Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онтогенез.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.32 Кб
Скачать

Іі.2 Онтогенез эмбрионизациясы

Эволюция процесінде эмбриондық дамудың бұрынғы жолының жеке органдарда ғана ьәр түрлі ауытқу болып қоймайды, бүкіл организмде ауытқу болады. Көбіне дамудың ақырғы фазаларын бастапқы фазалар немесе аралық фазалар ығыстырып шығып, онтогенез уақытынан бұрын аяқталып қалғандай болады. Осының нәтижесінде түсіп қалған ересек фазалық міндетін оның алдындағы фазалардың біреуі атқарады. Осындай «үзіліп қалған» онтогенез неотения делінеді. Неотениялар жануарларда да, өсімдіктерде де болады.

Жануарларда неотения нәтижесінде личинкалық даму дәуірінің өзінде – ақ балиғатқа толып өсіп - өну қабілет пайда болады (мысалы, жалпақ құрттарда, шаян тәрізділерде, насекомдарда, сондай – ақ кейбір қосмекенділерде). өсімдіктерде неотения эволюциялық ірі жаңа түзіліске әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, балықоты тұқымдасында (Lemnaseae).

А.Л.Тахтаджян айтқанындай, бұл кішкентай ғана су өсімдігінің құрылысының қарапайымдылығы соншалықты, мұның гүлді өсімдіктерден гөрі балдырларға ұқсастығы мол. Солай бола тұра, бұлардың Areceae тұқымдасымен туыстық байланысы бар екендігі ертеден – ақ белгілі болады: балықоты қатардың соңғы буыны, қатардың астында ароидылар (Aroideae), аралығында – Pestioidea, мұның монотипті жалғыз - ақ Pistia туысы бар.

Pistia тропикте кеңінен таралан, су бетінде қалқып жүретін кішкене өсімдік. Ересек күйінде ол балықотына мүлдем ұқсамайды: онда айқын көріністі негізгі вегетативтік органдары – сабағы, жапырағы және тамыры болады. Сонымен бірге, тұқымдарының құрылысы мен таралу әдісінде, сондай – ақ жас ұрық қалпында балықотымен екеуіне ортақ көп белгілер байқалады. Салыстырмалы морфологиялық зерттеулер балықотының вегетативтік денесіндегі қалташықтар деп аталатын жерінен жоғары орналасқан дистальдық бөлімі жапырақ тектес, ал қалташықтарында түзілетін бүршіктер Pistia – ның бүйір өркендеріне сәйкестенеді. Бірақ, сонымен бірге Pistia – ның сабағында бүйір өркендерімен қатар топтанған дегелек жапырақтар болады, ал балықотының вегетативтік денесінің осінде екі бүйір бүршігімен редукцияланған жалғыз жапырағы болады. Сөйтіп балықоты қалыпты вегетативтік органдары бар Pestioidea өсімдіктерінен шыққанын морфологиялық мәліметтер толық дәлелдеп отыр. Сонымен бірге, бұл мәліметтер балықоты Pistia – ның ересек түрінен емес , оның ұрығынан шыққанын дәлелдеді, яғни олардың эволюциясы неотения жолымен жүрді.

Фетализация (латынша «fetus» - ұрық, тұқым) – жеке мүшелердің немесе мүшелер жүйесінің онтогенез қарқынының баяулауымен және соның нәтижесінде ересек организмдерде эмбриональдық қалпының белгілерінің сақталып қалуымен байланысты қарастырылатын организмнің эволюциялық өзгерістерінің әдісі. Мысалы, қосмекенділердің, балықтардың қаңқасындағы эмбриональдық қаңқа ұлпасының сақталып қалуы, адамның бас сүйегіндегі ми сауытының жақ бөлімінен басым болуы. К. Лоренцтің болжауы бойынша дәл осы мінез – құлық фетализациясы үй жануарларының ата – тегіндегі сақталып қалған мінез – құлығының арқасында, адам оларды қолға үйретуге мүмкіндік алғанын түсіндіреді.

Фетализациямен қатар кейбір топтарда адультизация құбылысы байқалады. Адультизация (латынша «adultus» - ересек) – онтогенездің ерте кезеңіндегі дефинитивті ерекшеліктердің пайда болуы.

Сонымен, онтогенез эволюциясының маңызды нәтижелерінің бірі – эмбрионизацияның күшеюі. Бұл үлкен қорғанысқа және көбею процесінің интенсификациясына дамудың бірқалыптылығына негіз болды. бірақ бұдан да үлкен тұрақтылықты даму процесі онтогенез автономизациясы барысында алады.