Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онтогенез.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.32 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе.....................................................................................................3

І.Онтогенез жайлы жалпы түсінік.....................................................................4

І.1 Әр түрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктері..........................................4

І.2 Онтогенез ұзақтығы........................................................................................5

ІІ. Онтогенез эволюциясы барысында пайда болатын негізгі тенденциялар..........................................................................................................7

ІІ.1 Онтогенез тұрақтылығы мен тұтастығы..................................................8

ІІ.2 Онтогенез эмбрионизациясы.....................................................................11

ІІ.3 Эволюциялық онтогенездің негізгі бағыты – автономизация............12

ІІІ. Онтогенез – филогенез негізі......................................................................15

Қорытынды..........................................................................................21

Қолданылған әдебиеттер...................................................................22

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Онтогенез эволюциясы».

Курстық жұмыстың мақсаты: онтогенез жайлы, онтогенездің ерекшеліктері, оның эволюциясы барысында пайда болған негізгі тенденциялар жайлы жалпы мағлұмат беру.

Организмдердің жеке дамуына байланысты сұрақтарды зерттеумен эмбрилогия айналысады. Эволюциялық эмбриологияның ғылым болып қалыптасуына орыстың көрнекті ғалымдары А.О. Ковалевский мен И.И. Мечников зор еңбек сіңірді. Ұрық қабаттары туралы қазіргі заманғы түсініктер ғылымда хордалылардың барлық топтарында эктодерма, энтодерма және мезодерманың бар екендігін анықтаған Ковалевский зерттеулері негізінде қалыптасқан. Мечников пен Ковалевскийдің және XІX ғасырдың екінші жартысындағы басқа да ғалымдардың еңбектері нәтижесінде омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың даму принциптері анықталды.

Эволюциялық эмбриология салыстырмалы анатомиямен және палеонтологиямен бірге жануарлардың әр түрлі топтары арасындағы туыстықты анықтап, жануарлардың эволюциясы жөнінде құнды дәлелдер берді. Дарвиннің көзқарасы, Бэрдің, Ковалевскийдің, Мечниковтың еңбектері және басқа да эмбриолог – ғалымдардың жұмыстары неміс ғалымдары Ф. Мюллер мен Э. Геккельдің биогенетикалық заңды тұжырымдауына негіз жасады. Осы неміс ғалымдары ұсынған биогенетикалық заңға сәйкес, онтогенез, яғни особьтың жеке дамуы осы особь жататын түрдің филогенезі – тарихи дамуының қысқаша қайталануы болып табылады. XX ғасырдың бірінші жартысында онтогенез бен филогенездің арақатынасы жөніндегі проблемаларды зерттеп, көптеген нәтижелерге қол жеткізген ірі эволюциялық морфологтардың бірі акдемик А.Н. Северцов болған. Онтогенез немесе жеке даму деп сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылуы сәтінен және зигота түзілуінен бастап, организмнің өлуіне дейінгі особь тіршілігінің бүкіл кезеңін айтамыз.

І.Онтогенез жайлы жалпы түсінік

Эволюциялық өзгерістер түрлердің пайда болуы мен өлуі, мүшелердің жасалуымен ғана емес, сонымен қатар онтогенездің қайта құрылуымен де тығыз байланысты. Онтогенез біздің жер шарымыздағы өміріміздің негізгі феномендерінің бірі болып табылады.

Әр түрлі түрлердің особьтарының онтогенезі оның ұзақтығы, қарқыны және дифференциалану белсенділігі бойынша әр қилы болып келеді. Әдетте оны үш кезеңге бөледі: проэмбрионалдық, эмбрионалдық және постэмбрионалдық. Дифференциалану әдетте жануарларда эмбрионалдық кезеңде, ал өсімдіктерде постэмбрионалдық кезеңде жақсы жүреді. Бұл кезеңдердің өзі бірнеше бөлімдерге бөлінуі мүмкін. Онтогенез процесі тура даму немесе метаморфоз жолымен дамуы мүмкін.

І.1 Әр түрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктері

Прокариоттарда, саңырауқұлақтарда, өсімдіктер мен жануарларда онтогенез процесі әр қилы жүреді. Қарапайымдылардан көпклеткалыларға (Metazoa) өткен кезде онтогенез формасы жағынан күрделенеді және уақыты жағынан ұзарады. Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы барысында дамудың қиын циклдары пайда болады, яғни олардың әрбір фазасы белгілі бір қоршаған орта жағдайларына байланысты жүреді. Кейде эволюция процесі кезінде тіршілік циклдарының екінші реттік жеңілдетуі пайда болады. Тіршілік циклының жеңілдетуімен байланысты онтогентикалық дамудың барлық процесі өзгеріске ұшырайды. Осының салдарынан гаплоидты даму фазасынан диплоидты даму фазасына өту және де метаморфоз (мысалы: амфибилерде) жолымен дамудан тура дамуға (рептилилерде, тағы басқа жоғары сатыдағы омыртқалыларда) көшуіне әкеп соқтырады.

Өсімдіктерде онтогенез жануарларға қарағанда сыртқы орта жағдайларына өте тәуелді болып келеді. Әр түрлі организмдердегі онтогенездің ортақ белгілері, оның программалануы дифференциалануына бағыттылығы, қоршаған орта факторларының (эпигенетикалық факторлар) әсерінен дамудың жалғастырушылығы болып табылады. Әр түрлі патшалық, тип, класс өкілдерінің онтогенезі дифференциялану масштабы бойынша да ерекшеленеді. Бірклеткалыларда ол дифференциялану процесінің күрделі мағынасына ие. өсімдіктерде дифференциялану процесі созылмалы және эмбриональдық даму кезеңі шектелмейді (метамерлі мүшелердің түзілуі өсімдіктерде бүкіл онтогенз процесі барысында өтеді). Ал жануарларда дифференциялану процестері және мүшелердің түзілуі эмбриональдық кезеңмен шектеледі. Гисто және морфогенез процестері өсімдіктерде жануарларға қарағанда біршама күрделі өтеді.

І.2 Онтогенез ұзақтығы

Әр түрлі тип, класс, отряд өкілдерінің онтогенез ұзақтығы – маңызды түрлік ерекшелік болып табылады. Бірклеткалыларда онтогенез аналық клетканың түзілуімен аяқталады және өлімі морфологиялық тұрғыдан тіркелмеген (және олар белгілі мағынада тіршілігін жоймайтындар). Саңырауқұлақтар мен өсімдіктерде әр түрлі мүшелерінің қартаюы бірқалыпты жүрмейді.

Кейбір түрлердің онтогенез ұзақтығы.

Түрлер

Онтогенез ұзақтығы

І. Прокариоттар

Цианеи

Бірнеше сағат

ІІ. Саңырауқұлақтар патшалығы

Пенициллум (Penicillium notatum)

Трутовик (Fomes fomentarius)

Ақ саңырауқұлақ (Botulus botulus)

Бірнеше апта

25 жылға дейін

Бірнеше жыл

ІІІ. Өсімдіктер патшалығы

Резушка (Arabidopsis thaliana)

Бидай (Triticum bulgare)

Жүзім (Vitis vinifera)

Алма (Malus domestica)

Грек жаңғағы (Juglans regia)

Липа (Tilia grandifolia)

Емен (Quercus robur)

Кипарис (Cupressus fastigiata)

Мамонт ағашы (Sequoia gigantea)

60-70 күн

1 жыл шамасында

80-100 жыл

200 жыл

300-400 жыл

1000 жыл

1200 жыл

3000 жыл

5000 жыл

ІV. Жануарлар патшалығы

Құмырсқа (Formica fusca)

Бал арасы (Apis mellifera)

Теңіз кірпісі (Ehinus esculentus)

Жайын (Silurus glanis)

Кәдімгі бақа (Bufo bufo)

Тасбақа (Testudo sumeiri)

Кәдімгі үкі (Bubo bubo)

Ақ көгершін (Columba livia)

Африка пілі (Elephas maximus)

Гиббон (Hylobates lar)

7 жылға дейін

5 жылға дейін

8 жылға дейін

60 жылға дейін

36 жылға дейін

150 жылға дейін

68 жылға дейін

30 жылға дейін

60 жылға дейін

32 жылға дейін

ІІ. Онтогенез эволюциясы барысында пайда болатын негізгі тенденциялар

Дифференциалану – ұрықтың жекеленген клеткалары мен бөліктері арасындағы құрылымдық және функционалдық айырмашылықтардың пайда болуы мен олардың дами түсу процесі. Морфологиялық көзқарасқа сәйкес, дифференциялану процесі бір – бірінен ерекшеленетін, арнайы құрылысы бар клеткалардың бірнеше мың түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Биохимиялық көзқарасқа сәйкес клеткалардың мамандануының мәні – клеткаларда тек осы түрге тән белгілі бір белоктардың синтезделе басталуында. Мәселен, тері, эпителий клеткаларында кератин синтезделеді, эритроциттерде – гемоглобин, ал қарын асты безінің аралшық тәрізді ұлпасының клеткаларында – инсулин синтезделеді және т.б. Клеткалардың биохимиялық мамандануын гендердің дифференциялдық белсенділігімен қамтамасыз етіледі, яғни әр түрлі ұрық қабаттарының клеткаларында белгілі мүшелер мен жүйелерге – гендердің әр түрлі топтары қызмет ете бастайды.

Ұрық қабаттарының құрамына кіретін клеткалардың одан әрі дифференциялануы нәтижесінде эктодермадан жүйке жүйесі, сезім мүшелері, тері эпителийі, тістердің эмалі; энтодермадан – ортаңғы ішек эпителийі, ас қорыту бездері – бауыр мен қарын асты безі, желбезектің және өкпенің эпителийі; мезодермадан – бұлшық ет ұлпасы, дәнекер ұлпасы, қанайналым жүйесі, бүйректер, жыныс бездері және т.б. түзіледі.

Әр түрлі жануарларда бірдей ұрық қабаттары бірдей мүшелер мен ұлпаларға бастама береді. Бұл олардың гомологты екендігін білдіреді. Жануарлардың басым көпшілігіндегі ұрық қабаттарының гомологиясы (ұқсастығы) – жануарлар дүниесінің біртұтас екендігінің басты дәлелі бола алады.