V жұп Үшкіл нерві.
Бетте ауырсыну және парестезия жоқ. Үшкіл нервтің шығу нүктелерінде пальпацияда ауырсыну жоқ. Бетте сезімталдық сақталған. Дәм сезуі бұзылмаған. Төменгі жақ толық қимылдайды. Шайнау бұлшықеттері тонусы сақталған. Шайнау бұлшықеттері екі жақты симметриялы, дұрыс дамыған. Парез және паралич жоқ. Конъюктивальды, корнеалды, төменгі жақтың рефлекстері сақталған.
Vіі жұп беттік нерв.
Бет симметриялы. Науқас қолын көтереді, маңдайын қыртыстандырады, ұртын үрлей алады.Белл симптомы, Шарко Мари белгісі, Мийяр-Гублер айқасу синдромдары анықталмайды. Лагофтальм жоқ. Сол жақтық ерін-мұрын қатпары тегістелген. Беттік гиперкинездер (гемиспазм,бифароспазм) жоқ. Жас ағу және көз құрғауы жоқ.
VІІІ жұп есту нерві.
Есту қабілеті төмендеген. Құлақта шу дыбыстық галюцинация жоқ. Вебер, Ринне сындары оң. Вестибулярлы атаксия және нистагм жоқ.Ромберг кейпімен жүргізгенде, өзгеріс анықталмайды.
ІХ, Х жұп тіл жұтқыншақ және кезбе нерв.
Жұмсақ таңдай, тіл орнында, фонация кезінде симметриялы. Фонация сақталған. Жұтыну бұзылмаған, дисфагия жоқ. Тілдің артқы 1/3 бөлігінде дәм сезу өзгермеген. Жұтыну және таңдайлық рефлекс сақталған.
ХІ жұп қосымша нерв.
Төс-бұғана-емізік және трапеция тәрізді бұлшықет пальпациясында гипертрофия және атрофия жоқ . Бас жан – жағына толық бұрылады. Иығын және жауырынды толық орташа ауырлықта көтере алады.
ХІІ жұп тіласты нерв.
Тілі ауыз қуысында. Ортаңғы сызық бойында орналасқан.Тілдің атрофиясы жоқ. Қозғалуы сақталған.
Қозғалтқыш жүйе
Аяқ бөліктерін қарағанда бұлшықеттердің атрофиясы ,гипертрофиясы жоқ. Сол аяқта белсенді қимыл жай және аздап шектелген. Сол иық,білек,қол ұштарында бұлшықет күші 4-балл,сол қолда 5-балл.Сол аяқта бұлшықет күші 4-балл,сол аяқта 5-балл.
Барре сындары
Жоғарғы Барре сыны-науқас екі қолын алға қарай созып ұстағанда, сол қолын ұзақ ұстап тұра алмайды.
Төменгі Барре сыны-науқас аяқтарын ұзақ бүгіп жата алмайды.Бұл сол аяқта көп байқалады.
Координаторлық жүйе
Ромберг кейпінде жүргізгенде соң жаққа ауытқу байқалады.Сұқ саусақпен сын кезінде соңға ауытқу байқалмайды. Науқастың жазуы өзгерген,оқуы өзгермеген.
Буын рефлексі
Шынтақты жазу және бүгу өзгермеген,тізелік және ахиллдік рефлекстер соң жақта аздап жоғарылаған. Бабинский,Россолимо рефлекстері-оң мәнді.
Сезімталдық
Үстірт сезімталдық
Ауырсыну және параестезия жоқ. Шүйде нерві,иық өрімі, паравертебральды нервтердің ауырсыну нүктелерін басқанда, ауырсыну анықталмайды. Жүргенде және шонданай нервін басқанда ауырсыну жоқ. Соң аяқта ауырсыну, температуралық және тактильды сезімталдық аздап төмендеген. Нери симптомы (басты игенде бел тұсындағы ауырсыну) теріс мәнді. Ласег симптомы(науқастың аяғын өкшесінен жоғары көтерген кезде бел және шонданай тұсындағы ауырсыну) теріс мәнді. Сикар симтомы (аяқ ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерв бойы ауырсынуы) теріс. Вассерман симптомы (етпетінен жатқан науқастың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауырсыну) теріс. Басты бұрғанда, түшкіргенде, жөтелгенде ауырсыну анықталмайды.
Терең сезімталдық
Бұлшықет-буын және вибрациялық, салмақ, батыру сезімталдықтары өзгермеген.
Күрделі сезімталдық
Стереогностикалық-науқасқа қолына зат бергенде,оны дұрыс анықтады, екі өлшемді кеңістік-омыртқа бағаны бойымен екі нүктені жанастырғанда 6 см қашықтықта бір нүкте анықталды,орын тітіркендіргіші,кинестетикалық сезімталдықтар бұзылмаған.
Вегетативті нерв жүйесі
Бас ауру, талмалар, ангионевротикалық ісінулер жоқ. Перифериялық пульсациялар сақталған.Тері қабаттарының түсі қалыпты, аз ылғалды. Терінің трофикалық бұзылыстары жоқ. Терінің тершеңдігі немесе құрғақтығы жоқ. Шашы түспеген, жұқармаған.Тырнақтары дұрыс пішінді,ақшыл-қызғылт түсті. Гиперсаливация, ксероостомия, ксерофтальмия жоқ.
Топикалық диагноз
Науқаста оң жақты бұлшықет тонусының спастикалық жоғарылауы, терең рефлекстердің жоғарылауы орталық нейрондардың зақымдалғанын көрсетеді. Сонымен қатар науқаста 5 жұп нерв парезі соң жақта байқалады, бұл ішкі капсуланың оң жақтан зақымдалғанын көрсетеді.
Болжам диагноз:
Бас миының оң каротидті бассейнінің қайталамалы инсульті. Гипертониялық ауру ІІІ дәрежелі.
