Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анхан Жасулан Ауру тарихы Неврология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.71 Кб
Скачать

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік

Университеті.

«Шымкент медицина институты»

«Неврология, психиатрия және наркология кафедрасы»

Ауру тарихы

Курация уақыты: __________

Студент: Анхан. Ж.Б

Тобы: ЖМҚ-502

Қабылдаған: Атжан Ж.Қ.

Шымкент 2016 жыл.

Паспорттық бөлім

Науқастың тегі, аты: Успанов Талгат Абдурашидович

Туылған күні: 16.09.1975жж

Тұратын мекен жайы: Шымкент қаласы. Абай ауданы, Жаңа тұрмыс, Садовая 9

Жұмыс орны, кәсібі немесе лауазымы: Обл.Туберкулезный диспансер. Лобарант.

Түскен күні: 7.10.2016ж

Қортынды клиникалық диагноз:

а) негізгі ауру: бас миының оң каротидті бассейнінің қайталамалы инсульті. Бас миының атеросклерозы, соң жақты монопарез.

б) негізгі ауруының асқынуы: жоқ

в) қосалқы: Артериялық гипертензия ІІІ дәреже.

Шағымдары: Түскен кезде науқас бас ауруына, жалпы әлсіздікке, соң аяғы мен колының сезімталдығының төмендеуіне, сөйлеуінің нашарлауына, жүргенде соң жаққа қарай ауытқуына, аздап ұмытшақтыққа шағымданады.

Anamnesis morbi.

Науқастың айтуы бойынша 7-8 жылдан бері артериялық гипертензиямен ауырады, АҚҚ 170/110. Ауруы басталалғаннан бері гипотензивті препараттарды қабылдайды. Бірақ тұрақты түрде қабылдамайды. 2011 жылы қыркүйек айында бас миы инфарктін алған. Осы жылдан бері емханада «Д» есепте тұрады. 2016 жылы 7 қазан күні АҚҚ 180/110 , басы ауырып, жалпы әлсіздікке соң аяғының сезімталдығының төмендеуіне,бас аурына шағымданып жедел жәрдем шақырып стационарға жатқызылған.

Anamnesis vitae.

1975 жылы Сарыағаш ауданы, Қабыланбек ауданында дүниеге келген. Науқас өзінің жасына сәйкес өсіп, дамыған. Әлеуметтік тұрмыс-жағдайы қанағаттанарлық. Гепатит, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Дәрі-дәрмекке аллергиясы жоқ. Гемотрансфузия қабылдамаған. Әулетінде тұқым қуалайтын аурулар бар. Ағасы да артериялық гипертензиямен ауырады. Соңғы 6 ай ішінде инъекция жасалмаған.Соңғы 3 ай ішінде кене және жан- жануар тістемеген.

II – БӨЛІМ

Объективті мәліметтер

Жалпы қарау

Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта

Қалпы: активті

Дене бітімі: нормостениялық

Бойы: 161см, дене массасы: 58 кг

Тері жамылғысы: көзге көрінетін кілегей қабаттары, тері бозғылт, ылғалдылығы орташа, тургоры сақталған, патологиялық пигментациялар, бөртпелер жоқ, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжем, жара, ұшық жоқ. Қанталау, қасынған іздер, «тыртықтар, жұлдызшалары» жоқ.

Тері өсінділерінің даму барысы: шашы қоңыр, жылтыр, тегіс, тырнақтарының пішіні қалыпты, беті тегіс жылтыр.

Тері асты шел қабаты: орташа, ісінулер жоқ.

Лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

Басы: домалақ, денесіне сай, сүйек дефектілері жоқ.

Омыртқа: конфигурациясы сақталған, күш түсіргенде және перкуссияда ауырсыну жоқ.

Тыныс алу жүйесі.

Кеуде клеткасының пішіні қалыпты, симметриялы, деформацияланбаған. Кеудесімен тыныс алады ТАЖ-17 рет/ мин., мұрнымен тыныс алуы еркін, ритмді. Пальпация: ауырсыну ошағы анықталмады. Перкуссия:

Салыстырмалы перкуссия: симметриялы аймақта анық өкпе дыбысы.

Топографиялық перкуссия: өкпе шекарасы қалыпты.

Аускультация: везикулярлы тыныс, барлық бөлікте бірдей, сырылдар жоқ.

Жүрек қан – тамыр жүйесі.

Жүрек тұсын қарау: Жүрек тұсында томпаюлар,пульсациялар жоқ, Жүрек ұшы түрткісі жайылмалы, күшті, серпімді, солға ығысқан. Жүрек аймағының пальпациясы: Жүрек ұшы түрткісі күшейген, ауданы үлкен, солға ығысқан, бұғана орта сызығынан 0,5см ішке орналасқан (қ.ж. V қаб.арал бұғ орта сызығынан 1-1,5 см ішке).Систолалық немесе диастолалық дірілдің, «мысық пырылы» белгісі жоқ. Мойын артериялары ісінбеген, коротид биі жоқ.

Жүрек аускультациясы: жүрек тондары басыңқы, ырғақты. Жүректің соғу жиілігі – 88 рет/минутына.

Артериялық қан қысымы: сол қолда 140/100мм с.б.б., оң қолда 140/100мм с.б.б., пульс жиілігі – 88 рет/минутына, оң және сол қолда бірдей (синхронды), ырғақты, толымды, кернеулігі күшті, жоғары.

Ас қорыту жүйесін тексеру

Ауыз кілегей қабаты ақ жабындымен жабылған. Тәбеті жақсы, дәм сезімталдығы қалыпты. Жұтыну қалыпты.

Ішті қарау: Сопақша пішінді, тыныс алу актісіне қатысады. Веналардың білеуленуі жоқ. Ішті сипалау, ауырсыну жоқ, іші жұмсақ. Ішті беткей пальпациялағанда ауырсыну, кебу, құрылдау жоқ. Көкбауыр пальпацияланбайды, ауырсынуы жоқ.

Перкуссия: құрсақ қуысында тимпаникалық дыбыс.

Бауырды зерттегенде оның қолға сүйірленуіне анықталмайды, жұмсақ, тегіс, ауырсынусыз. Өт қабын пальпацияланбайды.

Несеп бөлу жүйесін тексеру

Қарау: Несеп бөлу мүшелері бойынша қарау кезінде бел аймағының терісінің қызаруы, ісінуі жоқ.

Бүйрек пальпациясы: (Образцов тәсілі бойынша бимануалді-тербеп) екі бүйрек пальпацияланбайды, ауырсынусыз.

Қағу: Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде екі жақты теріс мәнді.

Нерв жүйесін тексеру

Жоғарғы ми қыртысы қызметі:

Сөйлеуі: сөйлеуі қиындаған. Сөздерді дұрыс ,бірақ қиындықпен айтады. Заттарды суреттей алады. Сұраққа дұрыс жауап береді. Есте сақтау қабілеті : төмендеген.

Ойлау қабілеті: жай.

Бас ми нервтері:

І жұп иіс сезу нерві.

Иіс сезуі сақталған , иістерді ажыратады. Галюцинациялар жоқ. Иіс сезу рефлекстері сақталған.

ІІ жұп көз нерві.

Көру қабілеті аздап төмендеген. Жарыққа сезімталдық өзгермеген.

ІІІ,ІV,VІ жұп- көз қимылдатқыш, шығыр, әкеткіш нерв.

Диплопия жоқ. Көз алмалары толық қозғалады. Қылилық, нистагм жоқ. Қарашық дұрыс пішінді, екі жақта бірдей. Қарашықтың конвергенция және аккомадацияға реакциясы өзгермеген.