Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Танкибаева_Ж.ПАРОДОНТ_АУРУЛАРЫН__КЕШЕНДІ_ЕМДЕУДЕ_ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ_ӘДІСТЕРДІ_ҚОЛДАНУ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

Аэроиондық терапия

Емдік факторы: иондандырылған ауа - электрлік зарядталған газ бөлшектері (аэроиондар) немесе аралас газды және сулы бөлшектер.

Терапиялық тиімділігі: теріс аэроиондар артериялық қысымның төмендеуіне ықпал тигізеді, организмдегі қалпына келу процестерін жеделдетеді, қолайсыз сыртқы шарттарға төзімділікті жоғарылатады, бейімделген механизмдерді белсенділендіреді, сонымен бірге сезімталдықты жоғалту әсерін тигізеді. Аэрозольды ингаляциялар (цитральдың 1%-ті ерітіндісі, мефенамин натрий тұзының 1%-ті ерітіндісі, антибиотиктер мен протеолитикалық ферменттер және тағы басқалар) пародонт тіндеріне жергілікті әсер тигізуден басқа, жалпы резорбтивті әсер тигізеді: лимфа және қан айналымының жақсаруына ықпал жасайды, зат алмасуды жеделдетеді.

Көрсеткіштері: пародонттың қабыну аурулары (жиі жедел және асқынған процестер кезінде), пародонтоз.

Қарсы көрсеткіштері: жүрек-қан тамыры жетіспеушілігі, церебральды атеросклероз, кардиосклероз, жүдеу (кахексия), туберкулез, қатерлі аурулар, жүктілік.

Аппаратурасы: АИР-2, ЭЭФ-01, АФ-3, АФ-3-1, «Серпухов-1», ГАИ-4, ГАИ-4У.

Мөлшерлемесі: 10-20 минут немесе 20-30 минут, күн сайын 10-15 процедура.

Парафиндік терапия

Емдік факторы: парафин – жоғары жылу сыйымдылығын, төмен жылу өткізгіштігін иеленетін жоғары молекулалық көмірсулардың қоспасы. Жақсы жылу тасымалдаушы болып табылады, конвекциялық тиімділігі болмайды, адсорбциялық қабілеті жоғары болады.

Терапиялық тиімділігі: Жылулық әсер, елеусіз компрессиялық әсер, ауруды бәсеңдетуші, таратушы, қоректендіру мен қалпына келтіруді жақсартады, фагоцитозды белсенділендіреді.

Көрсеткіштері: созылмалы гингивит, пародонтоз, пародонтит (асқынудан тыс).

Қарсы көрсеткіштері: науқастың кенеттен әлсіреуі, белсенді туберкулез, қатерлі жаңа түзілістер, бүйрек аурулары, жедел қабыну процесі, пародонт қалталарында сұйықтықтың болуы.

Аппаратурасы: парафин жылытқыш, сулы монша.

Мөлшерлемесі: қабат қалыңдығы 1 см-ден аз болмауы керек, 55-650 С температурада 10-20 минут, күн сайын немесе күнара 10-15 процедура.

Криотерапия

Емдік факторы: табиғаты әр түрлі суық факторлардың емдік әсері

Суыту дәрежесіне байланысты суықты емдік мақсатта қолдану бірнеше әдіске бөлінеді: жалпы гипотермия (минус 28-33С), қатты суыту ( + 5-тен - 20С дейін), үсіту ( минус 20 -100С).

Терапиялық әсері: аурушаң сезімталдық бәсеңдейді, тіндердің ісігі азаяды, микроорганизмдер мен тіндердің ыдыраған өнімдерінің сіңірілу процестері мен белоктардың ыдырауы бәсеңдейді, гипоксия мен ацидоз, қабыну медиаторларының түзілуі, бөлінуі мен сіңірілуі төмендейді, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігі жоғарылайды, репаративті (қалыпқа келу) процестер қуаттандырылады.

Көрсеткіштері: созылмалы катаральды гингивит, 1-2 дәрежелі созылмалы гипертрофиялық (ұлғайған) гингивит, созылмалы пародонтит.

Аппаратурасы: КУАС-01-МТ, «Гипостат-1», «Ятрань», «Криоэлектроника-1».

Мөлшерлемесі: аппараттың режимді жұмысы 50 С дейін, экспозициясы 10-15 минут, емдеу курсы күн сайын 3-7 процедура.

Криодеструкция - сол криошашыратқыш және байланыс аппараттары қолданылатын, тек суықпен әсер ету экспозициясы 35-44с, ал температурасы -60-140С0 болатын суықпен ықпал тигізудің бір түрі.

Көрсеткіштері: 3-дәрежелі гиперқоректендіруші гингивит, қызыл иек фиброматозы, эпулид, пародонт қалталарында грануляциялық тін мен іріңнің болуымен байқалатын жайылмалы пародонтит.

Мөлшерлемесі: Минус 1400С - ден минус 600С-ге дейін температура кезінде 35-44 с экспозиция.

Массаж

Емдік факторы: массаж қолдың көмегімен (саусақты өзіндік массаж) немесе арнайы аппараттың көмегімен (дірілді, сулы массаж) тіндер мен ағзаларға механикалық және рефлекторлы ықпал ету қимылдарының жиынтығы. Вакуумдық массаж төмен қысымды пайдалануға негізделген.

Терапиялық тиімділігі: қан мен лимфа айналымын жақсартады, зат алмасуды белсенділендіреді, тіндердің қоректенуін жақсартады, ісінуді төмендетеді, пародонттағы тоқтап қалуды азайтады. Сулы массаж жүргізу кезінде: тіс аралық кеңістіктерден, қызыл иек сайларынан, пародонт қалталарынан тамақ қалдықтары, бактериялар мен шағылысқан эпителий шайылады, дәрілік препараттар ерітінділерінің, өсімдік тектес препараттар мен минералдық сулардың емдік әсері айырмасының біртіндеп өсуі салдарынан температураның алмасуы арқасында қызыл иек тамырларының шынығуы.

Көрсеткіштері: гингивит пен пародонтит (асқынудан тыс кезде, тіс шөгінділері алынған соң), пародонтоз.

Қарсы көрсеткіштері: жедел қабыну процестері, әсіресе пародонт қалталарынан іріңді сұйықтық бөлінгенде, қанағыштыққа бейімділіктің болуы, кілегей қабық тұтастығының бұзылуы, жаңа түзілістер.

Аппаратурасы: ВМП-1, ЭМП-2, АЛП-02, дірілді массажер, дірілді тіс щеткалары, жеке ирригаторлар, «Water Pick» аппараты.

Мөлшерлемесі: саусақпен жасалатын өзіндік массаж, дірілді, сулы массаж - әрбір жақ сүйегіне 3-5 минуттан, күн сайын 15-20 процедура; дірілді және сулы массаждың алғашқы сеанстарының ұзақтығы 1-2 минуттан артық болмау керек; вакуумды массаж - 300-400 мм с.б. екі жақ сүйегіне 8-10 минуттан, күн сайын немесе күнара 15-20 процедура.