микроорганизмдері бар минеральды, органикалық зат пен судан тұратын табиғи коллоидты түзілісті атайды. Олар табиғи сулардың, вулкан тасымасының өнімдері мен балшық төбешіктерінің түзілістері болып табылады.

Барлық емдік балшықтардың құралымын кристаллды қауқа, коллоидты кешен және балшық ерітіндісі құрайды.

Кристалды қауқа құрамына силикатты бөлшектер, ортофосфат гипс, карбонаттар, кальций мен магнийдің нашар еритін тұздары жатады.

Коллоидты кешен құрамына күрделі ферро -, алюмо - және органоминеральды байланыс (күкірт, кремний қышқылы) енеді. Балшық ерітіндісін суда еріген натрий, магний, сульфидтер, сульфаттар, микроэлементтер тұздары құрайды.

Емдік балшықтағы микроорганизмдер шіріген аэроб пен анаэробтан сульфатрецидивті нитрозды бактериядан, сүлгіден тұрады. Шіріген бактериялар пенициллин тәрізді зат шығаратын болғандықтан бактериялары қарсы белсенділігі күшті, тері мен кілегей микрофлорасының антагонисі болып, оларды өлтіреді.

Физиологиялық әсері: Балшықтың әсер ету механизмі балшықты құрайтын субстарттардың физико – химиялық қасиетіне байланысты жылу шығару. Балшық ингредиенттері организмдегі биохимиялық және физиологиялық процестердің ағымына, оның морфологиялық құрылымына әсер ететін фактор болып табылады.

Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы, метаболитикалық, трофикалық, иммунитетті қуаттандырушы, бактерицидті, коагуляциялы, кератолитикалық.

Көрсеткіштері: процестің стабилизациясы мен ремиссия сатысындағы созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл және орташа ауырлықтағы дәрежесі.

Аппаратурасы: Балшықпен емдеу аппликация немесе гальванбалшық түрінде жүргізіледі. Ультрадыбысты терапиямен (пелоидофонофорез), минералды сулармен жоғары жиіліктегі магнитті терапиямен тұрақты тоқпен (гальванопелоидотерапия) біріктіріп жүргізеді.

Мөлшерлемесі: Балшықты сулы моншада 500С дейін қыздырады. Балшықты аппликацияны бір қабат дәкеге қалыңдығы 2-2,5см , ұзындығы 14-15см болатындай етіп орап, үстіңгі және астыңғы жақ қызыл иектеріне орналастырады. Емдеу ұзақтығы 15-20 минут, емдеу курсы күн ара 12-15 рет.

Емдік балшық пен тұрақты тоқтың біріккен әсер ету әдісін қолданғанда балшықты жұқа кесекке немесе балшықты дәкеге гальванизация аппаратының бір полюсына қосылған қорғасын электродын салады. Пассивті электрод иыққа қойылып,аппараттың қарсы клеммасына қосады. Емдеу ұзақтығы 15-30 минут, емдеу курсы 10-12 рет.